Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ




 

Апта № Сабақтың тақырыбы Академ-қ сағат саны Әдебиеттер
Күндізгі  
  1 Бөлім. Философия дүниетанымдық жүйе ретінде      
№1 тақырып: Философияның пәні, құрылымы және атқаратын қызметтері. 1. Философияның пәні. Философия және дүниетаным. Дүниетанымның тарихи түрлері: мифология, дін, философия және олардың арақатынасы. 2. Философиялық білімнің ерекшелігі және құрамдас бөліктері. 3.Философияның негізгі әдістері мен атқаратын қызметтері (функциялары). 4. Философияның негізгі мәселесі және оның екі жағы. Философиядағы негізгі бағыттар. 1,5   1,2,3
  2 Бөлім. Философияның тарихи кезеңдері      
№2 тақырып: Ежелгі Үнді философиясы. 1. Философияның пайда болуының тарихи алғы шарттары. 2. Ежелгі Үнді қоғамының әлеуметтік жағдайы мен рухани мәдениеті. Ведалар – философияның бастауы. 3. Ежелгі Үнді философиясындағы ортодоксальдік мектептер. 4. Ежелгі Үнді философиясындағы ортодоксальдік емес мектептер: джайнизм, буддизм, чарвака (локаята). 1,5   1,2,3
№3 тақырып: Ежелгі Қытай философиясы. 1. Ежелгі Қытай философиясы, оның ерекшеліктері және негізгі мектептері. 2. Конфуцийшылдық ілімінің негізгі идеялары. 3.Даосизм ілімі мен натурфилософия мектебінің негізгі идеялары. 4. Заңгерлер (легизм) ілімінің негізгі идеялары.   1,5     1,2,3  
    №4 тақырып: Ежелгі грек философиясы. 1. Ежелгі гректердің натурфилософиясы. Дүниенің алғашқы бастамасы (түпнегізі) туралы ілімдер: Милет мектебі (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен), Гераклит және Демокрит. 2.Ежелгі грек философиясындағы рационализмнің бастауы: Пифагоршылдар мен Элея мектебі және Эмпедоклдің ілімі. 3. Афины философиялық мектебі: Анаксагор, софистердің ілімі және Сократтың этикасы. 4. Платонның философиясы: оның идеялар теориясы және мемлекет туралы ілімі. 5. Аристотельдің философиясы: метафизика, этика, логика, және саясат. 1,5   1,2,3
№5 тақырып: Эллиндік және римдік философия. 1. Эллинизм дәуірінің жалпы сипаттамасы және ондағы адам мен оның этикасы жайлы мәселе: сократтық мектептер. 2. Стоицизм ілімі және оның көрнекті өкілдері: Китиондық Зенон, Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий. 3. Эпикуреизм ілімі: Эпикур, Лукреций Кар. 4. Неоплатонизм іліміжәне антикалық философияның ақыры. 1,5   1,2,3
№6 тақырып: Орта ғасырлардағы европалық философия. 1.Орта ғасырлардағы европалық философияның басты ерекшеліктері мен негізгі кезеңдері: апологетика, патристика, схоластика. 2. Патристика – шіркеу әкейлерінің ілімі. Тертуллиан, Ориген, Августин Аврелийдің ілімдері. 3.Ортағасырлық схоластика және ондағы жалпы ұғымдардың (универсалийлердің) табиғаты жайлы айтыс: номинализм және реализм. 4.Ортағасырлық схоластиканың көрнекті өкілі Фома Аквинскийдің ілімі. 1,5   1,2,3
№7 тақырып: Орта ғасырлардағы мұсылман философиясы. 1.Орта ғасырлардағы ислам философиясының пайда болуының тарихи алғышарттары. 2. Шығыс перипатетизмі және онын көрнекті өкілдері: әл-Кинди, әл-Бируни, Ибн-Сина, Ибн-Рушд. 3. Әл-Фарабидің философиялық және әлеуметтік-этикалық көзқарастары. 4. Суфизм ілімінің ерекшеліктері және көрнекті өкілдері: әл-Араби, әл-Ғазали, Омар Хайям . 1,5   1,2,3,4,5
№8 тақырып: Қайта Өрлеу философиясы. 1.Қайта Өрлеу философиясының басты ерекшеліктері: антропоцентризм, гуманизм, пантеизм. 2. Н.Кузанский пен Д.Бруноның натурфилософиясындағы пантеизм. 3. Н.Коперниктің гелиоцентрлік теориясы мен Г.Гали-лейдің жаратылыстану ғылымына енгізген идеялары. 4. Қайта Өрлеу ойшылдарының әлеуметтік-саяси ілімдері: Н.Макиавелли, Т.Мор, Т.Кампанелла. 1,5   1,2,3,4,5
№9 тақырып:. Жаңа дәуір философиясы. 1. Жаңа дәуір философиясындағы таным мәселесі: эмпиризм (Ф. Бэкон), рационализм (Р. Декарт), сенсуализм ( Дж. Локк). 2.Б.Спинозаның пантеизмі және Лейбництің монадологиясы. 3.Томас Гоббс пен Джон Локктың әлеуметтік-саяси ілімдері: қоғамдық шарт және табиғи құқық теориялары. 4.Джордж Беркли мен Давид Юмның субъективтік идеализмі. 5. XVIII ғасырдағы француздың ағартушылық философиясы. 1,5   1,2,3,4,5
  №10 тақырып: Немістің классикалық философиясы. 1.И.Канттың таным теориясы (гносеологиясы) мен этикасы. 2.Фихтенің субъективтік идеализмі мен Шеллингтің натурфилософиясы. 3. Гегельдің философиясы: оның жүйесі мен әдісі. 4. Фейербахтың антропологиялық философиясы. 1,5   1,2,3,4,5
№11 тақырып:. Маркстік философия. 1.Маркстік философияның пайда болуының әлеуметтік-экономикалық және теориялық алғышарттары. 2.Карл Маркстің тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіруі. 3.Фридрих Энгельстің табиғат, адам және қоғам жайлы философиялық идеялары. 4. Маркстік философияның дамуындағы лениндік кезең. 5. ХХ ғасырдағы марксизм идеясының табысқа жету кезеңі және дағдарысқа ұшырауы. 1,5   1,2,3,4,5
№12 тақырып: ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы орыс философиясы. 1.ХIХ ғасырдың I-жартысындағы орыс қоғамының даму жолдары туралы тартыс: славянофилдер мен батысшылдар. 2.ХIХ ғасырдың II-жартысындағы орыстың діни философиясы: Ф.М.Достоевский, В.С. Соловьев, Л.Н.Толстой. 3.ХХ ғасырдың басындағы орыстың діни-идеалистік философиясы: Н.Бердяев, Л. Шестов, С. Булгаков, П. Флоренский және т.б. 4.Орыс космизмі және оның көрнекті өкілдері: Н.Ф. Федоров, А.Л. Чижевский, Н.Вернадский. 1,5   1,2,3,4,5
№13 тақырып: ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы Батыс философиясы. 1.ХІХ ғасырдағы батыс иррационализмі: Артур Шопенгауэр, Серьен Кьеркегор, Фридрих Ницше. 2. Зигмунд Фрейдтің психоанализ теориясы. Неофрейдизм: Эрих Фромм. 3. Прагматизм: Чарльз Пирс, Уильям Джемс, Джон Дьюи. 4.Алғашқы позитивизм және эмпириокритицизм, оның көрнекті өкілдері. 1,5   1,2,3,4,5
№14 тақырып: ХХ ғасырдағы Батыс философиясының негізгі бағыттары: 1.ХХ ғасырдағы діни философия: персонализм мен неотомизм. 2.Экзистенциализм және оның көрнекті өкілдері: Мартин Хайдеггер, Жан Поль Сартр, Альбер Камю. 3.Неопозитивизм мен постпозитивизмнің негізгі идеялары. 4. Герменевтика және структурализмнің басты мәселелері. 1,5   1,2,3,4,5
Лекция № 15 тақырып: Қазақтың алғы философиясы 1. Қазақтың алғы философиясының бастаулары. Ежелгі сақ данышпаны Анахарсистің философиялық ойлары. 3.Орхон-енисей (Тоныкөк, Күлтегін) жазба ескерткіштеріндегі дүниетанымдық және саяси-әлеуметтік көзқарастар. 4.Қорқыт философиясындағы өмір және өлім мәселесі. 5. Қазақтың ұлттық дүниетанымының өзіндік ерекшеліктері және оның халық ауыз әдебиетінде көрініс табуы. 1,5   1,2,3,4,5
  № 16 тақырып: Орта ғасырлардағы қазақ философиясы. 1. Жүсіп Баласағұнның философиялық-этикалық ілімі. 2. Қожа Ахмет Йассауидың сопылық ілімі. 3. Махмұд Қашғаридің «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегі және оның дүниетанымдық мәні. 4. М.Х.Дулатидың «Тарих-и Рашиди» еңбегі және тарих философиясы. 5. Қазақ хандығы дәуіріндегі билер мен ақын-жыраулардың елдік, бірлік жайлы әлеуметтік-саяси ой толғаулары. 1,5   1,2,3,4,5
№ 17 тақырып: ХІХ ғасырдағы қазақ философиясы. 1.ХІХ ғасырдағы Зар заман ақын-жырауларының елдікті, тәелсіздікті, мемлекеттілікті аңсаған жыр-толғаулары. 2.Ш.Уалихановтың философиялық және қоғамдық-саяси көзқарастары. 3.Ы.Алтынсаринның ағартушылық идеялары мен әлеуметтік-этикалық көзқарастары. 4.Абай Құнанбаевтың философиялық-этикалық көзқарастары. 1,5   1,2,3,4,5
№ 18 тақырып: XX ғасырдың басындағы қазақтың Ренессанс философиясы. 1. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының әлеуметік-саясижағдайы. Қазақ зиялыларының философиялық көзқарастарының ерекшелігі. 2. Ш.Құдайбердиевтің «Үш анық» еңбегі мен өлең-жырларындағы философиялық ойлар. 3. А.Байтұрсыновтың тіл тану философиясы. 4. М.Дулатовтың қазақ халқының тарихи философиясы 5. С.Торайғыровтың философиялық көзқарасының ерекшелігі. 1,5   1,2,3,4,5
  Бөлім 3. Онтология (Болмыс). Гносеология (Таным).      
№19 тақырып: Философиядағы болмыс және материя мәселелері. 1.Философия тарихындағы болмыс мәселесі. Болмыс ұғымы және оның түрлері. 2.Материя ұғымы. Философия тарихындағы және қазіргі заманғы ғылымдағы материя жайлы түсінік. 3. Қозғалыс–материя өмір сүруінің тәсілі.Қозғалыс және тыныштық. Қозғалыстың түрлері. 4.Кеністік пен уақыт – материя өмір сүруінің формалары 1,5   1,2,3,4,5
№ 20 тақырып: Диалектика – дамудың философиялық теориясы. 1.Диалектика және оның баламалары. Диалектиканың тарихи формалары. Диалектика және синергетика. 2.Диалектиканың принциптері. 3.Диалектиканың негізгі заңдары: –қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы; –сан және сапа өзгерістерінің өзара ауысу заңы; –теріске шығарудытеріске шығару заңы. 4. Диалектиканың категориялары. 1,5     1,2,3,4,5
№ 21 тақырып: Философиядағы сана мәселесі. 1. Бейнелеу формаларының дамуы. Өлі және тірі табиғаттағы бейнелеу. 2. Адам санасының пайда болуы және оның алғышарттары. Сана және тіл. 3. Сана – жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның қасиеті. Сана және ми. 4. Сана және өзіндік сана. 1,5     1,2,3,4,5
№ 22 тақырып: Қоғамдық сана және оның формалары. 1. Қоғамдық сана, оның мәні және құрылымы. 2. Қоғамдық сана мен жеке сана, олардың өзара байланысы. 3. Қоғамдық сананың сатылары: қоғамдық психология және идеология. 4. Қоғамдық сананың формалары: – Саяси және құқықтық сана; – Эстетикалық және этикалық сана; – Діни және ғылыми сана; – Философиялық сана; – Экономикалық және экологиялық сана. 1,5     1,2,3,4,5
№ 23 тақырып: Философиядағы таным мәселесі. 1.Танымдық іс-әрекеттің сипаты. Танымның объектісі мен субъектісі. 2.Сезімдік және рационалдық таным, олардың түрлері. 3.Философиядағы ақиқат мәселесі. Салыстырмалы және абсолюттік ақиқат. Практика – ақиқаттың өлшемі. 4.Ғылыми таным. Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері мен олардың әдістері. 1,5     1,2,3,4,5
  Бөлім 4. Табиғат. Қоғам. Адам. Мәдениет.      
№ 24 тақырып: Философиядағы табиғат мәселесі. 1.Табиғат ұғымы. Тірі және өлі табиғат, олардың өзара байланысы. 2.Табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесуі. Географиялық орта. 3.Биосфера ұғымы. Н.Вернадскийдің ноосфера туралы ілімі. 4.Халық санының өсуі және қазіргі заманғы демографиялық жағдай. 1,5     1,2,3,4,5
№ 25 тақырып: Қазіргі заманғы ғаламдық мәселелер.1.Ғаламдық мәселелердің пайда болуы мен сипаты. Экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары. Рим клубы. 2. Қазіргі заманғытерроризм және экстремизм, олардың күрес тәсілдері мен саяси мақсаттары. 3. Қазіргі әлемдегіаштық және азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі. 4.«Қазақстан – 2050» стратегиясы. Н.Назарбаев қазіргі заманның он жаһандық сын-қатері туралы. 1,5     1,2,3,4,5
№ 26 тақырып: Философиядағы адам мәселесі. 1. Антропогенез және адамның пайда болуы туралы діни, ғылыми және философиялық теориялар. 2. Адам бойындағы табиғи-биологиялық, психологиялық және әлеуметтік негіздердің бірлігі. 3. Адамның әлеуметтенуі және индивид, индивидуалдылық, тұлға ұғымдарының мәні. 4. Философиядағы адамның өмірі мен өлімі туралы мәселе. Адам өмірінің мағынасы мен құндылығы. 1,5   1,2,3,4,5
№27 тақырып: Әлеуметтік философия және қоғам болмысы. 1.Қоғам және қоғамдық болмыс ұғымдары. Қоғамдық өндіріс және оның екі жағы: материалдық және рухани өндіріс. 2. Қоғамның құрылымы: базис және қондырма. 3. Қоғам өмірінің негізгі салалары: экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани салалар. 4. Қоғамның даму сатылары: қоғамдық-экономикалық формация және өркениеттік теориялары. 1,5     1,2,3,4,5
№ 28 тақырып: Тарих философиясы. 1. Тарихтағы заңдылық, кездейсоқтық және стихиялық. 2. Тарихи процестің субъектісі мен қозғаушы күштері. 3. Халық бұқарасы мен жеке тұлғаның тарихтағы рөлі 4. Тарихи прогресс және оның көрсеткіштері. Адамзаттың болашағы. 1,5     1,2,3,4,5
№ 29 тақырып: Философиядағы құндылықтар мәселесі. 1. Құндылық ұғымы. Құндылықтардың классификациясы. 2.Құндылықтардың түрлері: материалдық және рухани құндылықтар. 3.Қазіргі заманғы аксиологиялық теориялар (М.Шелер, Г.Риккерт, Р.Ингартен, Э.Фромм). 4. Қазіргі заманғы қоғамдағы құндылықтар дағдарысы. Батыстық және қазақстандық қоғам құндылықтары арасындағы қайшылықтар. 1,5     1,2,3,4,5
№30 тақырып: Мәдениет және өркениет, олардың арақатынасы. 1. Мәдениет ұғымы. Материалдық және рухани мәдениет. 2. Адамның ішкі және жүріс-тұрыс мәдениеті. Этикет. 3.Өркениет ұғымы. Философиядағы өркениет туралы теориялар. 4. Мәдениет пен өркениеттің арақатынасы. 1,5     1,2,3,4,5

 

5. БАӨЖ бойынша тапсырмалар мазмұны(Дінтану пәні бойынша)

 

Р/с № БАӨЖ тақырыбы (БАӨЖ- білім алушының өзіндік жұмысы) Тапсыру мерзімі Жұмыстың көлемі және орындау талаптары
СӨЖ № 1 1. Дінтанудың қарастыратын мәселелері және міндеттері. 2. Дін және сенім, олардың арақатынасы. 3. Адам тұлғасының қалыптасуы және діншілдік, оның түрлері. 4. Дін мен қоғамның өзара байланысы. 5. Діни өмір салты және оның ерекшелігі. 6. Діни өмір салтын қалыптастырудағы уағыз бен ғибадаттың орны мен ролі. 7. Діннің пайда болуы мен тарихи түрлері туралы теориялар. 8. Діннің алғашқы түрлері: фетишизм, анимизм, магия. 9. Рулық-тайпалық діндер: тотемизм, егіншілік ғибадаты, ата-бабаларға табыну, көсемдерге табыну, шамандық. 10. Ежелгі Қосөзен аралығындағы халықтардың діні. 11. Ежелгі Мысыр елінің діндері. 12. Ежелгі ирандықтардың Заратуштра (зороастризм) діні. 13. Ежелгі түркілердің тәңіршілдік діні. 14. Ежелгі Грекия діні. 15. Ежелгі Рим діні. 16. Ежелгі Үндістанның ведалық немесе ортодоксальды діні мен діни-философиялық жүйелері. 17. Ежелгі Үндістанның ортодоксальды емес діни-философиялық ілімдері: джайнизм және чарвака-локаята. 18. Индуизм діні және оның негізгі бағыттары. 19. Индуизмдегі реформация нәтижесінде пайда болған діни ағымдар мен ұйымдар. 20. Қытайдың ұлттық діні – даосизм және фэн-шуй жүйесі. 21. Конфуций ілімінің басты қағидалары және конфуцийшылдық діні. 22. Жапондардың ұлттық діні – синтоизм. 23. Еврейлердің ұлттық діні – иудаизм. 24. Будда дінінің пайда болу тарихы. Будданың өмірі. 25. Будда діни ілімінің негіздері. 26. Будда дінінің негізгі ағымдары мен мектептері. 27. Будда дініндегі ламаизм бағыты және оның ерекшеліктері. 28. Иисус Христостың өмірі мен қызметі. 29. Христиан дінінің пайда болу және таралу тарихы. 30. Православие діні және орыс православие шіркеуінің тарихы. 3-6 апта     СӨЖ – (студенттің өзін-дік жұмысы) сабақта талқыланбайды. СӨЖ жазбаша реферат түрінде орындалып, кесте бойын-ша оқытушыға ауызша қорғалып өткізіледі. - өз бетінше жұмыстың тақырыбын таңдап алыңыз; - жұмыстың жоспарын жасаңыз; - тақырыптың негізгі, өзекті мәселелерін схема түрінде орындап көрсетіңіз; - қолмен жазылған жұмыстың көлемі 8-10 бет, компьютермен жазылған жұмыстың көлемі 6-8 бет болу керек (Times New Roman – 12, сол жақ – 3 см., оң жақ – 1,5 см., үсті және асты – 2 см.); - студенттің өзі ізденіп жазбаған, тек интернеттен дайын күйінде көшіріп ала салған жұмысы қабылдан-байды; - жұмысты слайд, флип-чарт түрінде орындауға болады. - пайданылған әдебиеттер мен сілтемелерді міндетті түрде көрсетіңіз.    
СӨЖ № 2 1. Орыс православие шіркеуіндегі жікке бөліну: көнесалтшылдық (старообрядчество) және көне орыс сектанттығы. 2. Орыс православие шіркеуінің құрылымы және негізгі діни ілім ережелері. 3. Католик шіркеуі және оның дін ілімінің ерекшеліктері. 4. Рим-католик шіркеуінің қазіргі заманғы жағдайы. 5. Протестантизм діні, оның басты және екінші буын шіркеулері. 6. Кейінгі протестантизмнің конфессиялары мен деноминациялары. 7. Ислам дінінің пайда болу және таралу тарихы. 8. Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен қайрат-керлігі. 9. Ислам дінінің қасиетті кітаптары - Құран және Сунна. 10. Исламның діни ілімінің негіздері. 11. Ислам дінінің амалдары мен мейрамдары. 12. Ислам дініндегі негізгі бағыттар: суниттер, шииттер, хариджиттер. 13. Ислам дініндегі негізгі мазһабтар. 14. Ислам дініндегі сопылық ілімі және оның ерекшеліктері. 15. Дүниежүзілік мұсылмандық Ахмадия жамағаты. 16. Бахаизмнің пайда болу тарихы. 17. Бахаизмнің діни ілімі, ғибадат ету жүйесі, ұйымдық құрылымы. 18. Ислам дінінің қазақ жерінде таралуы. 19. Қазақстандағы ислам мәдениетінің ескерт-кіштері. 20. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы ислам дінінің ықпалы мен алатын орны. 21. Қазіргі заманғы Қазақстандағы ислам діні. 22. Қазақстан аумағында таралған өзге діндер: православие діні, католик діні, протестантизм және т.б. 23. Қазіргі заманғы жаңа діни қозғалыстардың ерекшеліктері. 24. Қазақстан Республикасында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымдар және олардың саяси мақсаты. 25. Деструктивті діни ағымдардың сипаттары мен белгілері. 26. Жастар мен студенттердің діни сауатының төмендігі – олардың радикалдық ағымдарға тартылуының негізі. 27. Уаххабизм: оның пайда болу тарихы мен ілімінің саяси мазмұны. 28. Қазақстандағы дін жөніндегі мемлекеттік саясат және ҚР-ның «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы. 29. Қазіргі Қазақстандағы конфессионалдық жағдай және дінаралық диалог. 30. Қазақстан Республикасының бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты. 8-10 апта     СӨЖ – (студенттің өзін-дік жұмысы) сабақта талқыланбайды. СӨЖ жазбаша реферат түрінде орындалып, кесте бойын-ша оқытушыға ауызша қорғалып өткізіледі. - өз бетінше жұмыстың тақырыбын таңдап алыңыз; - жұмыстың жоспарын жасаңыз; - тақырыптың негізгі, өзекті мәселелерін схема түрінде орындап көрсетіңіз; - қолмен жазылған жұмыстың көлемі 8-10 бет, компьютермен жазылған жұмыстың көлемі 6-8 бет болу керек (Times New Roman – 12, сол жақ – 3 см., оң жақ – 1,5 см., үсті және асты – 2 см.); - студенттің өзі ізденіп жазбаған, тек интернеттен дайын күйінде көшіріп ала салған жұмысы қабылдан-байды; - жұмысты слайд, флип-чарт түрінде орындауға болады. - пайданылған әдебиеттер мен сілтемелерді міндетті түрде көрсетіңіз.
Глоссарий Курсты оқып игеру барысында барлық тақырыптарда кездесетін терминдік сөздер мен түсініксіз немесе қиын ұғымдарға қысқаша түсініктеме беру. 12 апта     Дінтану пәнінен арнайы сөздіктер немесе жалпы және энциклопедиялық сөздіктерді пайдаланғаны-ңыз жөн. Глоссарий көлемі 100 сөзден кем болмау керек (Times New Roman – 12, сол жақ – 3 см., оң жақ – 1,5 см., үсті және асты – 2 см.).

 

5.1 БАӨЖ бойынша тапсырмалар мазмұны(Философия пәні бойынша)

Р/с № БАӨЖ тақырыбы (БАӨЖ- білім алушының өзіндік жұмысы) Тапсыру мерзімі Жұмыстың көлемі және орындау талаптары
СӨЖ № 1 1. Философияның пәні және қарастыратын мәселелері. 2. Дүниетаным және оның тарихи түрлері. 3.Философияның негізгі мәселесі және оның екі жағы. 4. Адам және қоғам өміріндегі философияның алатын орны мен атқаратын қызметтері. 5. Ежелгі Үнді философиясының негізгі мектептері. 6. Ежелгі Қытай философиясының негізгі ілімдері. 7. Ежелгі гректердің натурфилософиясы. 8. Ежелгі грек философиясының классикалық кезеңі. 9. Эллиндік және римдік кезеңнің философиясы. 10.Ортағасырлық патристика және оның көрнекті өкілдері. 11. Ортағасырлық схоластика және оның негізгі бағыттары мен өкілдері. 12. Орта ғасырлық шығыс перипатетизмі және онын көрнекті өкілдері: әл-Кинди, әл-Бируни, Ибн-Сина, Ибн-Рушд. 13. Орта ғасырлық суфизм ілімі және оның көрнекті өкілдері: әл-Араби, әл-Ғазали, Омар Хайям. 14. Әбунасыр әл-Фарабидің философиялық және әлеуметтік-этикалық көзқарастары. 15. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы. 16. Жаңа дәуір философиясындағы таным мәселесі. 17.Жаңа дәуір философтарының әлеуметтік-саяси ілімдері. 18.XVIII ғасырдағы француздың ағартушылық философиясы. 19. И. Канттың таным теориясы мен этикасы. 20. Гегельдің философиясы: оның жүйесі мен әдісі. 21. Маркстік философияның негізгі идеялары. 22. ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы орыс философиясы. 23. ХІХ ғасырдағы батыс иррационализмі: Артур Шопенгауэр, Серьен Кьеркегор, Фридрих Ницше. 24. Бейсаналық және психоанализ теориясы. 25. Алғашқы позитивизм және эмпириокритицизм, оның көрнекті өкілдері. 26. Экзистенциализм және оның көрнекті өкілдері: Мартин Хайдеггер, Жан Поль Сартр, Альбер Камю. 27. Қазақтың алғы философиясы және оның өкілдері. 28.Орта ғасырлардағы қазақтың түркітілдес философиясы. 29. Қазақ хандығы дәуіріндегі билер мен ақын-жыраулардың елдік, бірлік жайлы әлеуметтік-саяси ой толғаулары. 30. ХІХ ғасырдағы қазақ ақын-жырауларының елдікті, тәуелсіздікті, мемлекеттілікті аңсаған жыр-толғаулары. 31. ХІХ ғасырдағы қазақтың ағартушылық философиясы. 32.XX ғасырдың басындағы қазақтың Ренессанс философиясы. 4-6 апта     - оқытушымен ақылдаса отырып жұмыстың тақырыбын таңдап алыңыз; - жұмыстың жоспарын жасаңыз; - тақырыптың негізгі, өзекті мәселелерін схема түрінде орындап көрсетіңіз; - орындалған жұмыстың көлемі 8-10 бет болу керек (Times New Roman – 12, сол жақ – 3 см., оң жақ – 1,5 см., үсті және асты – 2 см.); - пайданылған әдебиеттер мен сілтемелерді міндетті түрде көрсетіңіз; - студенттің өзі ізденіп жазбаған, тек интернеттен дайын күйінде көшіріп ала салған жұмысы қабылданбайды; - егер қабілетіңіз жетіп жатса, жұмысты слайдтармен толықтыруға немесе флипчарт түрінде орындауға болады.
СӨЖ № 2 1. Философиядағы болмыс ұғымы және оның түрлері. 2.Философия тарихындағы және қазіргі заманғы ғылымдағы материя жайлы түсінік. 3. Қозғалыс–материя өмір сүруінің тәсілі және оның түрлері. 4. Кеңістік пен уақыт – материя өмір сүруінің формалары 5. Диалектиканың тарихи формалары. 6. Диалектиканың негізгі категориялары. 7. Диалектиканың негізгі заңдары. 8. Бейнелеу формаларының дамуы. 9.Адам санасының пайда болуы және оның алғышарттары. 10. Сана – жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның қасиеті. 11. Таным процесі және танымның объектісі мен субъектісі. 12. Сезімдік және рационалдық таным, олардың түрлері. 13. Философиядағы ақиқат мәселесі. 14. Ғылыми таным және оның деңгейлері мен әдістері. 15. Географиялық орта – табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесу саласы. 16. Биосфера және ноосфера ұғымдары. 17.Халық санының өсуі және қазіргі заманғы демографиялық жағдай. 18.Қазіргі заманғы ғаламдық мәселелердің пайда болуы мен сипаты. 19. Қазіргі заманғытерроризм және экстремизм, олардың күрес тәсілдері мен саяси мақсаттары. 20. .«Қазақстан – 2050» стратегиясы. Н.Назарбаев қазіргі заманның он жаһандық сын-қатері туралы. 21. Антропогенез және адамның пайда болуы туралы діни, ғылыми және философиялық теориялар. 22. Адам бойындағы табиғи-биологиялық, психологиялық және әлеуметтік негіздердің бірлігі. 23. Философиядағы адамның өмірі мен өлімі туралы мәселе. 24. Қоғам өмірі философиялық талдау пәні ретінде. 25. Қоғамның құрылымы: базис және қондырма. 26. Қоғам өмірінің негізгі салалары: экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани салалар. 27. Қоғамдық сана, оның мәні және құрылымы. 28. Қоғамдық сананың формалары: 29. Тарихи процестің субъектісі мен қозғаушы күштері. 30. Халық бұқарасы мен жеке тұлғаның тарихтағы рөлі 31. Мәдениет ұғымы және оның түрлері. 32. Өркениет ұғымы. Философиядағы өркениет туралы теориялар. 8-10 апта     - оқытушымен ақылдаса отырып жұмыстың тақырыбын таңдап алыңыз; - жұмыстың жоспарын жасаңыз; - тақырыптың негізгі, өзекті мәселелерін схема түрінде орындап көрсетіңіз; - орындалған жұмыстың көлемі 8-10 бет болу керек (Times New Roman – 12, сол жақ – 3 см., оң жақ – 1,5 см., үсті және асты – 2 см.); - пайданылған әдебиеттер мен сілтемелерді міндетті түрде көрсетіңіз; - студенттің өзі ізденіп жазбаған, тек интернеттен дайын күйінде көшіріп ала салған жұмысы қабылданбайды; - егер қабілетіңіз жетіп жатса, жұмысты слайдтармен толықтыруға немесе флипчарт түрінде орындауға болады.
Глоссарий № 1 Курсты оқып игеру барысында барлық тақырыптарда кездесетін терминдік сөздер мен түсініксіз немесе қиын ұғымдарға қысқаша түсініктеме беру. 6 апта   Глоссарий көлемі 100 сөзден кем болмау керек (Times New Roman – 12, сол жақ – 3 см., оң жақ – 1,5 см., үсті және асты – 2 см.).
Глоссарий № 2 Курсты оқып игеру барысында барлық тақырыптарда кездесетін терминдік сөздер мен түсініксіз немесе қиын ұғымдарға қысқаша түсініктеме беру. 14 апта Глоссарий көлемі 100 сөзден кем болмау керек (Times New Roman – 12, сол жақ – 3 см., оң жақ – 1,5 см., үсті және асты – 2 см.).

 

 

5.2. АУДИТОРИЯДАН ТЫС САБАҚ (БАӨЖ), (адемиялық сағат санын көрсету)

(Дінтану пәні бойынша)

 

СӨЖ аталуы және қысқаша мазмұны Тапсырманы орындау уақытын жоспарлау
Лекция материалдарын қолдана отырып сабаққа дайындалу
Жеке тапсырмалар мен тәжірибелік сабақ материалдарын іздестіру және дайындалу
СӨЖ тапсырмаларын орындау
Тақырыпқа сәйкес қосымша материалдарды оқу
Аралық және қорытынды бақылауға дайындалу
СӨЖО
  Барлығы

5.2. АУДИТОРИЯДАН ТЫС САБАҚ (БАӨЖ), (адемиялық сағат санын көрсету)

(Философия пәні бойынша)

 

СӨЖ аталуы және қысқаша мазмұны Тапсырманы орындау уақытын жоспарлау
Тақырып материалдарын қолдана отырып сабаққа дайындалу
Жеке тапсырмалар мен тәжірибелік сабақ материалдарын іздестіру және дайындалу
СӨЖ тапсырмаларын орындау
Тақырыпқа сәйкес қосымша материалдарды оқу
Аралық және қорытынды бақылауға дайындалу
СӨЖО
  Барлығы

6. НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ(Дінтану пәні бойынша)

Авторы Оқу құралы, оқулық атауы Баспа және басылымы
Негізгі:
Маймақов Ғ.Қ. Қазіргі заманғы дінтану негіздері: Оқулық/ Алматы, 2012 ж.
Ғ.Есім., А.П.Әбуов, К.К.Бегалинова, Е.М.Смағұлова, Қ.Жолдыбайұлы. Дінтану негіздері: Оқулық/ Алматы: «Білім» баспасы, 2011. – 296+24 бет.
Ауд.: Н.Ж.Бәйтенова, Қ.А.Затов, А.Т.Құлсариева, А.Д. Құрманалиева Дінтану негіздері: Оқулық/   Алматы: «Қазақ университеті» баспасы, 206 ж.
Қосымша:
Н.Ж. Байтенова, Ш.С. Рысбекова, А.Д. Құрманалиева Қазақстандағы діндер: Оқу құралы/ I, II-бөлім Алматы: «Қазақ университеті» баспасы, 2011 ж.
Кенжетаев Д., Асқаров Н., Сайлыбаев Ә.,Тұяқбаев Ө. Дінтану. Оқулық/ Алматы, 2010 ж.
Бас редактор Р. Нұрғалиев. Энциклопедия «Ислам» Алматы, 1995.
Қаз. ауд. Қ.Тұтыбаев., О. Жолдыбаев, Е.Естаев. Ислам. Қысқаша анықтамалық. Алматы, 1988.
Тех.редактор К.К. Шабралиева. Ислам тағылымдары. Бишкек, 1998.
Жолдасов С. Ислам тарихы. Алматы, 1998.
  Құран (қаз.ауд).  
  Библия (қаз.ауд).  
Ш. Құдайбердіұлы. Мұсылмандық шарты. Алматы, 1992.
А. Құнанбаев. Қара сөздер. Алматы, 1992.

6.1. НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ(Философия пәні бойынша)

Авторы Оқу құралы, оқулық атауы Баспа және басылымы
Негізгі:
Кішібеков Д., Сыдықов Ұ.   Философия. Оқулық. Алматы: «Ғылым», 1994,1998, 2002, 2004, 2008 жж.
Алтай Ж, Қасабек А., Мұхамбетали Қ. Философия тарихы: Оқулық. Алматы, Жеті жарғы, 1999, 2006 жж.
Мырзалы С. Философия. Оқулық. Алматы: Бастау, 2010 ж.
Тұрғынбаев Ә. Философия. Оқу құралы. Алматы: Білім, 2001, 2005 жж.
Ғабитов Т.Х. Философия. Оқулық / Алматы, Раритет 2002, 2004, 2005 жж.
Қосымша:
Әбішев Қ. Философия. Оқулық Алматы, 1999, 2004 жж.
Әбжанов Т., Нысанбаев Ә. Қысқаша философия тарихы Алматы, 2004 ж.
  Философиялық сөздік Алматы,Қазақ энцикл., 1996
  Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік Алматы: Раритет, 2004 жж.
Қасабек А. Тарихи-философиялық таным. Алматы, 1999 ж.
Жүншеев Р.Е., Төкенов Ө.С., Ізтілеуов А.А. Философия. Оқу құралы. Алматы, 2007 ж.

7.1. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ(Дінтану пәні бойынша)

Құзыртетілік Тапсырма саны Максималды балл (1 тапсырма үшін) Бағаның жалпы % өлшемі
Белсенділік (сабақта ауызша жауап беру)
СӨЖ
Глоссарий, конспект
Аралық бақылау
Қорытынды сынақ    
Барлығы    

7.2. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ(Философия пәні бойынша)

Құзыртетілік Тапсырма саны Максималды балл (1 тапсырма үшін) Бағаның жалпы % өлшемі
Белсенділік (сабақта ауызша жауап беру)
СӨЖ
Глоссарий, конспект
Аралық бақылау
Қорытынды сынақ    
Барлығы    
vikidalka.ru - 2015-2018 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных