Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тромб түзілу механизмі мен тромбтар түрлері




 

Тромб түзілу механизмі

Венозды тромб құрамында эритроциттер мен лейкоциттер көп, тромбоциттер аз. Эритроциттердің көлемді жиындары капиллярлы, олардың мембранасының икемділігіне қарамастан қан жүруін нашарлатады.

Венозды тромб түзілуінің саттары:

► бірінші 2-4 минут ішінде эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер және фибриннан құралатын агрегаттардан тұратын «біріншілік тромб» түзіледі;

► келесі 4-9 минут ішінде – тамыр қабырғасымен тұтасқан, тығыз қызыл тромб пайда болады;

► қалыпты жағдайда тромб сорылып кетуі мүмкін, венаның өткізгіштігі қалыптасады;

► патология жағдайында фибринолиз жүйесінде тромб ұйып, венаны бітейді.

Тромб түрлері

Жергілікті тромб:

Ø тамыр саңылауын жартылай бітейді;

Ø толық емес «ишемиялық емес» тромбозға әкеледі – «венозды стаз ретинопатисына»

Толық тромб:

ü тамырдың бүкіл проксималды бөлігін толтырады;

ü толық «ишемиялық» тромбозға әкеледі;

ü тор қабық капиллярларының қызметін бұзады, ФАГ –да – капиллярлы перфузия болмайды;

ü тор қабықтың айқын ишемиясы пайда болады.

Венозды іркілу:

Ø венулалар мен капиллярлардағы гидростатикалық қысымның кенет жоғарылауы;

Ø тамыр қабырғасының өткізігіштігінің жоғарылауы;

Ø қан мен плазманың клеткалық элементтерінің тамыр аралық кеңістікке еніп шығуы;

Ø тамыр аралық кеңістікте ісіну пайда болып қысымның көтерілуі;

Ø капиллярлар қысылып тор қабық гипоксиясының дамуы.

Тор қабық веналарының окклюзиясы дамуының негізгі үш саты:

Бітелгеннен соң 1-6 сағат кезеңі келесі өзгерістермен сипатталады:

Ø венозды тамырдың проксималды бөлігінде қысымның көтерілуі;

Ø эндотелий қызметінің бұзылуы;

Ø тамыр қабырғасы өткізгіштігінің жоғарылауы;

Ø тор қабық ісінуінің пайда болуы.

6 сағаттан 1 аптаға дейінгі кезең келесі өзгерістермен сипатталады:

Ø эндотелий мен перициттардың бұзылуы;

Ø базалды мембрананың жалаңаштануы;

Ø тромбоциттер адгезиясы;

Ø тромб түзілуі;

Ø микроваскулярлы бөлікте толық стаздың пайда болуы;

Ø қанталаулардың пайда болуы.

1 аптадан 5 аптаға дейінгі кезең келесі өзгерістермен сипатталады:

Ø капиллярлы окклюзия сақталады;

Ø дәнекер тіндік пролиферация пайда болуы;

Ø тамырдың қайта оралмас бітелуі.

NB! Фибринолитикалық жүйенің жағдайына байланысты, тромбоз процессі жоғарыда көрсетілген саттардың біреуінде тоқтауы мүмкін және жеңілдеу немесе ауырлау түрінде өтуі мүмкін.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных