Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Минералдардың шөгу процесінде пайда болуы




Шөгінді таужыныстарының пайда болу процестері өте күрделі және үзақ мерзімге – ондаған миллиондар жылдарға (геологиялық дәуірлерге) созылады. Олар гипергенез, седиментогенез және диагенез сатыларында өтеді. Одан кейіңгі сатылары катагенез және метагенез деп аталады, ол шөгінді таужыныстардың терендікке түсіп өзгеруімен байланысты.

Гипергенез деп мору қыртысы пайда болу сатысын атайды. Бұл сатыда пайда болған мору түзілімдері шөгінді таужыныстарын құраушы негізгі материалы боп табылады.

Мору түзілімдердің тасымалдану және шөгу процестері седиментогенез сатысына сәйкес келеді. Шөгінді таужыныстарының қалыптасуы (кристалдануы, керіштенуі, оолиттер және тасберіштер құруы) диагенез сатысында өтеді. Сол кезде түзілімдер қарапайым түрлерге бөлінеді (дифференциацияланады), пайда болатын шөгінді таужыныстар үш генетикалық топқа бөлінеді: 1) кесекті таужыныстар (нақты кесекті және жанартаулық кесекті топтар), 2) сазды таужыныстар, 3) биохимиялық таужыныстар.

Мору қыртыстың түзілімдерін судың, мұздың, салмақ күшінің механикалық тасымалдау нәтижесінде кесекті таужыныстар пайда болады. Кесекті шөгінді таужыныстар механикалық бөлінгенде, кесекті бөлшектердің өлшемі, пішіні және тығыздығы бойынша түзіледі. Осындай жіктелгеннің нәтижесінде, таулы аймақтардың етегінде зор кесекті шөгінділер, мору көзінен әрірек, құмдар, одан әрі алевриттер және сазды тұнбалар жайғасады. Жаңа минералдар бұл процестің нәтижесінде жаралмайды. Осы таужыныстарымен алтын, платина, алмас, касситерит, вольфрамит, магнетит, анартастар, шпинель, корунд және т.б. минералдар шашылымдары байланысты. Шашылымдар кенорындары түбегейлі кенорындарынан бай болады, олар көптеген пайдалы қазбаларының өндеу көзі болады.

Кесекті таужыныстардың құрамында жанартаулардың атқылау өнімдері бар таужыныстар пирокластар немесе жанартаулық-кесекті таужыныстар деп аталады, олар туфтар, туффиттер және туффогенді таужыныстар.

Сазды таужыныстар бастапқы таужыныстардан пайда болған суспензиялардың каогуляциялануынан қалыптасқан.

Биохимиялық таужыныстардың тобына алюминийлі, темірлі, марганецті, кремнийлі, фосфатты, карбонатты, сульфатты, галогенді таужыныстар және каустобиолиттер (мұнай және көмірлер) кіреді. Биохимиялық таужыныстар химиялық жолмен немесе организмдердің қатысуымен пайда түзіледі. Химиялық таужыныстарының пайда болуы химиялық дифференциациямен және қоспалардың ерігіш қасиетімен байланысты, негізінен нақты немесе коллоидты ерітінділерден кезекпе-кезек шөгу нәтижесінде пайда болады. Ерігіштігі нашар заттар мору қыртысына жуық жақта, сулы алаптардың жағалауларына жақын тұнады, олар – Al, Fe, Mn тотықтары және сулы тотықтары мен силикаттар. Жеңіл ерігіш заттар жағалаудан алыстау жақтарға тасымалданады және шөгеді, олар фосфаттар, карбонаттар, сульфаттар, хлоридтер.

Тұздар түзілу процесі галогенез деп аталады, ол қатал тәртіппен жүреді. Бұл тәртіп физико-химиялық минералжаралу жағдайларға байланысты жүреді – тұздардың ерігіштігі, олардың ерітіндегі қоюлығы, ерітіндінің температурасы және кристаллизация мезгілі, басқа тұздардың бірге болуы. Бұл процесте құныққан күрделі сулы ерітінділер қатынасады. Тұздардың тұнуы сулы алаптардың мезгілдік құрғауынан болуы мүмкін, судың деңгейі өзгергенде ерітіндідегі заттар қоюлығы артады. Бұл процесте пайда болған минералдар паррагенетикалық ассоциациялары: континенталдық шөгінділердің басты практикалық маңызы бар минералдары – мирабилит, галит, гипс; теңіздік шөгінділердің басты практикалық маңызы бар минералдары – сильвин, галит, гипс, ангидрит.

Органогендік таужыныстар организімдердің әсерінен пайда болады. Олар бор, әктас, диатомиттер, каустобиолиттер (көмір, мұнай). Осылардың ішінен кен тарағандары органогенді карбонаттық таужыныстар. Маңызды болатын биогендік жаратылыстағы темірлі және марганецті шөгінді таужыныстар.

Темірлі таужыныстар коллоидтық ерітінділерден түзіледі. Сол кезде ортаның оттектің көрсеткіші өте маңызды болады. Бос оттектің бар болуына байланысты тотықты (гидрогетит, гематит), карбонатты (сидерит) немесе силикатты (темірлі хлорит - лептохлорит) кендер түзіледі. Кен тарағаны лимонит, ол полиминералды темірдің сулы тотықтары, саздар және құмды заттардың қоспасы болады. Дуниеде темірлік кендердің 30 %осы шөгінді темірлік кенорындарына келеді.

Өнеркәсіптік жағынан марганецтік шөгінді кенорындар да маңызды. Марганец темір сияқты коллоидтық ерітінділерден пайда болады, бірақ темірден үлкен тереңдікте түзіледі.

Темірлік таужыныстарының кендерінің басты минералдары: гидрогетит, гетит, глауконит, сидерит; қосымша минералдары: пирит, вивианит, барит, псиломелан, апатит, гематит, халцедон; практикалық маңызды минералдары: гидрогетит, гетит, сидерит.

Марганецтік таужыныстарының кендерінің басты минералдары: псиломелан, пиролюзит, манганит, опал, гидрогетит; қосымша минералдары: глауконит, барит, марказит, пирит, апатит; практикалық маңызды минералдары: псиломелан, пиролюзит, манганит.

Биохемогендік шөгінділерге фосфориттер де жатады, олардың құрамында карбонат-апатит болады. Биохимиялық жолмен уранның, молибден, қорғасын және мырыш сульфидтерінің кейбір шөгінді кенорындары пайда болады. Кенорындар әдетте көмірлі таужыныстарға және көмірлі қабаттарға, көмірлі тақтатастарға және битумды таужыныстарға байланысты болады. Бұл органикалық заттардың жоғарғы дәрежедегі адсорбциялық қабілетіне байланысты.

Шөгінді таужыныстардың Жер қыртысында таралуы бірдей емес, кесекті таужыныстар 25,4 %, саздар 53 %, химиялық және биохимиялық таужыныстар – 21,6 % құрайды. Ең көп таралғандары саздар мен аргиллиттер, екінші орында құмдар мен құмтастар, үшінші – әктастар.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных