Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы




«ҚазАгроҚаржы» АҚ даму тарихына қысқаша шолу:

1999 жыл – «ҚазАгроҚаржы» АҚ құру туралы Республика Үкіметінің қаулысы.

2000 жыл – шетелдік ауыл шаруашылығы техникасының лизингісі бойынша алғашқы тәжірибе.

2003-2005 жыл – Алғашқы машина-трактор бекеттерін құру. Компанияның ауқымды «Ауыл жылы» Мемлекеттік бағдарламасына белсенді қатысуы, қайта өңдеу секторын қаржыландыра бастауы. «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша АӨК дамытуға 27,2 млрд. теңге қаржы жұмсалды.

2006 жыл – «ҚазАгроҚаржы» АҚ жаңадан құрылған «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына енді, компания «Қаржы агенттігі» мәртебесін алды.

2007 жыл – Тауарлы-сүт фермалары үшін асыл тұқымды мал лизингісінің енгізілуі, өнеркәсіптік типтегі жоғары технологиялы жылыжайлар құру бойынша жобалардың іске асырыла басталуы.

2008 жыл – Қарқынды жеміс бақтарын құру, балықты қайта өңдеу зауыттарын тұрғызу.

2009 жыл –Ірі инвестициялық жобалардың басталған жылы.

2011 жыл – Алғашқы рет асыл тұқымды репродукторлар үшін іріктеліп алынған малдар лизингісі жүзеге асырылды. Компания «ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» сілкіністі бағдарламаның қатысушысы болды.

2012-2014 жыл – «ҚазАгроҚаржы» АҚ Индустриаландыру картасындағы агроөнеркәсіптік жобалардың негізгі қаржы операторы болып табылады. Ықтимал инвестиция көлемі - 64,3 млрд. теңге.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ «Ауыл шаруашылығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 қарашадағы № 1777 қаулысына сәйкес 1999 жылы 28 желтоқсанда ауыл шаруашылығындағы басты мәселелердің бірі – техника паркін жаңарту мәселесін шешуде көмек көрсету мақсатында құрылған. Қоғам «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг құрамына енеді.

Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сондай-ақ, лизинг негізінде технологиялық жабдықтарға деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторының дамуына қолдау жасау.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ миссиясы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолайлы қаржы қаражаттарымен, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникаларымен және технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы агроөнеркәсіптік кешенді техникалық және технологиялық жағынан жаңарту болып табылады.

Қоғамның 2020 жылға қарай көрінісі – бизнес жүргізудің жоғарғы стандарттары мен сенімділігі негізінде қолайлы қаржы қызметтерін көрсету әрі техникалық және технологиялық жағынан жаңарту бойынша лизингілік қызметті жүзеге асыру арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау мақсатында меншікті өз активтерімен тиімді басқарылуын қамтамасыз ететін Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі негізгі қаржы-инвестициялық ұйым.

Қоғам толық өндіріс кезеңі бар жетекші әлемдік өндірушілердің технологиялық жабдықтарымен жабдықтау үшін жоғары технологиялық жаңа өндірістердің іске асырылуын қаржыландырады.

Қызмет түрлері. Жарғылық мақсаттарды іске асыру үшін Қоғам келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1. Агроөнеркәсіптік кешендегі лизингілік қызмет;

2. Агороөнеркәсіптік кешен субъектілерін несиелендіру және оларға қаржы қызметін және басқа да қызмет көрсету;

3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған республикалық бюджеттік және басқа бағдарламаларды іске асыруға қатысу.

Қазақстанның барлық аймақтарында компанияның 9 филиалы және 4 өкілдігі бар.

Рейтингтерінің болуы. «FitchRatings» халықаралық рейтингілік агенттігі 2013 жылғы 19 қарашада «ҚазАгроҚаржы» АҚ рейтингін BBB-болжам «тұрақты» деңгейіне дейін жоғарылатты.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных