Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Еңбек ресурстарын және еңбекақы қорын талдау




«Ресурстар» — технология және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды жүзеге асыруға болатын адамға қажетті материалдық және рухани игілікті алу көздері. Ресурстар негізгі үш топқа бөлінеді: материалдық ресурстар, еңбек ресурстары, оның ішінде интеллектуалды ресурстар, табиғи ресурстар.

Адам ресурстары – экономикалық ілімде – еліміздің еңбек ресурстарын құрайтын ауқымы негізінен адам санымен анықталатын шикі еңбектің жиынтық құны. Адам ресурстарының ерекшелігі – адам ресурстары материалдық, қаржылық, ақпараттық және ресурстардың басқа түрінен айырмашылығы: адамдар ой — өрісі дамыған, парасатты; адамдар үнемі жетіліп дамуға қажетті; адамдар белгілі бір мақсатқа жету үшін қызметтің кез-келген түрін саналы түрде таңдайды.

Еңбек ресурстарының қалыптасуын сипаттайтын негізгі құрамдас бөлігі – еңбекке қабілетті жастағы еңбекке қабілетті халық (жұмыс істейтін I-II топтағы мүгедектер мен жеңілдік жағдайымен зейнетақы алатын жұмыс істемейтін азаматтарды есепке алмағанда ұлттық заңнамада еңбекке жарамды деп қабылданған жасы жеткен тұлғалар), еңбекке жарамды жастан жоғары және жасөспірім тұлғалар (еңбекке қабілетті жасқа жетпеген тұлғалар).

Еңбек ресурстары – бұл халықтың жұмысқа қабілетті бөлігі. Еңбек өнімділігі – еңбек ресурстарын тиімді пайдалану көрсеткіші. Еңбек өнімділігі:

1. Бір жұмыскермен белгілі бір нақты анықталған уақытта (уақыт, күн, ай, жыл) өндірілген заттай немесе ақшалай түріндегі өнімнің санымен;

2. Өндіріске жұмсалған уақыттың санымен өлшенеді.

Сондай-ақ, еңбек ресурстары – қоғамдық пайдалы еңбекпен айналысуға қажетті білімді, ақыл-ой қабілеттілікті және физикалық дамуды иеленген халықтың бөлігі.

Еңбек ресурстары өзіне экономикалық белсенді халықты, еңбекке қабілетті жастағы оқушыларды, өндірістен қол үзіп оқитындарды және қазіргі уақытта жұмыс істемейтін және жұмыс іздемейтін (басқаша айтқанда, экономикалық енжарлы) еңбекке жарамды тұлғалар санатын енгізеді. Қазіргі кезеңде түбегейлі өзгерістер «мемлекеттің еңбек ресурстары» ұғымына ғаламдық үрдістерін енгізеді.

Еңбек ресурстарын басқару – еңбек ресурстарына қатысты жалпы түбегейлікті айқындауға арналған барлық барлық билік тармақтарындағы мемлекеттік органдардың нысаналы қызметі.

 

Кесте 6

«ҚазАгроҚаржы» АҚ еңбек көрсеткіштері, 2012-2014 жж

 

Көрсеткіш 2012 жыл 2013 жыл жыл Тізбекті ауытқу (+;-)
2013 жыл 2014 жыл
Өнім (қызмет) өткізуден түскен түсім, мың теңге          
Орта жұмыскерлер саны, адам       -14  
Нақты жұмыскерлер саны, адам       -13  
Бір жұмыскердің еңбек өнімділігі, мың теңге 5764,1 6799,1 6816,4   17,26
Еңбек ақының жылдық қоры, мың теңге 59049,1     -7046  
Бір жұмыскердің орта айлық еңбек ақысы, теңге 52911,4 54855,5 55390,9 1944,1 535,39

 

Кәсіпорынның қызметінің оң жағынан алсақ кәсіпорынның өнімділігінің өскенін атап өтуге болады. 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы бір жұмыскердің еңбек өнімділіні 1035 мың теңге, ал 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы 17,26 мың теңге өскен. Бір жұмыскердің орта айлық еңбек ақысы 52911,4 теңгеден 55390,9 теңгеге дейін өсті.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных