Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақстан Республикасындағы саяси партиялардың конституциялық-құқықтық мәртебесі




Партиялар өзінің құқықтық мәртебесінің құрылымы бойынша қоғамдық бірлестіктердің бірі ретінде қарастырылуы мүмкін, ал қоғамдық бірлестіктер құқықтағы ұжымдық субъектінің бір түрі ретінде қарастырылады. Ұжымдық субъект болса, құқықтағы субъектілердің бірі ретінде қарастырылады. Сәйкесінше, саяси партиялардың мәртебесінің құрылымы, осы жағдайда құқықтың кез келген субъектісінің мәртебесінің құрылымымен сәйкес келеді. Құқықтық мәртебенің құрылымы жалпы, ал мазмұны жеке құбылысты білдіреді. Құқық субъектілері өзінің құқықтық мәртебесінің мазмұны бойынша әртүрлі болып келеді де, ал құқықтық мәртебенің құрылымы болса, оларды біріктіреді.
Ұжымдық және жеке субъектілердің құқықтық мәртебесінің негізі болып, оның құқықтарының, бостандықтарының және міндеттерінің жиынтығы табылады. Бұл саяси партиялардың құқықтық мәртебесінің негізгі элементі.
Алайда, құқықтарды жүзеге асыру, кепілдіктерді өмірге енгізу, ұжымдық субъектілердің құқықтық мәртебесінің дамуының жалпы бағытын анықтайтын, негізгі құқықтық бастамаларға, яғни, құқықтық мәртебенің қағидаларына арқа сүйейді. Тиісінше, бұл қағидалар да ұжымдық субъектілердің құқықтық мәртебесінің элементтері болып табылады.
Ұжымдық субъектілер белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие болу үшін, онда құқық субъектілігі болуы керек. Әдетте, құқық субъектілігі деп құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін қамтитын құқықтың субъектісі болу қабілеті түсініледі [10]. Тиісінше, құқық субъектілігі де құқықтық мәртебенің құрамына кіреді.
Сонымен, Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың құқықтық мәртебесі деп құқық субъектілігі, құқықтық қағидалар, құқықтар, бостандықтар және міндеттер, оларды жүзеге асырудың құқықтық кепілдіктері және партиялардың құқықтық жауапкершілігі сияқты элементтерді біріктіретін конституциялық құқықтық құбылысты айтамыз

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных