Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар




213. Зиратты мына:
1) сумен жабдықтау көздері және минералды көздердің санитариялық қорғаныш аймақтарының бірінші және екінші белдеулерінде;
2) курорттардың бірінші санитариялық қорғаныш аймағында;
3) су басатын, шөгу және опырылуға ұшырайтын, батпақты учаскелерге;
4) шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік, шомылу және басқа да мәдени-сауықтыру іс-шаралары үшін халық пайдаланатын І және ІІ санаттағы су қоймаларының жағалауларында;
5) күйдіргі ауруы бойынша стационарлық қолайсыз пункттерде;
6) гамма-сәуленің тиімді дозасының қуаты ашық жерлерде доза қуатынан сағатына 0,2 микроЗиверттен асатын аумақтарда орналастыруға жол берілмейді.
214. Зираттар зираттың қоршауынан есептегенде:
1) бірінші тұрғын үй-қоғамдық ғимараттарға, спорттық-сауықтыру және санаторийлік-курорттық аймақтарға дейін – кемінде 300 метр;
2) су көзінің санитариялық қорғаныш аймақтарының белдеулерін есептеу қашықтығының жеткіліктілігін және сүзгілеу уақытын растай отырып, халықты ауызсумен жабдықтау көзіне дейін – кемінде 1000 метр қашықтықта орналастырылады.
215. Жабық зираттарға арналған санитариялық қорғаныш аймағының көлемі зираттық кезең аяқталғаннан кейін де қысқартылмауы тиіс.
216. Жерлеудің жалпы алаңы зираттың жалпы алаңының 65-70 % есебінен қабылданады.
217. Зиратқа арналған учаскенің тұрған орны және оның көлемі елді мекенді жоспарлау және салу жобасында, зират аумағын тікелей жабылғаннан кейін саябақ немесе бақ салуға пайдалану мүмкіндігін ескере отырып көзделеді.
218. Жерлеу бюролары, жерлеу рәсімі қызметін көрсететін бюро-дүкендер тұрғын үйлерден және қоғамдық ғимараттардан кемінде 50 метр қашықтықта бөлек тұрған ғимараттарға орналастырылуы тиіс.
219. Зират аумағы және жерлеу рәсімі қызметін көрсететін ғимараттардың кіреберісі қоқыс жинауға арналған урналармен, қоқысжинағыштарға өту жолы бар алаңдармен қамтамасыз етіледі.
Қоқысжинағыштарға арналған алаңдар қоршалады және қатты жабыны болады.
220. Қабір түбінен жер асты сулары тұратын деңгейге дейін кемінде 0,5 м болуы тиіс
221. Қайта жерлеуге қайтыс болған адамда аса қауіпті инфекциялық ауру (күйдіргі ауруы, конго-қырым геморрагиялық қызбасы және басқалары) болмаған жағдайда, жерленген сәтінен бастап алғашқы екі апта ішінде кейіннен жерленген сәтінен бастап кемінде үш жылдан соң, құмдауыт жерлерде кемінде бір жылдан соң және санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған жағдайда жол беріледі.
222. Мәйіттің сүйегі алынған жағдайда қабір дезинфекцияланады және топырақ себіледі, ал қабірден алынған мәйіттің сүйегі қақпақты жәшіктерде тасымалданады, табыт жәшікке салынады және жаңа орынға тасымалданады. Жерлеу жүргізілген табыт зақымданған (сақталмаған) жағдайда табыттың қалдықтары арнайы бөлінген орындарда өртеледі.
223. Қайта жерлеумен айналысатын адамдар:
1) сіреспеге және күйдіргіге қарсы егілуі;
2) арнайы киіммен және аяқ қиіммен, жеке қорғаныш құралдарымен (резеңке етіктер, резеңке қолғаптар, респиратор немесе ауыз бен мұрынды жабатын дәке таңғыштар, комбинезон) қамтамасыз етілуі тиіс.
224. Арнайы киімді үй жағдайларында жууға және зарарсыздандыруға жол берілмейді, ал жұмыс жүргізу кезінде қолданылатын құрал зираттан тыс шығарылмауы тиіс.
225. Арнайы киім және арнайы аяқ киім эксгумация бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда тазартылуға және дезинфекциялануға жатады немесе өртеледі. Дәке таңғыштар эксгумация бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін өртеледі.
226. Эксгумацияланған қалдықтарды тасымалдағаннан кейін көлік дезинфекциялануға жатады.
227. Этиологиясы белгісіз инфекциялардан және аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болған адамдарды жерлеу мырышталған, тұмшаланып дәнекерленген табыттарда жүргізіледі.
228. Зиратты және қабірлерді көшіру кезінде аумақтарды (учаскелерді) рекультивациялау жүргізілуі тиіс. Тұрғын үй аумағын жоспарлау үшін қабірлердің жойылатын орындарының топырақтарын пайдалануға жол берілмейді.
229. Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде бұрын белгісіз болған қабірлер анықталған жағдайларда мәйіттің сүйектерін қайта көму және аумақты рекультивациялау қажет.
230. Зираттардың аумағын пайдалануға оны көшірген сәттен бастап жиырма жыл өткен соң жол беріледі. Аумақ бұл жағдайларда жерге ағаш отырғызу үшін ғана пайдаланылады.

"Коммуналдық мақсаттағы объектілерге
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық қағидаларына
1-қосымша






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных