Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ИНТЕРПОЛ БЕДЕЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМ РЕТІНДЕ




МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ.. 3

 

1. ИНТЕРПОЛ БЕДЕЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМ РЕТІНДЕ.. 7

 

1.1 Интерпол құрудың халықаралық-құқықтық негіздері 7

1.2 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құрылымы.. 17

 

2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚПЕН КҮРЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ 23

2.1 Мемлекеттердің ұйымдасқан қылмыстылықпен күрестегі халықаралық ынтымақтастығы.. 23

2.2 Интерполдың қылмыскерлерді халықаралық іздестіру, экстардациялау және беру бойынша қызметі және оны үйлестіру проблемалары.. 34

 

3. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ҰЙЫМЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҮШЕ БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ 50

3.1 Қазақстан Республикасы Интерпол Халықаралық Полиция Ұйымына кіруі

3.2 ҚР Интерпол ұлттық орталық бюросының құқықтық ережелері мен қызметтері 50

3.3 ҚР Интерполдың ұлттық орталық бюросы қызметін жетілдірудің практикалық проблемалары мен болашақтары

3.4 Қазақстан Республикасындағы Интерпол Ұлттық Орталық Бюросының құрылымы мен міндеттері және олардың қызметі

 

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................................................. 55

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ....................................................................... 60

 

 


КІРІСПЕ

Зерттелетін тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерімен, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтардың халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресте мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдарының Халықаралық ұйымның қылмыстық полициясы - Интерполдың қызметін ұйымдастыру және үйлестіру мәселелері бойынша шарттасады.

Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастық контексінде тәуелсіз, егемен мемлекет ретіндегі мүдделері – бұл конституциялық құрылым, егемендік және аумақтық тұтастығының беріктігі, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау, мемлекеттік басқару органдарының тұрақты қызмет етуі, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді орындау және мемлекеттегі құқық тәртібін қолдау, сондай-ақ серіктестік негізінде халықаралық ынтымақтастықты болашақта дамыту.

Қазіргі таңда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларында болып жатқан өзгерістер есебінен трансұлттық қылмыстың қайта құрылымдану процесі жүріп жатыр, бұл ұйымдастыру-құқықтық нысанында тұрақты, материалдық-техникалық қатынасында қамтамасыз етілген, қылмыстық қауымдастықтағы басқарудың ыңғайлы желілі жүйесімен қайта қалыптасады.

Бұл барлық құбылыстар мен процестердің интенсификациясы уақытында, оның ішінде қылмыстар, аталған факторлар таза ұлттық құбылыс болып табылмайды. Олар ұлттық құбылыс шеңберінен шығып, интернационалдық құбылысқа айналады. Бұл жағдайда интернационалдық сегменттің маңызды элементтері мемлекеттің халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресіндегі жалпы мүдделері болып табылады. Мұндағы айқын факті жеке алынған мемлекеттердің мүдделері халықаралық қауымдастықпен өзара қарым-қатынас негізінде қамтамасыз етілуі болып табылады. Әлемдегі жағдай барлық қоғамдық процестердің жаһандануына байланысты өзгергендігін атап өту керек. Бұл, әрбір жеке алынған мемлекеттің жағдайының оңтайлы, жақсы болуы жалпы мүдделерді қамтамасыз етуге байланысты екендігін білдіреді.

Қазіргі күні кез келген қоғам алдында жеке мүдделерін жалпы мүдделермен келістіру міндеті тұр. Нью-Йоркте (2001 ж. 11 қараша), Мәскеуде (2002 ж. 23-26 қазан) және Солтүстік Осетияның Бесланда (2004 ж. 1-3 қыркүйек) болған оқиғалар көрсеткендей, халықаралық терроризмге әлемдегі ешқандай мемлекет жеке дара қарсы тұра алмайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тұжырымы бойынша, «әлемдік қауымдастық тек бірігеді немесе бірігуге талпынады, алайда бұл болғанға дейін… барлық мемлекеттің бірігуіне жәрдемдесетін ғаламдық құрылыстың әмбебап нысаны жоқ және болмайды… жаһанданудың барлық нысандарына қолданылатын тегіс бәрін қамтитын идеялар да, конструктивті механизм де болмайды» /1/. Шынында да, жаһандану қазіргі күні адамзаттың өркениеті үшін жаңа қауіп-қатер төндіреді, өте баяу әсер етеді және оның туындау себептерін жоюға бағытталған барабар шараларды қабылдамайды. Трансұлттық қылмыс, оның ішінде халықаралық терроризм, жаһандану нәтижесінде туындаған болып табылады.

Сондықтан халықаралық сипаттағы қылмыстармен күрес, ең алдымен, халықаралық қауымдастық мүдделерін қамтамасыз етуді талап етеді, өйткені халықаралық көлемде құқықтық тәртіп пен әрбір мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты. Бұл Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы – Интерполдың өз қызметін іске асыруда «идеология, технология және ғылымда өзгерістерге және ұлттыққа шектелмейтін айқын қауіпке қарамастан» /2/ Интерполға мүше мемлекеттердің орталық ұлттық бюро мүдделерін ескеруі қажет. Жалпы игілікке талпынуды халықаралық қатынастарда ғана қамтамасыз етуге болады. Осы уақытта халықаралық қатынастарда көбінесе өз азаматтарына қарсы, сондай-ақ бүкіл адамзат қауымдастығының мүдделеріне қарсы бағытталған ұлттық мүдделер ретінде жасырылатын шектен тыс индивидуализм фактілері кездесетінін ескеруіміз керек.

Халықаралық сипаттағы қылмыстармен байланысты туындайтын әлеуметтік құбылыстарға объективті келісті атай отырып, Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік пен халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етуде маңызды үлес қосатындығын айтуға болады. Барлық әлемде бейбітшілік пен тыныштықты сақтай отырып, БҰҰ жетекші халықаралық ұйымдарында, оның ішінде Интерполға белсенді қатысады.

Жоғарыда аталған жағдайлардың негізінде, Интерпол қызметінің проблемалары мен даму болашақтары тақырыбы зерттеу үшін өзекті болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу кезінде М.Әлімов, В.И. Самарин, В.С. Овчинский, Н.Ф. Кузнецова, Г.М. Миньковский, И.Ш. Борчашвили, К.А. Антимиров, Г.С. Богатырева, Н.Л. Богданов, Ф.М. Решетников, Л.А. Моджорян, А.И. Долгова, С.В. Дьяков, Ж. Баишев, К. Шакиров, С.Д. Әбікенов, Б.С. Карикболов, Д.Ж. Балтабаев, Р.И. Османова және т.б. жұмыстарының материалдары пайдаланылды.

Жалпы алғанда, қазақстандық ғылыми әдебиеттерде Интерпол тақырыбы жеткілікті зерттелген, алайда Интерпол қызметін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету проблемасы кешенді түрде ашылмаған, сондай-ақ аталған ұйымның практикалық қызметінің проблемалары толық зерттелмеген. Интерпол қызметін халықаралық терроризммен күрес аспектісінде тұтасымен, тереңінен зерттелген ғылыми жұмыс А.Б.Тоқсанбаевтың «Интерпол и международный терроризм: проблемы, тенденции развития и противодействие» (Алматы, 2004) атты монографиясы болып табылады. Бұл жұмыста халықаралық терроризмнің алдын алу және оны тоқтату мәселелері, оның құқықтық табиғатының мәселелері мен халықаралық терроризммен күресте Қазақстан Республикасы Ұлттық Интерпол орталық бюросы қызметінің құқықтық проблемалары зерттелген.

Ресей әдебиеттерінде Интерпол тақырыбы барынша егжей-тегжейлі зерттелген, бірақ көбінесе оған Ресейдің қатысуы ұстанымында қарастырылады.

Диплом жұмысының мақсаты: Интерполдың, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Интерпол орталық бюросы қызметінің проблемалары мен болашақтарын зерттеу.

Атаған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу керек:

1. Интерполдың беделін халықаралық ұйым ретінде ашып көрсету;

2. Халықаралық қылмыстық полиция ұйымдарының қылмыспен күрестің құқықтық проблемаларын талдау;

3. Қазақстан Республикасының халықаралық қылмыстық полиция қызметіндегі үлесін жетілдіру жолдарын қарастыру.

Зерттеу объектісі мемлекеттердің қылмыспен күрес бойынша халықаралық-құқықтық қатынастары болып табылады.

Зерттеу тақырыбы – Интерпол халықаралық қылмыстық полиция ұйымы.

Әдіснамасы. Зерттеу кезінде салыстыру-құқықтық, логикалық-заң, жүйелі талдау және кейбір басқа жалпы ғылыми және арнаулы таным әдістері қолданылды. Зерттеудің нормативтік-құқықтық базасын Қазақстан Республикасы Конституциясы ережелері, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі және Қазақстан Республикасы Қылмыстық Іс жүргізу кодексі, заңдар және заң күшіндегі нормативтік құқықтық актілер құрайды.

Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, бес тармақтан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Жұмыс құрылымы жүргізілген зерттеудің мақсаттары мен міндеттері есебінен анықталды.

 

 

 

ИНТЕРПОЛ БЕДЕЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМ РЕТІНДЕ






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных