Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Халықаралық экономиканың қалыптасуы және құрылымы.




1. «Халықаралық экономика» пәні – бұл тауарлар мен қызметтердің капиталдардың, жұмысшы күші мен технологияның халықаралық айырбасы саласында әртүрлі экономикалық субъектінің өзара әрекеттесуі.

Бұл пәнде қарастырылатын маңызды мәселелерге мемлекеттің тиімді сыртқы экономикалық саясатын жүргізу, мемлекетаралық және үкмітаралық келісімдер мәселері жатады. Халықаралық экономикадағы көптеген заңдар, заңдылықтар мен ережелер көптеген пікір таласты туындатып отыр. Халықаралық экономика теориясының белсенді түрде қалыптасуы халықаралық экономикалық қатынастың және әлеумдік экономиканың жедел дамуы барысында жүзеге асады. «Халықаралық экономика» термині ХХ ғасырдың 90 жылынан бастап кең түрде қолданыла бастады. Алғашқыда халықаралық экономиканы зертеуге деген қызығушылық 1960ж. халықаралық бизнесті жүргізу қажеттілігінен туындады және ол ерекше пән ретінде АҚШ-ң бизнес мектептерінде алғашқы рет оқытыла бастады.

Дербес теориялық пән ретінде халықаралық экономика – ХХ ғасырда қалыптаса бастады. Оның қалыптасуы мен дамуына XVIII-XIX ғасырларда экономика классиктері А. Смит, Д. Рекардо, Д. Милль, А. Маршал үлес қосқан еді.

Сондықтан, халықаралық экономика негізін білмей кәсіпорынмен фирманың сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастырудың ерекшелігін анықтау, олардың сыртқы экономикалық байланыстарын басқару саласындағы дұрыс шешімді қабылдау мүмкін емес.

Халықаралық қатынастың құрамы мынадай:

v Халықаралық еңбек бөлінісі.

v Тауар мен қызмет көрсетудің халықаралық саудасы.

v Капиталдармен шетелдің инвестициялық қозғалысы.

v Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы

v Халықаралық валюта – қаржы және несие қатынастары.

v Халықаралық экономикалық – интеграция.

v Халықаралық ғылыми-техникалық және өндірістік қарым-қатынас.

Халықаралық экономика құрамына халықаралық меншік қатынастары мен ұйымдарды жатқызуға болады. Олардың негізгі нысаны – халықаралық сауда.

2. Халықаралық сауда дегеніміз – халықаралық тауар-ақша қатынастары ортасымен әр түрлі елдердің сатып алушылары мен сатушылары арасындағы еңбек өнімдерін (тауар қызметі) айырбастаудың арнайы формасы. Халықаралық сауда - әлемдердің барлық елдерінің сыртқы саудаларының жиынтығы. Бірақ жеке мемлекеттің, аймақтың сыртқы саудасы халықаралық сауданың құрамдас элементі болып табылады.

Халықаралық сауданың даму кезеңдері – келесі сатыдан тұрады:

1 кезең – XVIII-XIX ғ. Мұнда халықаралық сауда айтарлықтай аумаққа жетіп, тұрақты халықаралық тауар-ақша қатынасы сипатына ие болған. Бұл процесс кейбір өнеркәсіптегі дамыған елдерде (Англия, Голландия), ірі машина өндіріснің пайда болуымен сипатталады. Ал экономикасы нашар дамыған (Азия, Африка,Лат. Америка) елдерінде ірі көлемде тұрақты түрде шикізаттарды импорттауға осы елдерге өндірістік тауарды экспорттауға бағытталған

2 кезең - XIX ғ. І жартысы. Мұнда халықаралық сауда бірнеше дағдарыстарды басынан өткізді. Оның біріншісі – 1914-1918 жж арасында дүниежүзілік соғыспен байланысты. Соғыстан кейінгі мерзімде халықарлық сауда орталық жүйесінің құлдырауына ұшырады.

3 кезең – XX ғ ІІ жартысы. Халықаралық айырбас жарылыс сипатына ие болып, халықаралық сауда жағдайындағы қарқынмен дами бастады:

- 1950-1994ж арасында әлемдік сауда айналымы 14 есеге өсті.

- 1950-1970ж арасында халықаралық сауданың алтын ғасыры деп атауға болады. 1950 жылдары әлемдік экспорттың орташа жылдық өсу қарқыны 6%; 1960ж – 8,2% құрады.

- 1970-1991 ж, ал 80ж аяғында әлемдік экспорт қайта жандана бастады.

3. Халықаралық экономикалық немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз – ұлттық шартының жиынтығы болып табылады. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болды және дүниежүзілік шаруашылық өзара байланысты 2 жүйеден тұрады:

1. Ұлттық шаруашылық жиынтығы.

2. Халықаралық байланыстары.

Шаруашылықтың дұрыс деңгейде дамуының 2 бастамасы бар:

1. Мемлекетаралық экономикаға байланысты объекті қажет.

2..Даму барысында екі жақтың да өзара қызығушылығы.

Мұндай элементсіз халықаралық қатынас болмайды. Элементтерге келесілерді жатқызамыз.

- баға заңы

- ұсыныс пен сұраныс заңы.

- уақытты үнемдеу және соған байланысты еңбекті бөлу заңдылығы.

Бұл заңдар ұлттық шаруашылықты дүниежүзілік шаруашылыққа халықаралық экономикалық байланыстарға кіруге итермелейді. Шаруашылық өмірді дамыту мәселе бірнеше рет көтерілді. Осының нәтижесінде елдер арасындағы байланыста жылдамдайды әрі күрделіне түседі. Сыртқы сауда тауар айырбастау және т.б. экономикалық байланыстар түрлерімен толықтырады. Әрбір ұлттық шаруашылықтың өзіне табыс әкелетін айырбас түріне ұмтылуы керек. Ал, бұл тек дайын өнім айырбастағанда жүзеге асырылуы мүмкін. Халықаралық экономикалық байланыстың негізін тереңдетеді. Мысалы: егер бір ел шикізат және энергия, ал екіншісі – ел дайын өнімді айырбастаса, бұл екі елде де тепе-теңдік дами алмады. Себебі өзара тең түсетін база жоқ.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных