Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Халықаралық саудадағы тепе-теңдік.




1. ҒТП ықпалымен экономикадағы өзгерістер өнеркәсіп өндірісінің дамуымен ұжымға бірігуі ұлттық шаруашылық қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың дамуына ықпал жасайды. Халықаралық тұжырымда сыртқы сауда операциялары 4 бөлімнен тұрады:

1) Экспорттық – шетел контрагентке (сатып алушыға) тауарды сатып, олардың шетелге шығуын қамтамасыз ету.

2) Импорттық – шетелдік сатушылардан тауарды сатып алу және оларды шетелден алып келу.

3) Реэкспорт – бұрын сатып алынған (экспортты) тауарды қайтадан шетелден сатып алу.

4) Реимпорт – бұрын сатып алынған тауарларды қайтадан шетелге сату.

Сыртқы саудада операцияларды ұйымдастыру келесі іс-әрекеттерден тұрады.

1. Сыртқы сауданың жұмысын бақылау, өзінің тауар өндіру мүмкіндігін бағалау.

Нарық жағдайын талқылау сыйымдылығы, құрылымы тауарларды сатудың коммерциялық шарттары.

2. Сыртқы нарықта сату үшін экспорттық тауарды дайындау, контрагенттерді таңдау, олармен келісімге отыру, сыртқы сауда операциясын жүзеге асыру.

Контракт құру оферта, акцепт. Оферта (латын тілінен аударғанда ұсыныс д еген мағынаны білдіреді). Акцепт – есеп айырысуда төлеушінің өз қарызын төлеуге жазбаша берген келісімі. Оферта акцепт арқылы іске асырылады. Оның дүниежүзілік саудада 3 түрі белгілі.

1) сатушының нақты ұсынысына сатып алушының келісімі, яғни сатып алушы сатушының барлық ұсынысына келісе отырып, оны жазбаша бекітеді.

2) сатып алушының ұсынысына сатушының келесімі. Егер сатып алушы сатушының ұсынысына толық келіспесе, онда ол сатушыға контроферта (қарсы ұсыныс) жасайды және онда өзінің шартын көрсетеді. Сатушы келіскен жағдайда ол офертаны жазбаша түрде акцептендіреді және оны актімен тұрақтатады.

3) еркін оферта оның шартымен сатып алушының жазбаша келісімі мен сатушының акцептенуі.

Тауарды сату және сатып алу келісім шарты келісімді орындаудың негізгі құжаты болып табылады және екі жақтың келісімге отырған уақытынан бастап олардың міндеттемелері мен құзаңды күшіне енеді. Егер келісімге екі жақ қатыспай хат арқылы хабарласса, онда келісімнің заңды күшіне енуі әр елде әртүрлі. Мысалы: АҚШ, Англия, Жапония, Швецарияда жазбаша акцепт келісім жіберген күннен бастап, күшіне енеді. Ал, Франция, Германия, Австрия акцепт алған күні күшіне енеді.

Келісім шартта екі жақтың ең маңызды шарттары мен міндеттері түгел көрсетіледі. Халықаралық тәжіребеде негізінен 13 бөлімі қамтылған:

1. Преамбула (кіріспе бөлімі). Мұнда контрактіге отыратын жақтың аты орналасқан, яғни реквизиттері көрсетілген.

2. Келісім шартқа отыратын тауардың аты көрсетілген.

3. Сатылатын тауар көлемі және оны анықтау жолдары. Сондықтан өлшем бірлігінің салмағы, көлемі, ұзындығы, данасы бойынша көрсетілген.

4. Тауардың сапасы.

5. Жеткізілу мерзімі.

6. Базистік жеткізілу шарттары. Тауарды тасымалдау кезінде шығындарды кімнің өтейтіндігі көрсетіледі.

7. Баға бөлімі. Тауардың бағасын анықтауда өлшем бірлігі, баға валютасы, баға деңгейі көрсетіледі.

8. Есеп айырысу шарттары қолма-қол, аванстық несиелік есеп.

9. Тауарды айырысу, өткізу, қабылдау реті.

10. Кепілдік немесе санкция (жазалау шарттары) – мұнда сатушының кепілдеме көлемі, мерзімі, тауардың ақауы (брак) байқалады.

11. Арбитраж. Бұл шартта екі жақтың арасындағы келіспеушілік туындау тәртібі көрсетіледі.

12. Форсмажорлық жағдайлар. Яғни келісім шарттың орындалуына кедергі келтіретін жағдайларда шарт жасасқан жақтарды өз міндеттемесін босатуға рұқсат береді.

13. Тасымалдау шарты. Транспорттың қай түрімен жүргізілгенін көрсетіледі.

2. Халықаралық сауданың түріне мыналар жатады:

1) биржа

2) аукцион

3) инжиниринг

4) лизинг

5) консалтинг және т.б.

Биржа – нарықтық ұйымның түрі. Онда сұраныс пен ұсыныс негізінде тауарлармен, бағалы қағаздармен сауда жасалады немесе қызметкерлерді жалдаумен айналысатын сауда түрі. Биржа латынша «қалта» деп атайды. Ең бірінші биржа 1531 жылы Белгияда Антверпен қаласында құрылды. Биржа түрлері мына 4 түрге бөлінеді:

1) тауар биржасы- сапасы жағынан стандартқа толықтай сай келетін белгілі бір тауарды сатып алу және сату үшін ұйымдасқан. Нақты қамтамасыз ететін саудагер ассоциациясы болып табылады.

2) қор биржасы- бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүретін орын және жеке кәсіпкерлік принципте жұмыс істейді.

3) валюта биржасы - бұл валюта нарығы негізінде болады. Орталықтарына Лондон, Нью-Иорк, Токио, париж, Сингапур биржасы жатады.

4) еңбек биржасы- жұмысшы күшін жалдау кезінде кәсіпкерлер мен қызметкерлер арасындағы делдалдық қызмет атқырылуын орындайды.

Тауарлар биржада жасалатын келісім шарттары бойынша 2 топқа бөлінеді:

1) нақты тауарлар келісімі.

2) мерзімдік келісім.

Тауарлар биржасындағы келісім.

 

 

1. Нақты тауарлар келісімі 2. Мерзімдік келесім. болашақта

1.1. спорттық келісім(кассалық) жеткізу үшін

1.2. форвардтық 2.1 келісімге отыру

1.3. вартерлік 2.2 опциондық

1.4. шарттық 2.3 фъючерстік

1.5. несиелік 2.4. несиелік

 

1.1. Келісімнің ерешелігі – есеп айырысудың екі жұмыс күн ішіне жүргізілуі. 1.2. Кепілдік бере отырып келісімге отыру.

1.3. Тауарлар қолма-қол ақшасыз негізінде алмастырылады.

1.4. Бартерлік келісімге өте ұқсас, яғни келісімге отырған жоқ. Тауардың бір түрін сата отырып, орнына басқа тауарлар түрін сатып алуға міндетті. Бірақ есеп айырысу нақты ақша бойынша жүргізіледі.

1.5. Қысқа мерзімді несие, тауарды белгілі бір мерзімге %-қ өсіммен қарызға беру.

2.1. Келісімнің бұл түрі әлі өндірілмеген тауарларға, бағаға сәйкес жүргізіледі.

2.2. Келісімнің бұл түріне сатып алушы сатушыға сыйлық бере отырып опциондық құқық алады. Ондағы мақсаты қалаған тауарларын таңдап алу. 2.3. Мұның ерекшелігі келісімнің бұзылмайтын және дәлелдеу мақсатында келісімді 3-ші арасындағы қамсыздандыру.

2.4. Ұзақ мерзімді несиелер тауарды белгілі бір %-қ өсіммен қарызға беру.

Аукцион – алдын ала көрмеге қойылған тауарларды белгілі бір уақытта және белгіленген орында сату формасы. Аукцион тауардың белгілі бір түрлері бойынша өткізіледі: бағалы аң терісі, өнер туындылары, көне бұйымдар, бағалы заттар және т. б. Аукциондық сауда дегеніміз – нарықтық сауданың түрі. Мұнда сауда кезінде сатушы барысында көп пайда алу көздеп саудаға қатысқан бірнеше немесе көптеген сатып алушылардың тікелей бәсекелестігін пайдаланады. Аукцион 4 түрге бөлінеді:

1. Ағымдық әдіс. Бұл әдістің ерекшелігі стандарттық баға жарияланғаннан кейін сатып алушының көлем қабілетіне қарай тауарлар бағасы өзінің ең жоғарғы деңгейіне дейін.

2. Голландтық әдіс. Бұл жоғарыда сипаттаған ағылшындық әдіс шарттық қарама-қарсы бағытта жүргізіледі, яғни жоғарғы стандарттық баға белгілері, сатып алушының төлем қабілетіне қарай тауарлар бағасы төленеді. Бұл әдіс негізінен сұранысы аз және тез бұзылатын тауарларды сату барысында қолданылады.

3. Мылқау аукцион. Бұл әдіс бойынша сатушының бағасы жарияланғаннан кейін сатып алушының аукционға қатысуы керек. Мұнда жест, мимика түрінде көрсетіледі.

4. Сырттай аукцион – оның ерекшелігі аукционға қатысу ұсынысымен тауар бағасы жабық конверт арқылы беріледі және ол конвертті аукцион барысында ғана алады.

Қазіргі кезде келісімнің құпиялылығынан қамтамасыз ету мақсатында шет елдерде сырттай аукционға қатысу, телефон, телефакс байланыстары арқылы іске асырылады. Инженирліктік сауда – соңғы жылдары сыртқы сауда операцияларының сипатын алған техникалық қызметтер жиынтығы. Оларды 2 топқа бөлуге болады:

- Кеңес сипатындағы қызметтер. Олар техникалық құжат зерттеу нәтижелері, құрылысқа арналған бастапқы деректер, экономикалық есептеулер, сметалар, ұсыныс, кеңестер және т.б.

- Белгілі бір объектінің құрылысына немесе құрал-жабдықтар жеткізуге тікелей байланысты техникалық қызметтер түрлері. Техникалық қызметтердің толық жиынтығы нәтижесінде –кілтті табыстау деп атайды.

Консалтингтік сауда – кәсіп орынның, фирманың, ұйымның экономикалық қызметтің, соның ішінде сыртқы экономикалық саладағы қызметтің көптеген мәселері бойынша (саладағы қызметтің көптеген) өнім шығарудағы, сатушығы, сатып алушыға кеңес беру немесе жобаларды дайындау және жүзеге асыру кезіндегі кеңес беру қызметі. Халықаралық саудадағы сұраныс және ұсыныс ішкі нарықта жүргізіледі. Сұраныс көлемі мен баға арасындағы қатынас өндіріс, тұтыну, бағалы есептеуден шығындар негізінде қабылданған. АҚШ және басқа елдегі өндіріс, тұтыну бағаға сыртқы сауданың әсер етуі келесі кестеде көрсетілген.

 

 

♠ Баға І ♠ Баға ІІ ♠ Баға ІІІ

 


А 20 ٠−٠−٠−٠−٠−٠

20 - ٠−٠−٠−٠−٠ 20 ٠−٠−٠−٠−٠−٠ 10 - - --------------

10 ---------------- 10 --------------------

0 20 40 60 0 20 40 60 0 40 60 80

 

 


 

I – Америкадағы бидай нарығы. Яғни АҚШ бидайы қымбат бағамен сатып отыр.

II – Бидайдың халықаралық саудасы.

III – Бидайдың кедендік нарығы.

SUS – АҚШ-тағы бидайға қисық ұсыныс.

DUS – АҚШ-тағы бидайға сұраныс.

SX – Бидайдың экспортқа ұсынысы.

DT –Импорттық бидайға АҚШ-ң сұранысы.

SF – Басқа елдердегі бидайға ұсыныс.

DF - басқа елдердің бидайға сұранысы.

٠−٠−٠−٠−٠−٠ АҚШ-ғы бидайға қойылған алғашқы баға.

٠٠٠٠٠٠٠٠٠٠٠ Басқа елдегі бидайдың алғашқы бағасы

- - - - - - - - -Бидайға жаңа әлемдік баға

- АҚШ –ғы бушердің ярдқа бағасы.

♠♠ - 1 жылда ярдтың млрд.

бушер - тоннаға сәйкес келеді.

Ярд – гектарға сәйкес келеді.

АҚШ және басқа елдегі сыртқы сауданың жоқтығы бидай нарығында ұсыныс және сұраныс тепе-теңдігі әртүрлі бағамен қойылады. АҚШ – та бидай 2 бушердің (тонна) артық 1 ярдқа (гектар) тең (А нүктесі) бұл 1 графикте көрсетілген. Қалған елдерде сұраныс ұсыныстың 2/3 бушельдің ярд бағасына сәйкес келеді. (N нүктесі 3-ші графикте)Сауда қарым-қатынастың орнатылуы АҚШ-ты басқа елдің тұрғынын сұраныс көлемін ішкі өндіріс көлемімен сай келуі қажеттігінен босатады. Америка сатып алушылары мен шетелдік жеткізушілері мен жаңа мүліктері пайда бола бастады.

Американың сатып алушылары шете елден сатып алу арзан екенін білді. Ал шетел жеткізушілері өз кезегінде АҚШ қымбат бағамен сатудың мәні жоғын түсінді. Кейіннен олар Америка бидайын шетелдік бидайға алмастыру туралы келісімге келді. Қисық сұраныс және ұсынысты пайдалана отырып, әлемдік саудадағы нақты тұрақты болашағы анықталды. Әлемдік сұраныс пен ұсыныстың теңестірілуі 2-ші графикте көрсетілген. Импортқа қисық сұраныс және экспорт ұсынысы Е нүктесінде теңеседі. DE=CB=Ig

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных