ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ТАҚЫРЫП: α-Амин қышқылдарының биологиялық маңызды касиеттері. Пептидтер.МАҚСАТЫ: α-Амин қышқылдарының құрылысы, жіктелуі және химиялық қасиеттері туралы білімді пептидтердің түзілуінде қолдана білу ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫ: Білім алушының мүмкіндігі бар: 1) α-Амин қышқылдарының құрылыстарына қарай реакцияға түсу қабілеттіліктерін салыстыруға. 2) α-Амин қышқылдарының химиялық қасиеттері туралы білімді пайдалана отырып белоктарға, пептидтерге, α -амин қышқылдарына сапалық реакциялар жасау нәтижесіне қарай тұжырым жасай білуге. 3) Оқытушы ұсынған α-амин қышқылдарынан пептидтердің түзілу схемасын жаза білуге. 4) α-Амин қышқылдарының изоэлектрлік нүктесін біле отырып ортаның рНна қарай белок молекуласының зарядын анықтай білуге.
ОРЫНДАЛУ ТҮРЛЕРІ: - Тақырыптың сұрақтарын оқу; - Типтік тапсырмаларды орындау; - Оқытушыдан кеңес алу; - Орындалған тапсырмаларды оқытушымен бірге талдау. ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМА: 1. Тақырыптың сұрақтары бойынша конспект дайындау. 2. Оқытушы берген тапсырмаларды орындау. БЕРІЛЕТІН материал: Тапсырмалар: 1) Аланиннің а) СН3I, б) NaOH, в) HNO2, г) этанолмен реакцияларын жазыңдар. Түзілген өнімдерді атаңдар. 2) Изолейциннің, глутамин қышқылының дезаминдену реакцияларын жазыңдар. 3) Трипептидтердің түзілу реакцияларын жазыңдар: 1) Цис-Вал-Асп; 2) Гли-Про-Лиз. Трипептидтердің қышқылдық-негіздік ортасын анықтаңдар. 4) Трипептидтің, мысалы Гли-Вал-Фен (глицилвалилаланин) қышқылдық-негіздік гидролизін жазыңдар. 5) Трипептид глутатионның (¡-Глу-Цис-Гли) түзілуін жазыңдар. Биологиялық маңызы. 6) Бас миындағы нейропептидтің құрылысын- Leu-энкефалиннің көрсетілген амин қышқылдық жүйелілікпен Tyr-Gly-Gly-Phe-Leu көрсетіңдер.Тұз қышқылының қатысымен осы пептид гидролизге ұшырағанда қандай өнімдер түзіледі? 7) Неге глутамин қышқылының ұнтағын ішкеннен кейін ауызды натрий гидрокарбонатының сұйық ерітіндісімен (рН~8) шаю қажет, егер глутамин қышқылының изоэлектрлік нүктесі 3,2 ге тең болса? ОҚЫТУ МЕН САБАҚ БЕРУ ӘДІСТЕРІ: Әдіс - құрастырылған: 1) құрастырылған сұрау (ситуациялық есептер мен тестілік тапсырмалар бойынша студенттердің өздігінен жекеше жұмыс ітеуі); 2) үйге берілген тапсырманы тексеру. Оқыту құралдары: оқу кестелері, тақырып бойынша суреттер, тестік тапсырмалар, тақырып бойынша лекциялар, ситуациялық есептер.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|