Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Зертханалық жұмыс жүргізген кездегі қауіпсіздік ережелері




Аханов Ү. Қ.

«Адам және жануарлар физиологиясы»

Зертханалық практикум

Шымкент- 2013ж

 

Ф. 7.03-18

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Аханов Ү. Қ.

«Адам және жануарлар физиологиясы»

Зертханалық практикум

5В070100- Биотехнология мамандығының

студенттеріне арналған

Шымкент- 2013ж

ӘОЖ________

 

Аханов Ү.Қ.«Адам және жануарлар физиологиясы» зертханалық практикум. - Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ; 2013. - 112 бет.

 

Адам және жануарлар физиологиясын оқытудың мақсаты студенттерге өмір тіршіліктерінің заңдылықтарын және физиологиялық процестердің өзара қоршаған ортамен тығыз байланыстылығын баяндаумен қатар ағзаның функцияларын реттеудегі биотехнологиялық зерттеулердің жаңа теориялык негіздерін түсіндіру. Зертханалық практикум пәннің оқу жоспары мен бағдарламасына сәйкестендіріліп жасалынған, зертханалық сабақтардың тақырыптарын орындауға қажетті мәліметтер енгізілген.

 

Оқу құралы 5В070100 - «Биотехнология» мамандығының студенттеріне арналған.

 

 

Пікір жазғандар: О. Қ. Бекетауов а.ш.ғ.д., профессор, ОБМ ж ӨШҒЗИ «Биотехнология және иммуногенетика» бөлімінің жетекшісі.

Н. М.Есқара, б.ғ.к., ОҚМПИ, Биология кафедрасының доценті

З. Қ.Нарымбаева х.ғ.к., М. Әуезов атындағы ОҚМУ Биотехнология» кафедрасының доценті

 

Оқу құралы М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқу-әдістемелік кеңесімен баспаға ұсынылды. № хаттама «» 2013 ж.

 

© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемелекеттік Университеті

Мазмұны      
Кіріспе    
Зертханалық жұмыс жүргізген кездегі қауіпсіздік ережелері    
Қозғыш ұлпалардың физиологиялық қасиеттері    
Орталық жүйке жүйесінің, психикалық функцияларының физиологиясы    
Қанның морфологиялық, физико-химиялық қасиеттерін және қан топтарын анықтау. Қанның спектральды сараптамасын жасау    
Жүрек және қантамырлар физиологиясы    
Тыныс алу жүйесінің физиологиясы    
Зат жəне энергия алмасуын зерттеу    
Ас қорыту физиологиясы    
Сезім мүшелерінің физиологиясы    
Пайдаланылған әдебиеттер    
Тест тапсырмасының жауаптары  

 

КІРІСПЕ

 

"Адам және жануарлар физиологиясы" университеттік курсы адам және жануарлардың өмір тіршіліктерінің зандылықтарымен таныстырады. Сонымен қатар организмнің функцияларын реттеуге жаңа биотехнологиялық тәсілдерін зерттемелеуіне теориялық негіздерге жағдай тудырады. Биотехнология мамандарға арналған жалпы білімдегі құрандының ішіндегі аса маңызды пәннің бірі деп есептеледі.

Мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізде дамыту және одан алынатын өнімдерді молайту үшін жан-жақты дайындықтан өткен жоғары білікті ауыл шаруашылық мамандары өте қажет. Бұл маңызды мәселені дұрыс шешуде оқу жұмыстарын қазіргі талаптарға сай ұйымдастырудың және пәндерді, әсіресе жалпы биологиялық пәндерді, оқыту тәсілдерін жетілдіру шараларының маңызы зор.

Жеке жүйелердің және бүкіл организмнің қызметінің негізгі заңдылықтары мен малдың тіршілік ортасының жағдайына бейімделуінен туындайтын физиологиялық ерекшеліктер теориялық курста анықталып, талданады. Жаттығу сабақтары организмдегі процестердің биологиялық мәнін, олардың практикадағы маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Оқу құралының негізгі мақсаты - осы пәннің теориялық курсын студенттердің өз бетімен немесе ұстаздың басшылығымен тереңірек игеруге мүмкіндік туғызу. Жаттығу сабағында жоспарланған жұмыстар негізінен кішігірім зерттеулер ретінде жүргізіледі.

Студенттердің жаттығу сабағына дайындығын тексеру, алған білімдерін бекіту максатында әрбір жұмыстың соңында бірнеше бақылау сұрақтары келтірілген. Сонымен қатар әдістемелік нұсқауда әрбір тәжірибені жүргізуге қажетті шарттар, жұмыстың мақсаты және оны орындаудың әдістемелік эдістері толық баяндалған.

Курстың мақсаты:

Адам және жануарлар физиологиясына оқытудың мақсаты студенттерге өмір тіршіліктерінің заңдылықтарын және физиологиялық процестердің өзара қоршаған ортамен тығыз байланыстылығын баяндаумен қатар ағзаның функцияларын реттеудегі биотехнологиялық зерттеулердің жаңа теориялык негіздерін түсіндіру.

Курстың міндеті:

Жалпы заңдылықтар мен ағзаның түрлі жүйелерінің өзгешелік ерекшеліктерін және бөлек құрылымдық элементтерін түсінуін камтамасыз етеді.

Физиологиялық ғылымының жаңа жетістіктерімен таныстыру және даму болашағын көрсету.

Физиологияның барлық салаларына іргелі білім беріп, физиологиялық ой қалыптастыру, тиімді биотехнологиялық тәсілдерді зерттемелер үшін қолдануларына жол ашу.

 

 

Зертханалық жұмыс жүргізген кездегі қауіпсіздік ережелері

 

Жұмыс жүргізген кезде қауіпсіздік ережелерінің жалпы нұсқауларын сақтау керек, бұл зертеханада жұмыс істеушінің әрбір жасайтын тәжірибе сипаттамасына тәуелсіз, міндетті түрде орындалу керек.

1. Зертеханада жұмыс жасаған кезде тазалық, тәртіп және тыныштық сақтау керек. Тәжірибе кезінде студенттердің назарын аударатын, бөгде адамдар келмеуі керек.

2. Жұмыс жасауға тек қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулардан өтіп, арнайы журналға қол қойған студенттер жіберілуі керек

3. Жұмыс орнын тазалықта ұстау керек. Сондай-ақ оны артық ыдыстармен, қағаздармен, керек емес материалдармен толытырып тастауға болмайды.

4. Пробиркадағы немесе колбалардағы сұйық және қатты денелерді қыздырған кезде ыдыстың аузын өзіне немесе қасындағы адамға бағыттауға болмайды.

5. Қандай да бір заттарды дәмі бойынша татып көруге болмайды.

6. Өлшенген кезде химиялық заттарды таразы табақшасына салуға болмайды.

7. Минералды қышқылдар, негіздер және заттары бар барлық ыдыстарды жұмыс жасап болған соң, бірден мүқият жуу керек.

8. Шыны химиялық ыдыстар және приборларды қолданған кезде сақтық шараларын сақтау керек. Шыны ыдыстарды саусақтармен қыспай, жай ұстау керек.Ыдыстарды ершпен немесе шыны таяқшамен жуған кезде, мұқият болуы керек, өйткені олар шыны ыдыстарының түбін сындырады, нәтижесінде қолдарын жарақаттап алуы мүмкін.

9. Студенттер тәжірибелерді ақ халатта жүргізу керек, бұл киімдерін химиялық реактивтермен бүлдірмеуге және ламинар-бокста жұмыс жасаған кезде залалсыздандыруды сақтау үшін қажет.

10. Қоректік орталармен өңделіп стерильденген заттардың қалдықтарын раквинаға төгуге болмайды.

11. Ламинар-боксте ультрафиолет лампасы қосулы тұрған кезде жұмыс істеуге қатаң тиім салынады.

12. Спиртшам жандырғышын қараусыз жағылған күйде қалдыруға болмайды.

13. Ерітінділер мен қоректік орталарды қыздыруды асбест торы бар шыны ыдыста жүргізу керек.

14. Зертханалардағы спирт және ұшқыш сұйықтардың қоры көп болмау керек, олар күнделікті жұмыс жасауға жеткілікті болса болады.

15. Жұмысты аяқтаған соң, жұмыс орнын ретке келтіріп, зертханадағы электр құралдарын, суды тексеріп көру керек.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных