Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Көрсеткішінде (ЖҰӨ) көрінісі.




Шаруашылық қызметтің негізгі жалпылаушы көрсеткіші бір жылдық қоғамдық өнім болып табылады. Оны бірнеше анықтауыштар көмегімен көрсетеді: жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ).

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ ) – белгілі бір уақытта елдің ішкі ресурстарын қолданумен өндірілген тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Өндіріс факторлары осы елдің резиденттеріне тиесілі болуы мүмкін және тек қана өз территориясында емес, шетелде де болады.

Ұлттық табыс – бұл жылдың ішінде жаңа жасалған құны бар өндіріс нәтижесі. Ол ЖҰӨ мен жылдық ішінде оны құруға кеткен материалдық шығындар (амортизация, шикізат, материалдар және т. б.) арасындағы айырмашылық. Шетелдік статистикада оны барлық табыстар сомасы ретінде анықтайды:

1) жалақы, яғни жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегіне ақы;

2) пайда, яғни жеке шаруашылық, серіктестіктер, кооперативтер, корпорациялар иелері алатын табыс;

3) рента, яғни жерді, ғимараттарды, үйлерді арендаға бергенде үй шаруашылығының алатын табысы;

4) процент, яғни орта капиталына (несие, банкке салым және т.б.) төлем.

Таза ұлттық өнім жалақы, пайда, рента, процент және жанама салықтар сомасы сияқты есептелінеді.

Таза ұлттық өнім – бұл ұлттық табыс плюс жанама салықтар, олар ұлттық табысты нарықтық баға бойынша анықтау үшін қосылады.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – фирманың ұлттық құрылымында болуына байланыссыз, сол мемлекеттің территориясында орналасқан қызмет өрісінің және материалдық өндіріс саласының өндірген соңғы тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны. ЖІӨ - нің құрамына тек елдің ішінде өзінің меншік өндіріс факторларын қолдану арқылы өндірген қызметтер мен өнімдер жатады. ЖҰӨ мен ЖІӨ арасында белгілі бір айырмашылықтар бар. Мысалы, егер Қазақстанның мұнайы Венгрияда қолданылса, онда бұл мұнайдың құны Венгрияның ЖІӨ -не кірмейді. ЖІӨ -ге халықаралық операциялардан түскен түсімдер кірмегендіктен, ол әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейін салыстыру үшін қолданылады.

Халықтың өмірлік деңгейін сипаттау үшін үш көрсеткіш қолданылады: жеке табыс, қолда бар табыс, таза экономикалық тұрмыс.

Жеке табыс – бұл салықты төлегенге дейінгі жеке тұлғалар мен жанұялардың алатын барлық табысы. Оған алынған табыс плюс жанұялар мен жеке тұлғалардың мемлекеттен алынатын зейнетақы, стипендия, жұмыссыздыққа жәрдемақы және т. б. трансферттік төлемдер кіреді.

Қолда бар табыс – бұл салықты төлегеннен кейін қалатын табыс.

ЖҰӨ мен экономикалық тұрмыс арасында тікелей байланыс бар: ЖҰӨ көп болған сайын, экономикалық тұрмыс жоғары. Бірақ ЖҰӨ тұрмысқа әсер ететін барлық компоненттерді ескермейді. Сондықтан П.Самуэльсон таза экономикалық тұрмысты (ТЭТ) есептеуді ұсынды.

ТЭТ – бұл көрсеткіш қоғамның экономикалық тұрмысын тек бар табыс емес, сонымен бірге өмірлік сапасын есепке алып өлшейді.

Бұр көрсеткішті есептеу әдістемесі: ЖҰӨ - нен қоршаған ортаны ластау, криминалдық жағдаймен және т.б. келтірілетін зиян алып тасталынады. Сонымен қатар, өзіне-өзі қызмет етуден түскен табыс, бос уақыттағы рахаттылық, қоғамдық орындармен қамтамасыз ету және т.б. қосылады. Барлық осы факторлар өмірлік сапаны жақсартады немесе төмендетеді, бірақ ЖҰӨ-де есептелмейді. Мысалы, жылу орталықтарынан ауаның ластануы, көшелердің түтіндеуі, тұрмысты жақсартпайды, керісінше, өз бетінше жүргізілген жеке сабақтар, саябақтар, үйлер жанындағы жұмыстар, пәтерді жөндеу өмірлік сапаның өсуіне мүмкіндік туғызады, бірақ ЖҰӨ-де есептелінбейді.

ЖҰӨ-ді есептеудің екі әдісі бар:

1) елдегі жасалған өнімге шығындар сапасы бойынша («шығындар ағымы»):

2) өнімді өндіру нәтижесінде алынған табыстар сапасы бойынша (табыстар ағымы).

Бірінші әдіске келсек, «шығындар ағымы». Оны қолдана отырып, барлық шығындарды қоссақ, біз ЖҰӨ көлемін аламыз.

Шығындар мыналардан тұрады:

― тауар және қызметтерді (нан, киім, көлік және т.б.) сатып алуға үй шаруашылығының кеткен шығындары;

― станок, ғимарат, үй құрылысы, т.б. алу үшін инвестициялар;

― мемлекеттің тауар және қызметті (мектептер, ауруханалар, электроқуаттар және т.б.) және трансферттік төлемдерге (зейнетақы, жәрдемақы, стипендия және т.б. төлеуге) кететін шығындары;

― таза экспортты, яғни экспорт пен импорт көлемінің арасындағы айырмашылық.

Ұлттық өндіріс көлеміне тек сол елдегі өндірілгендер кіргендіктен, басқа елдердің шығындарын алып тастау керек. Мысалы, Жапонияда автомобиль өндірді және оны АҚШ-қа әкеледі және сатады. Бұл жағдайда автомобильді өндірумен байланысты шығындар Жапонияның шығындарына жатады, ал жеткізу және сату шығындары АҚШ шығындарына жатады.

Екінші әдіске келсек – «табыстар ағымы». Оны қолдана отырып, егер барлық табыстарды қоссақ ЖҰӨ аламыз.

Табыстар мыналардан тұрады: жалақы, рента, процент және пайда. Табыс бойынша есептелген ЖҰӨ-ге жататындар: жалақы, рента, процент және пайда, жанама салықтар және амортизациялық шығындар.

Қайталап есептеуді болдырмау үшін ЖҰӨ-ге кірмейтіндер:

1) аралық тауарлар, яғни кейін қайта өндіруге кететін өнімдер. Оған шикізат, жанармай, көмекші материалдар жатады. Мысалы, ЖҰӨ-ге нан пісіретін өндірістегі соңғы тауарларды алу үшін қажетті дән, ұн, ашытқы жатпайды. Егер біз оларды қоссақ, онда ЖҰӨ-нің құнын үстемеленген құнның мөлшеріне дейін өсіретін едік: екі жақты есеп пайда болатын еді.

2) Барлық өндірістік емес келісімдер, яғни өндірілген өнімнің көлемінің өсуіне мүмкіндік туғызбайтындар. Оларға жататындар:

а) трансферттік төлемдер (әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы, жұмыссыздыққа жәрдемақы бойынша);

б) бағалы қағаздарды сату-сатып алу жөнінде келісімдер;

в) ұсталған заттарды сатып алу-сату.

 

3. Макроэкономикалық көрсеткіштер: таза ұлттық өнім, ұлттық табыс,

жеке табыс.

Сонымен ұлттық есеп көрсеткіштерін есептеу алгоритмін төмендегідей ретпен көрсетуге болады:

Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) = ЖҰӨ - амортизациялық қаражаттар

Ұлттық табыс (ҰТ) = ТҰӨ - бизнеске жанама салықтар

Жеке табыс = ҰТ - әлеуметтік қамтамасыз ету жарналары – корпорациялар табысынан алынатын салықтар – корпорацияның бөлінбейтін табыстары + трансферттік төлемдер.

Қолда қалатын табыс = Жеке табыс – жеке салықтар.

ЖҰӨ номиналды және нақты фактіге негізделген потенциалды болып бөлінеді.

Номиналды ЖҰӨ деп өндірілген жылдық ағымды бағамен есептегенді айтады. Бірақ бағалар өзгеріп тұруы мүмкін. Сондықтан, баға индексі түрінде көрсетілетін баға деңгейі ЖҰӨ-мен салыстыру үшін әр түрлі жылдарға есептелінеді.

Ағымдағы жылдық баға индексі = ағымдағы жылдағы тауарлар бағасы ⁄ базалық жылдағы сол тауарлардың бағасы *100%

Тек қана тұтыну тауарларына есептелген баға индексі, тұтыну бағаларыныңиндексі деп аталады. Тек қана тұтыну емес, сонымен қатар инвестициялық және басқа тауарлардың бағалар өндірісін сипаттайтын баға индексі ЖҰӨ дефляторы деп аталады. Ол нақты ЖҰӨ - ді өлшеу мақсатында ақшалай (номиналды) ЖҰӨ - ді корреляциялау үшін қолданылады.

Нақты ЖҰӨ = номиналды ЖҰӨ ⁄ ЖҰӨ дефляторы (баға индексі) *100%

Потенциалды ЖҰӨ - бұл толық жұмыспен қамтылған кездегі өндіріс көлемі. Фактіге негізделген ЖҰӨ бұл циклдық жұмыссыздық жағдайындағы өндіріс көлемі.

Лттық байлық.

Ұлттық экономиканың қызмет етуінің жинақтаушы нәтижесі ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының сипаттамасы бойынша Ұлттық есеп агрегаттары қолданылады. 1998ж есеп жүргізудің халықаралық жүйесіне Қазақстан да көшті. Негізгісі және жинақтаушысы ұлттық байлық болып табылады.

Ұлттық байлық – бұл қоғамның бүкіл ғұмырында жинаған тұтыну құралдарының жиынтығы.

Бірінші рет ұлттық байлықты Англияда 1664ж. У. Петти есептеген. Жүз жылдан кейін бұл әрекетті А.Смит қайталаған. Францияда ұлттық байлықты бірінші бағалау 1789 ж. болды, АҚШ-та 1805ж., Ресейде – 1864 ж. ⅩⅩ ғ. кеңестік статистик Вайнштейн 30-шы жылдары ресейдің ұлттық байлығының мөлшерін 1914 ж. 1-қаңтардағы жағдайымен есептеді.

Ұлттық байлық:

1. мүлік: негізгі және айнымалы қорлар, үй шаруашылық мүлкі;

2. табиғи байлықтарды – жер, минералды қорлар, орман ресурстары;

3. заттық емес байлықтарды – ұлттық денсаулық потенциалы, оның жеке ойды қалыптастыратын рухани байлықтары, білім алатын және ғылыми потенциалын қамтиды.

 

Әдебиеттер

 

1. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Я. Әубәкіров және т. б. Алматы, «Санат», 1998.

2. Экономикалық теория. Оқу құралы. Я. Әубәкіров және т. б. Алматы, Қазақ университеті, 1999.

3. Экономикалық теория. Мырзалиев Б.С. және т. б. Оқу құралы. Алматы, 2006.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Макроэкономика мен микроэкономика дегеніміз не?

2. Ұлттық экономиканың мәні неде?

3. Ұлттық экономиканың құрылымы неден тұрады?

4. ЖҰӨ - ді есептеудің әдістері қандай?

5. Макроэкономикалық көрсеткіштердің түрлері қандай?

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных