Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Экономикалық тепе-теңдік және экономикалық өсу.




Сабақтың мақсаты: Студенттерді нарықтық экономикада жалпыэкономикалық теңдіктің қажеттілігімен, оның екі жағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс түсініктері мен оларға әсер ететін бағалық және бағалық емес факторлармен, экономикалық өсудің қажеттілігімен таныстыру.

 

Дәріс жоспары:

1. Жиынтық сұраныс және оған әсер ететін факторлар.

2. Жиынтық ұсыныс және оған әсер ететін факторлар. Жалпыэкономикалық

тепе-теңдік түсінігі.

3. Экономикалық өсу және оның факторлары.

 

1. Жиынтық сұраныс және оған әсер ететін факторлар.

 

Макроэкономика микроэкономикаға қарағанда, жеке объектілер мен процестерді емес, олардың жиынтығын қарастырады, ол агрегат деп аталады. Ол жеке бағаларды емес, жинақталған бағаны, баға деңгейін қарастырады; оның талдау мақсатын, шартын табу, жалпыэкономикалық теңдік жүйесіне келетінін айқындайды.

Макроэкономикалық теңдікті табу үшін, міндетті түрде жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың категориясын қарастырамыз.

Жиынтық сұраныс – ол мемлекеттің, кәсіпорындардың, тұтынушылардың және шетелдердің әртүрлі қолайлы бағамен сатып алатын өнімнің көлемі. Қаншалықты баға дәрежесі жоғары болса, соншалықты кәсіпорындар, тұтынушылар өнімді аз сатып алғысы келеді, ал баға дәрежесі төмен болса, соншаға көп сатып алғысы келеді.

 

Жиынтық сұраныс = C+I+G+Xn

 

Мұндағы: C – үй шаруашылығының жиынтық сұранысы,

I – инвестициялықсұраныс,

G – мемлекет тарапынан болатын сұраныс,

Xn таза экспорт.

Баға дәрежесі мен ұлттық өндірістің нақты көлемі арасында кері байланыс. Жиынтық сұраныс салыстырмалы түрде тұрақты, олар баяу өзгереді, мысалы, тұтыну шығындары, ал басқалары – динамикалы, мысалы, инвестициялық шығындар, олардың өзгеруі экономикалық белсенділіктің ауытқуын тудырады.

Жиынтық сұраныс қисығы (АД) (сурет 1) әрбір баға дәрежесінде тұтынушылардың сатып алуға дайын тауарлар мен қызметтердің мөлшерін көрсетеді. Ол тауар және ақша нарығының тепе-теңдігін қамтамасыз ететін шығару көлемі мен жалпы баға дәрежесінің комбинацияларын экономикада береді.

 

Баға деңгейі

А2 А А1

 

Ұлттық өндірістің нақты көлемі мен баға деңгейі арасындағы тәуелділік, сұраныстың қозғалысына кері немесе қайшы бағытта болады.

Д

Д2

Сурет 1 Нақты өндіріс көлемі

Ұқсас тәуелділік жеке тауар сұранысында да бар. Бірақ сұраныс қисық сызығының төмен және оңға ауытқуы жеке тауардың пайда тиімділігін және орнын басу болып түсіндірілсе, ал жиынтық сұраныс қисығының үйлесу ұқсастығы басқа факторлармен байланысты.

Оған келесілер жатады:

1. Проценттік ставканың көтерілу деңгейі, яғни несиені пайдалану бағасы. Бағаның өсуі тұтынушылар мен өндірушілерді қарызға ақша алуға мәжбүр етеді. Бұл жағдай проценттік ставканы жоғарылатады, сондықтан сатып алушы саудасын кейінге қалдырады, ал кәсіпкерлер инвестицияны қысқартады. Нәтижесінде жиынтық сұраныс азаяды. Осы құбылыс «проценттік ставка әсері» деп айтылады.

2. «Кассалық қалдық әсері» немесе «байлық әсері». Байлық элементтері акция, облигация, жедел активтерінің құндық бағасының көтерілуімен халық тұтынысы төмендейді, кедейленеді. Нәтижесінде жиынтық сұраныс қысқарады.

3. Импорттық тауарлар әсері. Ел ішінде баға өсуі отандық тауарға сұранысты қысқартады, ал арзан импортқа сұраныс өседі. Барлық бұл әсерлер – баға деңгейі өзгеруімен байланысты. Графикалық түрде жиынтық сұраныс қисығы қозғалысымен бейнелейді.Бағалық емес факторлар қисығын (АД) жиынтық сұраныс өскенде оңға (А1Д1), сұраныс төмендегенде солға (А2Д2) ауыстырады.

Жиынтық сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторлар:

І. Тұтыну шығындарындағы өзгерістер:

1. Тұтынушылардың тұрмысы;

2. Тұтынушылардың қарызы;

3. Тұтынушылардың күтуі;

4. Салықтар;

ІІ. Инвестициялық шығындардағы өзгрістер:

1. Проценттік ставкасының өзгеруі;

2. Инвестициядан күтілетін пайда;

3. Кәсіпорындарға салынатын салық;

4. Жаңа технологиялар;

5. Артық қуаттылық;

ІІІ. Мемлекет шығындарындағы өзгерістер.

ІV. Таза экспорт көлемінің шығынының өзгеруі:

1. Шетелдердегі ұлттық табыс;

2. Валюта курсы.

І.Тұтыну шығыны.

1. Материалдық және қаржы активтерінен тұратын тұтынушылардың жақсы тұрмыс жағдайына тәуелді болады. Нақты құн қымбаттағанда, тұтынушылар тауарларды сатып алу үшін көп қаржы жұмсамайды, ал ол жиынтық сұранысты көбейтеді.

2. Болашақта кірістің өзгеруіне байланысты тұтынушылардың күтуі. Егер адамдар болашақта кірісі көбейеді деп күтсе, ағымдағы кірістен саудаға көп ақша жұмсайды.

3. Тұтынушылардың қарыздары – тұтынушылардың қарыздары көп болса, ағымдағы тұтыну азайып, жиынтық сұраныс азаяды.

4. Салықтар – табысқа деген жоғары салық жиынтық сұранысты азайтады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных