Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Инфляция: мәні, себептері, түрлері.




Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі – inflatio- (вздутие) – қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшаның тым көбейіп кетуі процесін білдірген. ХIХ ғасырда бұл термин Англияда, Францияда қолданыла бастады.

Инфляция анықтамасы - айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенмен, ол тек қана ақшаға тән «ғажайып» құбылыс емес. Ол күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы нарық шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.

Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әрі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Мысалы, 70 жылдардағы энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен (мұнай бағасы 20 есеге өсті) емес, басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты. 1978 жылы жалпы бағаның деңгейі 7% -ке, 1979 жылы – 9 %-ке артты.

Конъюнктураның циклдық толқуынан болатын бағаның өсуін инфляцияға жатқызуға болмайды. Циклдың түрлі фазаларынан өту барысында бағалардың динамикасы өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен депрессия фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Еңбек өнімділігін арттыру бағаның төмендеуіне әкелуі тиіс. Циклдық толқулардың тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек өнімділігінен артып кетуінде. Мұндай құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады, ол өз кезегінде баға деңгейінің жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да бағаның инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық, су басып кеткен аймақтардағы құрылыс материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар нарықты толықтыру барысында баға төмендеуі тиіс.

Сонымен, баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз. Инфляцияға ықпал етуші ішкі себептер мыналар:

1. Мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді. Егер дефицит орталық эмиссия банкінен заем арқылы қаржыландырылса, басқаша айтқанда «ақша станогы» белсенді пайдаланылса, онда айналыста ақша массасы көбейеді;

2. Осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар – олар қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.

3. Бір жағынан, трансұлттық корпорациялар ретінде жеке биліктік ірі институттардың пайда болуы, екінші жағынан, ірі корпорациялар, фирмалар мен кәсіпорындардың монополиясы. Қандай да монополист бағаның жоғарғы дәрежесін ұстап тұруға мүмкіндік беретін тапшылықтың болуын қалайды. Кәсіподақтар да өздерінің мүшелерін қолдау мақсатында осындай саясатты жүргізеді. Бұл баға мен жалақының өсуіне алып келеді.

4. Елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында «импорттық» инфляцияның қаупі туады. Жоғарыда аталған 1979 жылғы энергияға бағаның шарықтауы (энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына әкеледі.

5. Инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол «инфляцияны күту» нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген экономистері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті.

6. Жалақының өсуінің еңбек өнімділігінің өсуінен алшақтығы.

7. Тауар тапшылығының әсерінен сұраныстың ұсыныстан алшақтануы және осының негізінде бағаның өсуі.

8. Қағаз ақшалардың эмиссиясына бақылаудың болмауы. Бұл нарықта тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының пайда болуына алып келеді. Нәтижесінде тауарларға баға өсіп, инфляциялық процестерге негіз пайда болады.

9. Тұтыну заттарын өндіретін салалардың өндіріс құралдарын өндіретін салалардан едәуір артта қалуынан көрінетін экономиканың деформациялық жағдайы.

10. Несие үшін жоғарғы проценттер мен салықтар және т.б.

 

Сыртқы себептер:

1. Әлемдік құрылымдық дағдарыстар (шикізаттық, энергетикалық, азық-түліктік және экологиялық). Олар шикізатқа бағаның көп реттік өсуімен қатар жүреді. Олардың импорты монополиялармен бағаны шапшаң өсіру үшін негіз болады.

2. Банктермен ұлттық валютаның шетелдік валютаға айырбасы. Ол қағаз ақшаларды қосымша эмиссиялау қажеттілігін тудырады.

Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңдегі инфляция себептеріне мыналарды жатқызуға болады:

- ұлттық экономикада өндірістің терең құлдырауынан болған тауар тапшылығы;

- өндірілген өнімдерге энергетиканың, материалдардың, еңбектің жоғарғы мөлшерде жұмсалуы;

- өз тауарлары мен қызметтеріне бағаны негізсіз көтеруге мүмкіндік берген жеке тауар өндірушілер монополизмі;

- мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны бүркемелеу үшін мемлекет қағаз ақша шығарады;

- мемлекеттің өнімсіз шығындарының жоғары деңгейі;

- басқа мемлекеттердегі экономикалық дағдарыстардың ықпалы.

Инфляцияның баламалы көздері.

Батыс экономистері жасаған теорияларда инфляцияның альтернативті қайнар көздері ретінде сұраныс инфляциясы мен шығындар инфляциясын көрсетеді.

Сұраныс инфляциясы. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының бұзылуы сұраныстан көрінеді. Мұндағы негізгі себептер: мемлекеттік тапсырыстардың ұлғаюы (әскери, әлеуметтік шығындар), толық жұмыспен қамтылған кездегі өндіріс-құрал жабдықтарына сұраныстың өсуі, өндірістік қуаттардың толық жұмыс істеуі, кәсіподақтар әрекетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып алу қабілетінің жоғарылауы (жалақының өсуі) т.б. Осының салдарынан айналымға тауар көлемінен артық ақша түсіп, бағалар өседі. Басқаша айтқанда, айналымдағы төлем қаржыларының көбеюі шектелген тауар ұсынысына тап болады, сөйтіп бағаның жалпы деңгейі өседі.

Шығындар инфляциясы бағалардың өсуін, өндіріс шығындарының ұлғаюымен түсіндіреді. Шығындардың көбеюі баға белгілеудің олигополиялық тәжірибесінен, мемлекеттің экономикалық және финанстық саясатынан, шикізат бағасының өсуінен, кәсіподақтың жалақыны көтеру талабынан және т.б. болады. Тәжірибеде инфляцияның бір түрін екіншісінен айыру оңай емес, олар бір-бірімен тығыз байланыста, сондықтан жалақының өсуі, мысалы, сұраныс инфляциясы немесе шығындар инфляциясы ретінде де көрінуі мүмкін.

Инфляцияның түрлері.

Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте, төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларды шығаруға мәжбүр болды.

Инфляцияның бірнеше түрлері бар. Инфляция ашық және басыңқы инфляция деп бөлінеді.

Ашық инфляция – еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-теңділік сұраныс жағына қарай өзгерсе және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляция деп атаймыз. Ашық инфляция бірнеше көрсеткіштер бойынша жіктеледі:

1. Бағаның өсу қарқыны;

2. Әртүрлі тауар топтары бойынша бағаның өсу деңгейінің алшақтауы;

3. Инфляцияның күтілуі және алдын-ала болжауы. Бірінші белгі, яғни бағаның өсу қарқыны тұрғысынан инфляция 3 түрге бөлінеді:

· Баяу

· Қарқынды

· Ұшқыр

Баяу инфляция кезінде бағалар баяу өседі (жылына 10%-ке дейін). Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер мұндай инфляцияны экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетке тиімді экономикалық саясат жүргізуші субъекті деп есептейді. Инфляция 2-3% болған жағдайда нарық үшін орынды құбылыс болып табылады. Мысалы, 1992 жылы инфляция Францияда – 2,7%, Германия мен АҚШ-та – 3,8% құрады.

Қарқынды инфляция кезінде бағаның өсуі 20-ден 200%-ке жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Мұндай инфляцияға жол бермеу керек, себебі ол өте ауыр әлеуметтік-экономикалық салдарға ұшыратады (тұрғындардың өмір сүру деңгейі төмендейді, кәсіпорын күйзеліске ұшырайды).

Ұшқыр инфляция (гиперинфляция) айналымдағы ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы, Никарагуда азамат жылдарында бағаның жылдык өсуі 3300%- ке дейін жетті.Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді. Тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылык бүлінеді.

Екінші белгі бойынша инфляция баланстанған жане баланстанбаған болып бөлінеді. Баланстанған инфляцияда бағаның өсуі баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі. Баланстанбаған инфляцияда әртүрлі пропорцияда өзгереді.Ол шағын және орта бизнестің дамуына кедергілер келтіреді.

Үшінші белгі бойынша күтілетін және күтілмейтін инфляция болып бөлінеді. Күткен инфляцияның мерзімін анықтауға болады, үкімет оны жоспарлайды. Мысалы ретінде Ресей Федерациясының, Қазақстанның 1991 жылы бағаны ырықтандыру алдында жасаған бағаны жоғарылату қарқынының бағдарламасын келтіруге болады.

Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен сипатталады, ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді. Егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысының құнсыздануынан қауіптеніп артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді.

Басыңқы инфляция оны кейде жасырын инфляция деп атайды. Ол жалпылама мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ тауар тапшылығы, өнім сапасының төмендеуі көлеңкелі экономиканың дамуы мен бартерлік іс-әрекетте көрінеді. Басыңқы инфляция мемлекеттің бағаны сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінен төмен болуын қолдау арқылы пайда болады.

ҚР-да 1992 жылға дейін жасырын инфляция басым болып, ол кейінірек ашық қарқынды инфляциялық сипатқа ие болады. Сосын ұшқыр инфляцияға ұласты. 1993 жылы инфляция 2260% құраса, 1994 жылы 1258%, ал 1995 жыл аяғында теңге тұрақтана бастады, бұл кезде инфляция төмендеп, 56-58% -ке қысқарды. Инфляция 1996 жылы 30%-тің маңайында болса, 1997 жылы 20%, ал 2000 жыл аяғында 7%-ке тұрақтады. Инфляция жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 1997 жылы – 11,2%, 1998 жылы – 1,9, 2000 жылы – 9,8, 2001 жылы – 6,4% құрады.

Инфляцияның табысқа тигізетін ықпалын түсіну үшін ақшалай немесе номиналды және нақты табыс арасындағы айырмашылықты білу қажет.

Номиналды табыс – бұл жалақы, рента, процент немесе пайда түрінде алатын ақша саны. Егер номиналды табыс баға даңгейіне қарағанда жоғары қарқынмен өсетін болса, онда нақты табыс көтеріледі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных