Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жастар кәсіпкерлігін дамыту




Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында жастар кәсіпкерлігі мемлекет дамуында маңызды рөл атқарады. Жас кәсіпкерлер – отандық экономиканы жаңа белестерге шығаруға қабілетті авангард. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуын тиімді түрде іске асыру үшін қажетті жастар кәсіпкерлігіне қолдау көрсету маңызды міндетке айналып отыр.

Біз бұл саладағы өз күш-жігерімізді мына негізгі бағыттарға топтастырамыз:

- жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін мемлекеттік органдардың, даму институттары мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жастармен арадағы қызметін, бірлескен күш-жігерін интеграциялау тетіктерін жасап шығару;

- жастарды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға бағдарлау және мүдделі ету, бәсекелес ортада бизнес жүргізуге теңдей мүмкіндіктер жасау;

- кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту, кәсіпкерлік дағдыларды беру үшін «менторлар» институтын құру;

- жастар кәсіпкерлігі саласындағы StartUp-жобаларға жан-жақты консультативтік қолдау көрсету;

- қызықты бизнес идеялары бар кәсіпкерлерге қаржы ресурстарын бөлу процесіне қоғамдық бақылау жасау;

- ауыл жастарын дара кәсіпкерлікті жүргізуді ұйымдастыру дағдыларына оқытуға жәрдемдесу, ауылда қажет етілетін бизнес-жобалар жасауды көтермелеу, сондай-ақ ауылдағы жастардың шағын несие алуына жәрдемдесу;

- жастарға білім алу үшін материалды көмек көрсете отырып, кәсіпкерлік негіздерін оқудың ақысыз курстарынан өту мүмкіндігін беру;

- жастар арасында кәсіпкерлер имиджін арттыру, жастарда кәсіпкерлікпен айналысуға баулу бойынша іс-шаралар жүргізу;

- жастар арасында кәсіпкерлік сауаттылықты арттыру жөнінде іс-шаралар жүргізу, инновациялық бизнес-жобалардың «Инновациялық форсаж» конкурсы тәрізді республикалық және өңірлік бизнес-жобалар конкурстарын ұйымдастыру.

Жас кәсіпкерлер – жастардың барынша бастамашыл, жауапкершілікті әрі қажырлы бөлігі. Сондықтан «Жас Отан» ЖҚ Қазақстан экономикасының көркеюі мен табысты болуының нық тірегі ретінде жастар кәсіпкерлігін дамытуға бар күшін салатын болады!







Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных