Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Олданатын көрнекі - дидактикалық материал. Өлшеу және сызу жабдықтары.




Геометрия элементтерін мұғалімнің жұмысын оқушылар бақылауы арқылы әрекеттендіру мүмкін емес. Әр оқушы математика сабағында әр түрлі геометриялық материалдармен жұмыс жасауы керек. Сондықтан дидактикалық материалдың түрлері оқушылармен мұғалімдерде де болуы керек. Геометриялық фигуралармен қатар материалдар түрінде қима қағаздар, әр ұзындықтағы таяқшалар, ермексазды қолдануға болады. Геометриялық материалдарды оқу барысында өлшеу және сызба құралдары кеңінен қолданылады: сызғыш, рулетка, циркуль, үшбұрыш, транспортир. Жеке тақырыптарды өту барысында жылжымалы бұрыш моделін, үшбұрышты, аудан мен көлемді өлшеу бірліктерін қолданған жөн. Геометриялық материалдарды оқуда қолданатын әдіс тәсілдердің таңдалуы өтіп отырған материалдың сипатымен, ақыл-есі кем балалардың жеке мүмкіндіктерімен және VIII типтегі түзету мектебінің оқыту – тәрбиелеу процесінің міндеттерімен анықталады.

Геометриялық түсініктің қалыптасқаннан кейін өлшеу сызу біліктілігінің кеңінен қолданылуы оқушының пәндік тәжірибелік әрекеті байқалады, яғни бақылау әдістері, димонстрация, әңгімемен түсінікке қатысты лабораториялық – практикалық жұмыстар, т.б.

Төменгі сыныптарда (0,1,2) мұғалімнің жігері оқушылардағы геометриялық фигураларды қалыптастыруға бағытталған. Оны мұғалімнің оқушылармен геометриялық фигуралар моделіне көп бақылауды ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылады. Ол фигуралар түрлі материалдан, түрлі массадағы, түрлі түстегі және кеңістіктегі әр түрлі орналасуы болып табылады.

Оқушылар фигураларды бақылап қана қоймай онымен түрлі практикалық жұмыстар жүргізеді: бастырады, бояйды,штрихтайды, илейді, апликациялық жұмыстар жүргізеді, оны таяқшалармен моделдейді, қатты қағаздан жолақшалар жасайды. Олар геометриялық фигуралармен, денелердің атауымен танысады, қоршаған ортаны қарастыра отырып одан геометриялық фигураларды тануы тиіс. Мысалы дәптер тіктөртбұрыш формасына тән, жалаулар-үшбұрышқа,- стаканның түбі дөңгелекке, доп-шарға т.с.с. Бірте –бірте олар суреттен таныс геометриялық формаларды мүшелеуге, ойыншықтарды құрастыруға үйренеді.

VIII типтегі мектептің мұғалімі оқушылардың бұрыш бейнесімен таныстыра отырып бұрыш моделін көрсетіп, және бұрышты тек геометриялық фигуралардан ғана бөліп көрсетіп қоймай, сонымен бірге қоршаған заттан да бөліп көрсетеді.

Тік және жанама кесінділерді демонстрациалай отырып оқушыларға осы геометриялық фигурадарды заттардан тауып бөліп көрсетуін үйрету керек және де тек тақтаға – дәптерге жанама сызықты сызып қана қоймай бір уақытта жанама сызықты жіпке демонстрациалауы керек. Жанама сызыққа мысал ретінде обручты, сақинаны алуға болады. Бірте – бірте интелектісі бұзылған оқушылар материалды заттарды нақты қасиеттерінен назарын басқаға аударуды үйренеді, оларда геометриялық түсініктер қалыптасады. Бұл кезенде көңілді дидактикалық ойындарға бөлуіміз керек, осы арқылы оқушылар геометриялық фигуралар мен денелер бейнелерін оңай естеріне сақтайды. «Геометриялық лото», «геометриялық домино», «дәл осындай фигураны таңда», «мына ойыншыққа ұқсас фигураны ата» ойынның кеңінен қолданылуы ұсынылады. Сонымен қатар көру дыбыстық жат жазуларда пайдалы. Олардың көмегімен оқушыларға геометриялық фигураларды ажыратуға, атауын жақсы есте сақтауға көмегін тигізеді.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных