Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Шойын құймасын алу




Шойын - ең арзан конструкциялық металл материалы. Оның иілмейтіндігіне байланысты одан детальдарды тек құю әдісімен ғана жасайды. Құйманы өте берік сұр шойыннан және қақталған шойыннан дайындайды.

Сұр шойын – көміртегі бөліктей немесе толықтай графит түрінде құрамына енетін, әр түрлі көлемдегі пластинка пішінді болатын, темір негізіндегі қорытпа сұр шойын деп аталады.

Металдық негіздерінің құрамына қарай сұр шойын мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Перлитті оның құрамы перлит пен грфиттен тұрады. Перлиттік металдық негіздегі көміртегі мөлшері эвтектоидты концентрациясына сай келеді (0,8%). Мұндай құйылатын шойын механикалық қасиеттерінің мықтылығымен ерекшеленеді.

2. Ферритті-перлитті - бұл ферриттен, перлит пен графиттен тұрады. Ондағы химиялық байланыстағы көміртегі мөлшері эвтектоидтық концентрациядан аз болады. Перлиттіге қарағанда мұндай шойынның беріктігі төмен, бірақ жақсы өңделетіндігімен ерекшеленеді, ферриттік деп аталады. Оның құрылымы ферриттен және графиттен құралады. Мұндай шойында көміртегінің бәрі графит түрінде болады. Ол ең берік деп есептеледі әрі кесіп-өңдеуге жеңіл келеді. Демек шойынның құрылымы, болаттың құрылымынан құрамында графиттің болуымен ерекшеленеді, өйткені графит шойынға ерекше қасиеттер береді. Сұр шойынның 11 маркасы бар (ГОСТ 1412-85). Мысалы: СЧ 32-52, мұндағы: СЧ – дегеніміз сұр шойын дегенді білдіреді; 32 – саны созу кезіндегі; 52 – иілту кезіндегі беріктікті білдіреді.

Қақталған шойын – ақ шойын деталін ұзақ уақыт бойы отқа ұстау әдісімен алынатын, қауыз пішінді графитті қабылдайтын шойын қақталған деп аталады. Одан жасалатын детальдар тек құю әдісімен алынады. Қақталған шойынды жасыту - өте ұзаққа созылатын әрі өнімді, айтарлықтай қымбаттата түсетін операция. Қақталған шойыннан лакамативпен вагонның тежелгіш тармақтарын, автомобильдің бірқатар детальдарын жасайды.

Әдебиеттер:

1. Ю.М. Лахтин, В.П. Леонтьева Материаловедение. М. Машиностроение, 1990

2. М.Е. Дриц, М.А. Москалев Технология конструкционных материалов и материаловедение. М. Высшая школа, 1990

3. Е.Т Кондратьев Технология конструкционных материалов и материаловедение.

М. Колос, 1982

4.Практикум по технологии конструкционных материалов и материаловедению.

Под ред. С.С.Некрасова, М. Агропромиздат, 1991

5. А.Қ. Омаров Материалтану және металдарды коррозиядан қорғау практикумы.

Алматы, 1991

6. П.И. Полухин Технология металлов и сварка. М. Высшая школа, 1972

7. Г.П. Фетисов, В.М.Карпман и др. Материаловедение и технология металлов. М.

Высшая школа, 2001

8. Оханов Е.Л, Самсаев М.Б Материалтану және конструкциялық материалдар

технологиясы. Алматы, «Бастау», 2009

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных