Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Инвестиция мен инвестициялық саясаттың мәні




Инвестициялау мәселесін талқылау үнемі экономикалық ғылымның ең өзекті мәселелерінің бірі болған. Бұл ұдайы өндіріс жүйесінде инвестицияларға өндірістік ресурстарды жаңарту мен арттыруда, сәйкесінше экономикалық өсімнің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуде инвестициялардың басты рольге ие болуымен байланысты. Бүгінгі күні экономиканы түбірлі реформалау күрделі проблемалармен қатар жүреді. Айтарлықтай ірі өндірістік потенциалдың болуына қарамастан, Қазақстан әзірше ұлттық өндірістік күштер жүйесінің толыққанды да тиімді жүйесіне ие болмай отыр. Инвестициялар қазіргі таңда дағдарыстан шығудың жалғыз ғана тетігі, экономиканы реформалау мен қайта құрудың, ұзаққа созылған тоқыраудан экономикалық өсімге ауысудың нақты жағдайы ретінде танылады. Дәл осындай түсінік арқылы қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметімен қабылданатын республикадағы инвестициялық іс-әрекетті белсендендіру бойынша қадамдар жүзеге асырыла бастады. Осылайша, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты стратегиясының басымдықтарының бірі – экономикалық өсімнің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің инвестициялық саясатын өңдеу және жүзеге асыру Мемлекеттің инвестициялық саясатының негізінде «инвестициялар» деген экономикалық категория жатыр. Экономикалық әдебиетте «инвестициялар» категориясының мәнін анықтау мәселесі айтарлықтай жиі қозғалады. Авторлармен «инвестициялар» категориясына түрлі анықтамалар беріледі, бірақ олар нақты анықтамалар болып табылмайды, олардың көбісі тек инвестициялардың негізгі сипаттарын ғана бейнелеп, түсінікке терең де толық анықтама бермейді, ол, өз кезегінде, осы құбылыстың көп аспектілігімен байланысты болып табылады. «Инвестициялар» категориясын талқылау олардың жіктемесін міндетті нақтылауды талап етеді. Көптеген шетелдік және отандық ғалымдар инвестициялардың әртүрлерін қарастырады, және оларды негізгі белгілері бойынша топтастырады. Аталмыш мәселе бойынша авторлардың пікірлері негізінен ұқсас келеді, алайда белгілі айырмашылықтар да бар. Біздің ойымызша, Н.К. Нұрланова, Т. Мухамбетова және М.Т. Оспановалар сияқты отандық ғалымдардың жіктемелері неғұрлым толық болып табылады.

Инвестициялардың болуы меншіктің болуымен байланысты болғандықтан, капиталдың кімге тиесілі болуына байланысты мыналарды бөліп қарастырады:

– мемлекеттік инвестициялар – экономикалық процестерді, әлеуметтік саланы қолдау мен дамытуға бағытталатын мемлекеттік және жергілікті бюджет қаражаттары, мен өзге мемлекеттік қаржылық қайнар көздер түрінде жалпы ұлттық өнімнің бөлігі;

– жеке инвестиции – акционерлік немесе жеке капитал түріндегі мемлекеттік емес қаражаттар салымын білдіреді.

Капиталдың салыну саласына байланысты инвестциялар былайша жіктеледі:

– нақты (өндірістік) инвестициялар – өндірістік салаға тікелей салымдар, олар құн өсімін қамтамасыз етіп, өндіріс қаражаттарының қосылған құнын құрайды;

– қаржылық (спекулятивтік) инвестициялар – қаражаттарды түрлі қаржылық құралдарға салу (осы инвестициялардың экономикалық мәні уақыт бойынша қаржылық құралдардың құнын өзгерту есебінен пайданы қамтамасыз етуден тұрады);

– материалдық емес активтерге инвестициялар – инновациялық және әлеуметтік салаларда әрекет ететін инвестициялар. Аталмыш инвестиция түрінің экономикалық мәні ғылыми-техникалық деңгей (материалдық активтердің бәсекеқабілеттілігінің салдары ретінде) және өмір сапасын (адамзат факторына инвестициялау арқылы) арттыру арқылы жалпы ұлттық табыс өсімін қамтамасыз етуден тұрады.

Инвестицияларды пайдалану сипаты мен функционалды формасына байланысты аталмыш категория былайша жіктеледі:

– кәсіпкерлік капитал – пайда алу мақсатында экономикалық процестерге тікелей немесе жанама салымдар;

– ссудалық капитал – нақты бекітілген пайыз алу мақсатында шаруашылық субъектілерге ұсынылатын займ түріндегі салымдар;

Салу мерзімі бойынша жіктеуге болады:

– қысқа мерзімді инвестициялар – бір жылдан аз мерзімге капитал салымы;

– орта және ұзақ мерзімді – 1 жылдам астам мерзімге инвестициялар.

Инвестицияларды талдау үшін олардың салу мақсаты бойынша жіктелуі зор тәжірибелік маңызға ие:

– тікелей инвестициялар – белгілі экономикалық мүддеге ие болу мақсатында капитал салу, мұнда инвестордың меншігі мен капиталды орналастыру объектісін бақылауды білдіреді;

– қоржынды инвестициялар – инвесторға инвестициялау объектісін нақты бақылау мүмкіндігін бермейтін құнды қағаздарға салымдар мен өзгеде салу формалары (Қосымша 1).

Инвестициялар – бұл өндіріс факторларының бірі. Оның айрықша ерекшілігі - өзге өндіріс факторларымен салыстырғандағы жоғары мобильділік, мұнда, ол ұлттық шаруашылық шеңбері мен әлемдік ауқымда да жүзеге асады. Бұл капитал миграциясы мәселесін ашатын теориялардың пайда болуына себеп болды. Олардың негізгілері немесе дәстүрлілері - марксистік, неоклассикалық және неокейнсиандық.

Инвестициялау процесі өзінің экономикалық мазмұны бойынша тауарлар экспортынан айтарлықтай айрықшаланады. Тауарлар экспорты құрылған қосылған құнды жүзеге асырудан тұрады, яғни ұлттық шаруашылық шеңберінен тыс тауарлы форманың ақшалай формаға ауысуы. Капиталды сыртқа шығару мынаны білдіреді: біріншіден, ұлттық шекаралардан тыс қосылған құнды өндіру, және екіншіден, инвестициялау монополиялық пайда алу мақсатымен жүзеге асырылады. Халықаралық капитал қозғалысының негізінде монополияның айтарлықтай өсімі жатыр (қаржы-монополиялық топтар). Міне сондықтан В.И. Ленин оны қазіргі таңдағы капитализм дамуының ерекшеліктерінің бірі ретінде анықтаған.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных