Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Халықаралық сауданы реттеудің тарифтік емес әдістері.




Сандық шектеулер – белгілі уақыт мерзімінде экспорт немесе импорттауға рұқсат етілген тауарлардың саны мен номенклатурасын анықтайтын сауда айналымын тарифтік емес реттеу формасы.

Сандық шектеулер кедендік баждармен салыстырғанда неғұрлым қатаң форма болып табылады. Егер кедендік баждар экспортер немесе импортердің бәсекелік бағдарларын әлсірететін болса, ал сандық шектеулер бәсекелестік мүмкіндігінің өзін болдырмайды.

Сандық шектеулер квоталау, контигенттеу, лицензиялау және экспортты еркін шектеу формаларында болады.

Квота немесе контингент – белгілі уақыт кезеңіне қатысты тауарлардың экспортын немесе импортын тауардың белгілі санымен шектеудің сандық шамасы.

Квоталар жіктеледі:

1. экспорттық

2. импорттық

3. глобалды

4. жеке

Тарифтік квоталар – белгілі уақыт мерзімінде ерекше неғұрылм төмен тариф ставкасы бойынша тауарды экспорттау немесе импорттауға рұқсат етілген тауарлардың санын орнату.

Квоталау процесінің құраушы бөлігі лицензиялау болып табылады. Лицензиялау – белгілі уақыт кезеңінде тауарларды экспорттау немесе импорттаудың мемлекетпен реттелетін тәртібі.

Лицензияның түрлері:

1. Бір реттік лицензия – тауарды импорттау немесе экспорттауға 1 жылдық мерзімге берілетін жазбаша рұқсат, ол фирмаға бір сыртқы сауда мәмілесін жүзеге асыру үшін үкіметпен беріледі

2. Генералды лицензия – мәмілелер санын шектемей-ақ бір жыл ішінде тауарларды экспорттау немесе импорттау рұқсаты.

3. Глобалды лицензия – саны немесе құнын шектемей-ақ белгілі уақыт аралығында кез-келген елге аталмыш тауарды енгізу рұқсаты.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных