Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






МИКРОПРОЦЕССОРЛЫҚ ТЕХНИКАДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН КЕЙБІР ЖАЛПЫ ҰҒЫМДАРДЫҢ АНЫҚТАМАСЫ




 

Көптеген терминдер қазірге дейін әлі қалыптаспаған. Сол себепті терминологиялық сөздікті жасауда мемлекеттік және салалық стандарттармен қатар, белгілі ғалымдардың да еңбектерін пайдаланамыз.

Интегралдық схема (микросхема) – түрлендірудің белгілі бір функциясы мен сигналдарды өңдеуді орындайтын және электрлік қосылатын элементтері мен кристалдары өте тығыз орналасатын, сондай-ақ сынау, қабылдау, жасау әрі пайдалану талаптары бірге қарастырылатын микроэлектрондық бұйым.

Интегралдық микосхема элементі – кез келген электрорадио элементтің (транзистор, диод, резистор, конденсатор т.б) қызметін орындайтын интегралдық микросхеманың бөлігі. Ол кристалмен не түп негізбен бірге жасалып, сынау, қабылдау, пайдалану тұрғысынан дербес бұйым ретінде қарастырылады.

Цифрлық интегралдық микросхема (цифрлық микросхема) – дискретті функция заңымен өзгеретін сигналдарды түрлендіруге және өңдеуге арналған интегралдық схема. Интегралдық микросхеманың интеграциялану дәрежесі – микросхеманың ондағы элементтер мен құраушыларының санымен сипатталатын күрделілік дәрежесінің көрсеткіші.

Интегралдық микросхеманың құраушысы – сынақ, қабылдау, пайдалану тұрғысынан дербес бұйым ретінде қарастырылатын электр радио элементтің қызметін жүзеге асыратын интегралдық микросхеманың бөлігі.

Цифрлық интегралдық микросхеманың функционалдық күрделілік дәрежесі – ЖӘНЕ не ЖӘНЕ – ЕМЕС қызметін атқаратын логикалық элементтерінің санымен сипатталатын цифрлық интегралдық микросхеманың күрделілік дәрежесінің көрсеткіші.

Кемелденген үлкен интегралдық сұлба (ҮИС) – ақпаратты өңдейтін әртүрлі құралдарды жасағанда қолданылатын ҮИС.

ҮИС жинағы – конструкциялық-технологиялық орындалуы үйлесімді және электрондық аспаптарды жасағанда бірге қолданылатын, әртүрлі қызмет атқарушы бір немесе бірнеше сериялы ҮИС түрлерінің жиынтығы.

Тапсырысты ҮИС – ақпарат өңдеу құралдарының шағын тобын не бір ғана бұйымды жасағанда пайдаланатын ҮИС.

Микропроцессор – бір не бірнеше ҮИС жасалып, цифрлық ақпаратты өңдеу процессін жүзеге асыратын және басқаратын программалы басқару құрылғысы.

Регистр – ортақ белгімен біріккен екілік таңбалардың қысқы тізбегін беруге, сақтауға және қабылдауға арналған функционалдық торап. Мысалы, машиналық сөз, команда коды, күй сөзі т.б. Жалпы мақсаттағы регистр (ЖМР) – әртүрлі операцияларды орындауға арна-лып, тұтынушы программаны пайдалана алатындай процессор регистрі.

Жад – деректерді беруге не сақтауға арналған ЭЕМ-нің функционалдық бөлігі.

Есте сақтау құрылғысы (ЕСҚ) – жадты жүзеге асыратын бұйым.

Жедел есте сақтау құрылғысы (ЖЕСҚ) – программаны орындау барысында жадтағы мәліметтерді өзгермелі ЕСҚ.

Тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕСҚ) – жадта өзгермейтін мәліметі бар ЕСҚ.

Аса жедел ЕСҚ (АЖЕСҚ) – сыйымдылығы шағын, мәліметтерін пайдалану мерзімі операцияның орындалу уақытымен салыстырғанда аз болатын ЖЕСҚ.

Қайта программалайтын тұрақты есте сақтау құрылғысы (ҚПТЕСҚ) – сақталған мәліметтерді автоматты құралдарды пайдалана отырып, бірнеше мәрте жазуға болатын ТЕСҚ.

Интерфейс – тәсілдері мен физикалық байланыс құралдары, байланысты тағайындау процедурасы, ақпаратты алмастыру және беруді аяқтауы кемелденген стандартты байланыс жабдықтары.

Архитектура – бұйымның функционалдық және пайдалану параметрлерін тиімді пайдалануды ұйымдастыруға арналған мәліметтердің техникалық және программалық құралдарының сипаттамасы мен оларды салудың ортақ принциптерінің жиынтығы.

Құрылым – көптеген объектілері мен олардың өзара қарым-қатынасының реттелген жүйесі.

Есептеу жүйесі (ЕЖ) – жалпыланған не дербес шеткі құрылғылары бар бірнеше ЭЕМ-дердің бір не бірнеше мәселелерді шешеу барысында өз жұмысын өзара үйлестіретін және әр пайдаланушы оларды функционалды біртұтас қабылдайтын жиынтығы.

МиниЭЕМ – мөлшері шағын, құны арзан, өнімділігі жоғары болуына қарай көп пайдаланылатын шағын есептеу машинасы. Ондағы сөз ұзындығы өте қысқа, небары 8-ден 18 разрядқа дейін, көп жағдайда 16 разряд болады.

МикроЭЕМ – микропроцессордан, жартылай өткізгіш жадтан, шеткі құрылғысы бар байланыс құралдарынан тұратын, қажет болғанда ортақ құрылысты басқару пульті мен қоректену көзі бар ЭЕМ.

Басқарушы микроЭЕМ – процесс жайлы деректерді (ақпараттарды) пайдаланып, объектілердің жұмысын басқаратын щығыстық сигналдарын тудыратын, осы процеске қатысатын ЭЕМ.

Қондырма басқарушы микроЭЕМ – дербес басқару органы жоқ, конструкциясы бойынша басқару объектісінің аппаратурасының құрамына енетін микроЭЕМ.

Мамандандырылған микроЭЕМ – белгілі бір есептерді шешуге арналған микроЭЕМ.

Әмбебап микроЭЕМ – кең ауқымдағы есептерді шешетін микроЭЕМ.

Вертуал ЭЕМ – сыртқы құрылғысы мен программалық қамтамасыз етілуі нақты есептеу жүйесіне келтірілген есептеу машинасының функционалдық эквивалентті.

Өнімділік – белгілі жұмыс көлемін жасау қабілетін білдіретін жүйе сипаттамасы. Ол өткізу қабілеті, жауап беру мерзімі, оңайлығы т.б. сияқты факторлармен анықталады.

Программа – ЭЕМ командасының реті түрінде мәліметтерді түрлендіру алгоритмі.

Команда – программаны орындаудың жалпы процесіне бір адымды анықтайтын нұсқау.

Операнд – операцияға қатысатын деректер орналасқан адресті көрсететін команда бөлігі.

Деректер – қалыптасқан түрде берілген және оны техникалық құралдармен өңдеуге арналған (мысалы, ЭЕМ), не өңделіп қойылған ақпарат.

Разряд – бір таңбамен орын алатын позиция.

Бит – екілік цифр.

Компилятор (транслятор) – төменгі деңгейдегі (жоғарғы деңгейдегі) бастапқы программалау тілінде жазылған программаны машина тілінде аударатын қызмет программасы.

Ассемблер – ассемблер тіліндегі сөйлемді машина тілінде аударатын программа.

Мнемоника – машиналық операция кодының символдық таңбалануы.

Кросс – компилятор – программалау тілінің бірінде программаны компиляция орындалатын ЭЕМ-нен бөлек команда жүйесі бар ЭЕМ-нің машина түріне түрлендіретін (ауыстыратын) компилятор.

Эмуляция – бір жүйнеің қызметін басқа жүйе құралдарымен функционалдық мүмкіндікті шығын етпей әрі алынған нәтижені бұраламай имитациялау (ұқсастыру).

Үзу – басқа программаның орындалуын қамтамасыз ету үшін программаны орындауды ақпараттық тоқтату.

Файл – логикалық байланысқан мәліметтер тобы.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных