Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Экономикалық өсудің типтері және факторлары.




Ұлттық шаруашылықтың экономикалық өсуі экстенсивті, интенсивті және аралас жолдармен жүзеге асырылады.

Экономикалық осудің экстенсивті типі өндіріс масштабын кеңейтуге негізделеді. Мұндай жағдайда экономикалық өсу өндірістің технологиясын өзгертпей өндіріске тартылатын факторлардың санын арттыру есебінен орындалады. Экономикалық өсудің экстенсивті факторлары қолданылатын ендірістік ресурстардың көлемін арттыру есебінен өндіріс көлемінің ұлғаюының сандық жағын сипаттайды.

Оларға мынадай факторлар жатады: жұмысшылар санын арттыру, капитал салымдарын көбейту, тұтынылатын шикізат көлемін артгыру, т.б.

Экономикалық өсудің иитенсивті типі өндірістің аса тиімді құралдары мен технологияларын қолдануға негізделеді. Мұндай жағдайда экономикалық өсу өндіріс факторларын қолдануды сапалық жағынан жақсарту есебінен орындалады. Экономикалық өсудің интенсивті факторлары өндірістік ресурстарды қолданудың тиімділігін арттыру есебінен өндіріс көлемін ұлғайтудың сапалық жағын сипаттайды. Оларға мынадай факторлар жатады: жұмысшылардың біліктілігін көтеру, ғылыми-техникалық прогресс, үнемдеу тәртібі, технологияны, еңбектің ұйымдастырылуы мен өндірісті жетілдіру, өнімнің сапасын көтеру, т.б.

Экономикалық өсудің аралас типі өсудің экстенсивті және интенсивті факторларының қатар орын алуымен жүзеге асырылады. Сондықтан осыған қарап экономикалық өсудің салыстырмалы экстенсивті және салыстырмалы интенсивті жолдарын қарастырған жөн.

Қазіргі уақытта, экономикалық әдебиеттерде экономикалық өсудің факторлары төмендегідей топтастырылады:

1. Ұсыныс факторлары, бұларға адам ресурстарының болуы, табиғи ресурстар, негізгі капитал, технология деңгейі жатады.

2. Сұраныс факторлары, бұларга бағалар деңгейі, тұтыну шығындары, инвестициялық шығындар, мемлекеттік шығындар, таза экспорт көлемі жатады.

3. Бөлу факторлары, бұлар экономикалық айналымға тартылатын ресурстардың тиімділігін, ресурстардың өндіріс үдерісінде толық, әрі ұтымды түрде пайдаланылуын көрсетеді.

Қазіргі заманғы нарықтық экономика экономикалық өсудің жаңаша сапалық кезеңіне өтумен сипатталады. Жаңаша сапалық экономикалық өсудің бірқатар өзіне тән ерекшеліктері бар. Біріншіден, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктері, ресурстарды үнемдейтін технологияны қолдану негізінде өндірістің тиімділігін көтерудің интенсивті сипаты ескеріледі. Екіншіден, технологиялық прогрессті анықтайтын және адамдардың қажеттіліктеріне қызмет ететін салалардың өнімдерін көбейту қарастырылады. Үшіншіден, экономикалық өсудің әлеуметтік жағынан қақтығыстарға алып келмейтін шекараларын белгілеумен көрінеді. Мұндай шектеулерді енгізу арқылы адамның өмір сүру ортасын және қалпына қайтып келмейтін ресурстарды сақтап қалуға мүмкіндіктер ашылады.

Жаңаша экономикалық өсудің осындай ерекшеліктерін толығымен сақтамайтын бүгінде әлемде ешбір ел жоқ. Өйткені әлем елдерінің, әсіресе, дамыған елдердің экономикасын өсудің жаңаша сапасына нарықтық іс-қимылдар мен нарықтық шаруашылықтың зандылықтары күш беріп соған қарай итермелейді. Сондай-ақ, мемлекеттің де экономикалық өсудегі рөлін жоққа шығармау қажет.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных