Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Райш тайпасы және Омайяд халифалары




 

 

 

Муауияның халифалығы (661-680 ж.). Муауия таққа отырған кезде ислам әлемі үш топқа бөлінген болатын.

  1. Сирия мен өзге аймақтардағы Омайядтар әулеті;
  2. Алидің жақтастары және оның әулетін халифалыққа лайық деп санағандар. Бұлардың басым бөлігі Иракта, біршамасы Мысырда шоғырланды.
  3. Харижилерас

Ислам әлемін бір орталыққа бағындырғаннан кейін Муауия Османның кезіндегі жорықтарды ары қарай жалғастырды. Шығыста Мауреннахр, Хорасан және Сиджистан, Батыста Солтүстік Африка мен Солтүстік Анатолия бағытында жорықтар жасалды.

Шығыс жорықтары. 663 жылы Абдуррахман бин Самураның қолбасшылығындағы жасақтар Кабулға жорық жасап, қаланы басып алды.

Зияд бин Абиһ Басра уалиі болғаннан соң Хорасан мен Сиджистанға жоспарлы түрде жорықтар жасаған. 671 жылы Куфа мен Басрадан 50 000 әскер Мерв аймағына орналастырылып, Түркістан аймағына қарсы Хорасан гарнизоны құрылды. Жаңа әскери аймақтың орталығы Мерв қаласы болды. 671 жылы Хорасан уалиі Раби бин Зияд әл-Хариси Балх қаласын басып алды.

Зияд бин Абиһтің өлімінен соң Хорасан өз алдына уилаят болып құрылды, оның уалиі Убайдуллаһ бин Зияд 674 жылы Амудариядан өтіп, Мауреннахрға кірді де Бұхара қаласын қоршауға алды. Арабтар бұхаралықтарды салық төлеуге көндірді.

Сайд бин Осман бин Аффан да Амудариядан өтіп, Самарқандқа шабуыл жасаған. Бұхара билеушісі өзге де жергілікті басшылармен тізе қосып, арабтармен соғыс жүргізгенмен, оның нәтижесі жеңіліспен аяқталды және олар салық төлеуге мәжбүр болды. Сайд қайтар жолда Тириз қаласын жаулап алды.

Анатолия жорықтары. Арабтар жыл сайын бір немесе екі мәрте Анатолияға жорықтар жасап, Византияны әлсіретін отыратын. Осы жорықтардың барысында Анкара, Амариан тәрізді Анатолия қалалары талан-таражға түсетін.

Византияға жасалатын жорықтардың ең ірісі Константинополь жорығы болды. Константинопольге алғашқы жорық 668 жылы Суфиян бин Ауф әл-Азди қолбасшылығымен жүзеге асты. Мұсылмандар қысты Константинопольдің азиялық құрлығындағы беткейде өткізіп, 669 жылы Муауия көктемде Язидтің басшылығымен қосымша күш жөнелткен. Арабтар қаланы жаз бойы қоршап, қыс келгенде Сирияға оралды.

674 жылы Жунада бин Аби Умая әл-Азди басшылығымен екінші мәрте Константинопольге жорық жасалды. Бұл жорық жеті жылға созылды. 680 жылы Муауия қайтыс болған соң әлгі әскер кері қайтарылды.

Солтүстік Африка. Жаңадан тағайындалған Мысыр уалиі Муауия бин Худайдж Фустат гарнизонынан шығып, Тунисті жаулап алды. Орталықтан ұзап кеткеніне байланысты халифаның рұқсатымен арабтар Кайраван бекінісін салды. Аталған бекініске мысырлық арабтар орналастырылды.

І Язид бин Муауия дәуірі (680-684 ж.). Муауия өлгеннен соң орнына баласы Язид таққа отырды және ол Мекке мен Мединеден басқа аймақтардан өзіне биат алды. Ал Хиджаздағы Абдуллаһ бин Зубайр мен Хусайн бин Али оған биат етпей, Мединеден Меккеге барып, соғысқа әзірленді. Оларды бағындыруға шыққан 2 000 халифа әскері (қолбасшысы Амр бин Зубайр) меккеліктерден жеңіліп қалды.

Мұны естіген куфалықтар Хусайнды өз елдеріне шақырды. Мұны естіген халифа дереу шара қолданып, Куфадағы Хусайн жақтастарын қатты жазалады (Убайдуллаһ бин Зияд басшылығымен жазалады). Ал бұдан хабарсыз Хусайн жақын туыстарымен Куфаға жолға шыққан болатын. 2 000 халифа әскері Хусайнды Кербалада қоршауға алды және Язидке биат етпегендіктен Хусайнды өлтірді. 680 жылғы Кербаладағы оқиғадан ислам әлемі дүр сілкінді және осының нәтижесінен әр жерлерде халифаға қарсы көтерілістер белең алды.

Язидтің халифаға лайықты емес әрекетін көрген және Хусайнның өлімінен соң Медине халқы омайядтарға қарсы бас көтерді. Халифа көтерелісті басу мақсатында іріктелген 10 000 сарбазбен Муслим бин Уқбаны Мединеге жіберді. 683 жылы Мединедегі Харра қақпасының алдында кескілескен шайқаста мединеліктер жеңіліске ұшырады. Халифа әскері үш күн бойы Медине қаласын тонап, одан соң Меккеге беттеді. Халифа армиясының қолбасшысы жолда дүние салды, оның орнына Хусайн бин Нумайр әскерге қолбасшылық жасады. 683 жылы халифа әскері Мекке қаласын қоршап, тас атқыштармен қалаға тас жаудырды. Алайда шайқас қызған сәтте халифа Язидтің өлгендігі жайлы хабар жетіп, халифа әскері Сирияға оралды.

Язидтің өлімінен соң халық оның Шамдағы баласы Муауияға, Мекке мен Хиджаз Абдуллаһ бин Зубайрге биат етті. Бірақ Муауия халифалықтан бас тартқандығына орай, омайядтар басшысыз қалды. Тіпті сириялықтардың өзі Абдуллаһ бин Зубайрға биат ете бастады. Билік қолдарынан кете бастағандығын ұққан омайядтар Язидтің келесі бір баласы Халид жас болғандықтан шұғыл түрде өз араларынан Маруан бин Хакамды халифа ретінде сайлады. Маруан халифа болысымен Абдуллаһ бин Заубайрдың Сириядағы жақтасы Даххақ бин Қайспен шайқасып, оны жеңіп шықты. Бірақ көп ұзамай Маруан марқұм Язидтің әйелі тарапынан өлтірілді.

Абдулмалик бин Маруан (685-705 жж.). Абдулмалик таққа отырған кезде ислам әлемі өте қиын шақты басынан кешіріп жатқан болатын. Мұсылман өлкесі Хиджазда Абдуллаһ бин Зубайр, харижиттер және шииттер болып бөлініп кеткен. Ол билік басына келген кезде, Куфада Сулайман бин Сурад бастамасымен Таууабиндер қозғалысы жүріп жатқан. Алайда, 684 жылы басталға, таууабиндер көтерілісі 685 жылы бастырылды.

Сонымен қатар, Мухтар бин Әбу Убайд ас-Сақафи 684 жылы Мединеден Куфаға қоныс аударып, Алидің ұлы Мухаммад бин Ханафиді халифа әрі махди, ал өзін оның уәзірі деп жариялаған және әһли байттың (пайғамбар әулеті) кегін алатынын мәлімдеген. Таууабиндіктер жеңілгеннен соң ол куфалықтардан Мухаммад бин Ханафи атына биат алды және 685 жылы Абдуллаһ бин Зубайрдың сол жақтағы уалиі ибн Мутидің әскерін талқандады. Мухтар аз уақыттың ішінде Басра мен басқа да аймақтарды өзіне қарата білді. Кербала оқиғасына қатысы бар адамдардың барлығын ол өлім жазасына кесіп, оларды қатты жазалады. Осылайша ислам әлемінде үш мемлекеттік астанасы пайда болды: Шам, Куфа және Мекке.

Алайда, Абдуллаһ бин Зубайрдың әскері Куфаға баса көктеп кіріп, 687 жылы Мухтарды өлтірді. Иракқа ибн Зубайрдың уалиі ретінде тағайындалған Мусаб бин зубайр мен Абдулмалик әскері 690 жылы шайқаста омайядтар әскері жеңіске жетті де Куфа мен Басра Абдулмаликтің қол астына қарады.

692 жылы Хаджадж бин Юсуф әс-Сақафи басшылығындағы Абдулмалик әскері Мекке қаласын қоршап, қалаға тас атқыштармен тас жаудыра бастады. Дегенмен соңғы ақтық шайқастарда Абдуллаһ бин Зубайр қаза болды.

Сыртқы жорықтар:

Солтүстік Африка: ислам әлемінің ішкі тартыстары нәтижесінде Солтүстік Африканың Мысырға дейінгі өлкесі қолдан шығып қалған болатын. Қалған жерлер Византия мен Русайланың қол астына өткен. Осы жерлерге үш дүркін шабуыл жасау нәтижесінде кері қайтарылды.

Анатолия: Абдулмалик таққа отырған кезде, ішкі тартыстарға байланысты халифат әлсірегендіктен мемлекет Византияға жылына 360 000 динар, 360 құл және 360 араб атын беріп тұруға мәжбүр болған. Бұған қоса Кипр, Армения және Грузия салықтарын екі мемлекет бөліп алуға келісім жасалған. Император Юстиниан Кипрді өзіне қаратпақ ниетімен соғыс ашты. 692-693 жылдары Мухаммад бин Маруан басшылығындағы араб-мұсылман армиясы Византия әскерін жеңді және осы оқиғадан соң мұсылмандар аталған елге үнемі жорықтар жасап тұрды.

Уасыт қаласының салынуы: Ирактықтар омайядтарға бүлік жасай бергеніне байланысты халифа өзіне сенімді әскер орналастыру үшін 702 жылы Уасыт қаласын салды. Аталған қалада негізінен Шам әскері мен Мауреннахрдан әкелінген түркі әскері орналастырылды.

Ұлттық ақшаның басылуы: Абдулмаликке дейін Византияның алтыны мен Иранның күміс ақшасы қолданылып келді. Абдулмаликтің уақытында халифаттың төл ақшасы жарыққа шықты.

Араб тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы: Абдулмалик билігі кезінде мемлекеттік бүкіл қағаздар араб тіліне өткізілді. Сонымен қатар, почта қызметі іске қосылды.

І Уалид бин Абдулмалик (705-715). І Уалид бин Абдулмалик таққа отырған жылдары Омайядтар династиясының ең гүлденген кезеңі болатын. Осы дәуірде мешіттер көптеп салынды, медреселер де ашыла бастады. Шамдағы омайядтар қаладағы үлкен храмды мешітке айналдырып, оған қайта жөндеу жүргізді, жолдар салынып, ауруханалардың, кітапханалардың саны артты.

Кутайба ибн Муслим жорықтары: Кутайба ибн Муслим 705 жылы Хорасан уалиі болып тағайындалғаннан соң, сол кездегі ең қауіпті аймақ – Тохаристан мен Мауреннахрды қауіпсіздендіру үшін жорыққа аттанды. Ол сол жылы Балх қаласын соғыссыз бағындырып, 706 жылы Бұхараға беттеп, жолда Пайкентті басып алды. Сонымен қатар, 715 жылы Уалидтің өліміне дейін Бұхара, Самарқанд, Хорезм, Ходженд, Шаш, тіпті, Исфиджабқа дейінгі жерлерді бағындырылды.

Мухаммад ибн Қасым жорықтары: Ибн Муслим Мауреннахрды жаулап жатқан кезде, Мухаммад ибн Қасым Үндістанды жаулап ала бастады. 710 жылы ол Синдке шабуыл жасады. Инд жағалауына орналасқан зуттар мен майдтарды ығыстыра келіп, Мухаммад ибн Қасым Дайбул қамалын алды. 713 жылы Пенджаб аймағына дейін халифатқа қаратылды.

Халифа І Уалид кезінде үшінші майдан алаңы Кавказ болатын. Ондағы басты қарсылас – Хазар хандығы. Кавказ таулы аймақ болғандықтан 707 жылғы жорықта арабтар Дербендтен ары өте алмады. І Уалид дәуіріндегі Византияға қарсы жорықты Маслама бин Абдулмалик пен Аббас бин І Уалид басқарды.

Испанияны жаулау: Қолбасшылыққа тағайындалған Муса бин Нусайр Солтүстік Африкадағы ішкі тәртіпті ретке келтіре отырып, Атлант мухитына дейін жетті. Сейта қамалы алынғаннан соң Гибралтар бұғазы арқылы Испанияға жол ашылды.

Осы кезде Испанияда ішкі алауыздықтар белең алып, весготтар еврейлері қудалап жатқан болатын.

Испанияның ішкі жағдайын жақсы меңгерген Муса бин Нусайр халифадан рұқсат алады да, 710 жылы Тариф бин Маликті біршама әскермен бұғаздан өткізіп жібереді. Ол жеңіспен оралғаннан соң, артынша, Тариқ бин Зияд бастаған мұсылман-араб әскерлері бұғаздан өтіп, Испанияға баса-көктеп кіреді. 711 жылы Саладо өзенінің маңында Испания корольі Радерихпен шайқасып, мұсылман-арабтар жеңіп шығады. Осы шайқастан соң Испания қалалары біртіндеп алына бастайды. Соңында Испания астанасы – Толедо да арабтардың қол астына өтеді.

Сулайман бин Абдулмалик кезеңі (715-717 ж). Сулайман бин Абдулмалик сыртқы саяси аренада ағасының жолымен жүрді, яғни, Византияға қарсы шабуылды жалғастыра берді. Ал халифат іші аренасында ағасына керіағар саясат жүргізді. Оның заманында араб рулық бақталастық өрши түсті, бұл омайядтардың біртіндеп әлсіреуіне жол ашты. І Уалид сайлаған уалилер мен қолбасыларды алып тастап, ол тіпті оларды қудалады. Мәселен, Үндістанды жаулаған Мухаммад бин Қасымды абақтыда өлтірді, ал Муса бин Нусайр орнынан алынып тасталды, Кутайба ибн Муслим өлтірілді.

Константинопольге жорық: Сулайманның халифалық кезеңінде Византияға шабуыл жасалғанмен, оның нәтижесі айтарлықтай болмады. Осы кездерде Сулайман аяқ астынан науқастанып, оның кеңесшісі – Раджа бин Хайуанның өтінішімен Омар бин Абдулазиз халифалыққа мұра ретінде тағайындалды.

Омар бин Абдулазиз кезеңі (717-720 ж). Омар халифа болысымен Константинопольдегі әскерді кері қайтарып алды және халифа ішіне реформа жасауға тырысты. Ол араб емес мұсылмандардан әділетсіз түрде алынатын харадж салығын алып тастады, одан бұрынғы омайядтар халифалары заманындағы басқа халықтар арасында араб ұлтының ерекше құқықтылығы Омар бин Абдулазиз заманында алынып тасталды. Осының нәтижесінде ислам дінін қабылдаушылардың саны артты. Ол уилаяттардағы уалилерді ауыстырып, олардың орнына әділдігімен, тақуалығымен аты шыққан азаматтарды қойды. Бұрынғы Омайяд халифалары заманындағы Али ибн Әбу Талибке айталытан балағат сөздер мен қарғыстар тоқтатылды. Әһли байттың (Мұхаммед пайғамбардың әулеті) құқықтары ескерілді. Осылайша халифат территориясында тыныштық сақталды. Харижилердің үздіксіз көтерілісі де басылды. Бірақ, аталған реформа Омайяд ақсүйектеріне ұнамады. Өйткені осы реформа нәтижесінде Омайядттар әулетінің мемлекетке ықпалы азая түскен еді. Сондықтан халифа Омар бин Абдулазизге астыртын у беріліп өлтірілді.

ІІ Язид бин Абдулмалик (720-724 ж). ІІ Язид мемлекет ісіне қарағанда сауық-сайранды қатты ұнатқан. Осыған орай, басқармалық жұмыстарды уалилерге тапсырып, уақытының барлығын көңіл көтерумен өткізді. Омар бин Абдулазиздің жасаған реформасын өзгертіп, араб емес мұсылмандардың құқығын қайта шектеді, ислам дінін қабылдаса да олардан «харадж» салығын алатын болды. Омардың тағайындаған уалилерін ауыстырып тастады.

Язид бин Мухаллаб көтерілісі: Халифаның Хажжаж әулетімен жақын болғанына орай, оған дұшпан Язид бин Мухаллаб абақтыдан қашып шығып, Басрадағы руластары – Азд тайпасымен бірге халифаға қарсы көтеріліске шықты. Оған Басра, Ахваз, Фарс, Кирман аймақтары да қосылды. Алайда, Сириядан Маслама бастаған халифа жазалаушы әскері келіп, 720 жылы ирактықтарды тас-талқан етіп, Язид бин Мухаллабты туыстарымен бірге қырып салды.

Сыртқы жорықтар: Кутайба ибн Муслимнің өлімінен соң Маураннахрдағы жорықтар тоқтап, билік түркі билеушілеріне өткен болатын. Язид бин Мухаллаб көтерілісі де Маураннахрдағы халифат ықпалын әлсіретіп кетті. Түргеш қағаны Сулу қаған көршілес билеушілермен одақтаса отырып, 720-721 жылдары Самарқандқа әскер жіберді. Дегенмен, жаңадан Хорасан уалиі болып сайланған Муслим біраз жерлерді қайтарып алып, Ферғананы алар тұста халифа өледі де, жорық аяқсыз қалады.

Қыпшақтармен тізе қоса отырып, хазарлар 721 жылы арабтарды ойсырата жеңеді, бірақ, артынша жаңадан Армения уалиі болып сайланған Джаррах бин Абдуллаһ әскері айла-тәсіл арқылы хазарларды жеңе отырып, олардан бірнеше қамалдарды тартып алады. Ал батыстағы Византияға жасаған жорықтар нәтижесіз аяқталып отырды. Ал Испанияда мұсылман-арабтар франктарға жорық жасағанмен олардан жеңіліп кейін қайтты.

Хишам бин Абдулмалик (724-743 ж). Хишам бин Абдулмалик таққа келісімен уалилерді ауыстырып, мемлекеттің ішкі баса назар аударды. Али әулетінен Зайд бин Али Куфада шииттік жақтаушылар тауып, көтеріліс ұйымдастырғанмен, шииттердің көпшілігі оны соғыс алаңында таптап кетті және 740 жылы халифа әскері Зайд және оның саны аз жақтастарын түгел дерлік қырып салды.

Мауреннахрға жасалған жорықтар. 727-728 жылдары аралығында ауыр салыққа шыдай алмаған Мауреннахр халқы билік басындағыларға наразы олып көтеріліске шықты. Тіпті халифа әскері Сырдария өзенінің жағалауында жергілікті түркілермен ұшырасып, олармен болған шайқаста жеңіліс тапты және Пайкентке кері шегінді. Сол кезеңдегі Хорасан уалиі Ашрас бин Абдуллаһ орталықтан келген қосымша қолмен Бұхара қаласын қайта қоршауға алады. Орталықтан келген тағы бір қосымша күшпен уали түркілерге үлкен соққы жасап, түркі қағанатындағыларды қырғынға ұшыратады.

Хазарлар. Хазарлармен болған шайқастарда халифат әскері алма кезек жеңіс тауып отырған. Соңында Маруан бин Мухаммад 737жылы 150 мыңдай әскермен Хазар хандығын талқандап, Хазар ханын күштеп мұсылмандыққа кіргізді. Осылайша біраз уақытқа дейін халифаттың солтүстік аймағы тыныштыта өмірк кешті.

Византияға жасалған жорықтар. Халифа Хишамның уақытында жыл сайын Византияға жорықтар жасалып тұрды. Бірақ Канстантинополь қаласын арабтар ала алмады.

Испанияға жасалған жорықтар. Испания уалиі болып тағайындалған Абдуррахман бин Абдуллаһ өлкенің ішкі тыныштығын қамтамасыз еткеннен соң, франктарға қол соза бастады. Бордеукс маңында Аудеспен шайқасып, оны күйрете жеңді. Ол Франк королі Чарлес Мартелге бас сауғалап, одан көмек сұрады. 732 ж. Пуатьенің (Пойтиерс) маңында Абдуррахман Чарлес Мартелдің армиясымен кескілескен шайқас жүргізеді. Бірақ осы шайқаста бдуррахман қаза тауып, арабтар кері шегінеді. Дегенмен осы шайқастан кейін де арабтар франкттарға дүркін-дүркін шабуылдар жасап тұрған. Соңында берберлер арасында көтеріліс шыққанына байланысты Испаниядағы әскерлер Солтүстік Африкаға жөнелтілді де Франктарға жорық аяқсыз қалды. Халыққа ауыр салықтар салғанына байланысты Хишамға деген халықтың ашу-ызасы күннен күнге арта түсті.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных