Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Р мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқыту




Қазіргі уақытта Қазақстан қоғамының алдында мүмкіндігі шектеулі балаларға сапалы білім беруге арналған тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ететін білім беру жүйесін тұрақты дамыту міндеті өзекті болып тұр. Бұл жерде арнайы педагогиканың болашақ бағыттарының бірі инклюзивті оқыту мәселелерін әзірлеу болып келеді.

Республикада қазіргі қоғам көз қарасын нығайтуына сәйкес мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы мен мүмкіндіктеріне байланысты арнайы білім берудің мақсат – міндеттері маңызы өзекті мәселе ретінде қарастырылып жатыр. Бұл біздің еліміздегі білім беру саласында жалпы ұлттық қызығушылықты және оған деген әлеуметтік талап етуді етлейтін жаңа білім беру саясатының жақтылануы мен құрылуы қажет екендігін білдіреді.

ҚР арнайы білім беру ұйымдарының жетіспеушілігі арнайы мектептердің тұрғылықты жерлерден алшақтағы дамуында ауытқуы бар балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқытуға мәжбұр етеді. Бірақ бұл жерде ата-аналарының білім беру ұйымың еркін таңдау құқығы мен баланың отбасында болу құқығы туралы ерекше айту қажет.

Соңғы кездері Қазақстанда дамуында ақыл ойы және дене ауытқулары бар балаларды жалпы білім беретін мекемелерге оқыту тәжірибесі қалыптасу жолында. Жалпы білім беретін бағдарлама бойынша мектептерде оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балалар арнайы педагог, психолог, әлеуметтік педагогтің қолдауынсыз білім алуда. Жалпы мектептердің психологтары мен мұғалімдері мүмкіндіктері шектеулі балалардың олардың білім алу қажеттіліктеріне білікті көмек көрсете алмайды. Нәтижесінде балалар оқытудың бірінші сатысынан ақ қиыншылықтарға тап болады.

Біріктіріп оқыту тәжірибесін іске асыру үшін инклюзивті білім беру мемлекеттің саясаты болуы керек және жүйелі шараларды ұйымдастыру. Ол жанұяны, жалпы мектептерді қолдауға, мүмкіндіктері шектеулі балалардың интеграциялау деңгейін, олардың әлеуметтік бейімделуімен мүгедектіктің төмендеу деңгейін жоғарлату қажет етеді. Бұл жерде мүмкіндіктері шектеулі балалардың және жасөспірімдердің білім беру және әлеуметтік қажеттілігіне баға беру қажет, оқу мекемелерінде барабар жағдайларын қамтамасыз ету, жанұяны қолдауды дамыту қажет.

Сонымен, отандық арнайы білім беру жүйе алдында көптеген мақсат-міндеттер өз өзектілігін білдіреді, болашақта ерте түзету педагогикалық қолдауды кеңінен еңгізіп, мүмкіндіктері шектеулі балалардың барлығының білім алу мекемелерің еркін таңдауға құқықтарын қамтамасыз ету жетекші бағыттар.

Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға білім берудің құқықтық базасы:

1. Декларация о правах инвалидов (ООН, 1971)

2. Декларация о правах умственно отсталых лиц (ООН, 1975)

3. Бала құқықтары туралы Конвенция. (БҰҰ 1989)

4. Стандартные правила обеспечения равных возможностей для инвалидов, принятые Генеральной Ассамблеей ООН в 1993.

5. Саламанкская Декларация и рамки действий по образованию лиц с особыми потребностями. – Саламанка, 1994;

6. ҚР “Баланың құқықтары туралы” Заңы (2002)

7. Қазақстан Республикасындағы Білім туралы Заңнама:

 

- ҚР “Білім туралы” Заңы (өзгертулер және толықтырулармен 2007 жылдың 25 мамырына берілген);

- ҚР “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Заң (2002)

- Қазақстан Республикасында білм беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген;

- Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі №5 96 қаулысымен бекітілген;

- Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары туралы үлгі ереже. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 1839 қаулысымен бекітілген;

- Мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы ереже. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 маусымдағы № 849 қаулысымен бекітілген;

- Педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1304 қаулысымен бекітілген;

- Білім беру ұйымдары желісінің кепілдендірілген мемлекеттік нормативі туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 25 ақпан № 300;

- Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз ету ережесі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы № 173 қаулысымен бекітілген;

- Қазақстан Республикасының интернаттық білім беру ұйымдарының қызметін ұймдастыру тәртібі туралы ережелер. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 708 бұйрығымен бекітілген;

- Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу орындарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 244 бұйрығымен бекітілген;

- Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытыңды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ережесі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 481 бұйрығымен бекітілген;

- Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысымен бекітілген;

- Мемлекеттік білім гранты туралы ережелер. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1781 1305 қаулысымен бекітілген;

- Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының оқушылар мен тәрбиленушілерін жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпараттармен және оларды кәсіптік-диагностикалық тұрғыдан тексеруді қамтамасыз ету мәселелері. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 9 қыркүйек № 1347;

8. Арнайы білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құжаттар:

- Арнайы білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің тізбесін, арнайы білім алуға мұқтаж адамдарға арналған білім беру ұйымдарындағы қажетті орын санын бекіту туралы. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Бұйрық №781;

- Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 29 қарашадағы №721 бұйрығымен бекітілген;

- Оналту орталыгының қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің №712 Бұйрығына 1 Қосымша;

- Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің № 712 Бұйрығына 2 Қосымша);

- Логопедтік пунктің қызметін қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің №712 Бұйрығына 2 Қосымша.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных