Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Шокка қарсы шаралар комплексі




Шокка қарсы шаралар неғұрлым тез жасалу керек, тіпті анық қауіпті бұзылыстар байқалмаса да.

Жарақаттық шок терапиясына:

1. Коллоидты ерітінділерді тамыр ішілік енгізу арқылы ЦҚК(ОЦК) қалпына келтіру – полиглюкин 400,0 мл., стабизол 400.0 мл. Олар жоқ болса, онда тұзды ерітінділерді (кристаллоидты) – физ.ерітінді 0,9% - 400,0 мл, глюкоза 5% - 400,0 мл. т.б,.

2. Гормонотерапия – полиглюкин не стабизол ерітіндісі бар флаконға 60-90мг преднизолон қосады.

3. Жансыздандыру– наркотикалық не наркотикалық емес анальгетиктер (б/і не к/і), көрсеткіш пен кері көрсеткішті ескере отырып.

4. Оксигенотерапия – оттегіге қаныққан қоспамен ингаляция(таза оттегі емес, себебі ол өкпе ісінуін тудырады), ингаляциялық маска көмегімен.

3. Жүрек пен тыныс алу қызметін қалыптастыру. Қан қысымын медикаментозды коррекциялау және тыныс алуды стимуляциялау симтоматикалық ем болғанымен, ауыр жарақаттарда науқастың өмірін сақтап,патогенетикалық ем жүргізу мен арнайыланған стационарға тасымалдағанша уақытты ұтуға септігін тигізеді.

4. Шокогенді фактордың әсерін жою.Устранение непосредственного воздействия шокогенного фактора. Оған зардап шеккенді соғылған көліктен алып шығу, отты сөндіру, электр тоғы әсерін тоқтату, т.б. шаралар кіреді. Зардап шеккен адамды құтқару кезінде оған қосымша жарақат тигізіп алмау керек. Бұл жағдайда медициналық қызметкерден көрі профессионал құтқарушылардың көмегі керек, себебі олар арнайы дайындықтан өткен және арнайы жабдықтары бар.

5. Қан кетуді тоқтату. Ауруханаға дейінгі кезеңде(операция жасауға мүмкіндік жоқ жағдайда), тек қана сыртқа қан кетуді тоқтатуға болады, яғни қанды уақытша тоқтату,себебі толық тоқтатуға жараның ревизиясы мен оны таңу және қан тамырларының реконструкциясы қажет,ал оны тек стационарда жасайды. Уақытша тоқтатуда артерияны саусақпен қан кету орнынан проксимальды жерден басу; шынтақ, тізе, жамбас буындарында аяқ-қолды максимальды бүгу; қан тоқтатушы жгут салу; басып таңу— венозды не капиллярлы қан кетуді тоқтату үшін,не қан кетіп жатқан тамырға зажим салу (сур. 1).

Қан тоқтатушы жгутты дұрыс салу үшін негізгі ережелерді сақтау керек:

· жгут салу алдында аяқ-қолды көтеріңкілеу керек;

· жгутты зақымданған жерге максимальды жақын салу керек;

· терінің қысылуын алдын алу үшін жгут астына жұмсақ мата салады;

· қан кету алғашқы тартылған тур арқылы тоқтау керек, себебі келесі турлар проксимальды бағытта жгутты бекіту үшін жасалады.

· Сонымен қатар жгутты әлсіз таңу(жарадан венозды қан кетуді жоғарлатады) мен тым қатты таңу (жұмсақ тіндерді жарақаттап, олардың некрозына әкеледі) да қолайсыз.

 

 

 

 

Сур. 1. Қан кетуді уақытша тоқтатудың әдістері: а — артерияны саусақпен басу; б — максимальды аяқ-қолды бүгу; в — жгута-бұрау салу; г — басып таңу салу; д — жарадағы тамырға зажим салу.

· жгут салынғаннан кейін көрініп тұруы және берік бекітілуі қажет;

· Жжутқа салынған уақыты көрсетілген жазбаны бекітеді(жгуттың салыну уақыты 2 сағ аспау керек, ал қысқы кезде — 1-1,5 сағ).

  1. Ауруханаға дейінгі кезеңде.

Сынықтары бар науқастарға жансыздандыру жасау тәсілі көмек түрі мен зақымдану ауырлығына байланысты.

Ауруханаға дейінгі кезеңде қазіргі уақытта жекеленген сынық түрінде наркотикалық анальгетиктер кең қолданылады – промедол, омнопон, морфии, морфилантты димедрол және анальгинмен бірге. Анальгетиктерді тек бұлшықетішілік енгізеді.Бұл препараттар ауырсынуды басу әсерімен қатар жанама әсер көрсетеді.Біріншіден тыныс алуды тежейді, азырақ қан айналысын а әсер етеді.Оларды іш қуысы мүшелерінің зақымдануына күмән барда қолдануға болмайды.Политравма кезінде жалпы жансыздандыру жасайды.Қазіргі кезде кең таралғаны Петровский-Ефуни тәсілімен жансыздандыру және наркоз,азот пен оттегіні 2:1, 4:1 қатынасында, ол көктамыр ішілік балансирленген көпкомпонентті жансыздандыруға.Витальды бұзылыстармен (тыныс бұзылысы, қан кету, шок т.б.) политравма кезіндегі жансыздандыру ерекше қиын. Ондай науқастарға жедел көмектің арнайы реанимация-травматологиялық бригадалар көмегі қажет.

Транспорттық иммобилизация. Иммобилизацияның транспорттық және емдік түрін ажыратады. Емдік иммобилизациядан транспорттықтың ерекшелігі-медициналық көмек көрсететін мекемегі зардап шеккенді жеткізгенге дейін зақымданған жерді иммобилизациялау.Сөйтіп, транспортты иммобилизация шоктың, тіндердің (тері, бұлшықет, тамыр, жүйке) сүйек жарықшаларымен екіншілік зақымдануының,инфекциялық асқынудың алдын алады.

Транспорттық иммобилизация көрсеткіштеріне сүйек пен буын, ірі қан тамыр мен жүйке бағаны, жұмсақ тіндердің массивті зақымданулары, күйік, үсу,аяқ-қолдардың ұзақ қысылу синдромы жатады.Кері көрсеткіштер жоқ десек те болады.

Транспорттық иммобилизация құралдарын екіге-стандартты шиналар және қолда бар құралдарға бөледі.Олар келесі талаптарға сай болу керек:

· Сенімді иммобилизация жасап,аяқ-қолды функциональды ыңғайлы жағдайда фиксация жасау;

· Қарапайым және көп уақытты алмау керек;

· Дайындауға ыңғайлы, портативті,жеңіл,арзан:

Транспорттық шина салу ережелері:

1. Транспорттық иммобилизация жарақат алған мезеттен кейін неғұрлым ерте жасалу керек.

2. Транспорттық шиналар жарақат алған сегментпен қатар екі жанындағы буындарға да салыну керек.Сан сүйегі жарақаты кезінде үш буын иммобилизациялану керек (жамбас, тізе, табан) және иық жарақатында да.

3. Аяқ-қолды иммобилизациялау үшін ортафизиологиялық жағдайға келтіру керек.

4. Транспорттық шиналарды киім,аяқ киім үстінен салу керек, оның мақсаты,біріншіден, шешіндіру кезінде қосымша травматизацияның алдын алу,екіншіден, киімді жұмсақ төсеніш ретінде пайдалану.

5. Тіндер қосымша зақымданбау үшін шина салынбастан бұрын дене контурына сай модельдену керек,аяқ-қол жұмсақ төсенішпен оралу керек,ал сүйектің шығыңқы жерлеріне дәкеден не матадан төсеніш салу керек.Шинаны салғаннан кейін модельдемейді, ол қосымша жарақат етуі мүмкін.Қолда бар материалдардың кемшілігі дене контурына сай модельденбеуі.

6. Шинаны тым тығыз орауға болмайды, себебі ол жұмсақ тіндердің қысылуына, соңынан ауыр ишемиялық бұзылыстарға әкелуі мүмкін.

7. Жабық жарақаттар кезінде ось деформациясын түзеу мақсатында шина салмастан бұрын аяқ-қолдың тракциясын жасау керек.Көп жағдайда бұл жарғақшалардың ығысуын азайтып,оның айналасындағы тіндерге, әсіресе теріге қысымын азайтады.Ашық сынықтар кезінде тракцияны жасауға болмайды,себебі онда сүйек жарғақшалары жұмсақ тіндер тереңдігіне еніп кетіп,жараны қосымша зақымдайды.

8. Қысқы уақытта иммобилизденген аяқ-қолды қосымша жылы орау керек.

Стандартты шиналар жоқ кезде иммобилизацияны қолда бар жабдықтармен жасайды(ағаш бұтақтары, картон, фанера т.б.).Егер тіпті олар болмаса,аутоиммобилизация жасайды, яғни жарақаттанған қолды дәкелі бинт не басқа матамен денеге әкеліп фиксациялайды, ал аяқты сау аяққа әкеліп фиксациялайды.

Сур. 2. Табельді транспорттық шиналар:

а - сатылы (Крамер); б — лубковая; в — торлы; г — Дитерихс; д — надувная (пневматическая); е — вакуумды носилкалар

 

Сатылы шиналар (Крамер) жақсы модельденетіндіктен қажетті қалыпта фиксациялауға мүмкіндік береді.Олар әмбебапты, сондықтан сатылы шина көмегімен кез келген дерлік жарақаттарды фиксациялауға болады.

Сатылы шинаның бір кемшілігі оны қолдану алдында жұмсақ матамен орау керек, сымның терімен контактісін болдырмау үшін.Сонымен қатар жұмсақ мата үстінен клеенкамен қаптау керек, ол шинаны санитарлық өңдеу үшін ыңғайлы болып табылады.

Лубковые шины арзан, жеңіл, портативті, бірақ модельденбейді.Ол арқылы аяқ-қолды тек тура қалпында иммобилизациялауға мүмкін.

Торлы шиналар жіңішке сымнан бинт тәрізді қылып жасалған,олар аса берік емес, ұсақ сүйектердің иммобилизациясы үшін жарайды, мысалы, табан және білезік.

Дитерихс шинасы өзгешелігі жарақаттанған аяқты жақсы иммобилизациялап қана қоймай, сонымен қатар оны тартуға мүмкіндік береді.Бұндай шинаны салуға тікелей көрсеткіш сан сүйегінің, жамбас, тізе буындарының жарақаттары болып табылады.Ол шина ағаштан жасалған,оның төрт бөлігі бар: екі әр түрлі ұзындықты қозғалмалы планкалар,сыртқысы 171см,ішкісі 146см,ені 8 см және тақтайша табан және бауы бар таяқша тәрізді бұрауыш.

Ауалы(пневматикалық) шиналар сыртқы пішіні бойынша сырғытпасы бар қос қабатты жабуға ұқсайды.Сырғытпаны ашып,шина ішін газы бар арнайы баллоннан ауаға толтырады, ол жоқ болса, насос не ауыз арқылы ауаға толтырады.Шинаның кемшілігі тесіліп қалу қаупінде.Бірақ олар модельдеуге өте ыңғайлы,дегенмен, жұмсақ тіндерді қысып,олардың ишемиясын тудыруы мүмкін.Ашық жарақат кезінде ауалы шина қан кетуді жоғарлатуы мүмкін.

Вакуумды шиналар гранулалармен толтырылған.Оны қолданбас бұрын насос арқылы ішінен ауаны сорып алады.Осы принцип арқылы вакуумды зембілдер мен матрастар жасалған,оларды омыртқа және жамбас жарақаттарында қолданады.

Әр түрлі жарақаттар кезіндегі транспорттық иммобилизацияның негізгі әдістері.

Иық және жауырын жарақаттары кезінде Дезо, Вельпо, косынкалық таңғыштары арқылы фиксациялайды. Бұл кезде қолтық астына кішігірім валик салған жөн. (сур. 3).

Сур. 3. Қолды фиксациялау үшін бинтті таңғыштар: а — Дезо; б — Вельпо; в — орамалдық

Иық сүйегі мен шынтақ буыны жарақатында иммобилизацияны сатылы шина арқылы сау білектен бастап білезік буынына? дейін жасайды.Қолды функциональды ыңғайлы жағдайға келтіреді: шынтақ буынында 90° бүгу және білекті ортафизиологиялық қалыпта пронация мен супинация аралығында ұстау.Қол басы білезік буынында 45° жазылған.Шинаны қосымша денеге орамалдық таңғышпен фиксациялайды. (сур. 4).

 

 


Рис.4. Қолға сатылы шинаны салу:

А – дайындық; б – салу; в – бинтпен фиксациялау; г – орамалдық таңғышпен қолды бекіту.

Білек жарақаты кезінде де сатылы шинаны қолданады, оны иықтың жоғарғы үштен бір бөлігінен білезік (пястно-фаланговых) буынына дейін салады. Функциональды ыңғайлы жағдай иық жарақатындағыдай болады. (сур. 5).

 

 


Сур. 5. Білек сүйектері сынығы кезінде сатылы шинаны салу:

а — дайындық; б — шинаны салу; в — қол шинада; г — орамалдық таңғышпен бекітілген

Білезік буыны не қол саусақтары жарақаттары кезінде сатылы шинадан басқа торлы шинаны қолдануға болады.Шинаны алақан беткейімен шынтақ буынынан саусақ ұштарына дейін салады, қол басы шамалы жазылған күйде,ал алақанға тығыз валик салады.

Сан және жамбас буыны жарақатында иммобилизация үшін Дитерихс шинасы қолданылады.Шинаны салмас бұрын аяқ киімді шешпейді.Алдымен табан тақтайшаны бинт арқылы аяққа фиксациялайды.Содан планканың қажет ұзындығын үлгілейді,ішкісі шап аймағынан,сыртқысы қолтық астынан және ол қаңқадан тарту үшін табаннан 12—15 см шығып тұру керек,.Алынған ұзындықты ағаш не металл штырь арқылы белгіленеді.Алдымен ішкі планканы салады, дистальды ұшына тарту үшін бау өткізеді.Содан сыртқы планканы салады да,екеуін табан астында қосады.Енді планкаларды арнаулы ременьмен не дәкелі бинтпен денеге бестен кем емес нүктелерден фиксациялайды:кеуде қуысы аймағы, жамбас,санның жоғарғы үштен бір бөлігі, тізе буыны, балтырдың төменгі үштен бір бөлігі және де алдымен проксимальды аймақтарды бекітеді. Санның диафизі жарақатында жоғарғы үш нүктені,содан бұрау арқылы тартады да, дистальді нүктелерді бекіту арқылы аяқтайды. (сур. 6).

Сур. 6. Дитерихс шинасын салу:

а — өкшені фиксациялау; б —шинаны фиксациялау; в — бұрауды қолдану арқылы тарту жасау; г — иммобилизацияның нәтижесі

Егер Дитерихса шинасы жоқ болса, онда Крамер шиналарынан комбинация қолдануға болады, сол деңгей мен нүктелерді сақтай отырып,бірақ тарту жасалынбайды.

Балтыр сүйектері жарақатында,әсіресе, сатылы шиналардан комбинацияны қолданады.Сүйек жарғақшаларының қозғалғыштығы мен терінің перфорациясы қаупін ескере отырып, шинаны үш жақтан салады.Шина салмастан бұрын балтыр осін түзеу мақсатында сүйек тракциясын жасап алады. Содан алдымен артқы шинаны санның жоғарғы үштен бір бөлігінен бармақ ұштарына дейін, табанды балтыр осіне перпендикуляр ете отырып салады.Соңында сыртқы және іш жағынан сатылы шинамен иммобилизациялайды. (Сур. 7).

 

 


Рис.7.Балтыр сүйектері сынықтарында сатылы шинамен иммобилизациялау:

а —шиналарды дайындау; б —салу

 

Сирақтабан буыны мен табан сүйектері жарақатттарында сатылы шина арқылы тізе буынынан (сирақ сүйегі басы) бастап, бармақ ұштарына дейін, табанды балтыр осіне тік бұрышта ұстай отырып салады.

Мойын жарақаттары кезінде иммобилизацияның бірнеше тәсілдері бар.Ең қарапайым, бірақ аз нәтижелі— зардап шеккенді басының астына мақталы-дәкелі дөңгелек салып,зембілге жатқызу. Ең тәуірі мақталы-дәкелі не картонды-мақталы-дәкелі таңғыш салу(«Шанц жағасы» секілді), ол шүйде төмпегі мен екі емізік тәрізді өсіндіге тіреледі,астынан кеуде қуысына тіреледі.Егер дұрыс салынса,зардап шегушіге аузын ашу қиынға соғады.Қазіргі кезде арнайы басұстағыштар шығарылады, ол аз уақытты алады.(сур. 8).

 

 


Рис. 8. Омыртқаның мойын бөлігін иммобилизациялау:

а — мақталы-дәкелі жаға; б — Башмаков таңғышы; в —басұстағыш

Омыртқа мен жамбас жарақаттарында тасымалдау қатты беткейде жүргізілу керек.

Ол жоқ болса, брезентті зембілдерге жалпақ сатылы шиналардан құралған төсеніш салады. Төменгі кеуде, бел омыртқалары зақымдалса, тасымалдау кезінде бел астына лордозды сақтау үшін валик салады.

Сонымен қатар ішке жатқызып та тасымалдауға болады,ол кезде кеуде мен бас астына валик салады. Жамбас жарақаттарында арқасына жатқызып, тізе астына валик салып тасымалдайды. (сур. 9). Вакуумды зембілдер мен матрастар толық иммобилизация жасауға мүмкіндік береді.

 

 


Сур. 9. Омыртқа мен жамбас сынықтарында транспорттық иммобилизация: а — омыртқаның бел бөлігі сынығында арқасына; б — омыртқа сынығында ішіне қаратып жатқызу; в — жамбас сүйегі сынығында иммобилизация; г — жамбас сүйектері сынықтарында транспорттық шинаны құру

Транспорттық иммобилизация құралы ретінді гипсті лонгеталы таңғыштарды да қолдануға болады. Гипс астына міндетті түрде мақта не дәкеден жұмсақ төсеніш салу керек.Гипсті транспорттық шиналардың бір жақсысы дене бітіміне сай үлгіленеді (бұл ұзақ уақыт тасымалдауда маңызды),кемшілігі-кебу үшін көп уақыт кетеді

Бір жағынан науқасты тасымалдау, бір зембілден екіншісіне жатқызу т.б.,оның жағдайын ауырлатады.Бірақ науқастар неғұрлым жылдам арнайы стационарға эвакуациялану керек, сондықтан тасымалдау барынша абайлап жүргізілу керек.Бұны бірнеше бағытта шешуге болады:

1. Адекватты жансыздандыру жасап, толық иммобилизация жасау.

2. Тасымалдау барысында медицина қызметкері әрдайым науқас жанында болу керек және шокқа қарсы шараларды жалғастыру керек.

3. Көліктің анағұрлым пайдалы, ыңғайлысын таңдау.

Қазіргі кезде ондай көлік – ауалы көлік болып табылады.Санитарлық тікұшақтар қазіргі таңда тек алыс елді мекендерден ғана емес, қала ішінде де (автокөлік тұрыстары (пробки) көп уақыт кетіреді) өзін ақтауда. Қазір шу деңгейі азайтылған арнайы тік ұшақтар шығарылды.

4.Тасымалдау уақытының ұзақтығын азайту үшін эвакуация бағытын анықтап алу.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных