Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






A) Сандық параметрлері бар процедуралар




9.1. а санының үшінші дәрежесін есептеп, нәтижені b айнымалысына қайтаратын Power_a3(a,b) процедурасын сипаттау керек (а – ену, ал b – шығу параметрі, екеуі де нақты типті). Берілген 5 нақты санның үшінші дәрежелері осы процедура көмегімен есептелсін.

9.2. а санының екінші, үшінші және төртінші дәрежесін есептеп, нәтижелерді сәйкесінше b, c, d айнымалыларына қайтаратын Power_a234(a,b,c,d) процедурасын сипаттау керек (а – ену, ал b,c,d – шығу параметрлері, барлығы нақты типті). Берілген 5 нақты санның екінші, үшінші және төртінші дәрежелері осы процедура көмегімен есептелсін.

9.3. Оң таңбалы х және у сандарының арифметикалық (amean=(a+b)/2)және геометриялық () орта мәндерін есептеуге арналған Mean(x, y, amean, gmean) процедурасын сипаттау керек. (x, y – ену, ал amean, gmean – шығу параметрлері, барлығы нақты типті). Егер a,b,c,d шамалары берілген болса, онда (a,b), (a,c) және (a,d) жұптарының арифметикалық және геометриялық орта мәндері есептелсін.

9.4. Қабырғасының ұзындығы а тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі (p=3×a) мен ауданын ()есептеуге арналған Triangle_ps(a, p, s) процедурасын сипаттау керек (a – ену, ал p, s – шығу параметрлері, барлығы нақты типті). Қабырғалары берілген үш үшбұрыштың периметрлері мен аудандары осы процедура көмегімен есептелсін.

9.5. Қарама-қарсы төбелерінің координаттары (x1,y1), (x2,y2) және қабырғалары координата осьтеріне параллель тік төртбұрыштың периметрі мен ауданын есептейтін Rect_ps (x1, y1, x2, y2, p, s) процедурасын сипаттау керек (x1, y1, x2, y2 ену, ал p, s – шығу параметрлері, барлығы нақты типті). Осы процедураны пайдаланып, қарама-қарсы төбелері берілген үш тік төртбұрыштың периметрі мен ауданы есептелсін.

9.6. k оң бүтін санының цифрларының санын (с) және қосындысын (s)анықтауға мүмкіндік беретін DigitCountSum(k, c, s) процедурасын сипаттау керек (k – ену, ал c, s – шығу параметрлері, барлығы бүтін типті). Осы процедураны пайдаланып, мәндері берілген бес бүтін санның цифрларының саны және қосындысы есептелсін.

9.7. k оң бүтін санының цифрларын кері тәртіпке ауыстыратын InvertDigits(k) процедурасын сипаттау керек. (k – әрі ену, әрі шығу параметрі болатын бүтін шама). Осы процедураны пайдаланып, мәндері берілген бес бүтін санның цифрлары кері тәртіппен шығарылсын.

9.8. d цифрын k оң бүтін санының оң шетінен қосып жазатын AddRightDigit(d, k) процедурасын сипаттау керек (d – ену параметрі (0..9 аралығындағы бүтін сан), k – әрі ену, әрі шығу параметрі болатын бүтін шама). Осы процедураны пайдаланып, мәні берілген k санының оң шетіне d1 және d2 цифрлары қосып жазылсын және әр қосылу нәтижесі жеке шығарылсын.

9.9. d цифрын k оң бүтін санының сол шетінен қосып жазатын AddLeftDigit(d, k) процедурасын сипаттау керек (d – ену параметрі (0..9 аралығындағы бүтін сан), k – әрі ену, әрі шығу параметрі болатын бүтін шама). Осы процедураны пайдаланып, мәні берілген k санының сол шетіне d1 және d2 цифрлары қосып жазылсын және әр қосылу нәтижесі жеке шығарылсын.

9.10. х және у айнымалыларының мәндерін ауыстыратын Swap(x, y) процеду-расын сипаттау керек (х,у – әрі ену, әрі шығу параметрі болатын нақты сандар). Осы процедураны арқылы берілген a,b,c,d айнымалылары үшін (a, b), (c, d), (b, c) жұптарының мәндері ауыстырылсын және a,b,c,d айнымалыларының жаңа мәндері шығарылсын.

9.11. х және у мәндерінің кішісін х айнымалысына, ал үлкенін у айнымалысы-на жазатын Minmax(x,y) процедурасын сипаттау керек (x,y – әрі ену, әрі шығу параметрі болатын нақты сандар). Осы процедураны төрт рет қолдана отырып, берілген a, b, c, d шамаларының минимумы мен максимумы анықталсын.

9.12. Мәндері берілген a, b, c шамаларын олар өсу ретімен орналасатындай етіп ауыстыратын SortInc(a,b,c) процедурасын сипаттау керек (a, b, c – әрі ену, әрі шығу параметрі болатын нақты сандар). Сипатталған процедура арқылы a1,b1,c1 және a2,b2,c2 үштіктері өсу ретімен орналастырылсын.

9.13. Мәндері берілген a, b, c шамаларын олар кему ретімен орналасатындай етіп ауыстыратын SortDec(a,b,c) процедурасын сипаттау керек (a, b, c – әрі ену, әрі шығу параметрі болатын нақты сандар). Сипатталған процедура арқылы a1,b1,c1 және a2,b2,c2 жиындары кему ретімен орналастырылсын.

9.14. Мәндері берілген a, b, c шамаларына оң бағытты циклдық сырғуды (а -ның мәнін b -ға, b -ны – c -ға, с -ны – а -ға ауыстыру) іске асыратын ShiftRight(a, b, c) процедурасын сипаттау керек (a, b, c – әрі ену, әрі шығу параметрі болатын нақты сандар). Сипатталған процедура арқылы a1,b1,c1 және a2,b2,c2 жындарына оң бағытты циклдық сырғу іске асырылсын.

9.15. Мәндері берілген a, b, c шамаларына сол бағытты циклдық сырғуды (а -ның мәнін с -ға, с -ны – b -ға, b -ны – а -ға ауыстыру) іске асыратын ShiftRight(a, b, c) процедурасын сипаттау керек (a, b, c – әрі ену, әрі шығу параметрі болатын нақты сандар). Сипатталған процедура арқылы a1,b1,c1 және a2,b2,c2 жиындарына сол бағытты циклдық сырғу іске асырылсын.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных