Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






А) Массивті құру және оның элементтерін шығару




11.1. n (n>0) бүтін саны берілген. Мәндері алғашқы n тақ сан болатын (1,3,5,…) n элементтен тұратын массивті құрып, шығару керек.

11.2. n (n>0) бүтін саны берілген. Мәндері 2-нің 1-ден n- ге дейінгі дәррежелері болатын (2,4,8,16,…) n элементтен тұратын массивті құрып, шығару керек.

11.3. n (n>1) бүтін саны және арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі (а) мен айырымы (d) берілген. Мәндері осы прогрессияның алғашқы n мүшесін қамтитын массивті құрып, шығару керек:

a, a+d, a+2×d, a+3×d,…

11.4. n (n>1) бүтін саны және геометриялық прогрессияның бірінші мүшесі (а) мен бөлімі (d) берілген. Мәндері осы прогрессияның алғашқы n мүшесін қамтитын массивті құрып, шығару керек:

a, a×d, a×d2, a×d3, …

11.5. n (n>2) бүтін саны берілген. Мәндері fk Фибоначчи сандарының алғашқы n мүшесін қамтитын массивті құрып, шығару керек:

f1=1, f2=1, fk= fk-2+ fk-1, k=3,4,…

11.6. a,b,n (n>2) бүтін сандары берілген. Бірінші элементі – а, екіншісі – b, ал әрбір келесі элементі алдыңғы екеуінің қосындысы болатын n элементтен тұратын массивті құрып, шығару керек.

11.7. n өлшемді массив берілген. Оның элементтерін кері тәртіппен шығару керек.

11.8. n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтегі барлық тақ сандарды олардың индекстерінің өсу ретімен шығару керек және осындай элементтердің санын (k) анықтау керек.

11.9. n өлшемді бүтін массив берілген. Массивтегі барлық жұп сандарды олардың индекстерінің кему ретімен шығару керек және осындай элементтердің санын (k) анықтау керек.

11.10. n өлшемді бүтін массив берілген. Алдымен, массивтегі барлық жұп сандарды олардың индекстерінің өсу ретімен, сосын, барлық тақ сандарды – олардың индекстерінің кему ретімен шығару керек.

11.11. n өлшемді а массиві және k (1 ≤ k ≤ n) саны берілген. Индекстері k-ға еселі массив элементтерін шығару керек: ak, a2×k, a3×k,… Тармақталу операторы қолданылмасын.

11.12. n (n – жұп сан) өлшемді а массиві берілген. Оның жұп нөмірлі элементтерін индекстерінің өсу реті бойынша шығару керек: a2, a4, a6,… Тармақталу операторы қолданылмасын.

11.13. n (n– тақ сан) өлшемді а массиві берілген. Оның тақ нөмірлі элементтерін индекстерінің кему реті бойынша шығару керек: an, an-2, an-4, … Тармақталу операторы қолданылмасын.

11.14. n өлшемді а массиві берілген. Алдымен, оның жұп нөмірлі элементтерін, сонан соң – тақ нөмірлі элементтерін индекстерінің өсу реті бойынша шығару керек:

a2, a4, a6,…, a1, a3, a5,…

Тармақталу операторы қолданылмасын.

11.15. n өлшемді а массиві берілген. Алдымен, оның тақ нөмірлі элементтерін индекстерінің өсу реті бойынша, сонан соң –жұп нөмірлі элементтерін индекстерінің кему реті бойынша шығару керек:

a1, a3, a5,…, a6, a4, a2,…

Тармақталу операторы қолданылмасын.

11.16. n өлшемді а массиві берілген. Оның элементтерін келесі тәртіппен шығару керек:

a1, an, a2, an-1, a3, an-2,….

11.17. n өлшемді а массиві берілген. Оның элементтерін келесі тәртіппен шығару керек:

a1, a2, an, an-1, a3, a4, an-2, an-4,….

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных