Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Минимумдар мен максимумдар




Бұл бөлімдегі тапсырмаларды орындау кезінде бастапқы берілгендер жиынын бір рет оқып шығу барысында нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін «бір өтімді» алгоритмдерді қолдану талап етіледі. «бір өтімді» алгоритмдердің артықшылығы – олар үшін бастапқы берілген сандар жиынын бір мезгілде түгелдей жадта сақтаудың қажеті жоқ. Сондықтан мұндай алгоритмдерді программалау кезінде массивтерді пайдаланбауға болады.

Бұл бөлімдегі тапсырмалардың барлығында бастапқы берілгендер жиынындағы элементтер саны үнемі нөлдік емес деп есептеледі, яғни n>0.

10.1. n бүтін саны және n элементтен тұратын жиын берілген. Осы жиынның минимум және максимум мәндерін анықтап, оларды анықталу тәртібі бойынша шығару керек.

10.2. n бүтін саны және (a,b) қабырғалары арқылы n тіктөртбұрыштар жиыны берілген. Осы тіктөртбұрыштар жиынындағы ең кіші ауданды табу керек.

10.3. n бүтін саны және (a,b) қабырғалары арқылы n тіктөртбұрыштар жиыны берілген. Осы тіктөртбұрыштардың ең үлкен периметрін табу керек.

10.4. n бүтін саны және n элементтен тұратын жиын берілген. Осы жиындағы минимум элементтің нөмірін табу керек.

10.5. n бүтін саны және түрлі материалдардан дайындалған деталь массасы (m) мен көлемін (v) сипаттайтын (m,v) сандарының n жұбы берілген. Тығыздығы ең жоғары материалдан әзірленген детальдың нөмірі мен оның тығыздығының шамасын шығару керек. р тығыздығы келесі формуламен анықталады: p=m/v.

10.6. n бүтін саны және n элементтен тұратын жиын берілген. Осы жиындағы бірінші минимум элементтің және соңғы максимум элементтің нөмірін олардың тәртібін өзгертпей шығару керек.

10.7. n бүтін саны және n элементтен тұратын жиын берілген. Осы жиындағы бірінші максимум элементтің және соңғы минимум элементтің нөмірін олардың тәртібін өзгертпей шығару керек.

10.8. n бүтін саны және n элементтен тұратын жиын берілген. Осы жиындағы бірінші соңғы минимум элементтің нөмірін олардың тәртібін өзгертпей шығару керек.

10.9. n бүтін саны және n элементтен тұратын жиын берілген. Осы жиындағы бірінші соңғы максимум элементтің нөмірін олардың тәртібін өзгертпей шығару керек.

10.10. n бүтін саны және n элементтен тұратын жиын берілген. Осы жиындағы бірінші экстремальды (яғни, минимум немесе максимум) элементтің нөмірін шығару керек.

10.11. n бүтін саны және n элементтен тұратын жиын берілген. Осы жиындағы соңғы экстремальды (яғни, минимум немесе максимум) элементтің нөмірін шығару керек.

10.12. n бүтін саны және n элементтен тұратын жиын берілген. Осы жиындағы ең кіші оң санды анықтау керек. Егер жиында оң сандар жоқ болса – 0 шығарылсын.

10.13. n бүтін саны және n элементтен тұратын жиын берілген. Осы жиындағы бірінші ең үлкен тақ санды анықтау керек. Егер жиында тақ сандар жоқ болса – 0 шығарылсын.

10.14. Оң b саны және он саннан тұратын жиын берілген. Жиындағы b -дан үлкен ең кіші элементті және оның нөмірін анықтау керек. Егер жиында b -дан үлкен сандар жоқ болса – 0 шығарылсын.

10.15. b,с (0<b<с) сандары және он саннан тұратын жиын берілген. Жиындағы (b,с) аралығында орналасқандарының ең үлкенін және оның нөмірін анықтау керек. Егер жиында ізделінді сандар жоқ болса – екі рет 0 шығарылсын.

10.16. n бүтін саны және n элементтен тұратын жиын берілген. Осы жиындағы алғашқы минимум элементке дейін орналасқан элементтер санын анықтау керек.

10.17. n бүтін саны және n элементтен тұратын жиын берілген. Осы жиындағы соңғы максимум элементтен кейін орналасқан элементтер санын анықтау керек.

10.18. n бүтін саны және n элементтен тұратын жиын берілген. Осы жиындағы бірінші және соңғы максимум элементтер арасында орналасқан элементтер санын анықтау керек. Егер жиында жалғыз ғана максимум элемент бар болса – 0 шығарылсын.

10.19. n бүтін саны және n элементтен тұратын жиын берілген. Осы жиындағы минимум элементтер санын анықтау керек.

10.20. n бүтін саны және n элементтен тұратын жиын берілген. Осы жиындағы барлық экстремальды (яғни, минимум және максимум) элементтердің санын анықтау керек.

10.21. n (n>2) бүтін саны және n элементтен тұратын жиын (n тәжірибеде алынған қандай да бір шаманың мәндері) берілген. Осы шамалардың орташа мәнін есептеу керек. Орташа мәнді есептеу кезінде жиындағы минимум және максимум шамалар ескерілмесін.

10.22. n (n>2) бүтін саны және n элементтен тұратын жиын берілген. Осы жиындағы ең кіші екі элементті анықтап, оларды өсу реті бойынша шығару керек.

10.23. n (n>3) бүтін саны және n элементтен тұратын жиын берілген. Осы жиындағы ең үлкен үш элементті анықтап, оларды кему реті бойынша шығару керек.

10.24. n (n>1) бүтін саны және n элементтен тұратын жиын берілген. Осы жиындағы көршілес екі элементтің қосындыларының ішіндегі ең үлкенін шығару керек.

10.25. n (n>1) бүтін саны және n элементтен тұратын жиын берілген. Жиындағы әрбір көршілес екі элементтің көбейтінділерінің ішіндегі ең кішісін анықтап, осы элементтердің нөмірлерін өсу ретімен шығару керек.

10.26. n бүтін саны және n элементтен тұратын жиын берілген. Осы жиындағы қатар орналасқан жұп элементтердің максимум санын табу керек. Егер жиында жұп элементтер жоқ болса – 0 шығарылсын.

10.27. n бүтін саны және тек қана нөлдер мен бірлерден құралған n элементтен тұратын жиын берілген. Жиындағы бірдей сандардың ең ұзын тізбегі басталатын элементтің реттік нөмірін және осы тібектегі элементтер санын табу керек. Егер мұндай тізбек бірнешеу болса, онда олардың біріншісінің басталу нөмірі шығарылсын.

10.28. n бүтін саны және тек қана нөлдер мен бірлерден құралған n элементтен тұратын жиын берілген. Жиындағы бірлердің ең ұзын тізбегі басталатын элементтің реттік нөмірін және осы тібектегі элементтер санын табу керек. Егер мұндай тізбек бірнешеу болса, онда олардың соңғысының басталу нөмірі шығарылсын. Жиында бірлер жоқ болса – 0 шығарылсын.

10.29. n бүтін саны және n элементтен тұратын жиын берілген. Осы жиындағы қатар орналасқан минимум элементтердің максимум санын табу керек.

10.30. n бүтін саны және n элементтен тұратын жиын берілген. Осы жиындағы қатар орналасқан максимум элементтердің минимум санын табу керек.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных