Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаты, қызметтері және тетіктері.




Экономиканы мемлекеттік реттеудің (ЭМР) нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны, қолданылып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.

Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу - нарықта шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс істеуін мемлекеттік ретте

Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі. Нарық экономикасына мемлекеттік араласу қатынасы оның дамуы мен қалыптасуының әр түрлі сатысында түрліше болды. ЭМР-дің (экономиканы мемлекеттік реттеудің) объективті мүмкіндігі экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне жетумен, өндіріс пен капиталдың үйлесуінде, өндірістің шоғырлануында, өндіріс күші мен өндіріс қатынастарының дамуында пайда болады. ЭМР қазіргі замандағы жағдайда ұдайы өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі болып табылады. Олар экономикалық өсуді ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы ілгерілеушілікті көтермелеу, экспортты қолдау сияқгы әр түрлі тапсырмаларды шешеді.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды объектісі - капиталды жинақтау болып табылады. Әр түрлі уақытта инвесторлар үшін экономикалық кезең мен құрылымға ықпал ететін, қосымша ынталандырулар жасаяады.

Жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу - бұл нарықтық экономика көзқарасы тұрғысынан жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынастарды қалыпты қолдау.

Реттеудің тағы бір маңызды объектісі баға болып табылады. Бағаның серпіні мен құрылымы экономиканың жағдайын көрсетеді.

ЭМР-дің ең басты мақсаты - экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, шетелде және елдің ішінде қоғамдық құрылымды нығайту.

Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары:

- қазыналық саясат, яғни шығындар мен салықгардың құқықтық аумағындағы саясат;

- ақша саясаты;

- табыстарды реттеу саясаты;

- әлеуметтік саясат;

- баға белгіленімін мемлекеттік реттеу;

- сыртқы экономикалық реттеу.

Мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдары ақша-кредит қаржылары мен бюджеттік саясатқа бөлінеді.

Негізгі экономикалық құралдар:

- есепке алу мөлшерін реттеу (Орталық банкпен жүргізілетін, дисконттық саясат);

- елдің қаржылық институттары орталық банкте сақтауға міндетті, ең аз резервтер мөлшерін белгілеу мен өзгерістері;

- мемлекеттік мекемелердің бағалы қағаздар рыноғындағы мемлекеттік міндеттемелер эмиссиясы олармен сауда жасау және өтеу сияқты операциялары.

Мемлекет орындайтын қызметтерге ең алдымен мыналар жатады:

- экономиканың қызмет етуі үшін құқықтық негіздерді құру мен реттеу;

- монополияға қарсы реттеу;

- макроэкономикалық тұрақтандыру саясатын жүргізу;

- ресурстарды орналастыруға ықпал ету;

- табыстарды бөлу аясындағы қызмет;

- мүліктік қатынастар субъектісі ретіндегі мемлекет қызметі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных