Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Kmobile activ kcell 1 страница




Критерийлер А Б В Д

Баға 8 4 6 5

Жабдықтау сенімділігі 5 8 2 5

САпа 6 8 4 5

Төлем шарттары 7 2 9 8

1. Тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдаған кезде жабдықтаушыларды таңдаудың негізгі кезеңдерін ашып жазыңыз.

2. Есепті шығарып, ең тиімді жабдықтаушыны анықтаңыз.

 

57. Байланыс қызметі саласындағы берілген ұялы байланыс компаниялардың ең тиімдісін анықтау.

Kmobile activ kcell

Баға (0,15) 4 8 8

Қызмет сапасы (0,30) 8 7 8

Қаржылық жағдайы (0,25) 7 8 7

Қосымша қызметтер (0,15) 9 7 7

Қамту кеңдігі (0,15) 8 0 9

1. Сатып алу туралы шешім қабылдаған кезде жабдықтаушыларды таңдаудың негізгі кезеңдерін ашып жазыңыз.

2. Есепті шығарып, ең тиімді компанияны анықтаңыз.

 

57. Байланыс қызметі саласындағы берілген ұялы байланыс компаниялардың ең тиімдісін анықтау.

Kmobile activ kcell

Баға (0,15) 4 8 8

Қызмет сапасы (0,30) 8 7 8

Қаржылық жағдайы (0,25) 7 8 7

Қосымша қызметтер (0,15) 9 7 7

Қамту кеңдігі (0,15) 8 0 9

1. Сатып алу туралы шешім қабылдаған кезде жабдықтаушыларды таңдаудың негізгі кезеңдерін ашып жазыңыз.

2. Есепті шығарып, ең тиімді компанияны анықтаңыз.

58. Үй компьютерлерін иемденуге байланысты Қазақстанның бір облысында жүргізілген маркетингтік зерттеу ақпараты бойынша, жанұялардың 56 пайызында үйінде компьюетр бар. Осы сегментке арнап қандай қызметтер кешенін ұсынуға болады? Фирма шығындарын қалай азайтуға болады?

59. Қазақстанның бір облыс тұрғындарының құрамы: ерлер-48 процент, әйелдер-52 процент. Кездейсоқ таңдау негізінде туристік қызметке қызығушылық туралы 1000 адамға зерттеу жүргізілді. Бұл таңдауда ерлер 60 процент, ал әйелдер 40 процент болды. Ерлердің 22 пайызы туристік қызметті сатып алуға қызыушылық танытқан. Әйелдер арасында 36 пайыз ұқсас таңдау жасады. Барлық аймақ тұрғындарын қатыстырып, туристік қызметке қызығушылық танытушы адамдарды есептеңіз

60. Қызмет көрсетуші фирманың тауарлық белгісін жасау мүмкіндігі туындаса қандай жағдайларға және белгілерге назар аударатын едіңіз. Мысал келтіріп көріңіз.

 

61. Фирма 3 жылы нарықта жұмыс жасауда.Үйді тапсырыспен тазалау өнімін ұсынады.Өткен кезеңдерге қарағанда ассортимент кеңейтілген белгілі бір деңгейде клиенттік база бар,бюджеттен ақша қарастырылған.Көп болмаса да жарнамасы беріліп тұрады.Қандай бағытта қосымша өнім шығарып,пайданы көбейтуді ұсынасыз?

62. Қызмет туралы жарнаманы таратудың көптеген жолдары бар.сізге Алматы және Алматы облысына қызмет туралы жарнама таратуға тапсырыс берілсе,қандай арналарды таңдайсыз?Ойыңызды нақтылап және түсіндіріп беріңіз?

63. Нарықтағы бірнеше фирма таңдап алынды.Олар шет тілін үйрету,туристік қызмет,медициналық қызмет,заңдық кеңес беру өнімдерін ұсынады.Осы фирмалардың сегменттерін анықтаңыз және өнімдерін қалай ұсынғаны дұрыс.

64. Нарықтағы қаймағын алу және тереңдеп ену стратегиясын ұстанатын қызметтік өнім түрлеріне мысал келтіріңіз.Фирмалар дұрыс баға құру стратегиясын ұстанып отыр ма?

65. Тұрғындардың табысының өсуі қызмет саласына қалай әсер етеді?Қандай қызметтерге сұраныс жоғарылайды деп есептейсіз?Ойыңызды нақты мысалмен келтіріп көріңіз?

66. Қызметтік өнімдер сапасына мастер класс өткізу сізше қалай әсер етеді?Отандық шеберлерді көптеп шақырған дұрыс па,әлде шет елдік мамандарға көңіл бөлген дұрыс деп есептейсіз ба?

67. Астана қаласында EXPO 2017 көремесіне қонақүйлер ашылады.Көрмеге дейін әлі бірнеше жыл бар.Туристерді және қонақтарды тартудың қандай шараларын ұсынасыз?

68. Сізге медициналық көмек көрсетілді.Қызметті қандай көрсеткішпен бағалайтын едіңіз?Нақты мысалмен келтіріңіз.

69. Сіздің фирма кір жуу машинасын сатумен айналысады.Көптеген тұтынушылар сатып алғаннан кейін орнату және іске қосу бойынша қиындықтарға ұшырайды.Орнату бойынша,сервистік қызметтерді тегін көрсеткен дұрыс па,әлде ақылы түрде жөн бе?Сіз не ұсынатын едіңіз?

70. Қазақстанның қай салаларына қызметті көптеп ұйымдастыруға болады?Қызмет маркетингін жолға қою арқылы пайданы қалай ұлғайтуға болады?Нақты мысалмен сіз тұтынатын өнімдерде маркетинг элементі жеткілікті деп ойлайсыз ба?

 

1. Қызмет көрсету аясын сипаттау: анықтамасы, мәні және табиғатын түсіңдіріңіз.

Қызмет көрсету аясы экономиканың барлық салалары жұмысшыларының сапалық сипатына әсер етеді, олардың күш жігерін мамандандырылған функцияларға шоғырландыруға және еңбек ресурстарын өндірістік емес салаларда қолдану үшін босатуға мүмкіндік береді, яғни тек өзінің негізгі функцияларын орындап қана қоймай, сондай-ақ материалдық өндіріске де өз әсерін тигізеді. Ол өндіріс құралдары мен тұтыну заттарының өндірісін дамытуға көмектесе отырып, материалды игіліктердің негізгі тұтынушыларының бірі болып табылады, ал материалдық өндіріс өндірістік емес сала жасайтын көптеген қызметтерге сұранысты тудырады.

Қызмет көрсету маркетингінің мәні – бұл тұтынушылардың қажеттіліктері мен талаптарын анықтау және қанағаттанғандығын бағалау бойынша жүзеге асырылатын әзірлеу, жылжыту, жүзеге асыру бойынша үрдіс.

Маркетинг қызметінің функциялары:

1. Аналитикалық

2. Стратегиялық

3. Орындаушы

 

Қызмет маркетингінің тұжырымдамасы:

- Сұраныстың нақты есебі

- Әлеуметтік факторлар есебі

- Сыртқы факторлар есебі

Қызмет аясындағы маркетинг тұжырымдамасы:

1. Қызмет көрсететін кәсіпорынның қызметін жақсарту концепциясы. Бұл жердегі басты мақсаты: төменгі бағамен сапалы қызметтерді ұсыну. Яғни, кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерінің артуы негізінде бағаны төмендету. Бұл концепцияны көбіне төлем қабілеті төмен кезде қолданады.

2. Қызметті жақсарту концепциясы.

3. Коммерциялық қызметті интенсификациялау тұжырымы. Қызметтер сатылмайды, егер тұрақты ынталандыру шараларын жүзеге асырмасы ынталандыру дәстүрлі түрін қолданады, яғни компанияның тұтынушылар алдындағы абыройлы имиджі.

4. Дәстүрлі маркетинг концепциясы. Яғни, тұрақты тұтынушыларды зерттеу негізінде сұранысты ұлғайту.

5. Әлеуметтік-этикалық маркетинг. Тек бір тұтынушылық ғана емес, қоғамның мүддесін қорғайтын, ұстанатын концепция түрі.

6. Қарым-қатынас маркетинг. Серіктестермен, жабдықтаушылармен, яғни бәрімен жақсы қарым-қатынас ұстану концепциясы.

 

 

2. Қызметтердің экономикадағы рөлін, қызмет маркетингінің ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

Қызмет көрсету аясы экономиканың барлық салалары жұмысшыларының сапалық сипатына әсер етеді, олардың күш жігерін мамандандырылған функцияларға шоғырландыруға және еңбек ресурстарын өндірістік емес салаларда қолдану үшін босатуға мүмкіндік береді, яғни тек өзінің негізгі функцияларын орындап қана қоймай, сондай-ақ материалдық өндіріске де өз әсерін тигізеді. Ол өндіріс құралдары мен тұтыну заттарының өндірісін дамытуға көмектесе отырып, материалды игіліктердің негізгі тұтынушыларының бірі болып табылады, ал материалдық өндіріс өндірістік емес сала жасайтын көптеген қызметтерге сұранысты тудырады.

Қазіргі қоғамда қызметтер тұтынудың маңызды элементі және адамдардың өмір сүру қалпын жетілдіру шарты болып табылады. Қызмет көрсету сферасының салаларын дамыту қоғам мүшелерінің тіршілік іс-әрекетінің көптеген критерийлерін өзгертуге әсер етеді. Және бұл өзгерістер қоғамдық өндіріс құрылымындағы өзгерістерге, оның тиімділігін жоғарылатуға әсер етеді.

Қазіргі жағдайда қызмет аясының салалары және оның жұмысшылары адам дамуының белгілі бір әлеуметтік-экономикалық функцияларын орындайды:

· материалдық өндіріс аясында және қызмет сферасында өндірілген материалдық және рухани игіліктер тұтынушылардың жеке талғамдары мен сұраныстарына сәйкес жеткізіледі және тұтынушылар арасындағы осы игіліктердің болуын айғақтайды;

· заттардың тұтыну құнын қайта құра отырып, халықтардың тұтынуына дайындайды, яғни қызмет аясының салалары тауар-заттардың өндірісін толықтырады;

· өмірлік игіліктер тұтыну үрдісінің өзіне қызмет етеді (қоғамдық тамақтану, коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету).

Сонымен, қызмет аясы – жұмыс күшінің ұдайы өндірісіне, тұтынушылардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, еңбек өнімі материалдық және материалдық емес сипаттағы және адам дамуындағы әлеуметтік-мәдени мақсаттағы қызметтер болып келетін экономикалық салаларының жиынтығы.

Қызмет көрсету аясының еңбек өнімі ретіндегі қызмет қызметтің барлық түрін қамтиды, яғни жеке, әлеуметтік және өндірістік мақсаттағы қызметтер. Қызмет көрсету сферасы оның шектелу критерийіне сәйкес объективті түрде келесі сфераларға бөлінеді: өндіріске, халыққа, қоғамға қызмет көрсету. Халыққа қызмет көрсету сферасының салалары өндіріс функцияларын орындайды - еңбек өнімдерін дайындап, оны тұтынушыға жеткізу және тұтынушылардың материалды игіліктерге және қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қызмет көрсету. Қызметтерді топтастыру белгілері сатып алу себебі мен тәжірибесі, рыноктық сегменттеу, қызметтерді жабдықтаушының мақсаттары, меншік сипаты, реттеулілігі және т.б. болуы мүмкін.

Қазақстан тәжірибесінде Статистика бойынша агенттігі қызметтерді келесідей түрлендіреді: тұрмыстық, жолаушы-көліктік, байланыс, тұрғын үй-коммуналдық, білім беру жүйесі, мектепке дейінгі балаларды бағу бойынша мекемелер, мәдени, туристік-экскурсиялық, дене шынықтыру және спорт, денсаулық сақтау, шипажай-курорттық және емдеу, құқықтық сипаттағы және банк мекемелері және т.б.

Қызмет көрсету саласында жинақталған әр алуан іс-әрекет түрлері сан–қилы қызмет түрлерін де ұсынады. Олардың топтастырылуы еңбек сипатына сәйкес келеді. Соңғы тұтынушы тұрғысынан қызметтердің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:

· өндірістік мақсаттағы қызметтер (жүк көлігі, өндіріске қызмет көрсету бойынша байланыс, материалды-техникалық жабдықтау және т.б.);

· жеке қызметтер:

а) материалды-тұрмыстық немесе тұтынушылық сипаттағы (жолаушы көлік, сауда, қоғамдық тамақтану, тұрғын үй-коммуналдық, тұрмыстық қызмет көрсету);

б) тұлғаның, адамның қалыптасуымен байланысты әлеуметтік-мәдени қызметтер (білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, театралды-ойын-сауық және мәдени-ағартушылық);

· әлеуметтік қызметтер (мемлекеттік басқару органдарына және қоғамдық ұйымдарға, қоғамдық тәртіпті қорғау органдарына қызмет көрсету және т.б.).

Әдетте қызмет өндіруші компаниялар маркетинг және менеджментті жасау және оны қолдану мәселелері бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындардан артта қалады. Бұл бірқатар факторлармен түсіндіріледі:

· көптеген сервистік фирмалар жұмысшылардың техникалық біліктілігіне көңіл бөледі;

· көптеген қызмет өндіруші фирмалар көлемі бойынша ірі емес, сондықтан олардың маркетинг бойынша маманы жоқ;

· түрлі қызмет түрлерін көрсетуге лицензия берудің қатаң ережелері кейде маркетинг қызметін қолдануға қажеттілікті және бәсекелестікті шектейді;

· тұтынушыларда көбінесе қызмет аясындағы бірқатар кәсіптер туралы (дәрігерлер, заңгерлер) ақпараттар бар, сондықтан маркетингте және жарнамада олардың қажеттілігі жоқ;

· қызмет аясындағы жеке басшылар мен мамандар арасында маркетингті жете бағаламайды, бұл оның енгізілуіне кедергі жасайды.

 

3. Қызметтердің жіктелуі, белгілері және ерекшеліктері мен қызмет аясындағы мемлекеттік реттеуді қарастырыңыз.

Қызметтердің жіктелуі:

1. Қызметтердің негізгі классы:

- Адамның денесіне бағытталған сезілетін қызметтер

- Тауарлар мен басқа да физикалық қызметтер

- Адам санасына бағытталған сезілмейтін қызметтер

- Сезілмейтін активтермен бпйланысты сезілмейтін қызметтер.

2. Қызмет классы: денсаулық сақтау, транспорттық спорттық ұйым, сән-салон, ресторан-кафе, жүк тасымалдау, құралдарды ремонттау, күзет қызметі, тазарту қызметі, хим.чистка, білім беру, радио-ТВ, информ,ақпараттық қызметтер, банктер, театр-музей, консалтингтік қызметтер, сақтандыру.

Бүкіл қоғамдық өндіріс тиімділігін жоғарылатудың шынайы қажеттілігі тікелей немесе жанама түрде қызмет аясындағы тиімділікті жоғарылатуды талап етеді. Мұнда, сондай-ақ экономикалық қатынастар күрделенеді, жеткілікті түрде жоғарғы қарқынмен материалды-техникалық база дамиды, ресурстарды толығымен қолданудың проблемалары пайда болады. Әлбетте тиімділікті жоғарылату жолдары да мұнда әртүрлі. Жалпы оларды үш бағыт бойынша топтауға болады:

- қызмет аясының дамуының бүкіл қоғамдық өндіріске, соның ішінде материалдық өндіріске де әсер етуі;

- саланың әлеуметтік тиімділігі;

- қызмет көрсету аясындағы қызметті өндіру тиімділігі.

Осы бағыттардың әрқайсысының мазмұнын аша отырып, қызмет аясының дамуына кеткен шығындардың экономикалық бағалауын анықтау және айқындау маңызды және осындай шығындардың экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік қайтарымдылығын есептеу өте маңызды. Экономикалық тиімділікті есептеу үшін келесі формуланы қолдануға болады:

 

Эт=көрсетілетін қызмет көлемі/ шығындар (тірі және заттанған еңбек)

немесе

пайда / шығындар (тірі және заттанған еңбек).

 

Қызмет аясындағы шығындардың экономикалық тиімділігінің ішкі аспектілерін талдаудағы критерий болып тікелей осы аядағы осы шығындардың экономикалық қайтарымдылығын анықтау болуы тиіс. Материалдық өндіріс салалары сияқты ақылы қызметтің көптеген салаларына еңбек өнімділігі, өзіндік құн, рентабельділік, пайда, қор қайтарымдылығы және т.б. сияқты жалпы экономикалық көрсеткіштер қолданыла алады. Дегенмен, ақысыз қызметтерге қатысты (денсаулық сақтаудың, білім берудің және т.б. ақысыз бөлігі), жалпы қызмет аясының экономикалық тиімділігін бағалау кезіндегідей құндылық көрсеткіштер әр уақытта қолданыла бермейді.

Қызмет аясының экономикалық өсімін негіздейтін бүкіл қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігіне көп факторлы әсерін саланың әлеуметтік тиімділігін тығыз өзара байланыста талдау тиіс. Соның ішінде қызмет аясының қазіргі даму жағдайы осы әлеуметтік тиімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді: материалды қаржылық және еңбек ресурстарын үнемдеуге, халықтың бос уақытын көбейтуге және осының негізінде тұлғаның жан-жақты дамуына әрекет етеді; адам денсаулығын сақтауға; қоғам мүшелерінің орнын ауыстыруға және қарым-қатынас жасауға, қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік жасауға; жұмыс уақытысынан тыс тиімсіз шығындарды қысқартуға; қалалық және ауыл тұрғындарының тұрмысындағы айырмашылықтарды біртіндеп жоюға әрекет етуге мүмкіндік береді.

Осы кезде әрбір сала бір емес бірнеше әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешеді. Демалыс, дене шынықтыру және туризм ұйымдары мен мекемелері денсаулық сақтау сияқты адамдардың денсаулығын нығайтып қана қоймай адамның еңбек қабілеттілігін қайта қалпына келтіруге мүмкіндік туғызады, бірақ соңында тұлғаның әр жақты дамуына әсер етеді. Қызметтің әлеуметтік тиімділігі шеңберіндегі кең мәселелер сауда, қоғамдық тамақтану, коммуналдық, тұрмыс және көлік қызметін жасаудың алдында тұр.

Осылайша, қызмет аясы дамуының әлеуметтік тиімділігімен қатар экономикалық тиімділігі барлық халық шаруашылық кешенінің экономикалық өсуіне тікелей немесе кумулятивтік (белгілі бір уақыт аралығынан кейін) әсер етеді. Бұл кезде тұтынушылардың қызмет түрлерімен қаншалықты қамтамасыз етілетіні өте маңызды.

Мұндай қамтамасыз ету дәрежесі әлеуметтік тиімділік деңгейімен сипатталады, мұны келесі формула бойынша анықтауға болады:

СЭ=Уф/Ун х 100%,

Мұндағы:

СЭ – әлеуметтік тиімділік деңгейі;

Уф – нақты өндірілетін қызметтер;

Ун – қызмет тұтынуының ғылыми дәлелденген нормативтері.

Қызмет аясының әлеуметтік тиімділігі берілген бөлімнің келесі параграфында қарастырылады. Үшінші бағыт – қызмет жасау аясының өзінде қызметті өндіру тиімділігі.

 

 

4. Қызмет көрсету маркетингінің негізгі мақсатын және принциптерін ашып қарастырыңыз.

Қызмет маркетинг – тұтынушының ерекше талғамын ескере отырып және оны анықтай отырып қызметті әзірлеу, жылжыту, жүзеге асыру үрдісі.

Қызмет нарығы басқа да нарықтардан келесімен ерекшеленеді:

1. Қызмет оны ұсынғанға дейін болмайды, яғни оған белгілі бір баға беру мүмкін емес.

2. Қызметтің тұрақсыз болуы, бұл өз кезегінде сатушыларды қиын жағдайға түсіреді.

Қызмет көрсету аясындағы маркетинг өткізуді дұрыс ынталандырған жағдайда тұтынушыларды қажетті уақытында, сәйкес бағамен және керекті жерде қызметтермен қамтамасыз етуге бағытталған. Қызмет саласындағы маркетинг пен дәстүрлі маркетингтің ортақ принциптері келесілер болып табылады:

- өндіре алатынды емес, сата алатынды өндіру;

- жаңа тауар (қызмет) жасай отырып, қажеттіліктерді ынталандыру;

- тиімділік және пайдалылық принципі;

- маркетингтік үрдістің барлық сатыларында әлеуметтік факторды ескеру.

Қызмет аясында жетекші орынды әлеуметтік факторларды ескеру қажеттілігі алады. Бұл мыналармен негізделеді, біріншіден, қызметті өндірушілер тікелей әлеуметтік ортаны қалыптастырады, екіншіден, еқызметтер маркетингі әлеуметтік жұмыстың ерекше түрі ретінде қарастырыла алады.

Қызметтер маркетингінде басты орынды маркетинг кешенін жасау алады. Тауар саясатын жасауда қызмет-тауардың төрт деңгейін бөліп көрсетуге болады:

1) қызмет - негізгі өнім, яғни тұтынушының проблемаларын шешетін түрлі қызметтер жиынтығы;

2) қызмет - жалғастырушы тауар, яғни тұтынушыға негізгі өнімді қолдануға қажетті қызметтер;

3) қызмет - толықтырушы тауар, ол негізгі тауарды қолдайды, оған қосымша пайда алып келеді және бәсекелес тауардан айыруға көмек береді;

4) кең мағынада тауар ретіндегі қызметке негізгі, жалғастырушы және толықтырушы тауарлар мен қызметтердің қол жетерлігі, қызмет көрсету барысында тұтынушылардың қатысуы және олардың бір-бірімен өзара әрекет етуі жатады.

Қызметтер рыногының ерекшелігіне екі айырықша аспекттер кіреді: 1) қызмет оны көрсетуден бұрын пайда болмайды; 2) көптеген жағдайларда қызметтердің көрсетілуі үшін оны өндірушілердің арнайы білімі және шеберлігі талап етіледі, оны тұтынушыларға бағалау, ал кей кезде түсіну қиын.

Қызмет түрлерінің көптігіне қарамастан олардың барлығында да тауардан айыратын төрт сипат бар. Бұл сипаттарға келесілер жатады: сезілмейтіндігі (көптеген қызметтердің материалдық емес сипаты); бөлінбеушілігі, яғни қызмет өндірісі мен тұтынуының үзіліссіздігі; сапаның тұрақсыздығы (сапаның біртексіздігі және өзгерушілігі); қызметтердің сақталуға қабілетсіздігі

 

 

5. Қоғаммен байланыс және осы бағыттағы қызмет маркетингінің ерекшеліктерінің түсіндіріңіз.

Қызметтер маркетингінде басты орынды маркетинг кешенін жасау алады. Тауар саясатын жасауда қызмет-тауардың төрт деңгейін бөліп көрсетуге болады:

5) қызмет - негізгі өнім, яғни тұтынушының проблемаларын шешетін түрлі қызметтер жиынтығы;

6) қызмет - жалғастырушы тауар, яғни тұтынушыға негізгі өнімді қолдануға қажетті қызметтер;

7) қызмет - толықтырушы тауар, ол негізгі тауарды қолдайды, оған қосымша пайда алып келеді және бәсекелес тауардан айыруға көмек береді;

8) кең мағынада тауар ретіндегі қызметке негізгі, жалғастырушы және толықтырушы тауарлар мен қызметтердің қол жетерлігі, қызмет көрсету барысында тұтынушылардың қатысуы және олардың бір-бірімен өзара әрекет етуі жатады.

Қызметтер рыногының ерекшелігіне екі айырықша аспекттер кіреді: 1) қызмет оны көрсетуден бұрын пайда болмайды; 2) көптеген жағдайларда қызметтердің көрсетілуі үшін оны өндірушілердің арнайы білімі және шеберлігі талап етіледі, оны тұтынушыларға бағалау, ал кей кезде түсіну қиын.

Қызмет түрлерінің көптігіне қарамастан олардың барлығында да тауардан айыратын төрт сипат бар. Бұл сипаттарға келесілер жатады: сезілмейтіндігі (көптеген қызметтердің материалдық емес сипаты); бөлінбеушілігі, яғни қызмет өндірісі мен тұтынуының үзіліссіздігі; сапаның тұрақсыздығы (сапаның біртексіздігі және өзгерушілігі); қызметтердің сақталуға қабілетсіздігі






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных