Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ақпараттық жүйелердің сызбасы




 

Маркетингтік ақпарат жүйесі – адамдардың өзара әрекетінің, алға қойған міндеттерді табысты орындауға бағытталған ақпаратты алу, жоспарлау және өңдеудің әдістемелік тәсілдері мен техникалық құралдарының тұрақты жұмыс істейтін жүйесі.

Маркетингтік зерттеулердің мақсаты: кәсіпорынның мақсатына қол жеткізу үшін маркетингтік ақпарат арқылы өндірушілер мен тұтынушыларды байланыстыру.

Біріншілік маркетингтік ақпарат – бұл тікелей зерттеу мақсатына сәйкес жиналатын ақпарат.

Екіншілік маркетингтік ақпарат – бұл бұрын осы фирманың немесе басқа ұйымдардың басқа мақсатта жинаған және өңдеген ақпараттары.

Маркетингтік зерттеудің ыңғайлары:

· теориялық;

· сипаттайтын-аналитикалық;

·зерттеу.
Зерттеу әдістері:

· байқау;

· сұрау;

·эксперимент
Зерттеу құралдары:

· сауалнама (анкета)

· арнайы құрылғылар

Тенденциялары:

· жеке дүкендерде сатудан қызметтің ауқымды түрлеріне көшу;

· мұқтаждықтан қажеттілікке көшу;

· бәсекелестіктің бағалық әдістерінен бағалық емес әдістеріне көшу.

Осы тенденцияларға байланысты кәсіпорынға қосымша ақпараттар қажет.

Маркетингтік ақпарат жүйесі – бұл маркетингтік операцияларды жоспарлауды жетілдіру, жүзеге асыру және қолданылуына бақылау жасау мақсатымен маркетинг сферасындағы бөлушілер қолдану үшін маңызды және дәл ақпаратты жинауға, жіктеуге, талдауға, бағалауға және таратуға арналған әдістемелік тәсілдердің, құрал-жабдықтардың және адамдардың өзара әрекетінің тұрақты жүйесі

1. Ішкі есеп беру жүйесі - күнделікті сату көрсеткіштерін, шығын сомасын, материалды қорлардың көлемін, нақты ақшаның қозғалысынн, дебиторлық және кредиторлық қарыздар туралы мәліметтерді көрсетеді.

2. Күнделікті және сыртқы ақпаратты жинау жүйесі (соңғы оқиғалар туралы ақпарат) – коммерциялық ортада болып жатқан оқиғалар туралы жетекшілер күнделікті ақпаратты алып отыратын әдістемелік тәсілдер мен ақпарат көздерінің жиынтығы.

3. Маркетингтік зерттеулер жүйесі – фирма алдында тұрған маркетингтік жағдайға байланысты қажетті белгілі бір мәліметтердің жүйелі анықтамасы, оларды жинау, талдау және нәтижелері туралы есеп беру.

4. Маркетингтік ақпаратты талдау жүйесі – маркетинг мәселесі мен маркетингтік мәліметтерді талдау әдістерінің жиынтығы.

 

Орытынды.

 

"Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін "informatio" сөзінен шыққан. Бұл терминнің кең тарағанына қарамастан, ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп пікірталас тудырған түсініктердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпарат түсінігінің дәл анықтамасы жоқ, көптеген жағдайларда ол интуициялық болып келеді және оған адам әрекетінің әр түрлі салаларында әр түрлі мағына беріледі.

Ақпараттық жүйелер дегеніміз ақпаратты жинауға, сақтауға, іздеуге, талдауға және таратуға бағытталған қолданбалы бағдарламалық өнім. Ақпараттық жүйелер кіріс ақпаратты (қандайда бір мәліметтер, нұсқаулар) және шығыс ақпаратты (есептеу, есептеулер) қамтиды, яғни ақпараттық жүйелер кіріс ақпараттарды өңдеп, шығыс ақпараттарды нәтиже ретінде береді. Амалдарды, әрекеттерді бақылап отыратын кері байланыс механизмі де жүзеге асырылынады. Басқа жүйелер сияқты ақпараттық жүйелер де қоршаған ортада болады.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных