Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кәсіпкерлік істің элементтері




Бизнес мүмкіндігін анықтау және бағалау (1) Бизнес –жоспарды жасақтау (2) І бөлім кіріспе Ресурстың керектігін анықтау (3) Кәсіпорынды басқару (4)
1.Бизнес мүмкіндігінің ұзақтығы Бизнесті сипаттау, жоспардың мазмұны ІІ бөлім 1.Керекті ресурстарды анықтау 1.Басқару стилін жасақтау
2.Бизнес мүмкіндігін іске асыру нарығы 1.Кәсіпорынды сипаттау (қорытынды) 2.Қолда бар ресурстарды анықтау 2.Басқару жүйесін енгізу
3.Бәсекелестікті талдау 2.Саланы талдау 3.Ресурстың керектігін теңестіру 3.Ұйымдастыру процедурасын зерттеу
4.Бизнес мүмкіндігінің нарыққа кәсіпорынға бағалылығы 3.Өндіріс жоспары 4.Маркетинг жоспары 4.Керекті ресурстармен жабдықтаушыларды анықтау 4.Жүйелі түрде талдау жүргізу (күшті және осал жерлері, болашақ қауіптер)
5.Бизнес мүмкіндігіндегі тәуекел мен пайда 5.Финанс жоспары 6. Ұйымдастыру жоспары 7.Оперативті жоспар 5.Жабдықтаушыларға жақындау қатынастарын жасақтау 5.Табыс факторларын анықтау
6.Мүмкіндіктерді кәсіпкерлік біліммен, дағдымен, тілекпен ұштастыру 8.Тиімділік есебі    

Нарықтық экономика еркін кәсіпкерлікті қолдайды.

Кәсіпкерлік іс әрекеттің ерекшеліктері:

- тәуекел

- белсенділік

- тәуелсіздік

- тапқырлық

- жауапкершілік

- белсенді түрде іздену

Кәсіпкерлікті іс-әрекеттің мәніне байланысты төмендегі түрлерге жіктеуге болады:

- өндірістік – тауар, қызмет өндіру процесін жүзеге асырумен байланысты;

- коммерциялық - өндіріспен байланыста емес тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алу операциялары арқылы жүзеге асады;

- қаржылық – бұл коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, бірақ айналым объектісіне ақша, валюта, бағалы қағаздар жатады;

- делдалдық – сатушылар мен сатып алушыларды табыстыратын, кездестіретін, келістіретін байланыс түрінде жүзеге асады;

- сақтандыру – кәсіпкерліктің ерекше формасы оның мағынасы: кәсіпкер сақтандыру жарнасын алып, оны кауіпсіздендірілген жағдайда ғана қайтарады;

Фирма көлеміне байланысты: шағын, орта және ірі бизнес болып бөлінеді.

Шағын және орта кәсіпкерліктің артықшылықтары:

1. Кез келген жағдайларда өзгерістерге жеңіл бейімделеді.

2. Тұтыну сұраныстың өзгеруіне тең жауап береді.

3. Капитал салымына деген қажеттілігі төмен болады.

4. Бәсеке дамуының негізін құрайды.

5. Техникамен қайта жабдықтану жылдам түрде жүзеге асады.

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму негізін қалау 1992 жылдан бастап бірқатар заңдар мен актілерге енгізілген: «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» (1992 ж.), «Жеке кәсіпкерлік туралы» (1997 ж.), «2001-2002 ж.ж. бағытталған мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасы». Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан Республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерліктің жандандыру мен мемлекеттік қолдауын күшейту бойынша шаралар туралы» 1997 жылдың 6 наурызындағы қаулысының үлкен рөлі бар.

Әлеуметтік – экономикалық саясаттағы шағын және орта

кәсіпкерліктің рөлі мен орны:

1. Шағын өндіріс нарық коньюктурасының өзгерісін икемді сезінді, бұл нарық экономикасында ірі кәсіпорындарда мүмкін емес.

2. Шағын кәсіпкерлік іске жаратылмаған әжептәуір қаржы қаражаттарын тиімді жұмылдырады. Осындай бизнестің болмауынан ресурстар пайдаланылмаған болар еді.

3. Шағын бизнес бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосады.

4. Шағын бизнес халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен рөл атқарады.

5. Шағын өндіріске ғылыми-техникалық жаңалықтардың әлемдік тәжірибеде 50% келеді. (жеке компьютер, көбейткіш аппараттар, «Палориоид» типті фотоаппараттар)

6. Шағын бизнестің әлеуметтік қиын жағдайды жұмсарту орны бөлек. Ауыр дағдарыс кездері халық осыдан жұмыс тауып, өздерінің қабілеттерін жүзеге асырады.

2001 жылдың басында Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің 348 мың субъектілері тіркелді, бұл елдің жұмыспен қамтылғандарының жалпы санының төрттен бірін құрайды. Шағын кәсіпорындар санын 500 мыңға дейін, оларда жұмыс істеушілер саны халықтың жұмыспен қамтылғанының 40%-ке жеткізу міндеті қойылды.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных