Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Несиелік белсенділікті басқару




 

  Арзан ақша саясаты Қымбат ақша саясаты
Қолданылады: Жұмыссыздық өскенде, экономика құлдырағанда Жоғары инфляцияда
Іс-әрекеттер: Орталық банк мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алады, сақтық қордың шамасын немесе міндетті резервтердің нормасын төмендету, процентік мөлшерлемесін төмендету Орталық банк мемлекеттік құнды қағаздарды ашық нарықта сатады, сақтық қордың шамасын немесе міндетті резервтердің нормасын көтереді, процентік мөлшерлемесін көтереді.
Нәтиже: Ақша ұсынысы молаяды, процентік мөлшерлемесі төмендейді, инвестициялар өседі, шаруашылық белсенділігі өседі, жұмыссыздық төмендейді, ұлттық өнім өседі Ақша ұсынысы қысқарады, процентік мөлшерлемесі өседі, инвестициялар қысқарады, шаруашылық белсенділігі төмендейді. Инфляция қысқарады.

 

Несиелік қатынастары құнда қағаздар нарығы арқылы жүзеге асады. Құнды қағаздар нарығында келісім объектісі ретінде құнды қағаз болып саналады. Құнды қағаз нарығының пайда болуының басты себебі – кәсіпкерлік қызметте қаржы ресурстарының жетіспеуіне орай кәсіпкерлікпен айналыспайтын басқа адамдар тобынан қаражат тарту. Қазіргі кездегі негізгі құнды қағаздар түрлері: акция, облигация, вексель, сертификат.

Акция – бұл иеленушіге акционерлік қоғам пайдасынан дивилент түрінде пайданың бір бөлігін алуға, оны басқаруға қатысуға және оны таратқаннан кейін қалған мүліктің бөлігін иемденуге құқық беретін қағаз. Ол мерзімсіз, яғни оны айналысқа шығарған акционерлік қоғам жойылғанша болады. Акциялар жай және пұрсатты деп бөлінеді.

Жай (қарапайым) акция пұрсатты акциядан келесі белгілері бойынша ажыратылады:

- акционерлер жиналысында дауыс беруге құқық береді;

- дивидент көлемі акционерлік қоғамның пайдасына байланысты болады (белгілі % көлемінде);

- олар бойынша дивидент тек пұрсатты акцияларға дивидент төленгеннен кейін жүргізіледі.

Пұрсатты акция иеленушіге дауыс бермейді, олар бойынша дивидент көлемі алдын ала белгіленеді.

Келесі құнды қағаз түрі облигация. Облигация – иеленуші мен эмитент арасындағы қарыз қатынасын көрсететін құнды қағаз. Облигацияларды мемлекет, акционерлік қоғам, жеке кәсіпорындар шығара алады. Оның акциядан ең басты ерекшелігі – ол эмитенттің қарыз міндеттемесін көрсетеді. Оны төлеу міндеті эмитент мүлкімен қамтылған. облигация белгілі бір мерзімге (1 жылға дейін), орта және ұзақ мерзімді болады.

Облигациялардың бірнеше түрі бар. Көп жағдайда облигацияларға тұрақты процент түрінде табыс төленеді, оны купон деп атайды. Купондық емес облигацияны дисконттық облигация деп аталады.

Вексель – бұл оны иеленушіге көрсетілген соманы вексель берушіден төлеуін талап етуге құқық беретін құнды қағаз міндеттемесі ең алдымен, вексель несие құрамы, оны сонымен бірге есеп айырысу құралы ретінде пайдалануға болады. Коммерциялық вексель дегеніміз - өнім сатып алушы сатушымен есеп айырысу үшін ақша қаражаты жоқ болса, онда сатып алушы белгілі мерзім ішінде көрсетілген соманы төлейтіні туралы міндеттеме вексель жазып береді. Яғни сатып алушыны несиелеу деген сөз, соған байланысты вексель сомасында несие үшін процентте қосылады. Вексельдің қарапайым түрі – вексель берушінің вексель ұстаушыға көрсетілген соманы белгіленген мерзімде міндетті түрде төлеуі туралы құжат.

Ауыспалы вексель (тратта) – вексель берушінің көрсетілген соманы белгілі мерзім мен орында төлеушіге вексель ұстаушыға төлеуі туралы берген ұсынысы.

Банк сертификаты – бұл банкке ақша салғанын және инвесторға қағаздың номиналды құнымен проценталуына мүмкіндік беретін құнды қағаз. Жинақ және депозиттік сертификат заңды тұлғаларға жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналған. Қазақстанда құнды қағаз нарығының алғашқы элементтері 1991 жылы калыптасты. Сол жылы Қазақстан Республикасында құнды қағаздармен жасалатын операцияларға реттейтін заң қабылданды. Құнды қағаздар нарығының инфрақұрылымын дамытуға әсер ететін «Құнды қағаздар туралы», «Қазақстан Республикасында зейнет ақымен қамтамасыз ету туралы», «Инвестициялық қорлар туралы» заңдар қабылданды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных