Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Американдық этнологиядағы психологиялық бағыт




1. Мәдениеттер конфигурациясы

АҚШ-та этнопсихологияның түп-тамырында, америка континентіне В.Вундт идеяларын әкелген Ф.Боас тұр. Колумбиялық университетте Боаста көптеген атақты американдық этнологтар оқыған. Олар өз назарын З.Фрейдтің классикалық психоталдауына, кейіннен К.Юнг, К.Хорни, Э.Фромма, А.Маслоу идеяларына бөлді. Нәтижесінде, мәдени антрополгия мен психология арасындағы кеңістікте орын алған «Мәдениет және тұлға» теориясы пайда болды.

«Мәдениет және тұлға» теориясын қалыптастырудың басы 20-жылдың аяғы, 30-жылдың басына шақ келеді. 1932 жылы Ф.Боас оқушысы Р.Бенедикттің (1887-1948) «Мәдениеттер конфигурациясы» атты атақты мақаласы жарық көрді, ол әрқайсысы өзінің мәдени доминанты бар мәдениеттер арасындағы әртүрлі айырмашылықтар жайлы жаңаша ой қозғады.

Өзінің алдыңғы жұмыстарныда Бенедикт мәдениетті қоғамның тұлғасы деп көрсетеді.

Ол психологиялық, әлеуметтік және мәдениді принципті түрде ажыратпағаннан кейін, «Мәдениет және тұлға» теориясын ұстанушылардың өздері оған сынмен қарайды. Одан бөлек, Бенедикттің ерте периодтағы әдісін басқа мәдениеттерге қолдану мәднеиантропологтарды қиыншылыққа тап болғызады.

2. Базалық және модалды тұлға

30-ыншы жылдардың басына қарай антропологтардың жұмыстары психологиялық және әлеуметтік журналдарда жарық көре бастады. Жаңа бағытты психоаналитик А.Кардинер (1891-1981) басқарды, ол Нью-Йорк психоаналитикалық институтында «Мәдениет және тұлға» теориясының тұрақтануында шешуші рөл атқарған семинар өткізді.

Психоаналитик ретінде ол бала дүниеге келгеннен бастап оған қоршаған орта әсер етеді, ал нақты айтатын болсақ – күтім деп айтқан. Дәл осы кішкентай баланың күтім түрі әр мәдениетте әр түрлі бола отырып, үлкен адам тұлғасында кетпес із қалдырады.

А.Кардинердің ең жақын серіктесі Р.Линтон (1893-1953) модалды тұлғаның статистикалық ұғымын қолдап, ғаламдық, бірақ абстрактілі базалық тұлғаның ұғымынан бас тартты.

Модалды тұлға осы қоғамның үлкен мүшелерінде салыстырмалы түрде қатаң сақталған, жиі кездесетін тұлға белгілеріне сәйкес келеді.

3. Психологиялық антропологияның пәні мен мәселелері

«Мәдениет жән тұлға» мектебінің негізінде көптеген дүниежүзінде атақты зерттеушілер жұмыс істеді – Р.Бенедикт, К.Дюбуа, А.Инкелес, Р.Линтон, М.Мид. Қазіргі таңда психологиялық аспектісі бар мәдени антропологиялық зерттеулер облысы психологиялық антропология атауымен біріктіріледі.

Қытайдан шыққан американдық зерттеуші Ф.Хсю (Сюй Лангуан) этнопсихологияның этнологиялық бұтағын психологиялық антропология деп өзгертуді ұсынды.

Психологиялық антропологияның басты бағыттары болып мыналар қарастырылады:

  • балалар әлеуметтенуін зерттеу (балалық шақ этнографиясы);
  • ұлттық ерекшеліктерді зерттеу;
  • әртүрлі мәдениеттегі норма мен патологияны талдау.

Психологиялық антропологияның бағыттарын бұдан да ширақ классификациялауға тырысқандар бар. Бұлардың әжептәуір толық құрамын «Басты психологиялық мектептер және психологиялық антропологиядағы бағыттар» атымен американдық мәдени антрополог Ф.Бок ұсынды (см. Bock, 1988).

  • Бірінші мектеп – екі бағыттан тұратын психоаналитикалық антропология: а) ортодоксалды (Фрейд) және б) неофрейдистикалық (Фромм, Эриксон).
  • Екінші мектеп - өзіне төрт бағыт қосатын «Мәдениет жән тұлға»: а) мәдениет конфигурациясы (Бенедикт); б) базалық және модалды тұлға (Кардинер, Дюбуа, Линтон, Инкелес); в) ұлттық ерекшелік (Хсю, Горер); г) салыстырмалы-мәдени (Дж. И.Б. Уайтинги).
  • Үшінші мектеп – үш бағыт кіретін «Әлеуметтік құрылым және тұлға»: а) материалистикалық (Маркс, Энгельс, Бухарин); б) позитивистикалық (Вебер, Мертон); в) интеракционистикалық (Г.Мид).
  • Төртінші мектеп – когнитивтік антропология. Бұл жерде бок басқа, зерттеу объектісі бойынша бағытты бөлуді таңдайды: а) примитивті ойлауды зерттеу (Тайлор, Леви-Брюль, Боас, Леви-Строс); б) жас ерекшелік дамудың мәселелерін талдау (Пиаже, Коул); в) этносемантикалық зерттеу (Берлин, Кэй).

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных