Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Программалық жабдықтау




 

HTML-құжаттарды жасақтау және өңдеу үшін кезкелген қарапайым мәтіндік редактор жеткілікті, мысалы Блокнот. Көп дизайнерлердің ойы бойынша таза сілтемелер тілін қолмен жазған дұрыс. Бірақ көп уақытта қолмен жазған қолданылмайды. Себебі қолмен жазған автордан көп білімді және практикалық тәжірибені талап етеді.

 

Практикады әдетте Web-сайт жасау HTML редакторларды пайдаланады. Оларды екі топқа бөледі.

 

Бірінші үлкен топтың Web-сайт жасау программалары HTML-тілінің негізінде жұмыс істейді. Осындай программалар орта және үлкен сайттарды даярлау уақытын қысқартады және даярлау кезеңінің тиімділігін көтереді. Арнайы HTML-редакторлердің жұмысты жеңілділетін және тездететін қосымша мүмкіндіктері көп. Бұл топқа төменгі программалар кіреді:

 

HTML генератор 1.3 ;

Magic HTML Studio 2.0;

Macromedia Dreamweaver;

 

Екінші үлкен топқа WYSIWYG (ағылшын тілінен “what you see is what you get” - не көрсең соны аласың) редакторлері кіреді. Бұл программаларды тағыда визуалды редакторлар деп айтады.

 

Осындай программалар графикалық интерфеске ие. Бұл прораммалардың бастапқы махсаты дизайнерді HTML тегтерінен босату болған. Кәзірге замандағы визуалді HTML-редакторлар дизайнерді көптеген әрекеттерде басатады. Осындай артықшылықтарына қарамастан кемшілігі бар – олар таза HTML кодын жасамайды, оған артық және «фирменный» тегтерді қосады. Көріп отырсыздар, WYSIWYG редакторларды қолданы HTML тегтерін қолмен жазуды құтқармайды, демек, Web-сайттарын жасау үшін HTML тілінің кем дегенде негізін білу керек.

 

WYSIWYG программаларыдың тізімі:

Microsoft Front Page.

 

Қосымша

 

10-11 сынып оқушыларына информатика пәнінен кәсіби білім берудің авторлық бағдарламасы

 

«Интернет-технологиясы. WEB-дизайн негіздері»

 

Информатика кабинеті кеңесінде қаралды

«___» ________ 2005 жыл

 

Орындаған:

Математика және информатика мұғалімі Арзиев М. М.

 

Түсінік хат

 

Бұл бағдарлама «Интернет технологиясы WEB-дизайн негізі» тақырыбында 10-11 сынып оқушыларына кәсіби білім беруге негізделген.

 

Бағдарлама жалпы информатика және осы пәнмен байланысты орта білім берудегі басқа пәндердің де элементтерінен құрылған. Бағдарлама (екі жылдық оқу жүйесінде) 136 сағатқа топталған.

 

Бағдарламаны құру кезінде «Қазақстан Республикасы Білім беру стандарты» және информатика пәні бойынша нұсқау оқулықтары басшылыққа алынған.

 

Оқушыларға алғашқы кәсіби білім беруді көздеген бұл бағдарлама төмендегідей құрылымнан тұрады:

· Информатика пәнінен жалпы мазмұнды білім беру.

· Microsoft Windows бағдарламасымен жұмыс жүргізуде негізгі әдіс- тәсілдерді меңгеру.

· «Microsoft Office» пакетімен жұмыс істеуді меңгеру.

 

Бағдарламаның мақсаты: Оқушыларға дүниежүзілік ақпараттану әлемі туралы тұтастай түсінік беру және ақпарат алу жүйесін өзіндік ақпараттар жасау қабілеттерін ұштау.

 

Бағдарламаның негізгі міндеті:

 

· Информатика пәнін жүйелеп оқыту әдістерін қарастыру.

· Оқушылардың ақпарат алу, өңдеу жаңа ақпараттар жасау және сақтау туралы бірізді жүйелі танымын қалыптастыру.

· Интернеттің бай мәліметтерін қолдану кезіндегі нақты тәсілдерді көрсету.

· Жалпы орта білім беру жүйесіндегі басқа пәндермен логикалық тығыз байланыс орнату.

Бүгінгі заман талабында ақпараттар жүйесімен жұмыс істеу өз алдына жеке бір кәсіп ретінде талап етіліп отыр. «Интернет технологиясы. Web-дизайн негізі» бағдарламасының құрылымы жалпы информатика элементтерінен, Web-дизайн элементтерінен және электрондық оқулық негізінен тұрады.

 

Бұл бағдарламамен танысу кезінде оқушылар жаңа кәсіптік бағдармен, нақты айтқанда, оптикалық диск, сканерлер, модем, «Блокнот» мәтіндік редакторы, HTML, FrontPage құжаттарымен және Photoshop, Paint, Macromedia Flash сияқты графикалық редакторларымен жұмыс істеуді меңгереді.

Болашақ мамандардың кәсіби білім алуының әр басқышында дүниежүзілік ақпараттану жүйесінде мақсатты жұмыс жүргізуі үшін осы бағдарламаны құру қажеттілігі туып отыр. Бұл бағдарламаны оқыту барысында мультимедиялық технология элементтерін қолдану көзделіп отыр.

Бағдарламаның бір бөлігі теориялық білім беруге негізделген Интернет мәліметтерін қолдану сабақтары online кестесіне сәйкес жүргізілуі тиіс.

Интернетке қосылу сақталмаған жағдайда online кестесінің алдын-ала дайындаған ақпараттық мәліметтерін қолдануға болады.

Оқушылардың жаңа материалды меңгеру дағдыларын бақылау ауызша немесе жазбаша сұрау және өздік практикалық тапсырмалар негізінде алынуы тиіс.

Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білім мен білік дағдыларын жазбаша бақылау алу әдісімен тексеруге болады.

Бұл бағдарламаны толық оқып, меңгерген оқушылар Интернетке қосылу жүйесін толық білуі және өздері сабақта жоспарлап құрған WEB-саитты қолданулары тиіс.

Нақты білім алу және алған білімдерін практикада қолдану барысында оқушылардың назары еңбек қауіпсіздігіне, техника қауіпсіздігіне аударылуы тиіс және жеке бас гигиенасына көңіл бөлгені шарт.

 




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных