Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақша тұңғыш комментарий жүргізген қазақтың есімі таяуда белгілі болып қалар

РАБАТ ЖӘНІБЕКОВ: ҚАЗАҚША ТҰҢҒЫШ КОММЕНТАРИЙ ЖҮРГІЗГЕН ҚАЗАҚТЫҢ ЕСІМІ ТАЯУДА БЕЛГІЛІ БОЛЫП ҚАЛАР

Март 28th, 2015 Ермухамед

Рабат ЖӘНІБЕКОВ, комментатор:

азақша тұңғыш комментарий жүргізген қазақтың есімі таяуда белгілі болып қалар

Қазақтан шыққан алғашқы комментаторлардың бірі Рабат Жәнібеков 70-ке толды. Саналы ғұмырын қазақ спортына, оның 32 жылын тек комментаторлыққа арнап, талай спорттық оқиғаның куәгері болған Рәкең біздің газет тілшісімен емен-жарқын әңгімелесті.

Рабат аға, бүгінде зейнеттесіз, бірақ қол қусырып қарап отырмайтын буыннансыз. Үйдесіз бе, әлде қалам мен микрофоннан қол босамай жүр ме?

– 1968 жылдан 2003 жылға дейін қазақ телевизиясында қызмет еттім. Денсаулығым нашарлаған соң, телеарнадан, комментаторлықтан кеттім. Сол жылдан бастап Дәулет Тұрлыханов басқарған спорт агенттігінің баспасөз орталығын басқарғанмын. Кейін олар Астанаға көшіп, мен осында қалдым. Алматы қалалық спорт басқармасында, Білім министрлігі жанындағы дене тәрбиесі ғылыми-практикалық орталығында біраз еңбек еткенім бар. Он жыл бойы спорт академиясында комментаторлар мектебін ашып, бар білгенімді үйреттім. Телеарнадан кетсем де, тәжірибеммен бөлісейін деген ниет қой менікі. Үш-төрт кітап шығардым. Оның біреуі «Спорт журналистикасын оқытудың әдістемесі» деп аталады.

Сіздің комментаторлыққа қалай келгеніңіз қызықтырады бізді. Естуімше, бірнеше спорт түрін меңгерсеңіз де, телевизиядағы қызметіңізді балалар хабарынан бастапсыз…

– Ол рас. Әскерден оралып, ҚазМУ-ді мерзімінен екі жыл кеш бітірдім. Алғаш телеарнаға келгенімде, мені ақпарат бөліміне жіберді. Ал үш айдан соң балалар мен жастар бағдарламаларын дайындайтын «Құрдастар» бірлестігіне ауыстырды. Былтырға дейін эфирден түспеген «Айгөлек» балалар хабарын ең алғаш бастаған мен едім. Атын қойған да өзім. Бірақ 1973 жылы мені директор шақырып алды да, әскери-патриоттық және спорт хабарлары бөліміне ауыстыратынын, қазақ редакциясының басшысы болатынымды айтты. Ол кезде спорт редакциясы деп ауыз толтырып айтатындай ұжым болған жоқ. Владимир Толчинский спорттан репортаж жүргізетін. Өзі футболдан бүкілодақтық дәрежедегі төреші. Соңғы ақпараттарға Сұлтанғали Қаратаев жауапты болған екен. Алайда «Ара» журналына ол туралы фельетон шығып, қызметінен шеттетілген. Менің әскер қатарында болғаныма, бірнеше спорт түрінен разрядым барына мән беріпті басшылық. Сонымен, Толчинский орысша, мен қазақша жүргізе бастадық. Шынымды айтайын, алғаш рет репортаж жүргізерде қатты қобалжыдым. Менің мазасызданғанымды көрген Толчинский өзінің орысша сөздерін қазақшаға аударып, қайталай бер деп ақыл берген болды. Біреудің айтқанын қайталап отырсам, көрерменнен ұят емес пе?! Не де болса тәуекел деп, Мәскеудің «Торпедосы» мен «Қайрат» арасындағы кездесуді қалтырап-дірілдеп отырып жүргізіп шықтым. Қуанышқа қарай, көркемдік кеңес мені қатты сынаған жоқ. Лездемеде кемшіліктерім барын, бірақ әрі қарай ысылып кететінімді айтып, мүмкіндік берді. Міне, осылайша микрофон алдында 32 жыл отырдым.

Қазақ комментаторларының көш басында Өмірзақ Жолымбетов, Сұлтанғали Қаратаев, Жақсылық Темірбеков және сіз секілді азаматтар тұрды. Кейін Қынабай Аралбаев, Мейрам Жанәділов, олардың ізін ала Төлеген Жұмабеков, Амангелді Сейітхандар келді. Бүгінгі буынды Есей Жеңісұлы бастап тұр. Осы үш топқа жеке-жеке баға бере аласыз ба?

– Қазіргі жастарды айтпас бұрын, өз замандастарыма тоқталғым келіп тұр. 1975 жылы радио мен телеарнадағы спорт бағдарламаларын қосып жіберді де, радиодан бізге Жақсылық Темірбеков, Өмірзақ Жолымбетов, Диас Омаров, Петр Дорожинскийлер келді. Маған бөлім бастығының орынбасары не комментатор бол дегенде, соңғысын таңдадым. 1973 жылдан бастап репортаж жүргізуге араласа бастағанмын. Негізі, Толчинский басында ешкімге тізгінді бермеген. «Қазақтардың барлығы орысша түсінеді, сондықтан, қазақшаның не қажеті бар?» дегенде, оған қарсы шыққан Сұлтанғали Қаратаев:«Алыс ауылда қой бағып жүрген қазақ орыс тіліндегі репортажды қалай түсінеді, бұлай болмайды» деп, қазақша репортаждың беріле бастауына себепкер болды. Ал 1986 жылы мен спорт бөліміне бас редактор болғанымда, Темірбековке көп репортаж берген жоқпын. Өйткені тілі жұтаңдау еді. Ал Өмірзақ Жолымбетовтің тіл байлығына айтар әңгімем жоқ. Қазақтың әдемі тіркестерін тауып алып, сөздің майын тамызатын. Бірақ телеарна мен радио бөлінген кезде, ол қайтадан радиосына кетіп қалды. Бізден кейінгі буыннан Қынабай Аралбаевты бөле-жара айтқым келеді. Оның сөз саптауы ерекше болатын. Түрлі терминдер ойлап табушы еді. Ол кезде барлығы да қазіргідей интернеттен оңай табылмайды. Қынабай матчқа дайындалып, талай уақытын ұлттық кітапханада өткізетін. Марқұм аяқ астынан 1991 жылы көз жұмды. Содан соң Төлеген Жұмабеков келді. Ол бізде көп тұрақтаған жоқ, басқа арнаға ауысты. Бірақ ебі бардың біреуі сол Төлеген еді. Мейрам Жанәділов туралы не айтсам болады?! Оны екі рет жұмысқа алдым. Кішкене жалқаулығы болды. Репортажды оған көп сеніп тапсыра алмадым.

Бірде «Спорт» газетін оқып отырсам, Амангелді Сейітхан деген жігіт бұрқыратып жазып жүр екен. Жазғандары көңілімнен шықты. Сөз саптауы, тіпті, керемет. Кейін оны автобуста көріп қалмасым бар ма… «Балам, бізге кел!» дедім. «Аға, мені кім алады дейсің?» дейді. «Мен аламын, келе бер бізге» деп, комментаторлық қызметке шақырдым. Ол жақсы жүргізетін. Бір кемшілігі – сөйлемнің соңындағы сөзді басына шығарып айтады үнемі. Оны мен түсінемін, әріптестері түсінеді. Бірақ көрерменнің бәрі бірдей ұға бермеуі мүмкін ғой. Кейін Амангелді де «Хабарға» ауысып кетті. Комментатор ретінде Қынабай мен Амангелдіге көңілім толатын. Ал Есей Жеңісұлы басқа салаға кетпегенде, нағыз мықты атанушы еді (бас бармағын көрсетіп, біраз тамсанды). Оны тыңдаудың өзі бір ғанибет. Коммантатордың көкесі ғой! Ал қазіргі жастардан Ермұхамед Мәулен көңілімнен шығып жүр.

Сұлтанғали Қаратаевты бәріміз қазақ комментаторларының көшбасшысы дейміз. Бірақ сіз бір сұхбатыңызда «бұл – Сұлтанғали Қаратаев екеуміздің арамыздағы шешілмеген мәселе» деп, бір әңгіменің шетін шығарыпсыз. Сіздіңше, қазақтың алғашқы комментаторы кім?

– Қаратаевтың бұл ісі енді ұят. Қаратаевқа тұңғыш комментатор деген атақты кім бергенін білмеймін. Ол радиоға 1964 жылы келіп, небәрі он шақты репортаж жүргізген. Ал қазақтан шыққан ең алғашқы комментатордың есімі әлі белгісіз. Негізі, 1958-1965 жылдар арасында радиодан Абай Шәріпов есімді азамат орыс тілінде хабар таратыпты. Ал 1958 жылдан бастап бір қазақ жүргізген. Оның есімін білмей жүрмін. Жақында радиоға қоңырау шалып, «Алтын қордан» сол кісінің аты-жөнін тауып беруді сұрадым. Олар іздестіріп жатыр.

1960-1969 жылдарға дейін Совет Мазғұтов репортаж жүргізгенін қазіргі жастар біле бермейтін шығар. Сәбеңді студент кезімде көп тыңдаушы едім радиодан. Ол – Юрий Гагарин ғарышқа ұшып, Қазақстанға қонған кезде ең алғаш сұхбат алған қазақ. Үлкен лауазымды қызметтер атқарған. Басшылық оған «қазақ тіліне өте шеберсің, тіл байлығың зор» деп комментатор болуға қолқа салыпты. Қазақтың әдемі сөздерін тауып алушы еді. «Косенков допты кеудесіне қыса қойды» дегені қандай жылы!

Бұл мәселеге нүкте қояр болсам, қазақтың алғашқы комментаторы деп Абай Шәріповты айтуға болады. Алайда ол орыс тілінде жүргізген. Қазақша жүргізген адамның аты да жақында табылып қалар деген үмітім бар.

Азіргі жас комментаторлардың сөздік қоры аз, тілі – жұтаң» деп жатады. Жастарға үлгі болатындай тәжірибеңіз бар. Өзіңіз жас кезде кімнен үйрендіңіз, комментатор болуға не себеп?

– Бұл жерде мен орыс және қазақ тіліндегі репортажды салыстыруға келмейтінін айтқым келеді. Мәселен, «великолепный гол» дегенді біздің Диас Омаров айтады, Армениядағы Бабаян айтады, Котэ Махарадзе айтады. Ал қазақ тілінде «Керемет гол» деген сөздің өзі соғылған допты сипаттау үшін аздық етеді. Осындайда, «Теңбіл доп торда тулап жатыр» деген сыңайлы әдемі тіркестерді қолданса ғой. Шыны керек, бізге үйрететін ешкім болмады. Орысша Диас жүргізеді, қазақ тілінде Өмірзақ екеуміз ауысып отырамыз. Тыңдайтынымыз – Мәскеу. Солардан аздап үйренгендей боламыз. Маған әр репортажымнан соң Тұмағаң, Тұманбай Молдағалиев пікір айтатын. «Рабат, сен мына сөзді қолданба. Ендігіде былай деп айт» деп жол сілтеп отырушы еді. Камал Қармысов деген Халық әртісін де стадионнан көп көретінбіз. Ол да спортқа ерекше құмар болды. Ал Нұрғиса Тілендиевтің спортқа қалай жаны күйетінін көрсеңіз ғой!!! Футбол мен хоккейден қалмайтын. Жарыс біткен соң ол да өз ойын айтып, маған бағыт беріп отырды. «Қазақтың Левитаны» Әнуар Байжанбаевтан да үйренгенім көп. Мені тәрбиелеп шыққан адам – ол Сафуан Шаймерденов. Тіл жағынан сол кісілерге қарыздармын.

Сіз «Мәскеуді тыңдадық, ресейлік комментаторлардан үлгі алдық» деп айттыңыз. Расында, Ресейде комментаторлар мектебі қалыптасқан еді ғой…

– Ресейдегі комментаторлық мектептен үйренгеніміз көп. Әйтсе де, көптеген термин тұрғысынан біз өз жолымызды салуға тырыстық. Осы орайда, бір оқиға есіме түсіп тұр. 1984 жылы Мәскеуде комментаторлардың бүкілодақтық жиыны өтті. Сол кезде комментаторлардың серкесі саналатын Евгений Майоров, Владимир Маслаченко, Николай Озеровтардың бәрі отырды. Жиынды басқарып отырған Озеров басқосудың төртінші күні қазақстандық комментаторларға арналатынын айтты. Сол кезде мен қасымдағы Диасқа қолқа салып, акцент мәселесін көтеруді өтіндім. Өйткені бір рет Диас Омаров ауырып қалғанда, менің орысша жүргізгенім бар. Содан соң телефонға тыныштық болмай, «қазақ неліктен орысшаны акцентпен сөйлейді?» деген қоңыраулар түскен болатын. Ал одаққа әйгілі грузин комментаторы Котэ Махарадзенің қандай акцентпен сөйлейтінін, қызым, сен естіген жоқсың. Тіпті, УЕФА деген сөзді айта алмай, УФА дейтін (күлді). Осы мәселені қозғаймын деген Диас сөз кезегі келгенде бас тартты. Содан мен орнымнан тұрдым да, бастап кеп жібердім. «Одақта орысшаны акцентсіз сөйлейтін қазақтар мен латыштар деген сөз бар. Мұнымен келіспеймін. Мен акцентпен сөйлегенде редакцияға қоңырау көп түсті. Ал Котэ Махарадзе одақ көлемінде ерекше акцентпен сөйлесе де, ешкім ештеңе демейді» дегенімде, бәрі ду күлді. Сонда Озеровтің «Оның әрекеті кешірімді, өйткені, ол орыс емес қой» дегені бар.

Комментаторлардың оң жамбасына келмей жүрген спорт терминдері көп. Өзіңіз де, Сұлтанғали Қаратаев та терминдерді теріп, теңгеріп пайдалану бойынша тер сіңірдіңіздер. Жалпы, біз спорт терминдерін дұрыс қолданып жүрміз бе?

– Термин мәселесі әлі түгелдей шешілген жоқ. Кезінде гол соғылғанда «қақырата қатты соқты» деп айтатынмын. Менікөргенде «Қақырата қатты соғылған гол келе жатыр» деп күлетін. Өйткені Пехлеванидидің соққысы расында қатты еді ғой. «Вне игры» деген сөзді «ойыннан тыс» деп жүрміз. Бірақ «доптан бұрын шығып кетті» деген жақсырақ сияқты көрінеді. Біздің кезімізде термин деген болмады ғой. Бәрін өзіміз ойлап тауып, жоқтан бар жасадық.

Кейбір жас комментаторларымыз орынды сын айтылғанда, кемшілігін мойындаудың орнына «мықты болса, өзі репортаж жүргізіп көрсін» деп өкпелейтін болып жүр. Сіз сынға қалай қараушы едіңіз?

– Біздің кезімізде де «өте нашар жүргіздіңдер» деген әңгіме болды. Алайда сынға жақсы қарадым. Менің нақты қателерімді көрсетіп, ескерткен адамның пікірін аяқ асты қалдырған емепін. Бәрінен қорытынды жасап жүрдім.

Кезінде бір жас комментатор «Мені сынайтын бірнеше адам бар. Сол кісілердің сынына құлақ асамын. Қалғаны мен үшін маңызды емес. Көшеде үрген әр итке жауап бермеймін» депті. Бұл пікірге қатысты не айтар едіңіз?

– Айналайын-ау, жанкүйерді итке теңеген деген не сұмдық?! Керек десеңіз, жанкүйер комментатордан он есе білімді. Комментаторға баға беретін, оның қызметін бағалайтын да тап сол халық, жанкүйер.

Күрестен өткен бір жарыста Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков қосымша комментарий жасап отырды. Қандай тамаша, даусы, дикциясы, сөйлеу мәнері, тіпті, таза қазақи сөз саптасы көрерменді бірден баурап алды. Осы спортшыларды өз саласына қарай бұрып, аздап дайындап, баптап дегендей комментатор жасаса қалай болар еді?

– Бұл дәстүр ресейліктерде жақсы сақталған. Спорттық мансабын аяқтаған атақты спортшылардың кейін комментаторлыққа бет бұрғанын көп байқаймын. Біріншіден, әлгі адам өз спортының қыр-сырын өте жақсы біледі. Екіншіден, көрермен үшін де сүйікті спортшыларының жүргізгені ұнайды. Сондықтан мен мұндай дәстүрді қолдаймын. Кезінде Болат Жұмаділов комментатор боламын деп жүр еді… Көрінбеді ғой… Жалпы, өз басым комментатордың позициясы болуы керек деп ойлаймын. Әйтпесе, ойынның 5:3 есебімен аяқталғанын көрерменнің өзі де көріп отыр. Ал соның себебін әдемілеп жеткізе білген адам, міне, нағыз комментатор.

Қазақтың белгілі спорт комментаторы, өзіңіз шәкіртім деп жүрген Амангелді Сейітхан «біз елімізде комментаторлық мектеп қалыптасқан, өзіндік дәстүрі бар» деп айта алмаймыз. Өйткені бізде комментаторлық мектеп о бастан-ақ керемет деңгейде болған жоқ. Мәселен, мен спорт жүргізуге өзім келдім. Өзімді көп кітап оқи жүріп шыңдадым. Өйткені ол тұста маған жөн сілтейтін жан болған жоқ. Әрине, Диас Омаров, Рабат Жәнібеков, Қынабай Аралбаев, Қайрат Жантикин сынды майталмандар болды. Бірақ олардан тәлім алған шәкірттер жоқ. Бұл – мектептің қалыптаспағандығынан» депті бір сауалнамада. Осы пікірге алып-қосарыңыз бар ма?

– Осы әңгімені естігеніме көп болды. Амангелдіні әлі кездестіре алмай жүрмін. Оның бұл әңгімесіне қарағанда, 32 жыл бойғы Диас екеуміздің еңбегіміз құр далбаса сияқты. Ол қалай комментатор болды?! Амангелдіні қызметке шақырған өзім. Отыз жыл еңбек етіп, отыз бірінші жылы Сейітханов секілді талантты жігітті көзім шалды. Ең болмаса, бізбен бірге еңбек еткенін ұмытпау керек еді ғой. Мектеп болған жоқ деп, мына біз айтсақ болады. Диас Омаровтай-ақ болып алсын комментатордың бәрі… Мен кезінде Амангелдіге 3-4 жыл бойы футбол жүргіздірмеп едім. Мүмкін, соған өкпелі шығар. Бірақ мен ол әбден пісіп-жетілген кезде футболдың да тізгінін бергенмін.

Біреулер «Комментаторлар мектебі керек» деп жүр соңғы кездері. «Спорт комментаторларын дайындамайды, олар тек жүректің қалауымен келеді» дейді Төлеген Жұмабеков деген ініңіз. Осы пікірге қалай қарайсыз?

– Комментаторлар мектебі керек деп соңына дейін жүгірген бір адам болса, ол – мен. 2003 жылдан бері еліміздегі жоғары оқу орындарының табалдырығын тоздырдым. Алдымен АГУ-ге бардым. Ол жақтың ректоры ақша жоқ деп шығарып салды. ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтановқа қанша рет хат жаздым, жауап келген жоқ. Сондықтан екі-үш жылдықта журналистика факультетінің деканы Есберген Алауханға барғанмын. Ол да уәде беруден әріге аспады. Содан Қазақтың спорт және туризм академиясының ректоры Қайрат Закирьяновқа айтқанмын. Қолдауын қолдады. Қаржы жағынан қысым көрсек те, балаларға білгенімді үйретейін деп тоқтаған жоқпын. Алайда «не техника жоқ,не құрал жоқ. Құр лекция оқи бергеннен не шығады? Ең болмаса, бір камера алып берші» деп талай айттым. Аяқсыз қалды. Соған қарамай, Орталық стадионның комментаторлар отыратын кабинасын сұрап алып, студенттерді апарып жүрдім. 31-арнаға да бірнеше рет алып бардым балаларды. Бірақ мұның бәрі ақылы. Оған қаржым жетпейді ғой менің. Ақыры іс өнбегесін, осылай қалдырдым жайына.

Қазір телевидениеге шақырып, «репортаж жүргізіп беріңіз» десе, келісер ме едіңіз? Әлде комментаторлықпен осылай «әдемі» қоштасқыңыз келе ме?

– Бұл дәстүр тағы да сол Ресейде жақсы сақталған. Ардагер комментаторларды ұмытпайды онда. Әлі күнге дейін мәнерлеп сырғанауды, басқа да спорт жарыстарын жүргізетін замандастарым бар. Өкінішке қарай, мені көп шақыра бермейді. Әйтпесе, маман ретінде пікір айтудан мен қашпаймын ғой…

Әңгімеңізге рахмет!

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Графічні об'єкти на web-сторінці | ЧАСТЬ I. Трансцендентная биология природы некоторые органические детали


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных