ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ТЕМІР ЖОЛ ТЕЛІМІНДЕ ТАЛШЫҚТЫ-ОПТИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫС ЖОЛДАРЫН ЖОБАЛАУКІРІСПЕ
Қазақстанның магистральды бірінші байланыс желілірінің қазіргі уақыттағы дамысы кабельді, радиорелелік және ғарыштық байланыс жүйелерін қолдануға негізделіп отыр. Атмосфералық әсерлерден және әртүрлі кедергілерден жоғары қорғалған байланыс каналды кабельді байланыс желілері, республиканың ең негізгі байланыс желілері болып саналады; кабельді желімен барлық ақпараттың 75% таратылады. ТОБЖ техналогиясын қолдана отырып магистральді желіде қала аралық, сонымен қатар транзиттік халықаралық қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызмет сапасы осыған дейін қолданып келген SDH технологиясынан әлде қайда жоғары болып келеді. Тұтынушылар сұранысын қанағаттандырарлықтай қызмет түрлерін көрсетеді. Және сапаны бағалау үшін келесі басты көрсеткіштерді қолдану керек: мәліметі жеткізу және дыбысты тарату сапалылығы. Байланыс саласын дамытудың соңғы кезеңінде сипаты жағынан байланыс жүйесінің барлық дәстүрлі кабельдерінен артық түсетін оптикалық кабельдер (ОК) және талшықты-оптикалық байланыс жүйелері (ТОБЖ) кеңінен тарады. Талшықты-оптикалық кабель бойынша байланыс ғылыми-техникалық прогресстің басты бағыттарының бірі болып табылады. Оптикалық жүйелер мен кабельдер тек қалалық және қалааралық телефон байланысын ұйымдастыру үшін ғана емес, сондай-ақ, бейнетелефондандыру, радиохабарламалар, есептік техника, технологиялық байланыс және т.б. үшін де қолданылады. Талшықты-оптикалық байланысты қолданғанда, спутниктік байланыс және радиорелейлік байланыс желілері сияқты кең тараған байланыстармен салыстырғанда берілетін ақпарат көлемі бір дегеннен арта түсті. Бұл байланыстың талшықты-оптикалық жүйесінің өткізу жолағының кеңдігімен түсіндіріледі. Кез келген байланыс жүйесі үшін төменде келтірілетін үш фактор маңызды рөлге ие: - ақпарат арналары қатарында көрсетілген жүйенің ақпараттық сыйымдылығы немесе секундына бит түрінде берілген ақпаратты беру жылдамдығы; - регенерация аймағының максималды ұзындығын анықтайтын өшу көрсеткіші; - қоршаған орта ықпалдарына тұрақтылық. Жіберілетін ақпараттың көлемі кенет көтірілген жағдайда ғарыштық байланыс және радиорелелік байланыстары сияқты кең таралған байланыс жолдарымен салыстырғанда талшықты-оптикалық кабельді байланысты қолдану нәтижесінде, өткізудегі кең жолақтылығы едәуір жоғары болып, толық қол жетімділікке мүмкіндік береді. Оптикалық кабельді қолдану өзарабайланған байланыс желісінің барлық аудандарында экономикалық эффективті және мақсатқа сай болады. Бұл тек жіберу жүйесінде техникалық-экономикалық көрсеткішті едәуір жоғарлатып қана қоймай, сонымен қатар цифрлық желіге кезең-кезеңімен өткізуге мүмкіндік беріп интегральды қызмет көрсетуді (ISDN желісі) қамтамасыз етеді. Әсіресе қазіргі кездегі бүкіл әлемде өңді металдың тапшылығы кезінде, әсіресе мыстың, ТОБЖ- ны дәл қазір енгізу өте көкейкесті мәселеге айналып отыр. Берілген курстық жұмыстың мақсаты темір жол телімінде талшықты-оптикалық байланыс жолдарын жобалау, ал объектісі талшықты-оптикалық кабель болып табылады. Бірінші тапсырманы шешу үшін берілген жұмыстың келесі этаптарын орындау қажет: · Талшықты - оптикалық тарату жүйелерін таңдау; · Оптикалық байланыс кабелін таңдау; · ОЗКГ-1-1,0-4/4 кабелінің сипаттамасы. Екінші тапсырманы шешу үшін берілген жұмыстың келесі этаптарын орындау қажет: · Жарық өткізгіштің сандық апертурасының есебі; · Жарық өткізгіштің өшулік есебі; · Жарық өткізгіштің дисперсия есебі. Үшінші тапсырманы шешу үшін берілген жұмыстың келесі этаптарын орындау қажет: · Өшулік пен дисперсия есебі негізінде регенерациялық телім ұзындығын анықтау. Төртінші тапсырманы шешу үшін берілген жұмыстың келесі этаптарын орындау қажет: · Бөлімшелік тізбек байланыстарын ұйымдастыру. Бесінші тапсырманы шешу үшін берілген жұмыстың келесі этаптарын орындау қажет: · ТОБЖ оптикалық сипаттамасын өлшеу құралдары мен әдістері; · ТОБЖ қабылдау - өткізу өлшемдері; · Оптикалық тестермен өшулікті өлшеу; · ТОБЖ параметрлерін рефлектометрлік әдіспен өлшеу.
ТЕМІР ЖОЛ ТЕЛІМІНДЕ ТАЛШЫҚТЫ-ОПТИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫС ЖОЛДАРЫН ЖОБАЛАУ
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|