Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Инвестициялық климат пен тәуекелдер




Бұл бөлімде инвестициялық климаттың жеке басты факторларына баға беріп, олардың даму үрдістерін жақсару немесе нашарлау жағдайында қарастыру қажет.

Жобаның сәтті жүзеге асырылуымен байланысты тәуекел факторларын бағалау қажет. Бизнес-жоспарда (ең болмаса ұлғайтылған) тәуекелдердің талдауы және оларды төмендетудің амалдарының барлығы осындай жобалардың пайдасына есептеліп, инвесторлардың қызығушылығын арттырады.

Бизнес-жоспарды дайындау барысында келесі тәуекелдерді қарастыру жөн:

1. Технологи ялық тәуекел.

o Технологияның пайдаланылғандығы, жабдықтардың бар болуы, жөнділігі, жөндеуге жарамдығы; қосалқы бөлшектердің барлығы, қосымша жабдықтардың болуы;

o Қызмет көрсетуші қызметкерлерді даярлау, жобамен қамтылған жағдайда кадрлық құрамның импорттық жабдықты қабылдау қабілеті; персоналды оқыту жоспарда бар ма, монтажға шетелдік мамандардың қатысуы;

o Егер технология өндірісте игеріліп жатса – оның тұрақты және сенімділігіне сенім неге негізделеді;

o Ұқсас түпкілікті тауарға ауысқан жағдайда технологиялық диверсификациялау мүмкіндігі.

· Ұйымдық және басқарушылық тәуекел.

o жұмысты орындаудың жоспар-кестесіның барлығы және оны орындаудың кепілдігі; барлық қатысушылардың жоспар-кестесін нақты орындауға қызығушылығының болуы;

o ұйымдық олқылықтарды қайталау мүмкіндігі;

o мамандандырылған басқарушы қызметкерлердің болуы (менеджерлерді сертификаттау);

o жергілікті администрациямен қарым-қатынастар (оның жобаға қатысуға қызығушылығын көрсететін дәлелдерді келтіру өте маңызды);

o шешімі жергілікті администрациямен қарым-қатынастарға тәуелді сұрақтарды көрсету.

2. Шикізатпен қамтамасыз ету тәуекелі.

o басты шикізатты жеткізушілер туралы ақпаратты талдау: шикізат қорын қамтамасыз ету мүмкіндігі;

o басқа шикізатқа көшу мүмкіндігі;

o шикізаттыкірістік бақылауды ұйымдастыру мүмкіндігі.

3. Қаржылық тәуекел.

o қазіргі қаржылық жағдай (тұрақты, қанағаттандырарлық, тұрақсыз);

o несиені өтеу көздері;

o жобаға қатысушылардың төлемеу мүмкіндігі.

4. Кепілзат пен кепілдіктер бойынша тәуекелдер.

o кепілзаттың бар болуы, несиені өтеудің кепілдігі;

o кепілзаттың өтімділігі (бағалы қағаздардың өтімділік дәрежесі) және материалдық кепілзаттарды тиімді пайдалану мүмкіндігі (жабдықтар, тауар, жылжымайтын мүлік).

5. Экономи калық тәуекелдер.

o құнсыздану, өзара төлемеушілік сияқты мәселелердің шиеленісуіне әкелетін елдегі экономикалық жағдай нашарлаған болса, заңды тұлғаның экономикалық жағдайының тұрақтылығы;

o шикізат, көлік, энерготасымалдаушы бағалары мен тарифтердің өсу мүмкіндігін бағалау, олардың дайын өнім құнына әсер етуін бағалау;

o возможность снижения платежеспособного спроса на продукцию в районе ее реализации и его влияние на общий баланс товарно - денежных активов юридического лица; наличие запасных рынков сбыта.

6. Салы климатымен байланысты тәуекелдер. Ықтимал салық заңнамасының қатаюы заңды тұлғаның қаржылық жағдайын қанша нашарлатуы мүмкін.

7. Экологиялық тәуекелдер, қалдықтардың қоршаған ортаға жоспарланбаған шығарылуы үшін мүмкін айыппұл шаралары, олардың заңды тұлғаның экономичкалық жағдайына әсері.

8. Сақтандыру өтемін алмау тәуекелі.

· Сақтандырудың болуы, сақтандыру шарттарының жіті қарастырылуы.

8. Ұйымдық жоспар (басқару және кадрлар)

Бұл бөлімде келесі аспектілер қарастырылуы керек:

· жаңадан жасалған заңды тұлғаның меншік нысаны (серіктестіктер бойынша жасалу және серіктестік шарттары көрсетіледі, АҚ бойынша басты (жарғы капиталының 5 % жоғарысына ие) акционерлер мен олардың үлесі көрсетіледі); егер бұл ашық АҚ болса, онда қанша акция шығарылды және қанша шығарылатынын көрсету керек;

· директорлар кеңесінің мүшелері, олардың телефондары, кәсіби мамандықтары, қызмет туралы тізімі, осы саладағы жұмыс тәжірибесі көрсетілген қысқаша биографиялық анықтамалар;

· басшылық құрам мүшелерінің арасында міндеттерді бөлісу, кім қаржылық құжаттарға қол қою құқығына ие.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных