Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Интернеттiң негiзгi қосымшалары




E-mail (Electronic Mail) -электрондық почта. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Ол арнайы почта программалары көмегімен жүзеге асырылады, мысал ретінде, Outlook Express программасын атауға болады. Оның көмегімен сіз санаулы минуттар ішінде хабарды жеткізе аласыз. Ол үшін клавиатурада тиісті хабар мәтінін теріп, белгілі электрондық адреске жіберсеңіз болғаны. Осынау тәсілдеме арқылы достарыңызбен, әріптестеріңізбен араласуға болады.

E-mail адрестік құрылымы:

есім@ мекеме.домен

Мысалы:

common@pushkinlibrary.kz

dina_m@mail.kz

Usenet — бір-бірімен жањалыќтар алмасып отыратын бейкоммерциялыќ, бейформалдыќ, дєлірек айтќанда анархиялыќ ж‰йелер тобы. Белгілі бір серверде кездеседі.

Usenet – тегі жањалыќтар тобы – д‰ние ж‰зіндегі адамдардыњ пікірлесетін, яѓни аќпарат алмасуына арналѓан электрондыќ пікірталас топтары.М±ндай жањалыќ топтарында белгілі бір таќырыпќа арналѓан кµптеген маќалаларды оќуѓа болады, олар єрт‰рлі таќырыптарды талќылауѓа да арналады. Usenet-тегі жањалыќтар ретінде оќыѓан маќалањызѓа жауап беруге жєне µз ойларыњызды маќала ретінде жариялауѓа болады(таќырыптар т‰рлі)

FTP (File Transfer Protocol) — Файлдарды жіберу протоколы– б±л кµбінде ‰лкен кµлемдегі файлдарды жіберу кезінде ќолданылатын Интернттіњ ќосымшасы. FTP кµмегімен кез келген файлдарды жіберуге жєне ќабылдауѓа болады.

Чат (IRC –Internet Real Chat) –Интернеттіњ таѓы да бір ќосымшасы,желіде наќтылы уаќытта интерактивті с±хбаттасу. Єњгімелесушілер бір-бірімен µз компьютерлеріндегі клавиатурада сµздерді теріп жібереді жєне ол сµздер бірнеше секундтардан кейін с±хбаттасушыларѓа монитордан кµрінеді, осындай тєсілмен єњгімелесулеріне болады.

World Wide Web (WWW немесе Web) — гипермәтіндік құжат

Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді.

Web- тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кітапхана деуге болады.Бір тораптық компьютерде орналасқан мәліметтер Web кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестетеді.Бұл беттердегі мәліметтер дүниенің кез келген нүктесінде орналаса береді.Солар арқылы жер шарындағы барлық серверлік компьютерлердегі ақпараттар көз алдыңызда орналасады, мұнда қашықтағы-қымбат, жақындағы-арзан деген ұғым жоқ, олардың бағасы тек мәліметтің көлеміне немесе сіздің байланысып отырған уақытыңыздың ұзақтығына байланысты.

Түйінді компьютерлердегі мәліметтің бірінші беті кітаптың мазмұны тәрізді, әрбір беттің URL (Universal Resorse Locator) форматында берілген өзіндік адресі болады.Ол беттердегі мәліметті оқу «көру жабдықтары» деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады.

Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Internet – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.
Internet сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді (INTERnational NETwork). Internet – бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемі тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Internet ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көпетеген мүмкіндіктер ұсынады.

Internet-тегі ақпарат веб-сайттар түрінде ұсынылады. Веб-сайт (сайт, интернет қор көзі, портал) – ортақ тақырыппен, навигациямен, ортақ URL-мекенжайымен біріктірілген, өзара еренсілтемелер көмегімен байланысып, бір серверде орналасқан веб-беттері жиынтығы. Әрбір веб-сайттың өзінің бірегей мекен жайы – URL (ағылш. Uniform Resource Locator) бар, оны желіден осы мекенжай бойынша тауып алуға болады. Веб-сайтқа арналған URL-дің көрінісі мынадай болады: http://www.атауы.үйшік. Веб-сайттың атауы оны сәйкестендіру үшін пайдаланылады (мысалы, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ресми сайтының мекен жайы – http://www.akorda.kz, ал ҚР Үкіметі сайтының мекенжайы – http://www.government.kz.). Үйшік Internet желісінің ірі бөлігін белгілейді, ол мемлекетті (.kz – Қазақстан,.ru – Ресей,.ua – Украина,.uk – Ұлыбритания,.fr – Франция және т.б.) немесе қызмет саласын (.com – коммерциялық ұйымдар,.org – коммерциялық емес ұйымдар үшін,.edu – білім беру қор көздеріне арналған, т.с.с.) білдіреді. Желі қатысушыларының ортақ пайдалануы үшін бөлінген компьютер сервер деп аталады

INTERNET-тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді дс түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.
lNTERNET-пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді INTERNET -ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:

— косылып түратын тікелей байланыстар (кіру жолдары);
— тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары);
— почталық байланыстар.Бұл атаулар әзірге түсініксіз шығар, енді олардың ерекшеліктерін карастырайық.Тұрақты қосылып тұратын байланыс — мұнда жеке компьютер тікелей TCP/IP желісіне қосылған (Transmission Control Protocol/ Internet Protocol — жеткізуді баскару протоколы/интержелі протоколы) түрінде болады, бұл INTERNET -тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс ерекшеленген немесе тұрақты тікелей байланыс деп аталады.
Ерекшеленген немесе тұрақты тура байланыс тек ірі компаниялар мен корпорацияларда болады. Провайдер-компания осындай мекемеде бағдарлауыш орнатып, бағдарлауыш INTERNET -Ке кызмет ететін компьютермен (хост-компьютері) косатың телефон каналын жалдап алады. Телефон каналы мен Internet арасындағы байланыс тұракты сакталады, сондықтан провайдер-компаниясының компьютерімен байланысуға телефон шалу кажет емес, ауқымды желіге әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне Internet арқылы мәлімет жібере (алады) береді.
Қосылып тұратын тура байланыс көбінесе SLIP, Point-to-Point Protocol немесе РРР деп аталады (Serial Line Internet Protocol — тізбекті желі үшін Internet хаттамасы, Compessed Slip — тығыздалған Slip, Point-to-Point Proprotocol — «нүкте-нүкте» хаттамасы). Ал XRemote деп аталатын байланыс түрі сирек кездеседі, бұл да TCP/IP секілді, бірақ телефон каналын тұрақты пайдалануға негізделген, ыңғайлылығы жағынан бүл түр түрақты қосылып тұрмайтын байланыстан кейінгі орында тұр.
Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс қымбаттылығына қарай әр компьютнрге қойылмайды да, оның орнына Slip (арзан болғандықтан) қолданылып келеді. Ол желіге телефон арқылы қосылатындықтан, модем мең бір телефон номірі қажет болады. Солар аркылы хост-компьютермен байланыс орнатылған соң, Slip-пен қосылып тұрмайтын байланыс аралығында (жылдамдығынан басқа) ешбір езгеріс жоқ.
Почталық байланыс. Internet-пен қосыла алатын бірнеше почталық байланыс түрлері бар. Провайдері CompuServe болып келген компьютерлер бірден Internet-пен почталык байланысқа кіре алады. Олар өз почтасың Internet-ке беріп, одан да бірден хат-хабар ала береді. CompuServe жүйссінде почта адресі аддына Internet деп жазып қойылады. Бұл ортада әр түрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LISTERV жүйесін пайдаланған абзал. Осы секілді почталық байланыстар желілік көмек (network gateways) деп аталады, олар Internet желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады.Почталық катынастың колмен терілетін терминалдық байланыс түріндегі тағы бір түрі бар, бірақ ол тек почта жүйесімен ғана қосыла алады. Тағы да UUCP деген почталық байлаыыс түрі бар, онда байланыс тек осы мақсат үшін жұмыс істейтін программа арқылы орнатылады (Бүл туралы келесі сабақта айтылған).Internet-пен қатынас кұруБізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде екені бізге белгілі болсын. Ол файл тсгін берілетін программа, жұмысқа ксрскті ақпарат (құжат), сурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық.Мұндай мақсат үшін файлды жеткізу хаттамасы деп аталатын жүйе колданылады (File Transfer Protocol — FTP). Практикада FTP немссе ftp термині жиі ұшырасады. Каталогта немесе почталық хабарда «файлды алу үшін компьютерге ftp жеткізу» деген сөздер кездесуі мүмкін. Ол осы файлды алу үшін FTP жүйесі қолданылатынын білдіреді. FTP арқылы қызмет істетін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер FTP-сервер деп аталады. Көптеген FTP-серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез-келген адам одан администратор рүқсатымен әр түрлі мәліметтер ала алады. Бүл тәсіл анонимдік ftp деп аталады, өйткені мәлімет алу үшін ешкім өз атын айтпайды, белгісіз (аноним) болып қала береді. Көбінесе пароль ретінде әркім өз почталық адресін енгізеді. Ал көп кезде мәліметті пайдалану үшін (кіру үшін) кіру атауын (namied) жәнс/немесе паролін (password) білу қажет болады.FTP-серверінің мәліметтерімен қатынас құру үшін әркім стандартты кіру сұхбатын орындауы керек. Оның бір мысалы мынадай болуы ықтимал:open ftp.relcom.su nameid password — FTP-серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мұндағы:open FTP-сервермен қатынас құру сұранысы;
ftp.relcom.rsu — FTP-серверінін қажетті информациямен толықтырылған аты;
nameid — пайдаланушының кіру аты немесе anonimus; password — сұраушы адамның паролі немесе оныц почталық (E-mail) адресі;Парольді немесе өз атын дұрыс енгізбегенде, FTP-сервер тек шектеулі командалар жиынын орындай алады, атап айтқанда: help — сервер командалары бойынша анықтама беру; quit — сеансты аяқтау.Пароль мен атау дұрыс болса, қатынас құру құқығына байланысты командалар орындауға болады. Олардың құрамына мыналар кіреді:cd каталог_аты — каталогты ауыстыру;cd.. — жоғарғы деңгейден каталогка қайту;get файл_аты — FTP-серверден файл алу;binary — екілік файлдарды жіберу/алу режиміне ауысу (типтері ехе, com, arj), гаг, tar, zip және т. б.)dir — ағымдағы каталог файлдары тізімін беру.FTP-сервермен байланысу сеансында пайдалануға болатын командалар жиынтығын HELP командасы арқылы алуға болады.FTP-серверден файлдар алу кезіндегі әдеттегі командалар жиынтығынан мысал келтірейік.cd pub/ — барлық FTP-серверін пайдаланушыларға ашық РАВ каталогын (директориін) пайдалану; dir — сол каталог файлдар тізімін беру; get 03ndex.txt — FTP-серверден аты көрсетілген мәтіндік файлды алу;binary — екілік файлдарды өңдеуге өту; get far 140.zip — FTP-серверден екілік файл алу; quit — FTP-серверден ажырау (байланысты үзу). Осы мысалдан командалық интерфейстің қолайсыз екені көрініп тұр. Ал егер әр түрлі каталогтардан файлдар алу керек болса және олар ішкі деңгейлерде орналасса, олардың аттары да ұзақ 256 символға дейін созылса, бір сеанстағы жұмыс өнімділігінің онша болмайтынына көз жеткіземіз. Netscape Navigator жәнс Internet Explorer тәрізді ыңғайлы графикалық интерфейсі бар браузерлердің шығуына байланысты әрбір адамның жұмысы керек кезінде «тышқан» тетігінің батырмасын басуға ғана тірелгенін айтуға болады.Мысал ретінде Microsoft Internet Explorer 3.01 программасын пайдалану кезіндегі FTP-сервермен ftp://ftp.relcom.ru қатынас кұру сеансын талқылап шығайық.Браузерді іске қосу үшін жұмыс столынан немесе есептер тақтасынан Internet Explorer пиктограммасын табу қажет, соған курсорды алып барып, тышқанның негізгі батырмасын екі рет шерту керек.Бұл мысал Internet Explorer жұмысын Windows 98 ортасында көрсетеді, сондықтан оның іс әрексттері осы операциялык жүйеге сәйкес баяндалады (Windows З.х ортасында жүйенің хабарлары маі терезе бейнелері басқаша болады, бірақ негізгі жұмыс кезеңдері мен орындалатын әрекеттері бірдей).Internet Ехріогег-ді Іске қосар алдында желімен алыстан қатынас кұру программасы іске кіріседі, ол провайдер серверімен сіздің компьютеріңізді байланыстырады.Мұндайда үш терезеге мәліметтер енгізілуі тиіс (29.2. сурет). Сіздің желідегі аты-жөніңіз және пароль (Бұлар сізге провайдер-компания арқылы Intеrnеt-ке косылып тізімге тіркелген кезде бекітіледі), оған қоса провайдер серверімен байланыстыратын олардың телефон нөмірі. Сіздің сеанс алдындағы ең СОҢҒЫ әрекетіңіз «Байланыс орнату» (Установить связь) батырмасын басу болып табылады. Осы сәттсрде сіздің экраныңызға алыстағы компьютермен қатынас құрған программаның бірнеше терезелері шығады. Сеанс кезінде кез келген сәтте «Болдырмау» (Отмена) батырмасын басу арқылы байланысты үзуге болады.Егер барлық әрекеттер дұрыс орындалса, экранға Internet Explorer терезесі шығады. Одан әрі жұмыс істеу барысында сізгсе аспаптар тақтасында бірнеше батырмалар мен меню жолдарын пайдалану керек болады. Соларды құрастырып өтейік. Батырмалар астындағы жазулар олардың кызметін көрсетеді, бірақ қай кезде оларды басу керектігі онша түсінікті бола бермейді. Ал, сеанс кезінде оқып үйрену оңай емес, өйткені желідегі байланыс орнатылған сәттен бастап, ол біткенше уақытқа ақы төленеді.Алдымен «Адрес» өрісін қарастырайық, Бұл өрісте FTP адресі былай теріледі: ftp://ftp.relcom.ruАдрес терілген соң, «Enter» пернесі басылады. Осы сәттен бастап сеанс соңына дейін пернелер қажет болмайды, өйткені барлық әрекеттер тышқанмен орындалады.Адрес енгізілген сәттен бастап, Internet терезесінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы жер шарының бейнесі көрсетілген сурет козғалып айнала бастайды. Қозғалып тұрған сурет бейнесінің Internet Explorer эмблемасына айналуы FTP- сервермен байланыстың толық орнатылып, тікелей қатынас басталғанын мәлімдейді.
Internet Explorer терезесінің жұмыс аймағындағы 1 цифры тұрған орында FTP-серверге кіріп отырған адамға арналған мәтін көрсетіледі. Одан ары қарай орындалатын әрекеттер осы мәтін нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.
Құрал-саймандар тақтасындағы «Тоқта» (стоп) батырмасын кез-келген кезде басып қалып, FTP-сервермен өз компьютеріңіздің байланысын тоқтатуға болады. Егер сеанс кезінде бірнеше парақ мәтін алған болсаңыз, «Алға»және «артқа» батырмалары сол мәтін бойынша жылжу мүмкіндігін береді. «Таңдамалы» (Избранное) батырмасы арқылы кабылданған парақты өз бумаңызда сол күйінде сақтауға болады. Сонымен FTP-сервермен сеанс аяқталғаннан кейін ол мәтінді аспай-саспай карап шығуға болады.«Баспа» батырмасы экранда көрініп түрған бетті баспаға шығаруға арналған. Егер сізге қарі мөлшері ұнамаса, онда «Шрифт» батырмасы арқылы оны үлкейтуге немесе кішірейтуге мүмкіндік бар.
Релком желісінің серверлерімен жұмыс істегенде FTP-сервері мен өз компьютеріміздің символдарды белгілеу кодтары сәйкес келмейтіні байқалуы ықтимал. Өйткені Windows жүйесі 1251 шарттаңбалау тәсілін, ал РЕЛКОМ желісі КО18г кодтау тәсілін пайдаланады. Мұндай жағдай туындаса, мәтін символдары кодтары түрлендіру үшін басты мсню пунктін пайдаланған жөн. Басты менюдің «Түр» (Вид) пунктінің «Параметрлер» жолын таңдап алсақ, сол командаға сәйкес терезе экранға шығады. Сол терезедегі «Қаріп» батырмасын басу керек те, «MIME кодтары» параметрлері ішінен қажеттісін таңдап алу қажет.Мұның себебі кодтардың стандартты кестесінде кириллица әріптері (орыс, казақ әріптері) жоқ, сондықтан әркім өзі енгізген әріптерін немесе өзі ойлап шығарған әріптер программасын пайдаланып жүр (әрбір программалаушы осыған өз «үлесін» жалықпай қосып келеді). Мысалы, КСРО төңірегінде алдымен КОИ8г кодтары қабылданған еді, Microsoft оған қоса екі балама кодтар даярлаған болатын — біріншісі, 886 кодтар MS DOS-қа арналған да, екіншісі, 1251 кодтар Windows жүйесіне бағытталған болатын. Қазіргі ТМД елдерінде осы үш кодтау тәсілі катар қолданылып жүр. Осы жолдармен керекті шарт таңбалар тандап алынған соң, барлық ашық терезелерді ОК батырмасын басу арқылы жауып қою керек. Сонда экрандағы мәтін қалыптағы күйге келеді.Жұмыс өрісінде FTP-серверінің парағы бейнеленген Internet Explorer терезесі көрсетілген, онда PUB каталогының мазмұны орналасқан мәтін түр. Мұндай каталог көптеген FTP-серверлерінде болады, оның ішінде керекті файлдар сақталуы тиіс.Керекті файлды не каталогты алу (көру) үшін курсорды сол файл (каталог) атына алып бару керек, сол сәтте курсор сұқ саусағы сол файлды көрсетугс бағытталған кол бейнесіне айналып, тышқан батырмасын шерту арқылы, сол файлдың (каталогтың) мәтін алуға мүмкіндік аламыз. Сол мәтін өз компьютерімізге жеткізіледі (ал каталог болса, ашылып толық көрсетіледі). Жоғарғы деңгейдегі каталогка өту керек болса, «Артқа» батырмасын басамыз немесе жоғары жақтағы «бір деңгей жоғары шығу» батырмасын басу жеткілікті.
Экранда көрінбей одан тысқары түрған мәтін бөліктерін көру үшін колденең немесе тік жылжу сызықтарын пайдалану керек, олар Internet Explorer терезесінің оң жақ және томенгі шеттеріндс орналасады («лифт»деп те аталады).
Браузер арқылы кез-келген уақытта басқа FTP-серверге ауыса аламыз. Ол үшін «Адрес» деген терезеге жаңа адрес енгізіп, Enter пернесін басу қажет немесе «Адрес» өрісінің оң жағындағы бағыттауыш тілсызық батырманы басып, шыққан тізімнен керектісін таңдап алған жон. Керекті адресті «Таңдамалар» батырмасы аркылы да тізімдср ішінен тауып алуға болады.Браузермен жұмысты аяқтау үшін «Файл» менюінің «Жабу» пунктін орындау керек. Бұл мақсат үшін оң жақ жоғарғы бұрындағы «X» батырмасын пайдаланса да болады.

 

 

Орытынды

Егер әр бір қолданушы берілген тақырыпты жан-жақты, терең меңгерсе, дербес компьютермен жұмыс кезінде қолайсыз жағдайларға кезікпес еді.

Ғылымға пайдасы: Вирустар және олармен күресудің, сақтанудың жолдары туралы, ену мүмкіндіктері, бүлінген файлдарды емдейтін құралдар туралы мағлұматтар беру.

Компьютерлік желілерде ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында IPSec, PPTP, L2TP, SSL сияқты қауіпсіздік хаттамалары кеңінен қолданылады. VPN (Virtual Private Network) ауани жекеше желілерге деген қызығушылық қашықтағы офистер мен пайдаланушыларды Internet желісі бойынша қосу қажеттігімен байланысты. VPN желілерінде тұтастықты (бүтіндікті), жасырындылықты шифрлау әдістерін қолдану арқылы қамтамасыз етуге болады. Жоғарыда аталған қауіпсіздік хаттамалары VPN құру тетігінің бірі болып табылады. IPsec хаттамасы OSI үлгісінің желілік деңгейінде, ал PPTP, L2F және L2TP хаттамалары OSI үлгісінің арналық деңгейінде жұмыс істейді.

PPTP хаттамасы сенімді TCP дестелерін, ал L2TP – тек сенімсіздеу, бірақ жылдам UDP дестелерін пайдаланады [1]. IPSec және L2TP хаттамаларын негізгі қауіпсіздік хаттамаларының бірі ретінде қарастыруға болады.

Сонымен, кілттер алмастыру хаттамасы (IKE) деректер тасымалдауды және ассоциацияларды толық қорғауды, хаттамалардың параметрлерін келісімдіруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ аутентификациялау әдістеріне қолдау көрсетеді.

Пайдаланылған әдебиет:

1.Тұрым А.Ш., Әлімсеитова Ж.К., Оған А. Ауани желілер – желілік қауіпсіздікті күшейтудің базалық құралдарының бірі // «Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар: білім, ғылым, тәжірибе ІІ том. – Алматы: Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, 2012. 328-330 б.

2. Кадер М. Решения компании Cisco Systems по обеспечению безопасности корпоративных сетей. М.: Cisco Systems, Inc. Риверсайд Тауэрз, 2000. 80 с.

3. Коротыгин C. IPSec – протокол защиты сетевого трафика на IP-уровне.

4. Олифер Н. Протоколы IPSec //Журнал сетевых решений LAN. 2001. №3.

5. Виды VPN-соединений. ZyXEL Communications Corporation.

6. Олифер Н. Дифференцированная защита трафика средствами IPSec.

7. Семенов Ю.А. Протоколы защищенных каналов (часть 1, PPTP и часть 2, L2TP) //Сетевые решения. 1999.

8. Энциклопедия сетевых протоколов от BiLiM Systems. L2TP, PPTP.

 

Мазмұны

 

I. Кіріспe  
II. Негізгі бөлім  
2.1. Интернет желісінің тарихы  
2.2 Интернеттiң негiзгi қосымшалары  
III. Қорытынды  
IV. Пайдаланылған әдебиет  

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных