Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оқшаулағыштар және желілік арматура, күрделі жөндеу есептеу.

Оқшаулағыштар фарфордан немесе шыныққан шыныдан жасалынады және екі түрі болады: ұшты – 1 кВ дейінгі және 6 –35 кВ желілері үшін; 35 кВ желілерінде олар сирек қолданылады – тек аз қималар үшін; ілмелі - 35 кВ және жоғары желілер үшін. Ілмелі оқшаулағыштар сымды сүйемелдейтін гирляндаларға аралық тіректерде, ал керілетін гирляндалар – анкерлік тіректерде жиналады.

 

а) б)

а - кернеуі 1 кВ дейінгі; б - кернеуі 10 кВ.

3.5 суреті – Ұшты фарфор оқшаулағыштары

Ілінетін гирляндаларда сым тек қысқыштардың көмегімен сүйемелденеді, керілетіндерде – қатаң бекітіледі. Керілетін гирляндалар сүйемелдейтіндерге қарағанда ауыр жағдайда болады. Сондықтан 110 кВ дейінгі желілерде оқшауламалар саны біреуге артық болады.

 

а) б)

3.6 суреті - ПФ (а) және ПС (б) ілінетін оқшаулағыштары

 

Соңғы кезде эксплуатацияда полимерлік қорғаныспен қапталған шыны пластигінен жасалған жоғары берік сырықтарының негізіндегі ұзын сырықты оқшаулағыштар кеңінен қолданылады (3.7 суреті).

а) – этиленпропилен мономерлерінен жасалған тарелкаларымен; б –кремнийорганикалық резинадан жасалған дамыған бетімен; в) – сырықтың фторопласт қорғаныс қабатымен және фторопластық тарелкаларымен.

3.7 суреті – Полимерлік оқшаулағыштар

 

Осы кездегі полимерлік оқшаулағыштың құрамалы қиыстырмасы бар, оның бөліктері өздерінің белгілі функцияларын орындайды. Оқшаулағыштың көтеретін компоненті ретінде бір жаққа бағытталған шыны пластик сырық қолданылады. Ол полимерлік байланыстыратын құраммен бірге жалғанған және жоғары механикалық беріктілігі бар ондаған мың жіңішке шыны талшықтардан тұрады. Сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін оқшаулағыштың бетімен токтың ағып кету жолының ұзындығын көбейту үшін ластанған атмосфера жағдайында шыны пластигі сырығына оқшаулағыш тарелкалары бекітіледі. Тарелкалар көтеретін шыны пластигі сырығын даттың барлық түрлерінен, атмосфералық және химиялық әсерлерінен қорғайтын қабығында бекітіледі. Оқшаулағыштың көтеретін ұштарында арқауы салынған метал ұштары оқшаулағыштың қажетті беріктілігін және сенімділігін қамтамасыз етеді. Мұндай оқшаулағыштар кернеудің тиісті класстарының АЖ – де толық гирляндаларды ауыстыруға мүмкіндік береді, сонымен АЖ сенімділігін қамтамасыз етеді. Полимерлік оқшаулағыштардың массасы тарелкалы оқшаулағыштардың тиісті гирляндаларының массасынан 5... 20 есе аз. Бұл мұндай оқшаулағыштардың тасымалдағанда, АЖ монтаждағанда және эксплуатациясында құндылығын қамтамасыз етеді.

Арматура -

1. негізгі жабдықталу құрамына кірмейтін, бірақ оның жұмыс орындаутын қамтамасыз ететін тетіктер мен құрылыстар;

2. темір бетон құрылғыдағы қаңқалар және өзектер.

Арматура (латынша: аrmatura — құралдандыру, жабдықтандыру) — машиналардың, құралымдардың және ғимараттардың негізгі бөлігінің құрамына енбейтін, бірақ олардың дұрыс жұмысын қамтамасыз ететін қосалқы (әдетте бір қалыпты) құрылғылар мен бөлшектер жиынтығы. Арматура қолдану мақсатына қарай:

· құбыр өткізгішті арматура,

· электр машинасын жасаудағы арматура,

· электр жүйелеріндегі арматура,

· электр қуатын жеткізу желілеріндегі арматура,

· жарық техникасындағы арматура,

· металлургия пештеріндегі арматура,

· құрылыс арматурасы болып бөлінеді.[2]

· Құбыр Арматурасы су, бу, газ және жанармай жүретін құбырларда, сондай-ақ химиялық, тамақ т.б. өнімдер қайта өңделетін өнеркәсіптерде;

· электр машиналарын жасаудағы Арматура электр машиналарының ток жеткізуші және қосалқы бөлшектерінде;

· электр жүйелеріндегі Арматура қалқандарда, патрондарда, ажыратып-қосқыштарда т.б.;

· электр қуатын жеткізу желілеріндегі Арматура оқшаулағыштарды бағанаға, ал сымдарды оқшаулағыштарға бекітуге арналған бөлшектер мен тетіктер құрамында;

· жарық техникасындағы Арматура жарық ағынын реттеуге және көзді өткір жарық сәулесінен қорғауға, электр тогын жеткізуге, электр шамдарын бекітуге және оларды сынып қалудан сақтауға арналған жарық беретін құрылғылардың бөлшектері құрамында;

· металлургия пештеріндегі Арматура пештің ыстыққа төзімділігін арттыруға және оның сыртқы бетін салқындатуға қажетті металл бөлшектері құрамында;

· құрылыс Арматурасы құралымды күшейту үшін темір бетонда өзек, сым, каркас, тор т.б. түрінде қолданылады.

Ол әр түрлі пішінде жасалады. Арматуралық металл ретінде көміртекпен аз легирленген болат пайдаланылады. Қазақстанда Арматура Қарағандыда, Теміртауда,Павлодарда шығарылады

 

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | 


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных