Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Барлығы ойдағыдай болмаған жағдайда




Әдетте керемет сайыскерлердің де қателіктерге ұрынып жататындығы болып жататын жайттар. Барлығы сол бір әттеген-айға барып тіреледі. «Шіркін, қайтадан сол бір жерін жақсылап түсіндіріп бере алсам ғой...» Егер Оппозиция Лидері сөзіңізге басқа бір рең беріп, сайысты хаосқа апарған болса, онда Үкімет Мүшесі пікірсайысты бастапқы сарынға қайта түсіруі тиіс. Ол үшін Үкімет Мүшесі келесі шараларды жасауы қажет: 1)ПМ-нің көздеген мақсаттарын түсіндіріп беру. Айтқандарыңыздың барлығы дерлік көрермен мен төрешілерге түсінікті болуына мұқият болыңыз. Егер Үкімет Мүшесі Премьер-министрдің сөзіндегі белгілі бір ой түйінге тоқталуды жөн деп санаса, онда өз сөзі мен Премьер-министрдің сөзі арасындағы арақатынасты анықтап беруі қажет. Себебі басқа жағдайда Оппозиция сөзіңізді қате түсінуінің, ал басқа адамдардың ештеңе түсінбеуінің қаупі туындайды. Премьер-министрдің сөзіне қарама-қайшылықтарды болдырмауға тырысу керек. Егер араларыңызда қайшылық пайда болған болса, онда Оппозиция Мүшесінің бұған міндетті түрде тоқталып өтетіндігін естен шығармаңыз. Олар сіздерді ұйымдаспаған, жалған пікірлерді ұстанушы адамадар ретінде сипаттайды. Төрешіге өз кейсіңіздің артықшылықтарын тағы бір рет қайталап көрсетіңіздер және оның сізді қолдауға міндетті екендігін көрсетіп беру керек. Төреші мұны Премьер-министрдің сөзінен-ақ түсінбеген жағдайда Үкімет тобы үлкен қиындықтармен кездеседі. Ал егер оны Үкімет Мүшесінің сөзінен де түсінбесе, онда сіздің бұл сайыста жеңілгеніңіз. 2)Үкімет тобының құрылымын негіздеу. Сөзіңізді қайта ұйымдастыру ешқашан кеш болмайды. Көптеген кейстер Үкімет Мүшесінің сөзінде қайта жанданып, үкімет тобының позициясын дамыта түскен жағдайлар да кездеседі. Айтқан дәйектеріңіз түсініксіз, яки анық болмаған жағдайда Үкімет Мүшесі дәйектерге сілтеме жасауы қажет. Әсіресе, өзіңізбен Премьер-министрдің бір тарап екендеріңізді көрсету аса маңызды. 3)Сұрақтар қоюға көшу. Үкімет Мүшесінің міндеті – Оппозиция Лидерінің сөзіне мүмкіндігінше көп әрі мазмұнды жауап беру. Қатты қиналған жағдайда дайындаған кейстеріңізді қайта қарастырып, оның құрылымын өзгерту оңай шаруа емес. Сонымен бірге Үкімет Мүшесінің сөзінен кейін Оппозицияның сізге жауап беруі үшін 12 минутының болатындығын да жадыңызда сақтаңыздар. 4)Жаңа дәйектерді енгізуді ешқашан ұмытпаңыздар. Сақтануды қажет ететін екі тактикалық әдіс. Келесі екі әдіс (технология) әділ және опасыз болғандықтан оларды пайдаланбаған дұрыс және сақтанып жүріңіздер.

№1 тактика. Үкіметтің дәйектері сараптама бөлімінде аман-есен пайда болуын қамтамасыз ету үшін оларды «тас қалдыру». Премьер-министр сөзінің соңында салмақты уәж айтқан болсын, ал Оппозиция Лидері белгілі-бір себептерге байланысты оны байқамай қалды. Осы жағдайда Үкімет Мүшесі сөзінде ПМ айтып кеткен дәйектерді қайталап, оның қараусыз қалғандығын айтып кетуі міндет. Бұл қателігі үшін Оппозиция тобы жазаланатын болса да, ол Оппозиция Мүшесінің сөзінде жауап беруге мүмкіндік алады. Ал егер Үкімет Мүшесі мұны айтпай кетсе, онда Оппозиция тобының жауап беруге әділ мүмкіндігі болмайды. Бұл әдісті әбден әділетсіз ететін тағы бір жері бар. Ол – егер бұл дәйек Премьер-министрдің сөзінде болар-болмас етіп айтылған жағдай. Сайыс басында айтылып артынан әдейі ұмыт қалдырылып, сараптама бөлімде қайта қарастыруға арнайы тиым салынбаған. Дегенмен, бұл әдіс ар тұрғысынан әділетсіз деп қарастырылғандықтан көптеген төрешілер мұны дұрыс көрмейді.

№2 тактика. Үкімет кейсінің анықтамасын өзгертуі. Премьер-министр ұсынған кейс Оппозиция Лидерінің тарапынан үлкен сынға ұшыраған болсын және Үкімет Мүшесі қатты сасқалақтады. Бұл жағдайдан аман шығу үшін Үкімет Мүшесі Премьер-министрдің айтқанын қайталай отырып, Оппозиция тобының біраз сынын пайдасыз ететін көзге көрінер-көрінбес өзгертулер енгізеді. Бұл әдіс әділетсіз және заңсыз деп саналады, себебі Үкіметтің келтірген кейсіне байланысты Оппозиция Лидері өз көзқарасын айтып қойған болатын. Кейсті қайтадан енгізу әдісі арқылы Үкімет Оппозиция тобын қайта бастауға мәжбүрлейді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных