Главная
Популярная публикация
Научная публикация
Случайная публикация
Обратная связь
ТОР 5 статей:
Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия
Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века
Ценовые и неценовые факторы
Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка
Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы
КАТЕГОРИИ:
|
Бап. Азаматтық талапкер
1. Қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс емес адамның іс-әрекетімен келтірілген мүліктік немесе моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап қойған жеке немесе заңды тұлға азаматтық талапкер болып танылады. 2. Азаматтық талапкердің өзi қойған талапты қолдау мақсатында: 1) күдіктің, айыптаудың мәнiн бiлуге; 2) дәлелдемелердi ұсынуға; 3) қойылған талап бойынша түсiнiктеме беруге; 4) қылмыстық iске қосып тігу үшiн материалдарды ұсынуға; 5) өтiнiшхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлiмдеуге, ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақтар мен түсiнiктемелер беруге; 6) аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға, өкiлiнің болуына; 7) өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген тергеу әрекеттерiнiң хаттамаларымен танысуға; 8) өзiнiң өтiнiшхаты бойынша немесе өкiлiнiң өтiнiшхаты бойынша жүргiзiлген тергеу әрекеттерiне прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға; 9) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн iстiң азаматтық талап қоюға қатысты материалдарымен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәлiметтi және кез келген көлемде жазып алуға; 10) өзiнiң мүддесiн қозғайтын қабылданған шешiмдер туралы бiлуге және мәлiмделген азаматтық талап қоюға қатысты процестік шешiмдердiң көшiрмелерiн алуға; 11) азаматтық талап қоюдың кез келген сот сатысында қаралуына қатысуға; 12) сот жарыссөздерiнде сөйлеуге; 13) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертулер беруге; 14) қылмыстық процестi жүргізетін органның әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешiмдерiне шағым келтіруге; 15) соттың үкiмi мен қаулыларына азаматтық талап қоюға қатысты бөлiгiнде шағым жасауға; 16) iс бойынша азаматтық талап қою бөлiгiнде келтірілген шағымдар мен наразылықтар туралы бiлуге және оларға қарсылық беруге; 17) мәлiмделген шағымдар мен наразылықтарды соттың қарауына қатысуға; 18) осы Кодекстiң 173-бабының бірiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда, келтiрiлген зиянның өтемақысын жәбірленушілерге зиянды өтеу қорының қаражаты есебінен алуға; 19) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы мәлімдеуге құқығы бар. 3. Азаматтық талапкер осы Кодекстiң 71-бабының сегiзiншi бөлiгiнде көзделген мiндеттерді көтереді. 4. Азаматтық талапкер, сондай-ақ заңда көзделген басқа да құқықтарға ие болады және басқа да мiндеттерді көтереді.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|