Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бап. Мүлiктiк зиянды өтеу




1. Осы Кодекстiң 38-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарға келтiрiлген мүлiктiк зиян:
1) олар айырылған жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыларды, өзге де қаражаттар мен табыстарды;
2) соттың үкiмi немесе өзге де шешiмi негiзiнде заңсыз тәркiленген немесе мемлекеттiң кiрiсiне айналдырылған мүлiктi;
3) соттың заңсыз үкiмiн орындау үшiн өндiрiп алынған айыппұлдарды; заңсыз әрекеттерге байланысты адам төлеген сот шығындары мен өзге де сомаларды;
4) заң көмегін көрсету үшiн адам төлеген сомаларды;
5) қылмыстық қудалау салдарынан шегілген өзге де шығыстарды өтеудi қамтиды.
2. Осы Кодекстiң 38-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарды күзетпен ұстауға, қамаққа алуды немесе бас бостандығынан айыруды өтеу орындарында ұстауға жұмсалған сомалар, бұл адамдарды қылмыстық қудалауға байланысты сот шығындары, сол сияқты олардың күзетпен ұсталуы, қамаққа алуды немесе бас бостандығынан айыруды өтеуi уақытында қандай да бiр жұмыстарды орындағаны үшiн алған жалақысы қылмыстық процестi жүргiзетін органның заңсыз әрекеттерiнiң салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу төлемiне жататын сомадан шегеріле алмайды.
3. Осы Кодекстiң 38-бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде аталған адамдар осы Кодекстiң 39-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн зиянды өтеу тәртiбi туралы хабарламамен бiрге алған кезде қылмыстық істі тоқтату туралы үкім шығарған, қаулы шығарған сотқа, не адамның тұрғылықты жері бойынша сотқа не сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi тоқтату туралы қаулы шығарған органның орналасқан жері бойынша сотқа мүлiктiк зиянды өтеттіру туралы не өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы талаппен жүгiнуге құқылы. Егер жоғары тұрған сот қылмыстық iстi тоқтатса немесе үкiмдi өзгертсе, зиянды өтеу туралы талап үкiм шығарған сотқа жiберiледi. Кәмелетке толмаған адамның атынан зиянды өтеу туралы талапты оның заңды өкiлi мәлiмдеуге құқылы.
4. Судья арыз түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей қажет болған жағдайларда қаржы органдарынан және әлеуметтiк қорғау органдарынан есеп-қисап сұрата отырып, зиянның мөлшерiн айқындайды, содан кейiн инфляцияны ескере отырып, осы зиянды өтеу үшiн төлем жүргiзу туралы қаулы шығарады. Егер сот iстi апелляциялық, кассациялық тәртiппен немесе қадағалау тәртiбiмен қарау кезiнде тоқтатса, iстi бiрiншi сатыда қараған соттың судьясы көрсетiлген әрекеттердi сот талқылауын өткiзбестен жеке-дара жүргiзедi.
Қаулыда: мүлiктiк зиянды өтеу негiздерi, оның ақшалай мәндегi есеп-қисабы мен мөлшерi; ақталған адамға қайтарылуға жататын мүлiк; төлем жүргiзуге немесе мүлiктi қайтаруға мiндеттi орган; төлемдер жүргiзу үшiн қаулыны ұсынудың мерзiмдерi; қаулыға шағым жасаудың тәртiбi мен мерзiмдерi көрсетiлуге тиiс.
Соттың қаулысына осы Кодексте көзделген тәртiппен жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
5. Мүліктік зиянды өтеу үшін төлем жүргізу туралы соттың заңды күшіне енген қаулысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес орындалады.
6. Алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
7. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органдардың заңсыз әрекеттерімен заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу туралы талап осы бапта көзделген тәртіппен қаралады және мемлекет зиянды белгіленген көлемде өтейді.
Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных