Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ылмыстық іс бойынша алқабилердіц үкім шығару кецесініц және кецесу бөлмесінде дауыс беру құпиясының тәртібі.




Алқабилер кеңесініц құпиясы (ҚР ҚІЖК 568-бап). Жарыс-сөздер аяқталғаннан кейін сот төрешілер және негізгі алқабилер үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді.

Сот төрешілер мен алкабилерден басқа, кеңесу бөлмесінде өзге адамдардың болуына жол берілмейді. Кеңесу бөлмесінде телефонмен сейлесу, кеңесу жөнінде телеарналық трансляция және радио арқылы хабарлауға жол берілмейді. Жұмыс аяқталған соң, сондай-ак жұмыс күні ішінде төрағалык етуші кеңесу белмесінен шығып, демалу үшін үзіліс жасауға құкылы.

Егер кеңесу бірнеше күнге созылса, жүмыс соңының түнінен бастап келесі жұмыс күніне дейін терағалық етуші үзіліс жариялайды. Сот төрешілері мен алқабилер кеңестің жүруі жөнінде ақпарат таратуына болмайды.

Егер, алқаби болмаған жағдайда (ауруына немесе т.б, жағдайларда) үкім шығаруға одан әрі қатыса алмайтын жағдайда қосалқы алқабимен ауыстырады. Бұндай жағдайда сұрақтарды жаңадан қарайды.

Кеңесу бөлмесінде кеңесу мен дауыс беруді жүргізу тәртібі(ҚР ҚІЖК 569-бап). Төрағалық етуші сот төрешісі мен алқабилер кеңесіне басшылық етеді, шешілуге жататын мәселелерді рет-ретімен талқылауға қояды, жауаптар бойынша дауыс беруді және дауыстардың есебін жүргізеді.

Кеңесу бөлмесінде алкабилер қойылған мәселелерге байланысты өздерінде туындаған түсінбеушіліктер бойынша төрағалық етушіден түсініктер алуға құқылы.

ҚР ҚІЖК-нің 569-бабының 3-бөлігіне сәйкес негізгі мәселелер бойынша дауыс беру жазбаша жүргізіледі. Сот төрешісі мен алқабилердің дауыс беру кезінде қалыс қалуға құқықтары жоқ. Сот төрешілері мен алқабилердің дауыстары тең.

Сот төрешілері мен алқабилер үкім шығаруға дауыс беру тәртібі былайша жүреді. Сот төрешілері мен алқабилер сотталушылардың саны бойынша соттың мертабаны басылып, дауыс беруге арналған: «Өзімнің ар-намысым, ар-ожданым бойынша және ішкі нанымым бойынша менің қорытындым…» деген сөздер жазылған, таза бюллетенді алады. Олардың әрқайсысы құпияны қамтамасыз ете отырып, бюллетенге сұрақ парағында қойылған және шешілуге жататын сұрақтардың әрқайсысына жауап жазады.

Сұрақ парағында қойылған сұрақтардың реті бойынша жауап мақұлдаған «иә» немесе кұптамаған «жоқ» деген немесе жауаптың мәнін ашатын («иә, дәлелденді», «жоқ, дәлелденген жоқ», «иә, кінәлі», «жоқ, кінәсіз») міндетті түсіндірме сезден немесе сөз тіркестерінен түруға тиіс.

Содан соң сот төрешілері мен алқабилер өздерінің бюллетендерін дауыс беруге арналған жәшікке салады[30.45б].

Дауыс беру аяқталғаннан кейін төрағалық етуші алқабилердің катысуымен жәшікті ашады және әрбір бюллетендегі дауыстарды санайды, дауыстарды санау нәтижесін сұрақ парағында көрсетілген негізгі үш сұрақтың әрқайсысының тұсына дереу жазады.

Алқабилер мен сот төрешілерінін жауаптары бар бюллетендер қылмыстық істе сақталатын конвертке салынып желімделеді.

Егер алдыңғы сұраққа берілген жауап кейінгі сұраққа жауап берудің қажеттілігін жойса, төрағалық етуші сот төрешісі алқабилердің көпшілігінің келісімімен сол кейінгі сұрақтың тұсына «жауап берілмейді» деген сөздерді жазады.

Егер ҚР ҚІЖК-нің 566-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген үш сұрақтың әрқайсысына мақұлдаған жауаптарға дауыс берушілердің көпшілігі дауыс берсе, айыптау шешімі қабыдданған болып есептеледі.

Егер қойылған негізгі сұрақтардың кез келгеніне берілген құпталмаған жауапқа дауыс берушілердің алтауы және одан көбі дауыс берсе, ақтау шешімі қабылданған болып есептеледі.

Егер сотталушының кінәлілігі туралы мәселе оң шешілсе, онда сот төрешілері бұл әрекет қылмыс болып табыла ма деген және оның нақ қандай қылмыстық занда көзделгені (бабы, бөлігі, тармағы) туралы мәселені шешеді, сондай-ақ осы әрекеттер үшін қандай жазалау шарасы көзделгенін алқабилерге түсіндіреді.

Сот төрешілері алқабилердің қатысуымен соттың ашық дауыс беру арқылы қабылданатын мәселелер үзіліс жасалмай шешіледі:

— оның жауаптылығы мен айыбын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар бар ма;

— сотталушыға қандай жаза қолданылуы мүмкін;

— ол жасаған қылмыс жазалауға жата ма;

— жаза тағайындамай үкім шығару үшін немесе жазадан босатуға негіз бар ма;

— сот сотталушының құрметті әскери, арнайы немесе өзге атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан, мемлекеттік наградаларынан айыруға, егер оған дауыс берушілердің көпшілігі жақтап дауыс берсе, шешім қабыдданған деп есептеледі.

Он бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза, егер қандай шешімге дауыс берушілердің сегізі және одан да көбі дауыс берсе, тағайындалуы мүмкін.

Айрықша жазалау шарасы – өлім жазасы сот төрешілері мен алқабилер бірауыздан шешім шығарған кезде ғана тағайындалуы мүмкін.

Сот төрешілері мен алқабилердің жауаптары бар сұрақ парағына сот төрешілері мен алқабилер қол қояды[31.42б].

Алқабилердің қатысуымен сотта қылмыстық істі талқылау мына шешімдердің біреуі кабылданады:

1) ҚР ҚІЖК-нің 324-бабында көзделген жағдайларда, істі қысқарту туралы қаулы;

2) Алқабилердің қатысуымен ҚР ҚІЖК-нің 566-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негізгі үш сұрақтың кем дегенде біреуіне теріс жауап берген жағдайларда, ақтау үкімін;

3) ҚР ҚІЖК-нің 375-бабының екінші бөлігіне сәйкес айыптау үкімін қабылдаумен аяқталады.

Үкімнің қаулысы (ҚР ҚІЖК 571-бап). Үкімге ҚР ҚІЖК-нің 44-тарауында белгіленген тәртіппен төрағалық етушінің мынадай ерекшеліктермен қаулысы шығарылады:

— үкімнің кіріспе бөлімінде екінші сот төрешісінің және алқабилердің тегі көрсетілмейді;

— ақтау үкімінің сипатамалы-дәлелді белігінде алқабилердің қатысуымен сот ақтау шешімін шығарған айыптаудың мәні баяндалады және шешімге не мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тартуына сілтеме қамтылады;

— айыптау үкімінің сипаттамалы-дәлелді бөлігінде сотталушы жасағаны үшін кінәлі деп танылған қылмыстық әрекеттің сипаттамасы, жасалған әрекеттің дәрежеленуі, жаза тағайындау себептері және азаматтық талапқа қатысты сот шешімінің негіздемесі қамтылуға тиіс;

— үкімнің қарар бөлігінде апелляциялық сатыға үкімге шағым жасау және наразылық білдіру тәртібі туралы түсінік қамтылуға тиіс[31.15б].

Үкімге іс бойынша тек төрағалық етуші ғана қол қояды.

ҚР ҚІЖК-нің 37-бабына алқабилердің қатысуымен соттың істі талқылау барысында сотталушының сот-психиатриялық са-раптаманың тиісті қорытындысымен расталған жағдайы бойын-ша кылмыстық жауаптылыкқа тартылуы мүмкін емес (ҚР ҚІЖК 572-бап).

Төрағалық етуші істі ессіз күйдегі адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер бойынша сот істі сонда жібереді. Төрағалық етуші алқабилер қатысқан соттың қылмыстық істі қарауды тоқтатуы туралы қаулы шығарады.

Төрағалык етушінің алқабилер катыскан соттың істі карауды тоқтатуы және оны осы ҚР ҚІЖК-нің 572-бабының екінші бөлігінде көзделген жалпы тәртіппен соттың қарауына жіберуі туралы каулысы түпкілікті болып табылады және апелляциялық тәртіппен шағым жасауға, наразылық білдіруге жатпайды.

Сот отырысыныц хаттамасын жүргізу ерекшеліктері (ҚР ҚІЖК 573-бап). Сот отырысының хаттамасы, ҚР ҚІЖК-нің 328-бабынын талаптарына сәйкес, осы бапта кезделген ерекшеліктермен жүргізіледі.

Хаттамада сот отырысына шақырылған алқабиге кандидат-тар құрамының ата-тегі, және алқабилер алқасын құру барысы міндетті түрде көрсетіледі.

Төрағалық етушінің жүгінуі сот отырысының хаттамасына жазылады немесе оның мәтіні қылмыстық іс материалдарына тіркеліп, бұл туралы хаттамада көрсетіледі.

Сот отырысының хаттамасында соттың іс қарауының бүкіл барысы оның өтуінің дұрыстығын куәландыратындай етіп көрсетуге тиіс.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных