Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Режиссер-тележүргізуіші, тарихтанушы: Қуандық Көбенұлы




Қытайдың Шинжаң өлкесіндегі Алтай, Тарбағатай, Іле аймақтарында және де Құмыл, Баркөл, Мори, Шонжы тағы да басқа аудандардағы сынтастар, балбалдар VI – IX - ғасырға дейінгі Түркі қағанаты дәуіріндегі зираттар басына ескерткіш іспетті орнатылған белгі есептелінеді. Міне, бұл мезгіл Қытай Сүй патшалығына (618-581) Таң дәуіріне (908-618) тура келеді. Онда адамның түр - тұлғасын келтіріп, киімі мен келбетін, тұтыну бұйымдарын бедерлеп, нақыштап ойылған. Мұндай тас мүсіндердің бір бөлімі сарбаздар мен елбасыларының, абыздардың қабырының басына қойылған сынтастарда көп жағдайда жалаңбас, мұртты, сақалды болып кездеседі. Кейде жағалы киім киіп, сауыт – саймандарының, бір қолы көкірегінде, енді бір қолы белдігінде тұрған бейне жолығады. Кейде басына шошақ тымақ киген, тіпті кимешек, сәукеле сынды киім киген тәрізді. Міне, бұл сынтастардың барлығы қазақ даласының мәдени мұрағаттары тарихының айғағы емеспе.

Өкінішке орай осы сынтастар, тарихи мұрағаттарымыз Қытай даласында қорғалмай қолды болып кетіп жатқаны өкінішті-ақ. Қытайда сынтастарды қорғау оны зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірақ та, саусақпен санарлықтай. Олар: ғалым Сұлтан Жанболатов, Жақып Мырзақанұлы, Әуелхан Қали, Шакен Омалбаев, Асқар Татанайұлы, Мағаз Разданұлы, Нығымет Мыңжан, Көбен Асқарұлы, Мырзахмет Жұмабай, сынтастар туралы көркем фильм түсіріп жүрген Қуандық Көбенұлы т.б. Ішкі Қытайға кеткенімен, мұражайға алып қойғандары қаншама. Кейбір мәліметтерде сол сынтастар өлкесінде Қытайдың арнайы қолдан жасалған өздерінің тарихы немесе сол замандағы болмысы жазылған сынтастар белең бере бастаған.

Тіпті, қалтасы қалың Шеңділер мен байманаптылар жасырын түрде халқымыздың сынтастары мен бал-балдарын ешкімнің рұқсатынсыз-ақ өз меншігіне алып қойған. Әуелі оны үйінің ауласына кіргізіп алып бөтен адамдардың оны көруге, фотоға түсіруге, таспаға түсіруге тыйым салады екен. Осы жәйттардың бәрі барлығымызды бейжай қалдырмасы анық.Етек жинап ел болып, өшкеніміз жанып, қолды болғанымыз табылып, қазақ тарихы мен мәдени мұрағаттары қорғалып, зерттеліп, халқымыздың салт-дәстүрі, мәдениетініміз қайта жаңғырылып, дамып келе жатыр. Бүгінде, сол мәдени мұрағаттарымызға, қазақ даласындағы және шет мемлекеттердегі тарихымызды, мұраларымызды бірге қорғап, барлығымыз мәдени мұрағаттың жанашыры болсақ игі еді.

 

 




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных