Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Нанобөлшектердің электрлік қасиеттері туралы не білесіз




Нанобөлшектер – бұл бөлшектердің құрылымдық өлшемі ең төменгі дәлдікке ие болып, беттік қабатындағы үлесі 100 нм-ден жоғары болмайтын және немесе одан аз атомнан тұратын бөлшектер.

Нанобөлшектер көлемдік материалдардың бір бөлігі болып есептеледі және олар әртүрлі құрылымдық элементтерді сипаттай:

Бірөлшемді (нанометрлі өлшемі біреу ғана – қалыңдығы болатын, жұқа пленкалар);

Екіөлшемді (жұқа пленка бетінде тұндыру немесе оларға металл нанобөлшектерін сорбциялау);

Үшөлшемді (кеуекті материалдар, кеуекті әйнектер және басқа мүмкін болатын сорбциялау).

Нанобөлшектердің электрлік қасиеті туралы айтатын болсақ,

Металл қатты заттардың электрлік кедергісі фонондардағы электрондардың таралуы, құрылысындағы ақаулар мен қоспалар мөлшерімен анықталады.Көптеген металл тәрізді нанометалдар үшін (Cu, Ni,Ni-P,Fe-Cu-Si-B,NiAl және ауыспалы металдардың нитридтері мен боридтері және т.б.) дәнек өлшемдерінің азаюымен электрлік кедергілері біршама артады.Іс-жүзінде барлық металл тәрізді наноматериалдарға Т=1-10К температура арлығында үлкен қалдық электрлік кедергі шамасы мен электр кедергінің температуралық коэффициенттерінің шамасы аз болады.

Қабықшалардың электрокедергілерін талдау кезінде электрондардың сыртқы қабаттарда шашырауы мүмкіндігін, олардың топографиясын және көпқабатты құрылымын ескеру керек. Электрлік кедергінің ρнанокристалдың қалыңдығына тәуелдік сипаты бойынша 3 топқа бөлінеді:

Қалың, ірі кристалды объектілердің өткізгіштігіне сәйкес келетін қабықшалар; мұндай монокристалды қабықшаларды минималды қалыңдығы δ шамамен 100 нм жоғары ;

Жұқа (δ~10 нм ), қалың қабықшалармен салыстырғанда өткізгіштігі төмендеу, электрокедергінің температуралық коэффициенті шамасы 0 жуық болады;

Түбек тәрізді (δ~1нм), өткізгіштігі жинақы материалдардан бірнеше ретке ерекшеленеді, ал электрлік кедергінің температуралық коэффициенті теріс шама болатын қабықшалар болып келеді.

 




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных