ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тиеу-түсіру жұмыстарының және қойма операцияларының кешенді механизациясы және автоматизациясыОСӨЖ-1 Пәні: Тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясы және механизациясы Тақырыбы: Тиеу-түсіру жұмыстарының және қойма операцияларының кешенді механизациясы және автоматизациясы.
Орындаған: ОП 11-1 тб. ст. _______________________ Тексерген: Кенжекеева А. Р.
Қарағанды – 2013
Тиеу-түсіру жұмыстарының және қойма операцияларының кешенді механизациясы және автоматизациясы
Сақталатын материалды құндылықтар атауларына қарай қоймалар: әмбебап (көп атаулы немесе әр түрлі материалдарды сақтауға арналған) және арнаулы қоймалар (яғни біртекті материалдарды сақтауға арналған) болып белінеді. Қойма аумағына карай ашық, жабық және жартылай жабық болып бөлінеді. Қоймалардың құрылымы сақталатын материалдардың физика-химиялық талаптарына сай болып, койма аумағы толығымен пайдалануы тиіс. Қойма жұмыстарын жүргізу барысында барлық қауіпсіздік шараларын орындалуы басты шарт болып табылады. Қоймалардың аумағы сакталатын құндылықтардың максималды мөлшеріне қарай есептеледі. Қойманың жүк тұратын аумағында және өзге жалпы аумағының ішінде есіктер мен өту жолдары, сұрыптау аумақтары және тағы басқа орындар болуы тиіс. Қойманың пайдалы аумағы дәл немесе шамамен есептеледі. Қойманың шамамен есептеген аумағы коймадағы қордың максималды мөлшерінің 1 шаршы метр аумақтағы тоннамен есептелінетін жүк салмағына қатынасымен анықталады. Сыртқа тасымалданатын материалды құндылықтар сапа және сан жағынан тексеруден өтеді. Қабылданған материалдар қабылдау актілерімен бекітіледі. Меншікті өндіріс өнімдері тек сандық тексеруден өтеді. Қабылданған материалды құндылықтар алдын ала белгіленген орынның шамасына, маркаларына қарай орналастырылады. Қоймадан сыртқа шығарылатын материалдар өндірістік тұтыну дайындығынан өткізіледі. Дайындық жұмыстары материалдардың түріне қарай жүргізіледі. Материалды құндылықтардың келіп түсуі мен тасып әкетілу есептері қоймаларда және бухгалтерияда жүргізіледі. Қоймаларда есеп жүргізу үшін картотека жасалынады. Мұнда әрбір номенклатуралық бап бойынша кіріс-шығыс карточкалары болады. Бұл карточкалар бойынша бухгалтерлік ведомостъ толтырылады. Бұл ведомость алдымен жекелеген цехтар, қоймалар бойынша, ал содан кейін жалпы кәсіпорын бойынша толтырылады. Кәсіпорында кеңінен пайдаланылатын шахматтық ведомость кәсіпорынның жалпы жүк айналымын, сонымен қатар жүк ағымының көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Жүк ағымының берілгендері көбіне жүк ағымы сызбасы түрінде беріледі. Оларды құру жобаланатын маршруттар ұтымдылығы деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның көлік шаруашылыгының тиімді ұйымдастырылуын сипаттайтын негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерге мыналар жатады: километрмен есеителінетін көлік құралдарының орташа коэффициенті, көліктіуақыт жэнс жүк кетеріштігі бойынша пайдалану коэффициенті; жол жүріп өтуді пайдалану коэффициенті (көлікгің жүкпен жүріп отуінің жалпы жүріп өтуге қатынасы), тонна жүкті өңдеу күиы жэне оның сыртқы жэне зауытшілік тасымалдау қүны. Зауыт ішілік көлікті ұйымдастыруды жетілдіру жолдарына мыналар жатады: • көліктік және тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру жұмыстарын әрі қарай жетілдіру; • біріккен немесе ортақ теміржол шаруашылығын құру мен бірігіп пайдалануға берілетін автобазалар негізінде кәсіпорында орталықтандырылған қызмет көрсету түрінде көлікті пайдалануды кеңейту; • кәсіпорындарда беткі қабаты жаңартылған және жаңа • көліктік және тиеу-түсіру операцияларының кешенді технологияларын жасап шығару мен пайдалануды кеңейту; • зауыт ішілік көлікке техникалық қызметті дамыту, көлік құралдарын пайдалану тиімділігін көтеру; • көлік шаруашылығын жоспарлау мен басқарудың алдыңғы қатарлы нысандарды енгізу. Көлік жұмыстарын жоспарлау техника-экономикалық, оперативті-өндірістік болып екіге бөлінеді. Техника-экономикалық жоспарлауға стратегиялық және жылдық жоспар кұру жатады. Онда жүк айналым көлемін анықтау, көлік құралдарына, жағармайға, майлау және басқа да материалдарға қажеттілікті анықтау, көлік құралдарының жөндеу жұмыстарының, түсіру жұмыстарының көлемін, көлік қызметінің штаттарын, еңбекақы қорын, жүктерді тасымалдау шығындарын және тағы басқа көрсеткіштерді анықтау қарастырылады. Оперативтік-өндірістік көлік жұмыстарын жоспарлау және сату жұмыстарын жүргізу үшін көлік және тасымалдау операцияларымен қамтамасыз етуге бағытталады. Оның дұрыс деңгейде ұйымдастырылуы өндірістің көрсеткіштерін арттырумен қатар оның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Тиеу-түсіру машинасы (ТТМ) Кран деп, үлкен емес арақашықтыққа жүкті горизонтальді орын ауыстыруға және көтеру немесе түсіруге арналған жүк көтергіш машиналарды айтады. Көтергіш крандар мынадай топтарға бөлінеді: консольді, мостылы, козловые, портальді және мұнаралы кран. Соның ішінде ең көп таралған крандардың бірі – козловой кранға аса тоқталып өтеміз. Козловой кранды ашық қоймалар мен тиеу алаңдарындағы, құрылыс ғимараттарындағы монтажды құрастыру мен жабдықтарды күту кезінде, өндірістік кәсіпорындарында, гидротехникалық ғимараттарда қызмет көрсету және теміржол станцияларындағы контейнерлерді тасымалдау кезінде, ортаның жұмыс температурасы -40 пен +40 аралығында қолданылады. Бұл крандар ілмекті немесе арнайы қармау арқылы қызмет атқарады. 1 сурет. Козловой кран
Тағайындалуы бойынша козловой крандар жалпы тағайындалған, құрылыс – монтажды және арнайы тағайындалған болып бөлінеді. Козловой кран– ең сенімді және ұзақ уақытқа жарамды көтерме көліктік құрылғы болып табылады. Олар көпір түрдегі жабдық түріне жатады, себебі құрылымының құрамында бір немесе екі арқалығы бар. Көпір кран асты жолдарға ұзын тіректі тіреуіш көмегімен, ал жолдардың өздері бетонның үстіңгі қабаты арқылы бекітіледі. Бұл құрылғы контейнерлерді тасымалдау кезінде теміржол станцияларында, орман дайындайтын ұйымдарда, сол сияқты ұзындық өлшеуіші мен ірі габаритті жүктері бар бүкіл тиеу – түсіру жұмыстары жүргізілетін жерлерде қолданысқа әрдайым ие. Бұл ыңғайлы әрі қажетті техника, дұрыс пайдалану кезінде адамға бірнеше онжылдықтар қызмет атқарады. Козловой крандар жерүсті рельстік жолмен жылжитын екі тірекке тірелетін горизонтальды аралық құрылым көпірі бар ғимарат ретінде ұсынылады. Екі тірегі де көпірмен қатты мүшеленген немесе шарнир көмегімен бір тірегі көпірмен бекітіледі. Егер де кранның аралық құрылымы бір жағынан тірек тіреуіне тірелсе, ал екіншісі жүріс арбасына тірелсе, онда бұл кран жартылай козловой кран деп аталады. Бұл жағдайда рельстік жолдар әр түрлі деңгейде орналасады: біреуі жерде, ал басқасы арнайы эстакадада немесе ғимарат бағанасында. Көпірдің екі негізгі сызба түрі бар – бірарқалықты және екіарқалықты. Монорельсті жүрісті үшжакты және төртжақты қималы бірарқалықты көпірлер кеңінен қолданылады. Құрылысы бойынша екіарқалықты көпірдің аралық арқалықтары көпірлі кранның арқалықтарымен ұқсас. Козловый кран – қатаң тіреуде орналасқан көпір түріндегі рельсті жол немесе бетонды негіз бойынша қозғалатын көтергіш кран. Көпірге орналасқан жүкті арба немесе таль. Ашық қоймаларды және құрылысты қамтамасыз ету үшін қолданылады. Кранның жүк көтергіштігі 800т –ға дейін, ал аралығы 170т- ға дейін.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|