Жауапкершілік» халықаралық аудит стандарты» тақырыбындағы шағын жобаны орындаудың ҮЛГІ ЖОСПАРЫ
Берілген мини-жобаны орындау үшін қандай да серіктестікті құру қажет. Топтағы студенттер берілген кәсіпорынды құрып төмендегі тапсырмаларды орындауы қажет:
- берілген кәсіпорынның есеп саясатын қалыптастыру;
- шаруашылық операцияларын көрсету үшін алғашқы құжаттарды толтыру;
- кәсіпорында құжаттардың толтырылу дұрыстығын анықтау;
- шаруашылық операциялары аудитінің есептелінуін, аударылуын тиісті құжаттарда рәсімдеп көрсету;
- барлық шаруашылық операцияларды журнал-ордерлерде, Бас кітапта көрсету;
- ақпараттардың ашылуын жүргізу;
- аудиторлық тексеру нәтижелері бойынша аудиторлық қорытынды жасау.
Тақырыбы: Шағын және орта бизнес кәсіпорындарында аудиторлық тексеру жүргізу.
Берілген мини-жобаны орындау үшін қандайда да бір сауда, құрылыс, қоғамдық тамақтану немесе қызмет көрсету саласындағы кәсіпорын құру қажет.
Топтағы студенттер берілген кәсіпорынды құрып, төмендегі тапсырмаларды орындауы қажет:
§ Берілген кәсіпорынның есеп саясатын, жарғысын қалыптастыру;
§ Аудиторлық тексеру объектісін (ақша қаражаттары, негізгі құралдар, дебиторлық қарыздар, кредиторлық қарыздар, ТМҚ-р және т.б.) анықтау;
§ Таңдалған объектіге сәйкес шаруашылық операцияларын көрету үшін алғашқы құжаттарды (түгендеу акті, материалдық жауапкершілік туралы келісім-шарт, түгендеу описі және т.б.) толтыру;
§ Аудиторлық тексеру жүргізетін комиссияны құру және оның қызметтерін анықтау;
§ Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық процесіндегі пайда болған шаруашылық операцияларды немесе фактілерді құру және олардың дұрыстығын тексеру;
§ Аудиторлық тексеру нәтижелері бойынша қорытынды беружәне ұсыныстар әзірлеу.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|