Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






БІЛІМГЕРДІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ. жөніндегі комитетінің төрағасы




АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

 

“БЕКІТЕМІН”

ХБФ жұмыс бағдарламалары

жөніндегі комитетінің төрағасы

_______________

“___”_________201 ж.

 

 

БІЛІМГЕРДІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

ПӘНІ: «ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ»

 

Химия кафедрасы

2015-2016 оқу жылы, 7 семестр

Мамандығы – 5В011200 – «Химия»

Пәннің коды: HT4309

Оқу түрі: күндізгі бөлім

Курс: 4

Семестр:7

Кредит саны – 2

Барлық сағат саны:

Оның ішінде: 90 сағат

лекция: 15 сағат

зертханалық сабақ – 15 сағат

ОБӨЖ: 30 сағат

СӨЖ: 30 сағат

Емтихан: 7 семестр

 

 

Тараз 2015ж.

 

Жұмыс оқу бағдарламасы Химия-биология факультетінің «Химия» кафедрасының дайындаған оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Оқу бағдарламасы институттың әдістемелік Кеңесінде бекітілген, Хаттама № ___, «___» _________ 2015ж.

 

Жұмыс оқу бағдарламасы «Химия» кафедрасында талқыланған

.. 2015 ж. Хаттама №

 

Жұмыс оқу бағдарламасы факультеттің жұмыс оқу бағдарламалары жөніндегі комитетімен мақұлданған.

Хаттама № «» қыркүйек 2015 ж.

 

ХБФ Жұмыс бағдарламалар жөніндегі

комитетінің төрағасыйымы

 

Мақұлданған:

Кафедра меңгерушісі Сабыралиева Ж.Ы.Ж.

 

Оқытушы туралы мәлімет: Айдарова Айткүл Орынбасарқызы, химия магистрі, аға оқытушы. Оқитын пәндері: «Химиялық экология», «Мектепте химия эксперименттерін жүргізудің әдістері», «Жалпы химия», «Химиялық технология.

Байланыс: «Химия» кафедрасы, ұялы тел. 87023380087.

Пәннің оқылу уақыты мен орыны: сабақ кестесіне сәйкес анықталады.

 

 

1.Курсты оқып игерудің өзектілігі мен қажеттілігі:

Бұл курс «5В011200-Химия» мамандығы білімгерлерінің 4 курста оқитын негізгі базалық пәндерінің бірі болып табылады. Педагогикалық оқу орындарында химиялық технологияны оқытудың, мектеп курсындағы химиялық технологияның сұрақтары қазіргі ғылым мен өнеркәсіптің жағдайына сәйкес жоғары дәрежелі химия оқытушыларын дайындауды қамтамасыз етуі керек. Химиялық технология курсы студенттерді химияны халық шаруашылығында қолданудың негізгі аймақтарымен және химиялық өндірістің өнімдерін қолданумен таныстырады. Осындай дайындықтан өткен болашақ мұғалім халық шаруашылығын химияландыруды және оның негізгі бағыттарын түсіне алады.

2.Пәнді оқытудың мақсаттары мен міндеттері:

Пәнді оқытудың мақсаты: химиялық технологияның әдістерін, химиялық технологиялық процестердің физика-химиялық заңдылықтарын,процестердің және аппараттардың теорясын, химия өндірісінің маңызды топтарын оқып үйрету, химия өнеркәсіптерін ұйымдастыру, жоспарлау тәсілдері мен технологиясы туралы білімдерін дамыту.

Пәнді оқытудың міндеттері:

- химиялық өндірістің құрамы және құрылысымен танысу;

- химиялық өндірістердің шикізаты, химия өндірістеріндгі судың алатын орны, химия өндірістеріндегі энергетика жайында білім беру;

- химико-технологиялық процестерде қолданылатын физико-химиялық заңдылықтар, отынды химиялық өңдеу.

- процестердің және аппараттардың теориясын түсіну, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру;

- экология және қоршаған ортаны қорғау негіздерін оқып үйрену және оларды химия- технология-лық процестерді құрған кезде қолдану әдістерін игеру.

3.Пәнді оқып-үйренуге және игеруіне қойылатын талаптар:

Білімгер таныс болуы керек: химико-технологиялық процестердің физика-химиялық заңдылықтары, процестердің және аппараттардың теориясы, процестің маңызды сипаттамаларын болжамдау.

Білімгер білуге тиісті: химиялық технологияның негізгі ұғымдары, химиялық процестердің типтерін, заңдарын, түрлерін және табиғатты қорғау өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу тәсілдерін білу.

Білімгер істей алу керек: физика-химиялық заңдарды пайдалана отырып реакцияның термодинамикалық шамаларын есептей білу, процестердің және аппараттардың теориясы негізінде химия өнеркәсіптерін ұйымдастыра және жоспарлай білу.

4. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері:

«Химиялық технология» курсыноқу жалпы және бейорганикалық химия, аналитикалық химия, физикалық химия, жоғары математика, аналитикалық геометрия, физика, математика, информатика пәндерін оқып үйренгеннен кейін оқылуы қажет.

Курсты оқып үйрену барысында білімгерлер химиялық өндірістің құрамы және құрылымымен танысады, химиялық өндірістің физика-химиялық негіздерін зерттеуді, процестің материалдық және жылулық баланстарын құрастыру әдістемелерін, типтік химия-технологиялық процестер мен жүйелерді талдау, өндірістің қазіргі заманның талабына сай әдістері мен тәсілдерін оқып үйренеді, химия-технологиялық прцестер мен жүйелерді талдау және синтездеуді игеріп үйренеді.

5. Пәннің мазмұны:

Осы курста білімгерлер химиялық технологиядағы келесі бөлімдерді оқи алады: химиялық технологияның жалпы сұрақтары, химия өндірістерінің ғылыми негізі, химиялық өндірістердің шикізаты, химия өндірістеріндгі судың алатын орны, химия өндірістеріндегі энергетика, химико-технологиялық процестерде қолданылатын физико-химиялық заңдылықтар, отынды химиялық өңдеу. Химия өндірістерінің жалпы ғылыми принциптері: үздіксіз принциптері, өндіріс қалдықтарын қолдану және т.б. Жердің минералды ресурстары және оларды тиімді пайдалану жолдары қарастырылады, сонымен қатар химия өндірістерінің аппараттары және процестері, химия өндірісінің маңызды топтары, металдар мен балқымалардың алудың жалпы тәсілдері, бейорганикалық және органикалық заттарды өндіретін өндірістердің технологиясы қарастырылады.

Пән бойынша тестік және емтихан сұрақтары модульдік тақырыптарға сәйкес құрастырылып, білімгердің еңбегі мен білімі ұпайлық жүйемен бағаланады. Пән компоненттеріне қойылатын негізгі талаптар: Курс бойынша тиянақты білім алу үшін лекциялық сабаққа, лабораториялық сабаққа және өзіндік жұмыс дәптерін пәнге арнау керек. Оқытушы түсіндірмесімен қатар өзіндік жұмыс дәптеріне үй тапсырмаларын, өткен материал бойынша тақырыпқа қосымша толықтыру жұмыстарын конспекті түрінде жазуы керек.

БӨЖ арналған тапсырмалар бірінші аптада беріледі.

 

6. Курстың мазмұны:






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных