ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
йымдасқан қылмыскерлік, оның рецедивтік және кәсіби қылмыскерлікпен өзара байланысыfile://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007 Криминологияны ғылым ретінде қарау Егер сөзбе-сөз ұғынсақ криминология дегенiмiз кылмыскерлiк жайындағы iлiм: Crimen-қылмыс, logos -ілім. Бiрақ криминология ғылымының нақты мазмұны едәуiр күрделi әpi көп аспектiлi. Ол жекелеген кылмыстардың ғана емес, жаппай кылмыстық әрекет ретiндегi қылмыскерліктің де заңдылығын зерттейдi, адам неге қылмыс жасайды? Өз проблемаларын шешу үшiн көптеген адам, неге кылмыс жолына түседi? Ондайға жол бермеу үшiн не iстey керек? - деген cұрақтарға жауап бередi. Кез келген басқа ғылым сияқты криминология да заңдылықты зерттейді. Криминологияның айрықша пәні – заңдылықтар; а) қылмыскерліктің барлық көріністері; ә) кылмыскерлiктiң, детерминациялары мен себептiлiгi; б) кылмыскерлiктiң әр түрлi ықпалға ұшырайтындығы. Қылмыскерліктің әр түрлі көрініс табуы мыналарды қамтиды: қылмыс немесе жеке қылмыстық әрекет; кылмыскерлiктiң әр түрлі негіздер бойыншабөлiнiп алынатын жекелеген түрлерi (экономикалық, мемлекеттiк, кәмелетке толмағандардың, әйелдердiң және т.б); мемлекеттiң белгiлi бiр аймағындағы, мемлекеттегi адамзат коғамының әр түрлi кезеңiндегi қылмыскерлiк. Осы айтылғандардан мынадай тұжырым жасауға болады: қылмыскерлік - адамзат тарихында бұрын болған және қазiргi бар қоғамдардың барлығының да ажырамас бөлiгi'. Криминология кылмыскерлiктi орын мен уақыттың нақты жағдайында зерттейді. Криминолог қоғамға, адамға, бiр жағынан, «қылмыскерлік арқылы», кылмыстық әрекет арқылы қарайды. Тек қылмыскерлiк, оның себептерi жане онымен күрес - криминологияға негiзгi керектiлер осылар. Қылмыскерлiктен бастау алып ол оның себептерiнiң, онымен күpecтi ұйымдастырудың,, оның алдын алудың талдамасына тереңдеген сайын қоғам мен табиғатта бар басқа да кең әpi күрделi проблемаларға шығады. Философ, керiciнше, қылмыскерлiктi көптеген құбылыстардың бiрi ретiнде, барлық басқалардың өзара байланысы, өзара әрекеттестiгi контексiнде қарайды. Философтар қылмыскерлiкке табиғат пен қоғамның жалпы заңдылықтарын зерттеуге байланысты талдама жасайды.
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007 Нақты өмiрде қылмыскерлiк пен басқа келеңсiз әлеуметтiк ауытқулар (алкоголизм, маскүнемдік, наркомания, көлеңкелi экономия жене т.б.) арасындағы шекараны дәл анықтау қиын. Оларды оқшаулап қарау салыстырмалы, жасанды болып шығады. Қолданыстағы заң қылмыскерлiктiң шекарасын көрсетедi, бiрақ криминологиялық зерттеулердiң шекарасы одан бiршама кең. Қоғам мен заң өзгергенде қылмыс және қылмыс емес деген ұғымдар да өзгередi. Криминолог белгiлi бiр iс-ерекеттердi криминалға жатқызу (оларды заң бойынша қылмыс деп тану) және криминалға жатқызбау (тиiстi iс-әрекеттердi заң бойынша қылмыстар қатарынан, яғни қылмыстық жазаланатындар қатарынан алып тастау) туралы меселеге өз үлесiн қосады. Қылмыс жасайтын адамдарды зерттей келе криминологтар мынаны байқады: ұдайы құбылып отыратын жағдайда олардың қоғамға қауiптi әрекеттерi өз нысанын өзгертедi екен, ал бұл нысанның өзгеруiнен сол әрекет екенiн қоғамға қауiптiлiк сипатын жоғалтудың орнына, кейде бұрынғыдан да бетер қауiптi болады екен. Мұндай жағдайда қылмыстық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу керек. Заңның криминологиялық келiсiмдiлiгiн, оның қоғамға аса қауiптiлiк келтiретiн жаңа шындыққа сәйкестiгiн осы криминологтар қамтамасыз етедi. Қылмыстық құқық саласындағы мамандарда құбылмалы кезде қоғамға қауiптi әрекет нысанының өзгеретiндiгi жайында толықтай деректер болмайды. Сонымен крuмuнолог қылмыскерлiк пен келеңсiз әлеуметтiк ауытқулардың өзге нысандарының өзара байланысындағы, олардың қоғамға қауiптi әрекетке айналуындағы заңдылықты зерттейдi. Профессор Г.М. Минковский бейнелеп айтқандай, криминологтердiң назар аударатын объектiлерi қалайда «фондық құбылыстар» болуға тиiс. Бiрақ криминологтер оларды толық көлемде емес, тек олардың қылмыскерлiкпен байланысын ғана зерттейдi. К,ылмыскерлiк детерминациясы жене себептiлiгi - бұл, жалпы алғанда, к,ылмыскерлiктiн. к.огамда туындау процесi (елеуметтік детерминация) жене сол процестi тудыратындарды, себептiк байланыстарды белiц алу (себептiлiк).
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007 Қылмыскерлiк детерминациясымен себептiлiгi, жалпы, қoғaмдағы, мемлекеттегi, аймақтағы қылмыскерлiктiң, белгiлi бiр әлеуметтiк топ өкiлдерiнiң қылмыскерлiгiнiң, қылмыскерлiктiң кейбiр түрлерiнiң, жеке қылмыстық әрекеттiң қандай да бiр кезеңде дамуын зерттейдi. Бұл ретте тек қоғамның қылмыскерлiкке ғана емес, сонымен қатар қылмыскерлiктiң қоғам өмірінің әр түрлi жақтарына ықпал ету процесi де талданады. Кылмыскерлiктiң әр түрлi ықпалға ұшырау заңдылығын талдағанда алдында қылмыскерлiкпен күрестің неғұрлым тиiмдi жолдарын iздестiру мақсаты тұрады. «Қылмыскерлiкпен күрес» - күрделi, көп аспектiлi к.ызмет, ол қылмыскерлiктiң өзiне және оның себептерiне, жағдайға ықпал етудi қамтиды. Бұл қызмет қылмыскерлiкпен күpecтi жалпы ұйымдастыруды да, қылмыскерлiктiң алдын алуды да, құқық қоргау қызметiн де қамтиды. Егер алғашқы eкi меселе, негiзiнен, криминолгтердiң назарын аударатын басты объектiлер болып келсе, ал құқық қорғау қызмeтi - оның жүйелiлiriн қамтамасыз ету жене криминологиялық келiсiм тұрғысынан алынады. Құқық қорғау қызментінің кейбiр бағыттарын қылмыстық процесс, жеделіздестіру қызметi бойынша мамандар және басқалар анықтайды. Криминолог - жан- жақты экономикалық саяси, әлеуметтiк, құқықтық және басқа да ұсыныстар бере алатын әмбебап маман емес. Қоғам өмірінің экономикалық саяси жене басқа да салаларын, құқықтың әр түрлi салаларындағы мәселелердi тереңiрек талдаған сайын ол алғашында басқа мамандармен ынтымақтастықта болады, кейiннен «эстафета таяғын» олардың қолына ұстатады, содан кейін барып олар қылмыскерлiктi тудыратын себептермен жағдайларды жоюдың нақты жолдарын анықтайды. Бұл ретте криминологте оның өзiне ғана тән зерттеу саласы болады: тiкелей қылмыскерлiк туындайтын әр түрлi әлеуметтiк құблыстар мен процестердегi (әлеуметтiк, саяси жене баска) өзара байланыстылықты бөлiп алу. Ол өзi алған нәтижелер жайында экономистердi, саясаткерлердi, социологтердi, құқық
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
қорғаушы және басқа мемлекеттiк органдарды, жұртшылықты хабардар етедi. Бiрақ криминолог, ендi болды, бұдан былай жұмыссыздық та, кедейлiк те болмайды, қылмыскердiң ешқайсысы жазасыз қалмайды деп қол қусырып oтыруғa тиiс емес. Ол жұмыссыз азамaтrapдың қандай бөлiгi кедейлiк сатысынын ең төменгi баспалдaғына тұрғандығын, сол себептi олардың қылмыс жасайтындығын ашып көрсетyi тиiс. Бiрақ ондай адамдардың iшiнде қылмыс жасамайтындар да бар. Тиiсiнше, кейбiр тұрақты тepic құбылыстарды тез жою жөнiнде меселе көтермесе де, криминолог өз ақпаратымен олардың криминогендiк әpeкeттepін бейтараптандыруға, оң факторлармен өзара қатынасын камтамасыз етуге көмектесе алады (қapттapғa, мүгедектерге экономикалық көмек; еңбекке жарамды адамдарды жұмысқа орналастару; қылмыспен келген табысты «жуып-шаюға» жол бермеу және т.б.). Сонымен қатар криминолог қылмыскерлiктi азайтуға ықпалын тигiзетiн құбылыстарды назаpға алады - ол тек криминогендiк қана емес (кылмыскерлiктi туындататын), сонымен қатар антикриминогендiк (туындауға тосқауыл болатын) мән-жайларға да баса көнiл аударады. Оның антикриминогендiк процестер жайындағы ақпараты қылмыскерлiкпен күресте батымды шара қабылдауға көмектеседі. Сонымен, бiрiншiден, криминология өмiрдегi барлық жағдайға жан-жақты ұсыныс беретiн әмбебап ғылым емес, екiншiден, қылмыскерлiкпен күрес проблемасын орын мен yaқыттың нақты жағдайларында шеше отырып ол өз бағытын ұстанады. Криминологиялық тұжырымдар әлеуметтiк қайта өзгеру процесiнде қолданысқа алынады, солай болуға тиiс те, бiрақ криминолог пен революционердi, криминолог пен билiк басындағылардың жауын ажырата бiлу керек. Криминолог ic жүзiнде әрқашан қоғамғa оның денесiндегi сыздауықты, әлеуметтiк басқарудағы қателiктердi көpceтeтін сыншы рөлiн атқарады, себебi қылмыскерлiк оң жетiстiктерден, жақсы өмiрден туындамайды. Ал, оның ұсынысы болмаса қылмыскерлiктiң тасасында тұрған, кейде қоғамға
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007 «қылмыскерлiк арқылы» карағанда ғана көрінетін тepic құбылыстардан арылу мүмкін емес. Криминологиялық құбылыстарды ескеру - қоғамдық қатынастарды құрбансыз және астан-кестен төңкерicсiз, ғылмға сүйенiп қайта құру жолындағы маңызды қадам. Әлеуметтiк жетiстiктердi емес, қателiктердi ғана көрсеткені үшiн криминологтi айыптау пациенттiң келicтi түр-түсiн, инабаттылығын, жақсы қасиеттерiн сөз етпей, оның ауруы жайында, оны емдеудiң жолын айтқан дәрiгердi айыптағанмен бiрдей. Мұны айтып oтырған себебiмiз, КСРО кезiнде криминологиялық зерттеулерге отыз жылдан аса уақыт тыйым салынғанан едi. Ол тыйым Қылмыскерлiк пен қылмыскердi зерттеу жөнiндегi мемлекеттiк институт қайта ұйымдастырылып, Орталық статистика басқармасының моральдық статистика бөлiмi таратылған 30 жылдардың басынан Қылмыскерлiктiн себептерiн зерттеу және оның алдын алу шараларын қарастыру жөнiндегi бүкiл одақтық институт шығарылған 1963 жылға дейiн созылды. Бұл кезенде қылмыскерлiк проблемалары бойынша, бiрақ қылмыстық құқық криминалистика және басқа пәндер шенберiнде жекелеген ғылыми зерттеулер жүргiзiлдi. Іc жузiнде әңгіме күрделi де бүтiндей ерекше құбылыс болып табылатын қылмыскерлiк жайында емес, жекелеген қылмыстармен күрес жайында ғана едi. КСРО құрамында болған мемлекеттердегi социализмнiң ыдырауы қылмыскерлiктiң себептерiне, әcipece, наркобизнес, жезөкшелiк, валюталық операциялармен жасалатын қылмыстардың себептерiне жаңаша көзқарасты талап етті. ТМД елдерiнде алғашқы Криминологиялық ассоциация 1991 жылы кұрылды. Қазақстан Республикасында да Криминологиялық Ассоциация 2000 жылы кұрылып, аталған ұйымның "Қылмыстылыктың алдын алу" (Предупреждение преступности) журналы 2001 жылдан бастап жылына eкi рет жарық көре бастады. Алғашқы Қазақстанның Криминологиялық ассоциациясының төрағасы болып заң ғылымдарының докторы, профессор И.И.Рогов сайланды.
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007 Криминологияның ғылым ретіндегі мазмұн - бұл дегенiмiз: қылмыскерлiктi, оның өзгерiстерiн, аймактық және әлеуметтiк топтық ерекшелiктерiн зерттеу және бағалау; тиiсті қылмыскерлiктiң детерминация және себептiлiк процестерiн оның өзгерiстерi мен айырмашылықтарын зерттеу және бағалау қылмыскерлiкпен күрес жөнiнде, сондай-ақ крминологиялық зерттеулердiң методологиясы мен әдiстемесiне қатысты ұсыныстар дайындау. Криминология пәнiнiң анықтамасымен салыстырып қарасақ мұнда, бiрiншiден, қылмыскерлiктi, оның детерминация және себептiлiк процестерiн, екiншiден, қылмыскерлiкпен күрес жөнiнде криминологиялық зерттеулердiң методологиясы әдiснамасы мен әдiстемесi бойынша ұсыныс дайындауды көрсету өзiнше жаңалық болып табылады. Кез келген ғылымның методологиясы мен әдiстемесi маңызды рөл атқарады, себебi олар әрқашанда зерттеу объектiсiне «байланыстырылады» және оның нәтижелерiнiң сенiмдiлiгiн, растығын анықтайды. Зерттеу әдiстемелерi мен әдiстерiнiң өзiндiк ерекшелiктерi осы әдiстердi игерген мамандардың сондай-ақ арнаулы зерттеу мекемелерiн ұйымдастырудың қажет екендiгiн талап етедi. Криминология бойьшша 60 жылдары шыққан алғашқы оқулықтарда оның пәнi мен мазмұнын қарастырғанда жеке басы сөз болмайды. "Қылмыскердiң тұлғасын жалпы анықтаудан теория жүзiнде бас тарту дегенiмiз жеке дараны әлеуметтiк айналдырудан бас тарту деген сөз, ол ойлап қарасаңыз криминологиялық теорияны әдiстемелiк негiзден айырады" – деп У.С. Жекебаев дұрыс айтқан болатын. Кейiн қылмыскерлiкпен, оның себептерiмен, қылмыскерлiктiң алдын алу шараларымен қатар ол жайында сөз қозғала бастады. Ондағы мақсат - криминологтердiң оған өзiнше бөлек назар аударуы керек екендiгiн, қоғамдық қатынастарды зерттеу қылмыскердiң жеке басын зерттеудi алмастыра алмайтындығын, ал қылмыскерлiкке және оның себептерiне ықпал ету - адамның өмip салтын cayықтыpy және белгiлi бiр жеке мiнезқұлықты түзету екендiгiн көрсету едi. Криминология пәнiн, оның мазмұнын анықтаудағы мұндай көзқарас өзiн ақтады, себебi ол, мысалы, қылмыскердiң жеке басын криминологиялық зерттеудiң дамуына септiгiн тигiздi. Осы күні зерттеулер нәтижелерiнiң маңыздылығы даусыз, ендi криминологияның пәнi мен мазмұнын анықтауда қылмыскердiң жеке file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
басын қылмыскерлiктен бөлек, оның себептерi мен алдын алу шараларынан бөлек сөз етуге болмайды. Қылмыскердің жеке басын криминология пәнiнде бөлiп алудың жасандылық сипаты бар, ол жайында алда сөз болады.
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
1.2. Криминологияның ғылым ретінде қалыптасуы және дамуы Қылмыстардың себептерi, олар үшiн жауапкершiлiк принциптерi туралы көптеген негiзге алынатын идеялар адамзат тарихының бастапқы кездерiнде-ақ пайда болған Криминология тарихы, өзiнше дербес ғылым peтiндe 19 ғасырдан басталды, жаратылыстық-ғылыми әдiстердi қолдану аясы кеңiдi. Олар қоғамдық ғылымдарға да ене бастады. 19 ғасырдың l-жартысында криминологияның дербес ретiнде қалыптасуына зерттеулердiң мына төрт түpi айқын әcepiн тигiздi: 1) антропологиялық; 2) статистикалық; 3) әлеуметтiк-экономикалық, социологиялық және т.б., олар арқылы қылмыскерлiк факторларына және оларға ықпал ету тетіктерінe талдау жасалды; 4) әлеуметтiк-құқықтық. Антропологиялық зерттеулердiң негiзiн қалаушы френолог Галль болатын. Ол қылмыс жасайтын адамдарды үш категорияға беөлдi, қылмыскерлердi биологиялық топтастырудың басын бастады. Кейiн туа қылмыскеp деген идеяны бұрынғы түрме дәрiгерi, сот-медицинасының итальяндық профессоры Цезарь (немесе Чезаре) Ломброзо тамаша негiздедi. «Қылмыскер болып туады»- дедi ол өзiнiң алғашқы еңбегiнде. Кейiн ол туа қылмыскер болу типтердің бiреуi ғана, ал өсе келе өмip ықпалымен қылмыскер болатын басқалар да бар eкенін мойындады. Ламброзоның бұл жұмысы күштi дау туғызды: бiр авторлар оны қолдады, басқалары оның идеясын қолдамады, өздерiнше зерттеулер жүргiздi. 19 ғасырдьщ соңы - 20 ғасырдың басында қылмыстық антропология жөнiнде бiр қатар халықаралық конгрестер eттi, оларға қатысқандардың көбiсi Ломброзо теориясын сынады. Ломброзо болса қылмыскерлердi және қылмыс жасау себептepiн зерттеу aуқымын кеңейтiп, айтысты жалғастырды. Ол өзiнiң кейiнгi жұмыстарында сыртқы ортаның қылмыскерлiкке ықпал eтетін ер турлi факторларына назар аударды, туа қылмыскер болатындық туралы теориясынан бас тартпаса да бiртiндеп әлеуметтік факторларға көңіл бөле бастады. Ломброзоның идеясын оның шәкiрттерi - белгiлi итальян ғалымдары Рафаэль
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007 Гарофало мен Энрико Ферри дамытты, олар қылмыскерлiктiң әлеуметтiк факторларына баса назар аударды. Ферридiң пiкiрiнше, антропологиялық мектептiң айырықшылығы сонда, ол органикалық және психикалық келбеттерi, мұралаған және жүре бiткен қасиеттерi арқылы қылмыскердің жай адамнан өзгеше екендiгiн мойындады (раr des anormalitus organiques et psychiques), қылмыскерлердi адамзат тұқымының ерекше бiр түpi деп санады (иnе classe speciale, unе variutu de lespuce humaine). Тиiсiнше, жазаны, қоғамның осы «адамзат тұқымының бiр түрінен» қорғанысы ретiнде қарады. Бұл бағытты жақтаушылар Францияда және басқа да елдерде болды. Ресейде П.Н. Тарановскийдiң Д.А. Чиждiң жұмыстары, бiршама Д. Дрильдiң және басқа авторлардың жұмыстары антропологиялық бағытқа жақын болды. Айтулы криминологиялық жұмыстардың бiрi - «Кылмыскерлiктiң экономикалық факторының» авторы Ван-Кан кейiндерi былай деп жазды: «Ламброзонның еңбегi сонда, ол криминология саласындағы ойды оятты, жүйе құрды, тапқыр және батыл гипотеза жасады, ал нәзiк талдамалар мен түйiндi тұжырымдарды ол өз шәкiрттерiне қалдырды». Ресейде А.Хвостов, Францияда А.Герри, Бельгияда Э.Дюкпетью қылмыскерлiк жайында жинакталған деректерге арнаулы статистикалық зерттеулер жүргiздi. Олардың қылмыскерлiктегi заңдылықты зерттеу үшiн қаншалықты маңызды екендiгiн бельгиялық математик әpi статист А.Кетле айқын көрсете бiлдi. 1836 жылы А.Кетленiң «Адам жене оның қабiлетiнiң дамуы немесе қоғамдық физика тәжiрибесi» атты шығармасы жарық көрдi, онда автор былай деп жазды: «Қылмысқа қатысты нәрселердiң бәрiнде сандар соншалықты тұрақты қайталанады, ол жағдайға назар аудармасқа болмайды. Қылмыстардың белгiлi бiр түрлерiнiң жыл сайын ұдайы қайталанып тypaтыны және олар үшiн берiлетiн жаза түрлерiнiң де сол пропорцияда болатындығы қылмыстық соттың бiзге берiп отырған қызықты статистикалық мәлiметтерi; мен оларды өзiмнiң әр түрлi шығармаларымда бетке ұстадым, әрқашан қайталаудан жалықпадым: таңғаларлық делдiкпен төлем жасап тұратын бюджет бар, ол - зындан, түрме, эшафот бюджетi; сол бюджеттiң азаюын ойластыруымыз керек».
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007 Мұндай зерттеулердi басқа авторлар да жалғастырды, олардың көмегімен, бipiншiден, қылмысты немесе қылмыстарды зерттеуден статистикалық заңдылығы бар жаппай әлеуметтiк құбылыс болып табылатын қылмыскерлiктi зерттеуге қадам жасалды, екiншiден, қылмыскерлiк туралы статистикалық мәлiметтердегi өзгерiстер мен қоғамдары өзгерicтер арасындағы өзара байланыс көрсетiлген. Ал, әлеуметтiк-экономикалық социологиялық зерттеулердi алатын болсақ көптеген авторлар (Ферри, Гарофало, Марро, кейiнiрек Ашшафенбург және басқалар) қылмыскерлiктiң әр түрлi әлеуметтiк факторлармен статистикалық байланысын көрсетті. 1844-1845 жылдары жас Фридрих Энгельс «Англиядағы жұмысшы табының жағдайы» атты кiтап жазды, онда «Өз байқауым және шын көздер бойынша» деген тарау бар. Бұл ic жүзiнде қоғамдық жағдайлардың қылмыскерлiкке ықпал ету факторын ғана емес, ондай ыкпалдың тетігін, қылмыскерлiктiң әлеуметтiк мәнін алғаш рет тepeңipeк зерттеу болды. «Әлеуметтiк тәртiптi сыйламау өзiнiң ең ақырғы сатысында - қылмыскерлiкте айқын көpiнic табады. Жұмысшыны моральдық азғындауға алып келген себептер әдеттегiден гөpi күштiрек, жиналып әрекет eтeтiн болса, онда, Реомюр бойынша 80 градуста су суйық күйден газға өтeтіні сияқты жұмысшы да қалайда қылмыскерге айналады»- деп жазды Ф.Энгельс. Қылмыскерлiк дегенiмiз әлеуметтiк соғыстың көрініc табуы, Энгельс айтқандай, «әpкім өзiн ойлайды, өзi үшiн 6асқалардың бәрiне қарсы тұрады, ал өзiнiң қас жауы болып табылатын сол басқаларға зиян келтiру керек пе деген меселенi тек өз қамына байланыстырып шешедi. Қылмыскерлiк кестесі көрсетiп отырғандай, бұл шайқас жылдан жығa ушығып, етек алып барады; жауласушы тараптар бiртiндеп өлiспей берiспейтiн eкi лагерге бөліне бастады: мұнда - буржуазия, анда - пролетариат. Бұл барлығының барлығына қарсы және буржуазияның пролетариатқа қарсы соғысы бiздi таңдандырмау керек, себебi ол жеке бәсекелестiк принципiнiң бiртiндеп жүзеге асуы болып табылады. Фридрих Энгельс, бiрiншiден, адамдар мiне-зқұлқындағы жалпы келеңсiз әлеуметтiк ауытқулардың себептерiн емес, тек қылмыскерлiктің себептерiн file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
негiздедi; екiншiден, жеке мүдденiң epкін бәсекелестiктiң толық үстемдiгi, жеке меншiгi жоқ жалдан6алы еңбек адамдарының мүдделерi мен құқықтарын ешбiр елемеушiлiгi орын алып отырған жағдайдағы қылмыскерлiк заңдылығын көpceттi. Осыдан барып қоғамдық және саяси мекемелердi, қоғамның қоғамдық-әлеуметтiк қалпын өзгерту қылмыскерлiкпен күрес шараларының ең 6астысына айналады. Әлеуметтiк-құқықтық зерттеулердiң құқық социологиясының дамуы қылмыстардың әлеуметтiк негiзiне, құқық нормаларының бұзылу себептерiне, қылмыс үшiн жаза қолданғанда оларды ескеру қажеттiгiне назар аударды, талап eттi. Қылмыстық саясат туралы iлiм пайда болды. Қылмыстардың себептерiмен және олардың алдын алу шараларымен криминалистер айналыса 6астады. Жапония профессоры Кан Уэда өз елiндегi криминологиялық зерттеулердiң пайда болуын қалыпты, саясат пен түрме iciнe жасалған реформамен байланыстырады. Осының бәpi қылмыскерлiк жөнiндегi арнаулы зерттеушiлердiң оның заңдылықтары мен себептерiн зерттеудiң яғи криминологияның пайда болуына әкелдi. Римдегi кассациялық соттың прокуроры барон Р. Гарофало өзiнiң 1890 жылы жарық көрген кiтабын «Криминология» дел атаған.
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007 1.3. Криминология ғылым жүйесінде Бiрқатар авторлар криминологияны пәнаралық ғылым деп санайды, криминалист заңгер де, қоғамтанушы да болуы тиiс дейдіi. Бұл криминалист үшiн мақтанарлық жай. Бұндай көзқарас бiрқатар тактикалық мәселелердi шешерде қиындық тудырады. Мысалы, криминологгердi қай мамандық шеңберiнде дайындау керек? «Пәнаралық» ғылы деген не? Ол қай пәндер арасында? Сонымен қатар, пәнаралық зерттеулер мен пәнаралық ғылымды айыра бiлу керек. Мұндай зерттеулерге әр түрлi мамандар қатысады, ал маман-криминолог деген кім, oған не үйрету керек, оны базалық даярлау қандай болуы тиiс? Бұл мәселелер әр түрлi шешiлдi және шешiлiп келедi. Бұған негiзi төрт көзқарас бар: 1. Криминология - қылмыскерлiк социологиясы және зерттеушiнi социологиялық даярлау базалық болуы тиiс. Осыған байланысты бiрқатар мемлекеттерде криминологияны заңгерлер емес, болашақ социологгер өтедi (АҚШ, Ұлыбритания және т.б.). 2. Криминология – заң ғылымы және мамандарды заңдық даярлау базалық болуы тиiс. Оған мынадай аргументтер келтiрiлген: қылмыстың шекарасын заң белгiлейдi, қылмыскерлiкпен оның барлық аспектiсiнде күресудi заң құқық бұзушылыктың басқа түрлерiмен және өзге де келеңсiз әлеуметтiк ауытқулармен салыстырғанда өте мұқият реттейдi. Ресейде, Батыс Еуропаның бiрқатар мемлекеттерiнде криминологияны заң факультеттерiнде өтедi. Тиiсiнше, криминология, заң мамандықтарының бiрi ретiнде қаралады. Бұл ретте, криминолог, басқа маман-заңгерлерге қарағанда социологияны, әлеуметтiк психологияны жақсы бiлуге тиiс деген ұғым бар. Басқа сөзбен айтқанда, криминология әлеуметтiк-құкықтық ғылым деп саналады. Шындығына келгенде, юриспруденцияға, әлемге социологиялық кең көзқараста болу тән. Сондықтан да болар, болашақ заңгерлер философияны да, психологияны да, экономиканы да, статистиканы да, сот психиатриясын да, сот медицинасын да өтуге тиiс. Юриспруденция (Заңнама) жалаң зандық-догматикалық көзқарастан әлдеқашан өтiп кеттi. Әрине, заңгерлердi мамандандыру бар. Ол file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
заңгерлердiң философия негiзiн, психологияны, статистиканы жене т.б. бiлуiмен шектелмейдi. Олар «криминалдық цикл» деп аталатын пәндердi жақсы игеруi тиiс (қылмыстық құқық қылмыстық процесс, сот статистикасы және т.б.). 3. Криминологиялық зерттеулер - бұл бәрiнен бұрын, адамның мiнез-құлқын зерттеу, сондықтан оны маман-психологтер, психиатрлар жүргiзуi тиiс. Бұл «клиникалық» криминология деп аталатынның өкiлдерiне тән. Бiрақ соңгы онжылдықтар практикасында мұндай көзқарас социологиялық, экономикалық, заңдық және басқа танымдар ескерiлiп жүзеге асырылатын, яғни кешендi немесе пәнаралық деп саналатын криминологиялық зерттеудiң объектiсiне айналды. 4. Криминологиялық зерттеу, бұл – пәнаралық зерттеу. «Криминология - айрықша тұтастық құрайтын әр түрлi бiлiмдер мен әдiстердiң жүйесi, сондай-ақ қылмыскерлiктi зерттеуге бабағытталған пәнаралық ғылыми-зерттеу қызметiнiң айрықша жүйесi» деп санайды В.Б.Лершин мен А.Н.Лодрядов. Мұндай көзқараспен криминологияны «кешендi ғылым» деп те атауға болады. Мынадай сұрақтар туындайды: құқықпен қоса социология туралы неге сөз болады? Неге экономика, саясаттану және басқа ғылымдар жайында емес? Ал социология дегенiмiз - қогам өмірінің әлеуметтiк саласының заңдылығын зерттейтiн қогамдық ғылымдардың бiрi ғана. 60 жылдары КСPO-да криминология қайта дамығаннан кейiн өмiрдiң өзi эксперимент қоя бастады. Қылмыскерлiктiң себептерiн зерттеу және олардың алдын алу шараларын дайындау жөнiндегi бүкiл одақтық институттың кадрлары философия, заң социология, психология және басқа салалардың мамандарынан жинақталды. Басқаларына қараган дща заңгерлер криминологиялық зерттеулердi тез игерiп кеттi. Алғашында қиындық көрдi, себебi олар криминологияны жоғары заң оқу орындарында оқымаған едi, тек аға буын криминологтермен қатынаста болды, кiтапханаларды пайдаланды, басқа мамандармен зерттеулерге, жарыссөзге қатысты. Отандық криминологияның қазiргi мектебiн құрған сол заңгерлер едi. Заң бiлiмi криминологтерге, қажеттi жагдайларда, нақты құқықтық шешiм ұсынуға, адресаттардың құқықтық құзыретiн ескере отырып өз ұсыныстарының адресаттарын дәл таңдауға мумкiндiк бередi. Криминологтің тергеушi, прокурор, судья, адвокат болып жинақтаған тәжiрибесi де елеулi рөл атқарады. Бұл file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007 қылмыскерлiктi де, онымен күрестің жолдарын да нақты жағдайда көрiп-бiлуге мүмкiндiк бередi. Ресейде және юриспруденция шеңберiнде өзi дамыған басқа елдерде криминология криминалдық цикл ғылымдары үшiн (қылмыстық, қылмыстық-атқару иқұқығы, қылмыстық процесс, криминалистика, жедел-iздестiру қызметi, сот психологиясы және т.б.) жалпы теориялық ғылымға айналды. Криминалдық цикл ғылмдарының саны тұрақты емес. Криминология мен бұл ғылымдардың арақатынасын мемлекет және құқықтық теориясы мен басқа заң пәндерiнiң арақатынасымен салыстыруға болады. Криминология жөнiндегi оқулықтар мен оқу орындарында Криминологияның прокурорлық қадағалаумен, азаматтық құқықтық және процеспен, басқа дақұқықтық мамандықтарымен, сондай-ақ өге де қоғамдык, ғылымдармен философиямен, политологиямен, социологиямен, экономикамен, демографиямен,.әлеуметтiк және жалпы психологиямен, статистикамен тығыз байланыста екендiгi жайында айтылrан. Криминологияда сөзсiз практикалық сипат бар екендiгiн көрсетуге болады: оның ұсыныстары негiзiнде қылмыскерлiкпен күрестің бағдрламасы жасалады, заңнамалар өзгередi, қоғамдық қатынастар жетiлдiрiледi, қылмыстардың себептерi, қылмыскердiң жеке басы туралы мәлiметтер көрінic табатын қылмыстық-iс жүргiзу құжаттары, прокурорлық қадағалау актiлерi жасалады және т.б. Тергеушi, прокурор, судья, жедел-iздестiру, контрбарлау, барлау қызметін жүзеге асырушы адамдар, адвокат қылмыстың себептерi мен жағдайларын дұрыс талдай алуға, қылымыскердiң жеке басын дұрыс бағалай бiлуге, ол себептер мен жағдайларға шара қолдануға мiндеттi. Заң консультанттары мен нотариустар криминалдық мәмiлеге жол бермеуi керек. Сонымен қатар, белгiлi бiр әлеуметтiк құбылыстың заңдылықтарын зерттейтiн криминология адам және қоғам туралы ғылыми ұсыныстар жасауға үлесiн қосады. Қазакстанда криминологиялық зерттеулермен ғылыми мекемелер мен жоғары заң оқу орындарының қызметкерлерi айналысады. file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
1991 жылы криминологтер Криминологиялық қауымдастық құрды, бұл - заңды тұлға болып табылатын epiктi, өзiн-өзi басқаратын қоғамдық бiрлестiк. Оның жұмысының негiзгi нысандары: семинарлар мен конференциялар өткiзу, арнайы әдебиет шыrғpy, криминологиялық сараптама жургiзу, заң жобаларын жасауға қатысу, зерттеулер ұйымдастыру, тиісті мамандармен халықаралық байланыстар орнату. Қазақстан криминалистерiне тән қасиет - қылмыскерлiктi шетелдiк және халыкаралық зерттеуге қатты ыкылас қою. Криминология жөнiндегi көптеген еңбектер орыс тiлiне аударылды, ал отандық ғалымдардың еңбектерi шет елдерде басылып шығуда.
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
1.4. Методология және әдiстеме ұғымы Methodos грекше сөзбе-сөз алғанда «бiрдемеге жол», зерттеу дегендi бiлдiредi. Fылыми айналымда «методология», «әдiстеме», «әдiс» және бiрқатар сөздер пайдаланылады. «Әдiс» дегенiмiз амал, зерттеу тәсiлi. Әдiстеме - зерттеу әдiстерiнiң жиынтығы. Методология - бiрдеменi ғылыми зерттеудiң жолдары, әдicтерi туралы iлiм. Кез келген басқа зерттеулер сияқты криминологиялық зерттеулердiң методологиясы зерттеу заты мен объектiсiне, зерттеушi алдыга койған мақсатқа байланысты. Адамды зерттеу әдiстемесi әлi табиғатты зерттеу әдiстемесiмен бiрдей бола алмайды, коғам мен адамды зерттеу әдiстемелерi де басқа. Криминологиялық зерттеулер қылмыскерлiктi тудыратын курделi коғамдық процестердi де, қылмысты жасайтын адамдардың мiнез-құлқын да қозғайды. Криминологияның қылмыстық антропологиялық бағытының өкiлдерi антропологиялық медициналық зерттеулер жүргiздi. Сонымен қатар, «қиын жағдай криминологиясы» («критическая криминология») деп аталатынды жакқтаушылар коғамдық қатынастарға социологиялық, политологиялық, экономикалық және басқадай талдау жасап, қылмыскердi тудыратын қоғам сипаттамасын ғана талдаса, сол жеткiлiктi дегендi айтады. Бұл ретте олар қылмыскерлiктiң өзiне, қылмыскерлердi cpттeyгe назар аудару керек деп санамайды. Бұл қылмыскерлiктi және оның себептерiн толық зерттеуге кедергi келтiретiн өзара алшақ пiкiрлер. Жалпы криминологиялык таным диалектикалық - материалистiк iлiмдi пайдалануға негiзделедi. Бipiншiден, кылмыскерлiк әлеуметтiк құбылыс ретiнде қаралады, және тиiсiнше, оны зерттегенде әлеуметтiк ғылымдардың, оның iшiнде социологияның әлеуметтiк психологияның әдicтерi пайдаланылады. Әр түрлi әлеуметтiк құбылыстармен, процестермен, институттармен қатар адам да зерттеледi, бiрақ ол биологиялық тұрғыдан емес қоғам мүшесi, қоғамдык дамудың жемiсi peтiндe зерттеледi. Криминологтердiң қылмыскердiң жеке басы туралы айтып жүргенi кездейсоқтық емес.
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007 Екiншiден, қылмыскерлiк басқа құбылыстармен және процестермен өзара әрекеттестiкте, өзара байланыста талданады. Ол әрқашанда қоғамдық қатынастар тұрғысынан қаралады. Қылмыскерлiк - қоғаммен қатар тұрған бiрдеме емес, ол сол қоғамда бар, оның дәстүрлi жақтарын: саяси, экономикалық әлеуметтiк, рухани салаларын түйреп eтeтiн құбылыс. Қылмыскерлiк адам әpeкeтінің өзге де актiлерiмен өзара байланыста, оның барлық тiршiлiгi тұрсынан қаралады. Үшіншіден, криминологиялық маңыздылыққа ие құбылыстар (қылмыстар, қылмыскерлiк, олардың детерминациясы, себептерi және т.б.) олардың қозғалысы мен өзгерiсiнде, өткендi, осы кездi зерттеу және болашақты болжау арқылы зерттеледi. Төртiншiден, криминологиялық маңыздылыққа ие құбылыстардың дамуы сандық, өзгерiстер жинак,тала, дами келе сапага ememiн, қылмыскерлiктiң, жан,а күйiн тудыратын процесс ретiнде қаралады. Бұл қылмыскерлiкпен күpecтi жетiлдiру үшiн маңызды болып табылады. Бесiншiден, зерттелетiн криминалдық құбылыстардың iшкi қайшылықтары, әр түрлi жақтары да, криминалдық және басқа да әлеуметтiк құбылыстар арасындағы сыртқы қайшылыктар да ескерiледi. Сонымен қатар, iшкi және сыртк,ы қайшлык,тардын, өзара әpeкemmecтігі де назарға алынады. Қайшылықтар күpeci ғанa тиiстi құбылыстардың даму кезi болып табылады. Қылмыскерлiкпен күрес, қылмыскерлiктің алдын алу дегенiмiз - бiр жағынан келенсiз жақтардан арылу және оң жақтарға сүйену, оларды дамыту және мадақтау. Қылмыскерлік – қоғaм жемiсi, бiрақ оған қоғам дертiнен туындай салған, көзге бадырайтып көрiнiп тұpғaн нәрсе деп қарауғa болмайды. Қоғам өзгергенде қылмыскерлiк oнымен бiрге, тез өзгере салмайды. Онда еөзiндiк ерекше сипаттама бар, сондықтан оған өзiнше қарау керек. Қылмыскерлiктi сыртқы жағдайлардың өзгергенiне қарай бipден өзгере салмайтын, туракталып қалған «бедермен» салыстыруға болады. Адамдар қатып қалған саз батпақтың бетiнен ежелгi өсiмдiк iздерiн табады. Қылмыскерлiктi талдағанда қоғамдық
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007 қатынастардың бүгiнгi сипатамасын ғaнa емес, адамдар санасында, олардың дәстурiнде, iс-әрекетiнде сақталып қалған өткенін де көруге болады. Тiптен, қылмыскерлiктiң өзi де қоғамғa ықпал етедi. Криминологиялық зерттеудiң методологиясы тағы да бiр проблеманың шешiмiне байланысты. Кейбiр ғалымдардың пiкiрiнше, қылмыскерлiк дегенiмiз - абстракция. Жекелеген қылмыстар және қылмыстардың жекелеген түрлерi нақты өмiрде бар. мұндай ойдың логикасы мынадай: қылмыскерлiк дегенiмiз - қылмыстардың жасалынатындығын бiлдiредi, ал жасалынатындық нәтижесiнде не туындайды, ол – көптеген мән-жайларға, адамның биологиялық және басқа да қасиеттерiне, ол үшiн қарастырылған сыртқы жағдайларға байланысты. Бұл ретте зерттеушiнi не туындайтыны емес, сол жасалынатын процесс қызықтырады деп дәлелдейдi. Басқа авторлар қылмыстылықты оның детерминация процесiмен теңдестіруге болмайды, ол оның нәтижесi, оған өзiнше назар аудару керек дейдi.
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
1.5.Танымның жалпы ғылыми әдicтерiн криминологияда қолдану Криминологиялық зерттеуде танымның мынадай жалпы ғылыми әдістері пайдаланылады. абстрактiден нақтығa көтерiлу; жорамал; жүйелiк-құрылымдық талдама (жүйелiк амал); тарихи әдic; салыстыру; динамикалық және статистикалық әдiстер. 1.Абстрактіден нақтыға көтерілу. Танымның бұл әдiсi зерттеушiнiң теориялық даярлығының белгiлi бiр деңгейде болуын, жорамал жасауды, теориялық ұғымдар мен түсiнiктердi пайдалануды, абстрактiлi ойлауды керек етедi. Бұл ретте eкi маңызды кезеңдi ескеру керек: - бұрындары жасалғандармен танысу керек. Қылмыскерлiк туралы үйреншiктi түciніктepгe ғанa сүйенген, бiрақ криминология теориясын игермеген, бұрынғылар алған ғылыми мәлiметтермен таныспаған зерттеушiлер ғылыми негізделген ережелер бере алмайды; - «Қылмыскерлiк» құбылысының және оны туындататын процестердiң жете танылмағандығы туралы, ол құбылыстың ұдайы өзгерiп тұратындығы туралы ой естен шықпау керек. Сондықтан да зерттеу процесiнде криминолог «ашық жүйе» болуы тиiс және ол жаңа мәлiметтердi бұрыннан бар теориялық ұғымдар мен схемаларға «сыйдыруға» барлық күшiн салып тырыспауы керек. 2 Жорамал. Ал iздестiру бағытын көрсетедi, зерттеушi назарын шындықтың қандай да бiр кездерiне аударады, зерттеудi бiр мақсатқа бағыттауға мумкiндiк бередi. Жорамал, бiрiншiден, криминологияда белгiленген ғылыми негiзделген ережелермен үйлесiмде болуы тиiс, екiншiден, тиiстi болжамның дәлелдi болу мүмкiндiгiмен сипатталуы керек. Болжамның бәрi бiрдей жорамал бола бермейдi. Өзiн тексеруге тұрарлықтай болжамды жорамал деп айтуға болады. Жорамалды ұсыну, оны қалыптастыру file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
бұрыннан бар теориялық және эмпириялық мәлiметтерге баға берудi, оларды зерттеу пәнiмен, объектісімен және мақсатымен салыстыруды қажет етедi. Бұл жұмыс зерттеу бағдарламасын даярлау процесiнде жүргiзiледi. 3 Жүйелік амал. Бұл әдiс саны белгiлi өзара байланысты элементтердi қамтитын белгiлi бiр құрылымы бар белгiлi бiр күрделi ұйымдасқан жүйе ретiнде зерттелетiн объектiнi (бiздiң жағдайда қылмыскерлiк пен қоғам) қарауды көздейдi. Қылмыскерлiк дегенiмiз көптеген жай қылмыстарға ғaнa емес, олардың жүйесi, ол жайында келесi тарауда толығырақ айтылады. Өте жалпы түрде жүйенi қандай да бip тұтастық құрайтын өзара байланысты элементтердiң кешенi деп ұғыну қалыптасқан. Криминологияда жүйелiк - құрылымдық әдiстi қолданудың eкі аспектiсiнiң өзара байланысында маңыздылық бар. Бiрiншiден, қылмыскерлiктi көптеген өзара байланысты қылмыстар мен оларды жасағaн адамдардың жиынтығы және олардың арасындағы өзара әpeкeтecтікті табу деп қарастыру. Бұл ретте қылмыскерлiктiң құрылымы, әр түрлi элементтердiң сипаттамасы, олардың өзара әрекеттестiгi талданады. Екiншiден, қылмыскерлiк неғұрлым ортақ жүйенің - қоғамның шеңберiнде зерттеледi. Қылмыскерлiктiң қоғамның әр түрлiсипаттамаларымен сыртқы байланыстары ашылады, оның iшiндегi бастылары, яғни қылмыскерлiктi тудыратын ссбептiк байланыстар бөлiнiп алынады. Жүйелiк-құрылымдық талдау процесiнде, әдетте, математикалық әдiстер кең пайдаланылады. Криминологияда оларды пайдалану онша дамыған жоқ. Математикалық модельдеу әдiстерi шектеулi қолданылады. Сонымен қатар, корреляциялық, кластерлiк талдаулар жүргiзу және электрондық-есептегiш маашиналар пайдаланып басқа да математикалық әдiстердi қолдану практикасы кең таралған. 4 Тарихи әдіс. Ал қылмыскерлiктi тарихи тұрғыдан, қозғалыста зерттеудi қамтамасыз етедi. Қылмыскерлiкке талдау жасағанна, әдетте, қылмыскерлiктiң сипаттамасы мен үрдiсiн, сондай-ақ оның өзге құбылыстармен байланысын ашуғa мүмкiндiк беретiндей ұзақ кезең алынады. file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
Қылмыскерлiктiнң аймақrық ерекшелiктерiн зерттегенде тарихи салыстырмалы-тарихи әдiс алынады. Бұл ретте мыналар жүзеге асырылады: а) әр түрлi аймақтарда бiр кезең аралығында болған бiр типтi оқиғаларды (кәмелетке толмағандардың, жастардың жасаған қылмыстарын т.б.) салыстыру; ә) әр аймақrардагы бiрдей сипаттамаларды әр түрлi кезең бойынша салыстыру. 5 Салыстырмалы әдіс. Әр мемлекеттердегi, мемлекеттiң әр аймақтарындағы қылмыскерлiк, жынысы, жасы және әлеуметтiк жағдайы және т.б. әр түрлi адамдардың қылмыскерлiгi салыстырылады. Ұқсастық әдiсi қолданылғанда кеңістік -уақытқа байланысты қылмыскерлiк сипаттамасының қылмыскерлiктiң қайталанып 'тұратын сипаттамасымен және адамдар өмірінің қайталанып тұратын жағдайымен ұқсастығымен анықталады. Тиiстi ұқсастықтар бұл жағдайлар мен қылмыскерлiктiң өзара байланыстарының фактiсi мен тeтiгiн ары қарай зерттеуге негiздеме болады. Айырмашылық әдісін пайдаланғанда қылмыскерлiктiң бiр мемлекеттерде, бiр аймақтарда кездесетiн, ал басқаларда кездеспейтiн сипаттамалары анықталады. Мұндай материалдар қылмыскерлiктiң ортаның нақты жағдайларымен себептiк байланыста екендiгi туралы болжам жасауғада және оны тексеруге де негiз болады. 6 Динамикалық және статистикалық әдісте криминологияқ зерттеулерде кеңінен қолданылады. Әcipece, қылмыскерлiкте жататын осы жаппай құбылыстарды зерттеуде бұл статистикалық әдic кеңінен пайдаланылады. Динамикалық және статистикалық әдiстер әр түрлi бiлiм бередi. Динамикалық заңдылықтар дегенiмiз даму заңдылығы. Оларды қолдану себептiк байланыстарды aнықтауға алып келедi. Мысалы, 20 жыл бойы кәмелетке толмай қылмыс жасаған 140-тан аса адамның жеке басының сипаттамалары мен тағдырларына кешендi зерттеу жүргiзiлдi. Зерттеудiң бiрiншi кезеңi - 14-17 жастағыларды қылмыс жасағаннан кейiн бiрден зерттеу, екiншi кезең - 10 жылдан соң, үшiншi -тағы 10 жыл өткеннен кейiн. Бұл бiреулердiң қылмысты қайталағандығы, бiреулердiң дұрыс жолға түскендiгi, ал бiреулердiң азғындап кеткендiгi қандай мән-жағдайлармен байланысты eкeндiгін aнықтayғa мүмкiндiк бердi.
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
Статистикалық заңдылықтарды iздестiру құбылыстардың ортақ қасиеттерiн табу және сипаттау жолдарымен жүзеге асырылады. Мысалы, бұрын рецидивистердiң 60 %-ынан 80 %-ына дейiнi алғашқы қылмысты кәмелеткетолмаған жаста жасағандығын статистика дәлелдеген болатын. Бiрақ бұл статистикалық заңдылық неге негiзделген? Жоғарыда аталған ұзақ уақыттық зерттеу осы құбылыстың тeтiгін ашуға мүмкiндiк бердi. Заңдылықтарды iздестiру әрқашанда статистикалық зерттеулермен байланысты. Бiрақ олардың сипаттарын (себептiк, жаrғдайлар байланысы немесе өзгедей) табу әдiстер кешенiн қолдануды талап етедi. Статистикалық зерттеулерде жинақтап қорытылатын көрсеткіштер пайдаланылады. Оларға мынадай негізгі талаптар қойылады: а) зерттелетiн жиынтық құрамы жағынан бiртектi болуға тиiс. Мысалы, 1997 жылдың l-қаңтарына дейiн және одан кейiн тiркелген қылмыстарды салыстыра салуға болмайды, себебi қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексi енгізiлгеннен кейiн заң шығарушы қылмыстар қатарына жатқызатын iс-әрекеттер шеңберi өзгердi, қылмыстық кодекстiң көптеген баптарының диспозицияларының түсініктемeci де өзгерiссiз қалған жоқ; ә) зерттелетiн жиынтық едәуiр кең ауқымды болуы тиiс, ондай болмаса кездейсоқ ауытқулар нәтижеге ықпал eтyi мүмкін. Зерттеулер процесiнде кейде iшiнара бақылау қолданылады, 6iрәқ бұл peттe өкiлдiк (репрезентативтiк) мәлiметгер алынуы тиiс. Криминологияда нақты-социологиялық әдістерді қолдану Нақты социологиялық әдістер, яғни әлеуметтік құбылыстарды орын мен уақыттың нақты жағдайларында және олардың нақты көрініс табуда зерттеу әдістері криминологиялық зерттеулерде маңызды орын алады. Бұл әдіс кешені мыналарды қамтиды: Құжаттарды зерттеу; Анкета және сұхбат түрiнде сұрақ беру; Байқау жургiзу (тiкелей немесе сырттай); Эксперимент. 1. Құжаттарды зерттеу. Криминологиялық зерттеу жүрriзгенде әр түрлi file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007 ұжаттарды зерттеуге тура келедi, олар статистикалық есептер, iстердiң материалдары, қылмыстар туралы арыздар мен оларға қайтарылған жауаптар, шағымдар, бақылаушы органдардың материалдары, сот-медициналық сараптама орталығынынң бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары. Сонымен қатар, аймақтардың төлқұжаттары, әлеуметтiк-экономикалық талдаудың жинақтап қорытылған нәтижелерi, қылмыскерлiккe және онымен байланысты құбылыстарға бұрын жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижелерi және басқа да құжаттар зерттеледi. Қылмыстық iстердi немесе өзге құжаттарды зерттеудiң бағдарламасы жасалынады. Зерттеудiң тиiстi нәтижелерi өңделедi және олардың негiзiнде қандай да бip заңдылықтың бар екендiгі туралы тұжырым жасалады. 2. Сауалнама не сырттай (анкета арқылы), не бетпе-бет (сұхбат арқылы) жүрriзiледi. Бiрiншi жағдайда cұрақтар көрсетiлген анкета жасалынады. Егер cұpaқтapдa «жабық» сипат болса, онда оларға «иә», «жоқ» немесе «бiлмеймiн» деген жауаптар берiледi. Ал, «ашық» түрдел сурактарга кез келген нысанда жауап берiледi. Мұндай cұpaқ-жауаптарды өңеуде қиындық туындайды. Оларды, неriзiнен, зерттеудiң алғашқы кезеңiнде, жауаптардың қандай болатындығын алдын ала болжау қиын болған жағдайда пайдаланады, онда алдымен жауаптардың болуы мүмкiн варианттaрын анықтау және анкетаның «жұмыс қабiлeттiлiгiн» тексеру үшiн cұpaқтap түсініктi ме, оларға жауап берiлген бе, әлде жалтарып кеткен бе және т.б. анықтау үшiн «пилотажный» деп аталатын сұрақ-жауап жүргiзiледi. Немесе «ашық» cұpaқтapғa берiлуi мүмкін жауаптар «тiзбегi» ұсынылып, «еске салудан» қашу керек болған жағдайда қойылады. Мысалы, кейбiр сотталғандарға сұрақ қойылғанда, егер мәселе ашығынан болса, олар моральдық көпшiлiк қабылдаған нормаларына өздерiнiң тepic көзқараста екендiгiн ашық айтқан. Егер жауаптардың «тiзбегi» берiлсе онда олар «дұрысырақ» жауап беруге тырысады. Бipақ барлығы ондай емес. Ұсынылған жауаптар «тiзбегiнiң» артында жауаптың ұсынылғаннан басқа нұсқасын таңдay керек болса және ол нұсқаны айқындауға өтiнiш болса, онда
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
жауаптар «тiзбегi» «ашық» болады. «жабық тiзбекте» жауап нұсқаларының барлығы түгел берiледi. Анкетада бiрiн-бiрi толықтыратын қосымша сұрақтар болады. Сол себептi кейде «ашық» және «жабық» сұрақтар жиынтығы пайдаланылады. Әдетте, криминологиялық зерттеулерде сұралатын адамның аты- жөнi мен мекенжайы көрсетiлмейтiн анонимдiк деп аталатын сұраулар да болады. Бұл анкетада «шағын төлқұжаттың» болуы қарастырылған, яғни онда жасы, жынысы, жұмысы туралы сұрақтардың және сұралғанды сипаттайтын басқа да малiметтердiң болуы мумкін. Анкетаны құрастырғанда оның артынан ЭЕМ-де өңделетiнiн ескеру керек. Сұхбаттасу дегенiмiз - қылмыс жасаған адаммен, немесе оның туыстарымен, немесе құқық қopғay органдарының қызметкерлерiмен, сондай-ақ басқа адамдармен әңгiмелесу. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|